2.2. Мектепке дейінгі балларды топсаяхатта табиғатпен таныстырудың үрдісі, формалары, әдіс тәсілдері.
Эксперимент. Эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, педагогикалық процесті зерттейтін тәрбиені атайды. Эксперимент дегенміз не? Латын тілінде expermentum орыс тіліне, «тәжірибе» деп аударылады. Ал негізінде, эксперимент «сынақ», «сынау» деген мағынада дұрыс мазмұн алады. Өйткені, эксперимент жасаушы, зерттеуші, қандай да болмысын материалды объектіні экспериментпен алады, оған бұл үшін қатаң бақылауға алатын шарттар қояды, ал бұл шарттар табиғатта кездеспейтін болуы да мүмкін. Сондықтан, экспериментке алынғпн объектінің осы шартқа реакциясы бақыланды.
Жалпы, ғылымның алғаш шыққан жері, Греция және Римде болғанымен, олар сынақ жүргізуді ойға да алған емес.
Зерттеуге байланысты эксперимент жаратылыстану ғылымдарының өзінде XIV-XVII ғ.ғ. пайда болды. Соңғы екі мың жылда, Аристотельдің шаң басқан томдары мен шіркеуге қатысты шығармалардан басқа, табиғаттан білім алу мүмкін емес және ол табиғатты қорғаушылық деп түсіндіріліп келген.
Педагогикалық эксперименттерге сүйеніп , зерттеуші оқытудың және тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін, формалар мен мазмұнын тексереді. Эксперименті зерттеулердің нәтижелері әдеттегі жағдайда жүргізетін педагогикалық жұмыспен салыстырады. Сондықтан эксперимент мәліметтері салыстыру үшін екі объекті алынады. Олардың бірі- экспериментті, екіншісі- бақылау объектісі деп атайды. Эксперименттік объектіде , мысалы, эксперимент зерттеушінің ғылыми жазба ұсынбасы бойынша , ал бақылау объектісінде- әдеттегі оқу бағдарламалары мен оқулықтарға сәйкес жүргізіледі. Мектепке дейінгі мекеме жағдайында бір топ оқушыларды немесе 3-4 жас шақтағы балаларды, мекемеден тыс жағдайда өндірістік звено немесе бригаданы эксперимент объектісі етіп, ал екіншісі бір топ оқушылардың, немесе 3-4 жас шақтағы балаларды, сол сияқты өндірістік звеноны немесе бригаданың обектісі етіп алуға болады. [6. 25 б.]
Достарыңызбен бөлісу: |