4 жастан 5 жастағы балаларда көрнекі – бейнелі ойлаудың жоғары формасы қалыптасады. Олар жалпылаушы білімдерді меңгере алады. Балаларды өсімдіктердің, жануарлардың жаратылысына тән ерекшеліктерін айыруға, олардың тіршілік ету жағдайларына байланыстылығынан анықтауға үйретеді.
Мектепке баратын жастың (5-6) соңына таман балаларда логикалық ойлаудың қарапайым формасы дамыған болуы тиіс: анализдеу мен синтездеуге қабілеттіклік, өсімдіктер мен жануарлардың жеке және ортақ белгілерін айыра және жалпылай (мысалы, қоректену, қозғалу, тіршілік жерлері т.б белгілеріне қарай жануарларды әр түрлі топтарын жалпылау) білу.
Балаларды табиғаттағы құбылыстардың табиғи себептермен байланысты екендігіне қорытынды жасауға дағдыландырады. Балаларда мектепке баратын кезде бақылаушылық, білуге құмарлық, табиғатқа деген сүйіспеншілік және оған ұқыпты қараушылық, ондағы әдемілікті таба білудегі қабілеттілік, ауыл шаруашылығындағы еңбектерге деген ынта – ықылас дамыған болуы тиіс.
Балалар өсімдіктер, жануарлар, өлі табиғат құбылыстары жөнінде шынайы және ғылыми мәліметтер алуға тиіс, бірақ сонымен бірге бұл мәліметтер оларға түсінікті болуы қажет. Балаларды дүниені ғылыми тану жолымен алып жүру үшін, оларға тек қана дұрыс түсініктер беріп қоюмен бірге, табиғаттағы объектілер мен құбылыстардың арасындағы өзара байланыстары олардың сезімдік тәжірибесіне сай көрсету де керек.
Табиғат жөніндегі қарпайым мәліметтердің көпшілігін балалар алғашқы 7 жылда меңгеріп алады.
Адам, табиғат, қоғам дүниенің негізгі бөліктері ретінде тұтас және сабақтастықта қаралады. Табиғатпен бірге «Адам» оның іс - әрекеті жайында білім берудегі мақсат – балаларға дүниенің біртұтастығын меңгерту арқылы адамды дүниенің құрамдас бөлігі, табиғат перзенті ретінде қабылдау. Сонымен бірге адамның табиғатты өзгертудегі тиімді және тиімсіз әрекеттерін ұғындыра отырып, оның жағымсыз жақтарына сын көзбен қарауға тәрбиелеу. Табиғаттың бір бөлігі болп тұра адамның табиғаттағы, қоғамдағы орнының ерекшелігін айқын көрсету.[1.22б]
Қоршаған орта пәні мазмұнында белгілі бір жүйелілік сақталады. Себебі, тірі және өлі табиғаттан, жалпы қоршаған ортадан ұғым беруде бұл жүйелілік сақталмаған жағдайда оны саналы меңгеруге болмайды. Мәселен, жануарлар туралы бастауышта берілетін білім барысында олардың жануарлардың түрі – түсі, тіршілік әрекеті, оның сол тіршілік ететін ортаға бейімділігі, пайда – зияны сияқты бір – бірімен байланысты мағұлматтар бірізділікпен және жүйелілікпен беріледі. Басқаша айтсақ, адам тіршілігінің көзі – табиғат.[1.37б]
Достарыңызбен бөлісу: |