3 І. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру әдістемесінің теориялық негіздері


ІІ. Мектеп жасына дейінгі балаларға сабақтан тыс жұмыс берудің әдістемелік негіздері



бет10/22
Дата31.05.2020
өлшемі59,65 Kb.
#71854
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
stud.kz-56417

ІІ. Мектеп жасына дейінгі балаларға сабақтан тыс жұмыс берудің әдістемелік негіздері.

2.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстырудың формасы – топсаяхат

Топсаяхат: Тәрбиешінің көмегімен атқарылатын іс-әрекет. Топсаяхат барысында балалардың табиғатқа қызығушылықтарын арттыра отырып, бақылыу жұмыстарын өткізу.

Топсаяхаттың білімдік мақсаты – табиғат объектілерінің түр – түсімен ғана таныстырып қоймай, олардың әр қайсысының қасиетін, табиғаттағы орнын, бір – біріне тигізетін әсерін ұғындыру. Табиғаттың бір бөлігінің өзгеруі, оның екіншісінің өзгерісіне әкеліп соғатынын да топсаяхат кезінде ұғындыру қиынға түспейді.

Топсаяхат нәтижесінде меңгерілетін дағдылар: бақылай білу, бақылағаннан кейінгі керекті ұғымды ала білу, ой қорытып, көргенін салыстыру, әңгімелеп айту шеберлігі, әр объектінің ұқсастығын, айырмашылығын тауып, топтауға, жіктеуге төселу, жаттығу. Мысалы: жыл мезгілінің табиғат көрінісін бақылау үшін топсаяхатқа шығып білім алған оқушы кейін бұл өзгерістің себебін іздеуді абстракты оймен жалғастырады. Күннің суынғаны, жылудың азайғаны өсімдіктерге қолайсыздық туғызатынын ұғыну оған қиынға соқпайды, өсуіне қажетті жағдайың жетіспеуінен өсімдіктің қурайтынын, сарғаятынын түсінеді. Осы сияқты бір – бірімен байланысты туатын ұғымдар жиынтығы оқушыны белгілі табиғат заңдылықтарын түсінуге жетелейді.

Білім жүйелілігі, өлкетану, эстетикалық тәрбие беру талаптары да топсаяхатта жүзеге асады. «Дамыта оқыту балаларды ойлануға, ой қорытуға, керекті білімге өздігінен іздену арқылы жетуге үйрету» - деп түсінсек, топсаяхат балаларды дамытудың көзі.

Тәрбиешінің топсаяхатқа дайындығы.

1. Тәрбиеші топсаяхатты алдын – ала жылдың басында жоспарларға енгізуі тиісті.

2. Жоспарды бекітеді.

3. Балалармен алдын – ала жұмыс жүргізеді.

4. Топсаяхатқа баратын жерді(ғимарат, кесене, т.б.) белгілейді.

5. Ата – аналар жиналысында жоспармен таныстырып және жоспарлар түзеді.

6. Балаларды топсаяхатқа алып бармас бұрын тәрбиеші баратын жерлерін алдын-ала барып қадағаланады.

7. Мекеме бастығына арыз жазады.

8. Бір күн бұрын ата – аналарға ескертеді.

Балабақша орналасқан ауданды тәрбиеші ең алдымен зерттеп алуы керек: қалада – парктер, бау – бақшалар, скверлер; саяжайға – жақын жердегі орман, алаңдар, шоқ ормандар, көкорай шалғын, өзен – көл. Балалармен бірге қай жолмен бару тиімді екенін анықтау, жекелеген маршруттардың ұзақтығын белгілеу өте маңызды. Жолда балалар тынығатын ықтимал орындардың, жылғалардың, жыра аңғарлардың, төбешіктердің, құлап жатқан және қисайған ағаштардың және т.б. болуы ескеріледі

Тәрбиеші балаларды топсаяхатқа алып шығатын кезде ата – аналардан, мекеме бастығынан рұқсат алған соң дайындық жұмысы жүргізіледі. Топсаяхатқа шығатын кезде ата – ана, тәрбиешінің көмекшісі, медсестра және тәрбиешінің өзі шығады. Топсаяхатқа шықпас бұрын балалардың барлық жағдайын қамтамасыз етіп алған жөн. Мысалы: ормандарға, фабрикаларға шығатын кезде балалар автобусының даяр болуы, олардың жеңіл тамақтары болған жөн. Егер жаяу саяхат болса тәрбиеші әр дайым балалардың артында жүруі тиіс, алдында ата – ана немесе тәрбиешінің көмекшісі жүрген дұрыс.

Топсаяхат кезінде барлық жастағы топтардың балалары өздерінің қалауынша топталып, еркін жүре алады (жұптасып, кәдімгідей сапта жүру бір баланы екінші балаға тәуелді етеді және жүйке жүйесіне қысым әсерін жасайды, қимыл еркіндігін тартады). Жұптасып сапта жүру тек белгілі бір жағадайларда ғана, мысалы, балалар трнаспорт жүріп жатқан тас жолдан кесіп өту қажет болған жағдайда пайдалануы мүмкін. Кішкентайлар тобының балаларын тәрбиешімен бірге ересектердің біреуі ертіп жүруі керек: ол балаларды жолдан алып өтуге, алаңда, орманда ойындарды ұйымдастыруға көмектеседі. [3. 164 б]

«Туристік жорыққа» аттана отырып, «жабдықтануға» сыртқы форма беруде тиімді болады: әрбір бала иыққа салаатын шағын қапшық - 300-400 грамнан ауыр емес, ертеңгілік жеңіл тамақ (пирожок, конфет, печенье, алама, сәбіз т.с.с) салынған рюкзак алады.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрлері сияқты топсаяхаттың да бірнеше түрі бар. Олар: кіріспе, ағымдағы ждәне қорытынды топсаяхаттар және әрқайсысының мақсаты да, мазмұны да бір – біріне ұқсамайды. Бұлардың барлығында да білім беру мен дағды қалыптастыру, тәрбиелеу, дамыту міндеттері жүзеге асады.

Табиғатқа ұқыптылықпен қарау топсаяхат кезінде іс жүзінде орындалады. өсімдікті бүлдірмеу, құстың ұясын бұзбау, жүрген жолына кез – келген затты шашып тастамау, өсімдіктерді керексіз жұлмау, құмырсқа илеуін бұзбау, осының бәрі – оқушылардың өміріне керекті білім. Табиғатқа қамқорлықтың пайдасын дәлелді түсінген бала әр табиғи объектіні қорғаудың маңызын біліп, ол білімдерін іс жүзінде қолдануға тырысады.

Кіріспе топсаяхаттың мақсаты жаңа ұғым беру болғандықтан, ол белгілі бір нақты тақырыпқа арналады. Мысалы, ерте гүлдейтін өсімдіктер, көктем көрінісі, көкжиек тұстары, жергілікті жердің сұлбасы, шөп өсімдіктері, күзгі жануарлар тіршілігі, жер бедері т.б. тақырыптар бойынша топсаяхат кезінде жаңа білім беріледі, әрине, әр сыныптың оқу бағдарламасының мазмұнына қарай тақырып та айқындалады. Кіріспе топсаяхаттың дайындығы мұғалім үшін өте жауапты іс. Ол топсаяхаттың өтетін орнын анықтаудан бастап, оның білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын жүзеге асырудың қандай әдіс арқылы орындалатынына дейін қарастырады. Топсаяхаттың жүретін жолы, оқушылардың демалатын орны, жолда жүргенде, демалыс кезінде өздігінен атқаратын жұмыс түрлері, көңіл аударатын объектілері, оның білімдік, тәрбиелік мәні – осының бәрі де алдын – ала ойластырады.

Топсаяхат білім берудің арнаулы түрі болғандықтан, оның мақсаты айқындалып, балаларға хабарланып түсіндіріледі. Сонымен қатар, топсаяхат жүйесі неден басталып, қалай аяқталу керектігі балалардың өздігінен атқаратын жұмыстары тәрбиешінің беретін түсінігі, саяхатты қорытындылау барысындағы іс - әрекеттері т.б. тәрбиешінің дайындығына енеді.

Топсаяхат барысында балаларға берілетін тапсырма, біріншіден, сол маңайдағы объектілерге байланысты, екіншіден, нақты және айқын, түсінікті, үшіншіден, балалардың жас ерекшелігіне лайықты болуға тиіс.

Топсаяхатта баланың жеке дара ерекшеліктерін ескеріп, оларға берілетін тапсырманы бөлшектеп, мөлшерлеп қоланған жөн. Объектілерді салыстыру, талдау, жұптау, топтау, қорыту кезеңінде балалар түгел, еркін қатысуға тиіс. Бірін – бірі толықтыру, өз пікірлерін еркін айту, болжамдарын ортаға салу үшін балалар біраз психологиялық кедергілерден өтеді. Осы психологиялық кедергіден өте білген бала келешекте өзіне деген сенімі күшейеді, шығармашылық қабілеттерін артады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет