КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Бұл курстық жұмыста мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесін қалыптастыра отырып және оларды қарапайым еңбек дағдыларына баулу, адамгершілікке тәрбиелеу жолдарын қарастыратын боламыз.
Балабақшада балалардың тұрмыстық-шаруашылық еңбегін ұйымдас-тыру белгілі бір формада өтеді. Ол әр түрлі жас шамасы топтарындағы бала-лар еңбегінің мазмұны мен мөлшерін анықтайды. Әуелі жеке тапсырмалар орындаудан басталып, кейіннен шағын топтармен орындалатын жұмыстар жүктеледі. 4—5 жастағы балаларға күнделікті асханадағы кезекшілік тапсы-рылса, ересек, мектепке даярлық топтарында ол күрделене түсіп, кезекші-ліктің барлық түріне өтеді. Ол баланың қоғамдық сипаттағы дағдысын, тап-қырлығын, ерік-жігерін жетілдіріп, өз тобы үшін еңбек етуді, қамқорлық жасауды үйретеді.
Осы жастағы бала еңбегінің өзіндік ерекшелігі — оның ойынмен тығыз байланыстылығы. Олардың ойыны мен еңбегінің арасын ажырату қиын, өйткені алғашқы еңбек әрекетінің қарапайым элементі ойыннан басталады. Еңбекте жаңа заттармен, құбылыстармен кездеседі, оларды танып-біледі, соның нәтижесінде алғашқы қанағаттану сезімі пайда болады. Бұл кезеңде балалар еңбек құралдарымен дербес жұмыс істей алатын болады, олар қайта-қайта істеуден жалықпайды. Осы жастағы балалардың еңбегінде қызығудан гөрі бір процесті қайталау, нәтижеге жетуден гөрі іс-әрекетке талпыну басым келеді. Сондықтан бұл кезеңдегі бала іс-әрекетінің ерекшелігі — мақсатының тұрақсыздығы, басқа нәрсеге көңілінің тез ауып кететіндігі.
Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айна-луда тәрбиешілердің практикасында ата - аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасып, жемісті түр-де қолданылуда. Олар ата - аналармен жекелеп және ұжымдық жұ-мыстар жүргізді.
Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата - аналардың педагогикалық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргі-зуге қажетті тәржірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбие-леудің дұрыс жолын табу үшін ата - аналарға көмектесу тәрбие-шілердің міндеті .
Тәрбиеші көптеген еңбек дағдыларын үйрету, бекіту, дамыту үшін ойынды еңбекпен жалғастырады. Мысалы, балалар қуыршақпен ойнауда бірқатар еңбек процесін орындайды: қуыршақты киіндіру мен шешіндіру, қуыршақ бұрышын жинау, оның киімдерін жуу, тігу, ыдыстарын жинау, жуу, т. б. жұмыстар үйретеді. Әсіресе ересек топтағы балаларға ойын барысында керекті заттарды жасау қажеттігі туады. Мысалы, «Трамвай» ойынын ойнау үшін балалар тәрбиешінің көмегімен билет орайтын, катушка, бағдаршам жасайды. «Пароход» ойынын ойнау үшін жалауша, дүрбі, құтқарғыш шеңбер дайындайды. Драмалық ойындар ойнау үшін қалған материалдардан ойыншық, үй жиһаздарын, сахнаға қажетті бутофор жабдықтарын жасайды.
Мектепке дейінгі жас — негізінен ойын кезеңі болғандықтан, еңбектің бала өмірінен алатын орны тым аз. Әдетте еңбек әрекетінің қарапайым элементтері көрініс тауып, бірте-бірте еңбек ойыннан бөлініп, айрықша сипатқа ие болады.
Н. К. Крупская мен А. С. Макаренко баланың мінез-құлқындағы еңбекке бағыт алу мектептен көп бұрын, отбасы мен балабақшада тәрбиеленуі тиіс деп есептеген. Бала ойластырып ұйымдастырылған енбек тәрбиесі арқылы дұрыс әрекет жасап, қоршаған орта жайында алғашқы мағлұматтар алып, айналадағының бәріне қызыға қарайды, еңбекті жақсы көруге әдеттенеді.
Еңбек балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеумен қатар анализаторларын (керу, есту, түйсіну, сезіну, иіс, дәм) дамытуға мәнді ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |