3 І. Мектеп жасына дейінгі баланың еңбек тәрбиесі



бет4/10
Дата06.01.2022
өлшемі206,5 Kb.
#109649
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-63239

Курстық жұмыстың мақсаты: Балабақша баласының еңбекке деген талпынысын ояту, сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  1. Балаларды үлкендердің еңбегімен таныстыру және оған құрметпен қарау сезімін ояту.

  2. Қарапайым еңбек дағдыларына баулу.

  3. Еңбекке қызығушылығын, дербестігін тәрбиелеу.

  4. Көпшілік үшін еңбек ете білуге баулу, қоғамдық бағытта еңбектенуді үйрету.

Курстық жұмыстың нысаны: Жасаралық ерекшеліктеріне байланысты баланың мінез-құлқын қалыптастыру, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

І. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ
1.1 Еңбек тәрбиесінің негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесінің негізгі міндеті сәбилік шақтан бастап оларды қарапайым еңбек дағдыларына баулу және балалардың еңбекке дұрыс көзқарасын қалыптастыру. Еңбек тәрбиесі қоғам мүддесі үшін еңбек ететін жан-жақты дамыған адам даярлау мақсатында бағытталады. Күнделікті тәрбиеде саяси-идеялық, адамгершілік, еңбек тәрбиелерін қисынды бірлікте жүргізе отырып, тәрбиенің өзге салаларын да іске асыру міндеті қойылады.

Адамның адам болып қалыптасуының құралы — еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке сақалы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі — жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты.

«...Тәрбие тек адамның ақылын дамытып және белгілі бір мағлұматтар беріп қана қоймай, қайта саналь еңбекке деген ынтасын арттыра түсуі керек, мұнысы оның өмірі ардақты да, бақытты да бола алмайды. Кейбір жағдайдың, әсіресе адамның балалық жән жастық шақтарында алған әсерінің салдарынан еңбекке деген ынтасы есіп те, өшіп те қалуы мүмкін, сондықтан баланы мектепке дейінгі кезеңде ұқыптылықпен баулып, еңбекке деген дұрыс ынта-ықыласын қалыптастырған дұрыс».

Мектепке дейінгі жас — негізінен ойын кезеңі болғандықтан, еңбектің бала өмірінен алатын орны тым аз. Әдетте еңбек әрекетінің қарапайым элементтері көрініс тауып, бірте-бірте еңбек ойыннан бөлініп, айрықша сипатқа ие болады.

Н. К. Крупская мен А. С. Макаренко баланың мінез-құлқындағы еңбекке бағыт алу мектептен көп бұрын, отбасы мен балабақшада тәрбиеленуі тиіс деп есептеген. Бала ойластырып ұйымдастырылған енбек тәрбиесі арқылы дұрыс әрекет жасап, қоршаған орта жайында алғашқы мағлұматтар алып, айналадағының бәріне қызыға қарайды, еңбекті жақсы көруге әдеттенеді.

Еңбек балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеумен қатар анализаторларын (керу, есту, түйсіну, сезіну, иіс, дәм) дамытуға мәнді ықпал етеді.

Қазіргі физиология ғылымы еңбек әрекетінде бала ағзасы дамуының ішкі механизмін аша келіп, баланың денесі мен психологиясының дамуындағы бірлікті негіздейді. Бұлшықет қимылының бала денесі мен ақыл-ойының дамуына, тынысы мен жүрек жұмысына ықпал ететіндігі дәлелденген.

Орталық жүйке жүйесі сыртқы ортаның ықпалы мен әсерін қабылдай отырып, денедегі барлық тканьдер мен клеткалардың жұмысқа қосылуын реттейді.

Тіпті қарапайым еңбек процесінің өзінде бұлшықет пен орталық жүйке жүйесі қатысып, дене және ақыл-­ой әрекетінің өзара байланысын қамтамасыз етеді.

Еңбек бұлшықет пен барлық дене мүшелерінін; қызметін күшейтеді, бүкіл дененің еңбекке қабілетін арттырады, жүйке жүйесін дамытады. Еңбек процесі баланың анализаторларын жаттықтырып қана қоймайды, сонымен қатар ми қызметінің дамуына үлкен әсер етеді, «бұлшықет сезімін» де дамытады.

Дене күші мен ақыл-ой жұмсауды қажет ететін кез келген еңбек процесі баланың ырықты зейінін, бақылампаздығын, тапқырлығын дамытады. Үш жасқа дейінгі бала еңбекке физиологиялық, психологиялық процесімен байланысады, оның білімге ынталануына„ ақыл-ойының, тілінің дамуына мүмкіндік тудырады.

Тәрбиеші ұйымдастырған еңбек әрекетінде үлкендердің сөзі, енегесі еңбекпен ұштастырылып, ол баланың білімі мен іскерлігінің терең, дәл, дұрыс болуына ықпал етеді. Ересек адамдар балаларға еңбектің мәнін түсіндіріп, іс-әрекетке бағыттайды, көрсетеді, үйретеді, ақыл-кеңес беріп көмектеседі. Ғылыми зерттеулердін; нәтижесі бұл шақтағы баланың жүйке жүйесінің икемді, оның әдеті мен дағдысын тәрбиелеудің ең қолайлы кезеңі болып табылатынын, дәл осы кезде шартты байланыстар жүйесінің тез құрылатындығын дәлелдейді.

Әсіресе балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде еңбектің ролі ерекше. Баланың жас ерекшелігін, қызығушылығын ескеріп ұйымдастырылған еңбек оларда сезімтал көңіл күй, терең тебіреніс тудырып, еңбекке дұрыс қарым-қатынасты қалыптастырудың алғашқы нышандарын етеді. Еңбек барысындағы тебіреніс өзге адамдарға деген жақсы қарым-қатынасты, көпшілдік сезімнің алғышартын қалайды.

Психология ғылымының мәліметтері бойынша сәбилік шақтың өзінде-ақ бала кездейсоқ нәрселерді емес, өзінің басты деп санайтындарын негізге алады, ал 3 жасында өз іс-әрекетін мақсатқа бағындырады. Ол өскен сайын тәрбиешіге, айналасындағы адамдарға пайдалы іс істеуге талаптанады, өзге тілегін осыған бағындырады, ерік-жігерін, күшін жұмсайды, бастаған ісін аяқтап шығуға тырысады.

Отбасында, балабақшада дұрыс ұйымдастырылған еңбек баланың мінез-құлқының моральдық жағымен қатар ерік-жігер, мақсаттылык, табандылық сияқты адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеп, еңбекке күш жұмсау дағдысын қалыптастырады.

Еңбек барысында тапсырылған жұмыстың қажеттілігін, мәнділігін түсіну баланың еңбекке қызығушылығын дамытып, еңбегінің нәтижесінен рухани нәр алу, қанағаттану, жауапкершілік сезімін тудырады.

Ал мәнін түсінбеген еңбек оларды қызықтырмайды.

Сөйтіп, сәбилік және мектепке дейінгі шақтағы еңбек барысында баланы жан-жақты дамытудың, еңбекке деген дұрыс көзқарасын қалыптастырудың негізі қаланады.

Осы жастағы бала еңбегінің өзіндік ерекшелігі — оның ойынмен тығыз байланыстылығы. Олардың ойыны мен еңбегінің арасын ажырату қиын, өйткені алғашқы еңбек әрекетінің қарапайым элементі ойыннан басталады. Еңбекте жаңа заттармен, құбылыстармен кездеседі, оларды танып-біледі, соның нәтижесінде алғашқы қанағаттану сезімі пайда болады. Бұл кезеңде балалар еңбек құралдарымен дербес жұмыс істей алатын болады, олар қайта-қайта істеуден жалықпайды. Осы жастағы балалардың еңбегінде қызығудан гөрі бір процесті қайталау, нәтижеге жетуден гөрі іс-әрекетке талпыну басым келеді. Сондықтан бұл кезеңдегі бала іс-әрекетінің ерекшелігі — мақсатының тұрақсыздығы, басқа нәрсеге көңілінің тез ауып кететіндігі.

Тәрбиеші көптеген еңбек дағдыларын үйрету, бекіту, дамыту үшін ойынды еңбекпен жалғастырады. Мысалы, балалар қуыршақпен ойнауда бірқатар еңбек процесін орындайды: қуыршақты киіндіру мен шешіндіру, қуыршақ бұрышын жинау, оның киімдерін жуу, тігу, ыдыстарын жинау, жуу, т. б. жұмыстар үйретеді. Әсіресе ересек топтағы балаларға ойын барысында керекті заттарды жасау қажеттігі туады. Мысалы, «Трамвай» ойынын ойнау үшін балалар тәрбиешінің көмегімен билет орайтын, катушка, бағдаршам жасайды. «Пароход» ойынын ойнау үшін жалауша, дүрбі, құтқарғыш шеңбер дайындайды. Драмалық ойындар ойнау үшін қалған материалдардан ойыншық, үй жиһаздарын, сахнаға қажетті бутофор жабдықтарын жасайды.

Балабақшадағы еңбек тәрбиесінің міндеттері: 1) балаларды үлкендердің еңбегімен таныстыру және оған құрметпен қарау сезімін ояту; 2) қарапайым еңбек дағдыларына баулу; 3) еңбекке қызығушылығын, дербестігін тәрбиелеу; 4) көпшілік үшін еңбек ете білуге баулу, қоғамдық бағытта еңбектенуді үйрету.

Балабақшадағы еңбек тәрбиесінің міндеттері мен талаптарына сәйкес еңбектің төмендегі түрлері ұйымдастырылады:

1. Тұрмыстық-шаруашылық еңбек және өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілік (топ белмесін, учаскені тазарту). Бұл — баланы еңбекке даярлайтын ерекше іс-әрекет.

Бұлардың бәрі баланық күш жұмсап, еңбектенуін талап етеді. Осы іс-әрекетке жаттығу баланың бұлшық еті мен жүйкесінің дамуына, бұлшықет қимылдарынын, үйлесуіне, белгілі бір дағдының қалыптасуына мүмкіндік тудырады. Сәбилік кезеннен бастап өзіне-өзі қызмет етуге (өздігінен киіну, шешіну, төсегін жи­нау) үйрету, дағдыландыру дербестікке, тазалық пен реттілікті қажетсінуге, мәдени-гигиеналық талаптарды саналы орындауға баулиды.

Еңбектің бұл түрлері сәбилер, естиярлар, ересектер, мектепке даярлық топтарында жүргізіледі.

2. Балаларды үй шаруасы еңбегіне, тұрмыстық еңбекке қатыстыру. А. С. Макаренко «Балалар тәрбиесі туралы лекцияларында» балалардың үй шаруашылығына араласуы оларды көпшілдікке, қамқор болуға, ұқыптылыққа, өзінің жеке заты мен қоғамдық меншікті сақтауға, өз жұмысы мен уақытын дұрыс пайдалануға үйретеді деген болатын. Үй шаруашылығындағы еңбек — бірден-бір өмірлік қажеттілік және оның мақсатын баланың санасына оңай жеткізуге болады.

Балабақшада балалардың тұрмыстық-шаруашылық еңбегін ұйымдастыру белгілі бір формада өтеді. Ол әр түрлі жас шамасы топтарындағы балалар еңбегінің мазмұны мен мөлшерін анықтайды. Әуелі жеке тапсырмалар орындаудан басталып, кейіннен шағын топтармен орындалатын жұмыстар жүктеледі. 4—5 жастағы балаларға күнделікті асханадағы кезекшілік тапсырылса, ересек, мектепке даярлық топтарында ол күрделене түсіп, кезекшіліктің барлық түріне өтеді. Ол баланың қоғамдық сипаттағы дағдысын, тапқырлығын, ерік-жігерін жетілдіріп, өз тобы үшін еңбек етуді, қамқорлық жасауды үйретеді.

3. Табиғат аясында (бақшада, бақта, гүлзарда) еңбек ету — табиғат мүйісіндегі өсімдіктер мен жануарларды күту, гүл, жеміс, көкөніс өсіру, мал бағу — нәтижесі көрінетін еңбек. Бұл сәбилер тобынан басталады, көбіне таза ауада өтеді де, баланың денсаулығын нығайтады.

Табиғаттағы күнделікті жүйелі еңбек балаларды өзара біріктіреді, жалпы қызығушылығын, жауапкершілік сезімін дамытады, дағдысын қалыптастырады білімділігі артып, бақылампаздығы мен ақыл-ой аясы кеңиді.

4. Қол еңбегі (құрастыру, жапсыру, мүсіндеу, қағазбен, ағашпен, матамен, пластилинмен, т. б. материалдармен жұмыс істеу) балалардың қажеттілігі мен қызығушылығына байланысты және сонысымен бағалы. Бұл еңбек ойынға қажетті зат жасау, жақын адамдарына сыйлық дайындау сияқты мақсаттар қояды Мақсаттың айқындылығы бала еңбегін мәнді де мазмұнды, қуанышты етіп, балада шаттық, толқу сезімін тудырады. Еңбектің бұл түрі енжар балаларды белсенділігін арттырып, балалардың татулығын арттырады. «Құрылыс» салу, құрастыру ойындары жоспарлы іс істеудің алғашқы элементтерін үйретеді. Мақсатты еңбек етуге, қиыншылықты жеңуге баулиды, ол тапқырлығын ұштайды, техникалық, шығармашылы ойлауын дамытады, әдет пен дағдыны жүйелі түрде үйренуді талап етеді. Бұл процесс материалдың сапасын тануға, онымен жұмыс істеуге, еңбекті ұйымдастыруға, тазалықты қатаң сақтауға, қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білуге үйретіп, практикалық іскерлікті игеруге мүмкіндік жасайды. Сөйтіп балаларды психологиялық жағынан мектептегі еңбекке даярлайды.

Бала ағзасы дұрыс есуі үшін еңбектің шамасы ұзақтығы, баланың жеке ерекшелігіне сай болғаны дұрыс. Оның психикасының дамуын, шаршауын, еңбек пен демалыстың ауысып келуін қадағалаған жөн.

Баланы еңбекке тәрбиелеу үшін төмендегі шартта орындалуы қажет: а) еңбек процесінің жүйелілігі және сыртқы жағдайдың, қоршаған ортаның реттілігі, жүйелі болуы. Еңбек әрекетінің бір түрлі жағдайда, бір мезгілде қайталануы балалардың мінез-құлқын ұйымдастырып, берік дағды қалыптасуына мүмкіндік туды­рады:

б) тәрбиешінің жеке басының үлгісі топта жалпы еңбек ету ахуалын тудырып, ыңғайлы жағдай жасай­ды. Тәрбиеші баланың еліктегіштік қабілетін ескере отырып, оған еңбекке жақсы көзқарастың, еңбек сүйгіштіктің, жинақылықтың, ұйымшылдықтың үлгісік көрсете білуі қажет;

в) тұрақты, берік еңбек дағдысын қалыптастыру-үшін ересек адамдар тарапынан бала еңбегіне басшылық еткен және талап қоя білген жөн.

Сәбилер тобындағы балалардың еңбек әрекеті - күнделікті тұрмыстағы еңбек. Ол екі бөлімнен тұрады: 1) өзіне-өзі қызмет ету; 2) балалар ұжымының мүддесі мен қажетін қанағаттандыратын қоғамдық мәні бар' еңбек (кезекшілік, сабаққа дайындалу, топ бөлмесі мен: учаскені тазалау, т. б.). Балалардың беті-қолын жууы, құрғатып сүртуі, гигиеналық дағдылары мен дербестігін тәрбиелеуі, бастаған ісін аяқтауы — осының бәрі оларды белгілі бір еңбекке даярлайды. Еңбектің бұл қарапайым түрлері күнделікті қажеттіліктен туады. Тәрбиеші балалардың дамып, жетіліп келе жатқан санасына, әр қилы іс-әрекетке қызығушылығына сүйене-отырып, өзін-өзі күту дағдыларын қалыптастырады.

Бұл кезеңдегі балалар дағдысының қалыптасуында шартты байланыстардың құрылуына мүмкіндік тудыратын жағдайлардың (күн тәртібі, сыртқы ортадағы реттілік) барлығын қатаң сақтау қажет. Өзіне-өзі қызмет ету үнемі бір жағдайда, бір мезгілде, белгілі бір жерде, өзінің орындығы мен шкафының жанында, қатты дауыстар мен өзге кісілердің көзінен тыс, жайбарақат жағдайда өтуі керек. Осы әрекеттеріне де жиі-жиі ойын элементтері өніп отырады. Балабақшада балалардың еңбегі негізінен үш түрлі формада ұйымдастырылады: тапсырма беру, кезекшілік, бірігіп істейтін еңбек. Тапсырма балаларға жас ерекшелігіне сай беріледі (жеке, топпен, шағын топпен, т. б.). Тапсырма ұзақ не қысқа мерзімді, қарапайым және күрделі бо­лады. «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарла-масындағы» (қасықты алып кел, кітапшаны орнына қой, гүлді суар, балыққа жем сал, құсқа су бер, т. б.) жеке тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды дұрыс: орындаудан балалар бақылауды үйренеді, қарапайым білім алады, сол туралы түсінігі молаяды. Тәрбиеші мен күтушінің күнделікті жұмысын балалардың бақылауы олардың еңбек етсем, көмектессем деген ішкі ниетін тудырады, көтеріңкі көңіл күйін, сергек қалпын; сақтайды.

Жеке тапсырмалармен қатар топпен орындайтын тапсырмалар да беріледі. Көпшілікпен істейтін еңбектің мақсаты өте қарапайым болып, еңбекті орындау нәтижесінен әрбір бала қуаныш, ләззат алатындай етіп ұйымдастыру керек. Бұл жастағы балалар зейінінің тұрақсыздығын ескеріп, оларға алғаш бір мезгілде орындалатын жұмыстар берілуі тиіс.

Естиярлар тобындағы балалар еңбегінің түрі баланың дамуына байланысты өзгереді, күрделенеді. Бұл жаста тежелу процесі, ырықты зейіні едәуір дамиды. Мінез-құлқының күрделі жақтары қалыптасып, қимылын мақсатқа бағыттай игеру қабілеті көрініс табады. Осы өзгерістерге байланысты балалардың еңбегі белсенді және дербес сипат алады. Балалардың өзіне-өзі қызмет етуі, шаруашылыққа араласуы тұрақты бола бастайды, еңбектің көлемі мен мазмұны кеңи түседі, жауапкершілігі артады, көпшілік үшін еңбек етудің мәні ұғынылады.

Бұл топтағы тәрбиешінің басты міндеті балалардан топ белмесі мен учаскедегі тазалық пен тәртіпті сақтау, бірте-бірте тапсырманы дәл, ұқыпты орындауды талап ету, саналы түрде ерік күшін жұмсай орындай­тын еңбектің түрін өндіріп отыру.

Балалар күнделікті асханадағы кезекшілікке тартылады — бұл көпшілік үшін орындалатын міндетті еңбек. Балалар кезекшілікке бірте-бірте тартылады. Тәрбиеші әр баланың жеке ерекшелігін ескере отырып, еңбегін әділ бағалайды, біртіндеп кезекшілік жұмысының аясы кеңейіп, түрі көбейе түседі. Асханаға, дастарқан жабдықтауға, сабақ әзірліктерін жасауға кезекшілік, топ бөлмесі мен учаскені, ойыншықтарды жинау кезекшілігі, табиғат бұрышындағы кезекшілік сияқты балалардың қоғамдық сипаттағы дағдысын жетілдіруге, көпшілдікке тәрбиелеуге, ерік күші мен тапқырлығын дамытуға жағдай жасайды. Кезекшінің міндетін бірте-бірте күрделендіріп отыру керек. Тәрбиеші баланы кезекшінің міндеттерімен таныстырып, түсіндіреді, ұқыптылықпен, адал орындауға баулиды. Балалардың сабаққа дайындық жасау кезекшілігі жылдың екінші жартысынан бастап енгізіледі (үстел үстіне оқуға керекті көрнекі құралдарды, т. б. ұқыпты жайып қою). Бұл үлкен дербестікті талап етеді. Кезекші бәріне қамқорлық жасауға тиісті. Аса маңызды адамгершілік қасиеттер: басқаға қамқорлық жасау, жолдасына пайдасын тигізу ниеті осылайша қалыптасады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет