3 І. Мектеп жасына дейінгі баланың еңбек тәрбиесі



бет9/10
Дата06.01.2022
өлшемі206,5 Kb.
#109649
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-63239

ҚОРЫТЫНДЫ
«Егер қоғамдағы жұмысқа жарамды барлық адам түгелімен пайдалы еңбек етсе, онда тіпті жұмысқа жарамсыз адамдарды түгелдей асырай бағуға, болады» деген. Ол өзіміз сүрген кезең үшін –қоғамдық пайдаолы еңбек пен еңбек адамдарының өзара қайырымдылығы мен мейірімділігін ұдайы ұштастырып отыратын еңбектің тәсілі мен бөлінісі болуын уағыздады. ОЛ қоғамның барлық мүшесінің белгілі бір кәсіппен шұғылдануын талап еткен. Осы ретте ол қоғамдық және ортақ пайдалы еңбек, қоғам үшін де пайдалы деген ой түйеді.

Еңбек туралы айта келіп, ол еңбек – адамзат тіршілігінің әрбір жеке адамның, жеке тұлғаның рахаты, көретін қызығы, тыныс тіршілік қоры деген. Міне, көріп отырмыз сан ғасыр өтсе де Ибн –СИна айтқан тәлімгерлік, ғұламалық өзіндік ілімі мен үлгілі ойы бүгінгі, бұдан кейінгі болашақ ұрпаққа берілген ақ бата, таптырмас тәлімгерлік тағылым емес пе? Ол айтқан тәлімгерлер –бүгінгі оқытушы, мұғалім, тәрбиешілер емес пе? Ендеше, осылардың тәрбиелік, еңбектік, ұстаздық жолының жемісін, кең даңғылыныңарнасын ашып көрсеткен Орта Азияның дана ғалымы Ибн –Сина екен.



Балалардың өндірістік бригадасынын жұмысы екі бағытта жүргізіледі: өнімді еңбек процесін ұйымдастыру және ауыл шаруашылық тәжірибелік жұмысын істеу.

Оқуды өнімді еңбекпен байланыстырудың тиімді формасы ауыл шаруашылық тәжірибелік жұмыс. Оның педагогикалық негізі: ғылымилық, оқумен байланыстылығы, шығармашылық даму, оқушылардың өз бетімсн жұмыс істей білуі. Ғылыми-зерттеу мәліметтеріне қарағанда ауыл шаруашылық тәжірибесіне қатысқан оқушылардың химия, биология т.б- пәндер бойынша үлгерімі, ауыл шаруашылық тәжірибесіне қатыспаған оқушылардан анағұрлым жоғары болатындығы байқалады.



Балалардың өндірістік бригадасы жағдайында оқытуды өнімді еңбекпен байланыстырудан басқа да формаларын атауға болады. Олар оқушылардың өндірістік экскурсиясы, мектептердегі агрохимия үйірмелері, колхоздар мен совхоздардағы агро-химия лабораториялары т. б.

Сонымен, оқуды енбекпен ұштастыруда, оқушылардың кәсіби ынтасын, қызығушылығын, ауыл шаруашылық еңбегін ддмытуда, еңбек және адамгершілік тәрбиесін кешенді тұрғыдан іске асыруда оқушылардын, өндірістік бригадасының ролі өте зор.

Еңбекке тәрбиелеу бірқатар педагогикалық шарттарға бай-
ланысты:

— еңбекке тәрбиелеудің нәтижелі жүруі баланың еңбекке неғұрлым ертерек қатыстырылуына байланысты:

— балалардың енбек әрекетімің коғамдық мағынасы және идеялық — өнегелік негізі болуы керек:

— енбек тапсырмасын орындағаннан кейін онын болымды нәтижесі баланың әз күшіне сенімділігін қуаттайды, қуаныш сезімі артады. Неғұрлым еңбек нәтижелі болса, соғұрлым оның тәрбиелік ықпалы күшті болды.

— еңбек балалардың психикалық және физнологиялық ерекшеліктеріне сай ұйымдастыруы кажет. Енбегінің негізгі түрі оның болып табылатын кіші мектеп жасындағы баланың еңбегі онымен ұйымдастырылуы керек. Еңбектегі сияқты ойында да ойға күш салу және жауапкершілікті сезіну бар;

— еңбек іс- әрекеті барысында оқушылар тек тапсырманы орындап кана қоймай, өз енбегін өз бетімен ұйымдастыруды үйренуі керек.

Осы сиякты шарттарды, талаптарды еңбек процесінде ұтымды пайдалану мұғалімнен іскерлікті, «педагогикалық шеберлікті, талап етеді.

Еңбек пәнінің оқытушысы –еңбек тәрбиесі, оқыту кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі тұлғасы. Ол оқушыларды еңбектің әр түрімен таныстырады. еңбек сабақтарында алған білімджерін практикада қолдана білуге үйретеді.

Тәрбиенің еңбекпен байланыстық принципі.

Адам тұлғасын қалыптастыру оның іс -әрекетімен, қоғамдық және еңбектік қатынастарға келуі мен тікелей тәуелді байланыста. Адамның ұнамды сапалары еңбекте ғана дамиды: неғұрлым ол ауқымды, мақсатқа орай болса, тұлғаның дамуы мен әлеуметтену деңгейі де жоғары келеді.



Осыдан да тәрбиеленушілерді қоғамдық өмірге , әр қилы пайдалы істерге араластыру мен оларға болған ұнамды көз –қарас пен қарым –қатынастарын қалыптастырып беру міндетті шара. Тең құқықты мүше ретінде еңбек процесіне қатыса отырып, бала адамгершілікке баулынады, рухани және тәндік дамуға келеді, еңбектің қоғамдық мәнді сеп – түрткілерін ажжырататын болады, өзінің моральды сапа қасиеттерін бекітеді, одан әрі жетілдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет