3 І. Мектеп жасына дейінгі баланың еңбек тәрбиесі


Балабақшадағы еңбек тәрбиесінің мәні мен міндеттері



бет6/10
Дата06.01.2022
өлшемі206,5 Kb.
#109649
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-63239

1.3 Балабақшадағы еңбек тәрбиесінің мәні мен міндеттері
Еңбек тәрбиесі үшін өте маңызды еңбек сабағы, онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді. Еңбек сабақтары барысында оқушылар жалпы және техникалық білімге сүйенеді. Білім еңбек сабақтарынық ғылыми негізі болады, ал еңбек сабақтары мен тәрбие барысында оқушылар алған өмір тәжірибесіне теориялық білім жүйесі арқылы түсінеді.

Екбек сабақтарыныц процесін жетілдіру оқушылардын еңбекке зерттеу және шығармашылық қатынасын калыптастырады. Оқушылардың өндірістік бригада базасында, оқушылардың еңбек және демалыс лагерлерінде ұйымдастырылған еңбек сабақтары туралы жағымды мысалдар аз емес. Оқушылар мектепте алған білімдерін пайдаланып, әр түрлі өсімдіктерді өсіреді, тәжірибелер жасайды, практикалық дағдылар мен іскерлікті игереді, кейбір мамандықтардың түрлерін менгереді.



Осындай шығармашылық, жұмыстың барысында химия, биология және өндіріс негіздері пәндері бойынша оқушылардың білімі байымды, тереңдейді, ғылымн-зерттеу ісіне машықтанады, ауыл шаруашылық және өнеркәсіп енбек дағдыларына ие болады, олардың кәсіптік бағдары тәрбиеленеді орыта айт-қанда, еңбек сабақтарының педагог толық тиімділігі, олардың білім және тәрбие беру мәнділігінде Оқу еңбек бала үшін ойға толы, ұзақ инемен қудық қазғандай, ақыл-ойдың жемелденуін талап ететін ең ауыр екбек екенін К. Д. Ушинский ескерткен болатын. Оқу еңбегінің кұрделілігі, оның нәтижесі бірден айқындалмауында, оқушыларға әрдайым көріне бермеуінде.

Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері еңбек пәні сабақтарында шешіледі. Бастауыш сыныпта балалар қағаз қию, балшық пен пластилиннен бейне құру, өсімдіктерді күту, ағаш, пластмасса, қаңылтыр, сыммен жұмыс істеуді үйреніп, мектеп жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек етеді.

Ортаңғы сыныптарда арнайы бөлінген оқу-тәжірибелік үлесті жер бөлігіндегі, оқу шеберханасындағы еңбек, жоғары сыныптардағы өнеркәсіп және ауыл шаруашылық практикумдағы оқушыларды жалпы еңбектің білік, дағдыларымен қаруландырып, политехникалық ой-өрісін кеңейтеді, кәсіптік ниетін және өмір жолын қалыптастыруға икемдейді.



Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор.

«Жас натуралистер», «Жас техниктер», «жас тәжірибешілер» және пән үйірмелеріндегі сабақтар оқушыларды еңбекке баулиды, олардың "Шығармашылық ойларының дамуына мүмкіндік туғызады. Әрбір окушының үйірме сабақтарында еңбекке шығармашылық қатынасы байқалады, олар енбегін ұйымдастыру тәсілдерін іздестіреді, ғылыми зерттеу дағдыларьша (әдебиеттермен жұмыс істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай білу т. б.) төселеді.

Мектепті өндіріске жақындату мақсатымен техникалык үйірмелер саны көбейіп келеді. Мысалы, село мектептерінде «Жас механизаторлар», «Жас малшылар», «Жас өсімдік өсірушілер» т. б. үйірмелер құрылған. Бұл үйірмелер келешек мамандықты таңдап алуда окушыларға ой салады. Олар әр мамандықтың болымды, болымсыз жақтарымен танысады, зерттейді, сөйтіп, ейімше тиісті шешім қабылдайды. Осыған орай, мұ-ғалімдер ме»,ата-аналар оқушыларға үнемі, бірізді педагогикалық пікір айтып, кеңес беріп отырса, олардың мамандықты таңдауда бірте-бірте шабыты, қызығушылығы арта түседе.



Үйірме жұмыстарын жаппай жұмыстар толықтырады. Оқушылар қызғылықты, үлкен тәрбиелік мәні бар көптеген шараларға белсенді қатысады және оларды тікелей ұйымдастырады. Мұндай жаппай жұмыстарға «Құстар куні», «Орман күні, «Бақ аптасы», «Еңбек мерекесі», т. б. жатады.

Өзіне-өзі қызмет ету — еңбек тәрбиесінің кажетті элементтерінің бірі. Балалар өзіне-өзі қызмет ете отырып, әр түрлі енбек іс:әрекеттерін орындаудың тәсілдеріне үйренеді, өздерінің жауапкершілігі сезеді, бұл менің адамгершілік борышым дейді, сонымен бірге олар үлкендердің еңбегін бағалайды, олардан үлгі алады.

(Мектеп жағдайында өзіне-өзі қызмет ету—оқу құралдарын, кабинеттерді, мебельді, сынып бөлмесін, мектеп үйін жөндеу, сыныптарды, коридорларды, шеберханаларды, спорт алаңдарын мектеп үйлерін жинау т. б.

Үйелменде өзіне-өзі қызмет етудің түрлеріне төсек-орынды, пәтерді жинау, киім, аяқ киім және басқа үй мүліктерін тазалау, кір жуу, үтіктеу, киімді жамау, тамақ дайындау т.б. жатады.

Мектеп және уйелмен алдындағы басты міндет — бұл өзіне-өзі қызмет етудің берік жүйесін жасау, тұрмысық еңбекті әр адамның күнделікті өмір игілігіне айналдыру қажет. Әсіресе мұндай әр түрлі тұрмыстық енбекті орындаудың барысында оқушылар арасында байқалатын ақсаусақтыққа, нәуетектікке, жас шонжарларға жол берілмейді. Оларға дұрыс бағыт беру мұғалімдердің, ата-аналардың және әрбір үйелмен мүшесінін адамгершілік борышы.

Қоғамдық пайдалы еңбек — қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру, жеке адамның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау туралы. Мектеп жағдайында өткізілетін қоғамдық пайдалы жұмыстың тәрбиелік мәні өте зор. Қоғамдық пайдалы жұмыстың барысында оқушылардын ғылыми дүниетанымы дамиды, мамандықты тануда көзқарасы кеңиді. Денсаулығы жақсарады, саяси сенімі және мәдени-адамгершілік ұғымы артады.

Қоғамдық пайдалы жұмыстың мектеп өмірінде бірнеше түрлерін атауға болады.

1. Халық қоныс тепкен жерлерді, мектептерді абаттандыру, көшелерді, алаңдарды көгалдандыру, жолды, тротуарларды жөндеуге қатысу, экологиялық жағдайға байланысты тазалықты сақтау, табиғатты күту және корғау.

2. Мәдени-ағарту жұмысы оқушыларды белсенділікке, ор-ындағыштыққа, коғамшылдыкка тәрбиелейді, олардың әлеуметтік ортамен қарым-қатынасын кеңейтеді. Әсіресе ауыл мектептерінің жоғары сынып оқушылары жұртшылық арасында үкіметің қаулы-қараларын насихаттайды, әр түрлі әдеби, этикалық, эстетикалық тақырыптарға әнгімелер өткізіп, лекциялар оқиды, концерт береді.

3 Шефтік жұмыс — адамгершілікті адам тәрбиесінің ең жоғары формасы. Ол баланы ілтипаттылыққа, қамқорлыққа, қайырымдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді. (Мектеп өмірінде пайдаланып жүрген шефтік жұмыстарға Отан соғысы және еңбей мүгедектеріне, кәрі адамдарға, көп балалы аналарға, балалар бақшасына қамқорлық мәдени мұраларды (мирас) қорғауы жатады.Осындай дәстурге айналған шефтік жұмыстардың нәтижесін үнемі қорытындылап, балалардың еңбегін бағалап отырудың үлкен тәрбиелік мәні бар.Өнімді еңбек арқылы адам баласы өзіне және қоғамға қажетті материалдық құндылықты жасайды.

Жалпы білім беретін орта мектеп оқу-өндірістік кооперативтері, жалға алу, кіші кәсіпорны, мектеп аралық оқу-өндірістік комбинаттар, оқушылардың өндірістік бригадалары, т. б. арқылы оқушыларды өнімді еқбекке қатыстыруды іске асырады. Бұлардың кейбіреулерінің іс-әрекеті «Төртінші бөлімде» баяндалған.

Өнімді еңбек барысында оқушылар өз мүмкіншіліктеріне сәйкес жалпы халықтық іске үлес қосады. Оқушылардың өнімді еңбегін ұйымдастырудың бірнеше объектілері аталды. Сол объектілердің бірі оқушылардың өндірістік бригадасы. Бұл еңбек тәрбиесін, политехннкалық білім беруді, өнімді еңбекгі ұйымдастырудың негізгі формасы.

Оқушылардың өндірістік бригадасы іс-әрекетінің байырғы мәселелері:

а) материалдық базаны жасау, оған өндірістік және тәжірибелік жер учаскелері, техника және ауыл шаруашылық құралдары, мал шаруашылық, фермасы, далалық кос т. б. жатады;

ә) оқушылардың өндірістік бригадасы ҮІІ-Х сынып оқушыларымен ұйымдастырылады;

б) бір жылдық оқу-өндірістік жоспар жасалады. Жоспарға машиналарды, агротехниканы, зоотехниканы оқып үйрену, тұқымды топырақты дайындау, технологиялық карта, агрономия-лык жоспар жасау, тәжірибені кою, оқу-практикалық тапсыр-маларды орындау, егінді ору және жинау мәселелері кіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет