3 І. Тарау. Қазақтың ХХ ғас 20- жылдардағы дипломатиясы


Нәзір Төреқұловтың мемлекеттік қызметі



бет2/3
Дата05.11.2016
өлшемі0,62 Mb.
#387
1   2   3

1.2.Нәзір Төреқұловтың мемлекеттік қызметі.

Ұлылық-ең алдымен ақиқатқа құштарлықта.

Й. В. Гете.

Сыр бойынан Түркістан өңіріндегі Қандөз ауылында дүниеге келген Нәзір Төреқұловтың өмір жолына келсек, ол жастық шағын Қоқан қаласында өткізеді. Қалада үш жыл мұсылманша оқиды, үш жылдай орыс-күзем ектебінде оқып бітіреді. Содан қаладағы 8 жылдық комерциялық училищені аяқтады. Жасынан зерек ол сол жылдары түрік, арап, парсы, орыс тілдерін меңгерумен бірге шығыс әдебиетін, тарихын терең біліп алады. Әсіресе Құран кәрімді де жатқа айтады екен. Оның білімге, мәдениетке құштарлығы ел қамқоршысы, әрі кеменгер болып қалыптасуына алып келді.

1914-1916 жылдары ол Мәскеудегі комерциялық институтта үш жыл оқиды. Бұл аралықтаФранцуз, ағылшын, неміс тілдерін меңгеріп алады. Жеті тілді меңгерген ол әлем мәдениетінің қайнар бұлағынан сусындап, оның нәрін өз бойына сіңірген. /10/.

Нәзір Ресей отаршылдығының Түркістан халықтарына қаншалықты қасірет болып жабысқанын жан-жүрегімен сезеді. «Түркістан автономиялық республикасы» деген еңбегінде бұл Ресей Түркістанда шикізат өндіретін ел ретінде санап, оның мәденй өркендеуіне зередегі де мүдделі болмағанын, қайта жергілікті халықтардың ұлттық дамуын барынша тежеп отырғанын әшкерелейді. Мәселен, 1915-1916 жылдары Орта Азияда мақта өнімі Ресей тоқыма өнеркәсібіне қажетті шикізаттың тең жарымын өндіргенімен, жергілікті халық әлеуметтік теңсіздік қыспағында қала бергенін, қазақтың ең шырайлы жерлерін тартып алудың тұрпайы зорлықпен жүргізілгенін дәлелді талдайды: «Қазақтардың ең шұрайлы жерлерін тартып алып, ондағы шаруашылықты тып-типыл етті. Ақ патшаның әмірін орындаушымыз деген қазақтар мен кулактар күннен-күнге жергілікті халықты талам-таражға ұшыратып, елді тонады, күш көрсетті. Жер-жердегі әкімшілік орындары кулактардың қолтығынан су бүркіп отырды, жергілікті халықтың жекеменшігіне ешқандай кепілдік болмауының, керісінше отаршылдардың жүгенсіздігін қоштауының салдары 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне әкеліп соқтырды» деп жазды /11/.

Қазақ халқының біртуар перзенттері Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсыновтармен жақын араласып, өзіне ұстаз тұтып, құрметтеген. 1916 жылы патша өкіметінің озбырлық саясаты салдарынан Орта Азия жастарының бір тобыБатыс майданындағы Беларусияга қара жұмысқа жіберілді. Мәскеудегі оқуын тастап осы жерге келген Төреқұлов «Земсоюз» мекемесінде нұсқаушы болып орналасты. Сол кезеңдері Н. Төреқұлов бір сөзінде: «Сол жылдардағы мендегі түйсікпен социол-демократтар қатарына кіру мүмкін емес. Өйткені, мен саяси-әлеумнттік жолды таңдау үшін ескі және жаңа шаһар ортасында сарсаң болып жүрген едім. Мұсылмандар арасында тәрбие алғандықтан, әлеуметтік тегімді ұмытпағандықтан һәм соңынан 1916 жылғы халық толқуын көрген соң біржола халықтың көзқарас жағына шықтым,»,- ағынан жарылып мойындапты, содан бастап-ақ патшаның отарлау саясатына әшекерлеу, Түркістан өлкелі еңбекшілерінің ұл-азаттық көтерілісіне деп беру мақсатымен Минск қаласы маңында «Еркін дала» атты құпиялы қоғамын құрды /12/.

Бұл қоғамның атқарған жұмысы үлкен дүние. Осылайша Нәзір Төреқұлов қоғамның саяси өміріне білек сыбана батыр да, батыл түрде кірісіп кетті. ХХ ғасырдың басында Алаш зиялылары халқының жарқын болашағын ашу жолындағы қапысыз танылған азаматтар. Нәзір солардың бірі ғана емес, бірегейі. Тап осынысы үшін Төреқұлов ешкімге еліктепмей, қайталанбас төл әрекетін сол тұстағы қазақ қоғамының тума болмысына күштеп бөлектеу, Н. Төреқұловтың білек сыбанып, саясатқа араласуы, тағдырдың жазуымен 1916 жылғы оқиғаларына тұспа-тұс келді. Қазақтың әлеуметшіл күрескерлерінің жаңа бір ұрпағы осынау бірегей тарихи құбылыстың аясында «тағдыр анасы-себеп» пәнсапасына ұйысақ, өсіп жетілді, біртіндеп өзін өзгелерге танытты. Нәзір Төреқұловтың бір ерекшелігі осынау ұлт-азаттық көтерілісіне құр еніп қоймай, Батыс майданындағы тыл жұмыстарының бел ортасында жүруі.

Н. Төреқұлов бұлдыр болашағына жол нұсқар ортаны Әлихан Бөкейханов бастаған Алаш қайраткерінің арасынан тапқан. Ал олар болса, Нәзір Төреқұловтан үміт күтіп, оған тәлім-тәрбие берді Осылардың үмітін текке кетпей үш-төрт жылда Нәзір ел бастаған көсемге, Түркістан автаномиялық республикасына билігін үстаған мемлекеттік қайраткерге айналып шыға келді. Яғни Нәзір Төреқұловты баураған, социал-демократтар емес, ұлттық демокрктия-Алаш қайраткері.

Нәзір Төреқұлов оқиғаның бел ортасында жүргенін жоғарыда да айтып өткен болатынбыз. 1916 жылы патша үкіметі Түркістанның жергілікті халқын тыл жұмысына алу туралы жарлығын жариялағанда, ол земстволар одағынанұсқаушы ретінде қызметке кірді. «Тыл жұмысына шақырылған түземдік жұмысшыларға көиектесу» ниетімен келген Төреқұлов өзі үш жыл оқыған институтты тастап, тыл жұмысшыларын еліне қайтқанша сол қызметке қала берді /13/.

Н. Төреқұлов отандастарының ауыр тағдырына, өкімет орындарының әділетсіздігіне, тіршілік тауқыметіне бұрын да бей жай қарамайтын. Қоқанда тұрған кезінде-ақ қыстақтардағы жарсыз –жақыбайлардың әкесіне мұңын шағып келетінін, байлардың, кулактардың зорлық зомбылығы туралы жоғарыдағы басшыларға шағым жазып беруін өкінетінін көріп өсті. Жан баласын жатырқамайтын Нәзір келгендердің жай-жапсарын сұрастырып, заңсыздыққа ызаланатын. Ол арызданып келгенімен, шындыққа жете алмай, жаны жабырқауларды, ұрыс-сөгіс естіп мүлдем қарасын батырғандарды жиі көріп өскен.

1918 жылы Қоқан қаласында төңкеріс комитетінің хатшысы, Қоқан кеңесінің жұмыс атқара жүріп, оның баспасөз оргоны «Халық газетасын» шығаруға қатысты. Кейін Ферғана облыстық төңкеріс комитетінің төрағасына көтерілді. Обылыстық халық ағарту бөлімінің бастығы қызметін атқара жүріп «Жаңа Шығыс», «Ферғана» газеттерінің редакторы болды /14/. Кеңестік кезеңіндегі қазақ халқының тарихи өмірлері мен қызметтері өзгелерге үлгі-өнеге боларлық, ұлттық мақтанышымызға айналған көптеген жарық тұлғалармен ерекшеленеді. Солардың бірі- көрнекті мемлекет қайраткерінің 1917 жылы әскерлердің ықпалымен саясатқа біржола денқойғанымен, 1918 жылдың қазанында большевиктерге қосылады да, артынша өз еркімен Қызыл армияның қатарына өтеді. Түркістан майданының революциялық әскери кеңестің мүшесі, Бүкілодақтық коммунистер партиясының Орта Азия бюросының мүшесі болды.

Жалпы, 1918 жылдың 23 наурызы мен 3 сәуірі аралығындағы бақандай он күнге созылған Торғай обылыстық кеңестері І съезінің қазақ арасында кеңес үкіметінің билігін нығайтудағы тарихи орны бөтен. Съезге арнайы шақырылған сәйкес жарық көре бастаған «Қазақ мұңы» газетінің редакторлығына сайланады /15/. Көршілес өзбек ағайындар Нәзірді төл перзенттері санап, қатты құрметтейді. Мәселен, Ташкент қаласында №283 орта мектепкеосы шахардың А. Икрамов ауданындағы Шараф Рашидов мақаласында бір үлкен көшеге, төрт тұйық көшеге Нәзір Төреқұловтың аы берілген. Қоқан қаласында Нәзір атындағы көше «Түркістан және Өзбекстан мемлекетінің көрнекті қайраткері» деп жазылған меморялдық тақта қойылған..... /16/.

1918 жылы Төреқұлов Қоқан кеңес депутаттары революциялық комитеттің секретары, 1918-1919 жылдарда Ферғана облыстық ревкомның төрағасы, Түр ОАК мүшесі Түркістан республикасының ағарту комиссары, «Вестник просвещения комунистичесской культуры» журналының редакторы тәрізді қызметтерде болды. Бұдан әрі Нәзірдің қызметі Москвада жалғасты. Төреқұлов-талантты, көпырлы журналист. Ең алдымен ол еңбектерін қазақ, өзбек, орыс тілінде қатар жариялағанын атап өту керек. Ол Түркістанда жұмыс істеген жылдарында өзбек және орыс тілдеріндегі бірталай газет, журналдардың редакторы және белсенді шығарушылардың бірі болған. Бұған оның «Ынтымақ» журналында «Қызыл байрақ», «Ферғана» газеттерінде басылған алпысқа жуық жарияланған мақалалары дәлел бола алады. /17/.

Оның орыс тіліндегі еңбектерінің маңызы зор. Оның еңбектері алуан түрлі. Бұлардың ішінен саяси шолу да, тіл, дін, мәдениет, дәстүр пробемасын қозғайтын мақалалар, аудармалар, сын кітаптар кездеседі. «Автономияшылдар» қуылғаннан кейін Н. Төреқұлов Қоқан жұмысшы, солдат және мұсылман депутаттары кеңесінің хатшысы және оқу ағарту комиссары, Скобелова қаласында обяревком төре алқасының мүшесі және оқу ағарту бөлімінің меңгеруші қызметтерін атқарған. Бұл кезде ол солшыл әскери қатарында жүріп, осы партияның жергілікті ұйымы төрағасының орынбасары міндетін атқарады..

Жауапты басшы қызыметінде жүрген Н. Төреқұлов төңірегіндегілердің пікірін де қалт жібермейтін, оған менмендік, өркөкіректік мүлдем жат болатын. Журналист өз әріптестеріен жиі кездесіп отырған, әлдебір мақаласын баспаға жөнелтерден алдын реракциядағы жолдастарының материал жөніндегі пікірін жинастырған. Іске байыпты қарау көзқарасы, шалқар білімдардық және сөзге ұсталық басқа іс саласында Н. Төреқұловтың алдынан кең өріс ашты.

Н. Төреқұлов 1919 жылы Түркістан Республикасы Орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланды.

Ең алдымен Нәзір Төреқұлов Ресей Отаршылдығының түркістан халқаралық қаншалықты қасірет болып жабысқанын жан-жүрегімен сезеді. «Түркістан автаномиялық республикасы» деген еңбегінде бұл туралы ойлағанын ашықта батыл айтқан. Патша Ресей Түркістанды шикізат өндіретін ел ретінде санап, оның мәдени өркенбеуіне зәредей де мүдделі блғанын, қайта жергілікті халықтардың ұлттық дамуын барынша таптап отырғанын әшкерлейді. Мәселен, 1915-1916 жылдарда Орта Азияда мақта өнімі Ресей тоқыма өнеркәсібіне қажетті шикізаттың тең жарымын өндіргенімен жергілікті халық әлеуметтік теңсіздік қыспағында қала бергені, қазақтың ең шұрайлы жерлерін тартып алудың тұрпайы зорлықпен жургізілгені дәлел талданады. «Түркістанның мал өсіретін аудандарының бей берекет басып алуы бой көтере бастады. Мұндай басқыншылық әсіресе Ресейде егін шықпай қалған жылдары күшейе түсетін «Бос жатқан қазақ жерінің» мемлекетіміздің өзі көзін салып, блардың жерін «заңды жолмен» тартып ала бастады». Патша үкіметінің Заң шығарушы орындары өткен ғасырдың 60 жылдарында қазақ жерін түгелімен мемлекет иелігінде деп жариялаған еді. Патша бұл тәсілмен бірге екі қоянды алатын: біріншіден помешиктік Ресейдегі жер тапшылығын шешудің жолын тапса, екіншіден Орта Азиядағы саяси тұрақтылығы «орыс элементімен нығайтып отырғанын Н. Төреқұлов жер тағдырын, ел тағдырын бөліп қарамайды,»қазақ жерін алғаны өркениетке қажет болды» дейді. Сатқынның өзін айтпайды, талдауын тереңдете түседі.. «Қазақстанның ең шұрайлы жерлерін тартып алып, ондағы шаруашылықты тып-тыйпыл етті. Ақ патшаның әмірін орындаушымыз деген казактар мен кулактар күннен-күнге жергілікті кедейді талам таражға ұшыратып, елді тонады, күш көрсетті. Жер-жердегі өкімет орындары кулактардың қолтығына су бүркіп отырды. Жергілікті халықтыжекеменшігіне ешқандай кепілдік болмауының, керісінше отаршылдардың жүгенсіздігін қолдап, қоштаудың салдары» /18/.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне әкеліп соқтырды. Мұндай сөздердің кейіннен атақ-мансап иеленген жергілікті ұлт өкілдерінең көбі айта алған жоқ, қайта қазақ жеріне «өндірісті өркендету», тың жерлерді игеру деген ұранды жамылып, орыстандыру сясатын жүргігендерді жарылқаушылар деп дәріптеумен болды. Күні бүгінге дейінгі ауылды жігердегі қазақтың көбі шөл мен шөлейт аймақтарды мекендеп, көп қиыншылық көріп отырған оларды патша билігі заманында еріксіз айрылып қалған құнарлы өңірлерге, көшіру тарихи әділеттік болатынын, оларды бұл үшін арнаулы бағдарлама жасап мемлекеттік қамқорлық көрсету парыз екенін ашық көтерген басшылар жоқтың қасы /19/.

1920-22 жылдары Түркістан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы, Түркістан комунистік партиясының бірінші хатшысы, халық ағарту комиссары сияқты көптеген жуапты қызметтерді атқарды. Н. Төреқұловтың ел басқару қызметкерінің негізгі арқауы халатты азаттықа, тәуелсіздікке жетелеу болды.

1921 жылдың 21-25 тамызында Кеңестердің бүкіл Түркістандық Х съезінде Нәзір Төреқұлов есепті баяндма жасап, Түркістан Атқару Комитеті жанынан ұлттық білімін ашуды сұранды. Түркістан мұсылман бюросын құрған кезінде Түркістан Атқару Комитетінің жанында қазақ, өзбек, түркімен бөлімшелерін ұйымдастырып, жергілікті халық мәселесіне айрықша көңіл бөлді.

1922 жылы Нәзір Төреқұов мемлекет бсшылығындағы қыруар жұмысына қарамастан «Төңкеріс» атты журналды ұйымдастырып, оның бас редактры болды. Ол журналға «Дәуріш» деген бүркеншік атымен материялдар жариялап отырған, онда сол кездегі өзекті мәселелерді өткір түрде қозғап отырып жазған /20/.

1922 жылдың соңынан 1928 жылға дейін Мәскеуге орталық баспасөз бөлімінің бастығы болып істеген қызметімен ерекшеленеді, мұнда халқымыздың тарихы мен тілін зеіттеуге көңіл бөлген Дәл осы жылдың наурыз айында Кремлье В. И. Лениннің қабылдауында болып оған жергілікті халықтардың ана-тілі мемлекеттік тіл білу керектігін көлденең қоя берді. Дәл Осы жылы ерекше айта кететін мәселе Төреқұловтың осы кезеңде қазақтың ел ағалары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаевтарды шығармашылық ұызметке тартып, амқорлық көрсеткені мәлім. Ұлтшыл атанып, Кеңес өкіметі басшыларының және қазақтың Жандайшап белсенділерінің қырына алып, шеттеліп жүрген ғұлама қайраткерлерді аялап, көңіл бөлуге ло кездегі ондай ерлікке екінің бірінің жүрегі дауламайтын еді. Ал Нәзір Төреқұлов олармен араласуға жүрексінбеді, бұл олардың өшпес еңбектерін бағалағаны белгілі еді. 1920 жылдың- наурызында өткен Түркістан Халық комиссары кеңесінің мәжілісінде оқу-ағарту комиссариатының жұмыс есебі тыңдалғанда сөз алған Түрккомиссария мүшесі Я. Э. Рудзутак өз басы бұл мәселеде қанағаттанбайтынын, жергілікті халықпен жүгізілетін тәлім-тәрбие жұмысын дереу жандандырудың зәрулігіндереу қолға алды. Қысқасы, Түрккомиссиясының оқу-ағарту комиссариатын тәжірибелі және адал қызметкерлермен нығайту жөніндегі нұсқауына сәйкес Төреқұлов Түркістан республикасының оқу-ағарту комиссары болып тағайындалды. Оның орынбасары қызметіне В. И. Лениннің тапсырысымен Түркістанга арнайы жіберілген больщевик П. И. Лепещинский сайланып, коллегия құрамына И. Тоқтыбаев, Б. Ходжаев, Ш. Двойлацкий, В. Билок кірді.

22- мамыр иен 6-маусым аралығында Түркістан республикасы оқу-ағарту қызметкерлерінің І съезі өткен. Оны шақыруға бастама көтерген Нәзір Төреқұлов онда оқу-ағарту комиссарларының міндетін саралаған баяндама жасады. Делегаттар оннан астам ортақ мәселені ортаға салып, аса зәруіне тоқталып пікір алысқан. Съез қарарында кеңес мектептерін көптеп ашу, мұғалімдерді тәрбиелеу, кадр таңдау, жат элементтерге қарсы күресу, ендігіде мұндай нұсқауларға жол бермеу қажеттігіне назар аударды /21/.

Түркістанда өзбек тілінде басылып көрген алғашқы пән оқулықтарын түзуге жетекшілік етуде Н. Төреқұловтың маңдай терін сыпырған жанкүйерлік еңбегі де бар. Ферғанадағы басмашылықпен күрес Төреқұловтың ең маңызды шаруашылығының бірі еді. Ол, Ферғана алқабының қыстақтарында әлденеше рет болған, әскери мәселелерді шешуге қызу атсалысқан, Түркістан майданының Революциялық әскери кеңесіиен тығыз бйланыс жасап отырды /22/.

Түркістан компартиясының ІV съезінде «Ферғана мәселесі» жөнінде ол жасаған баяндама негізінде қабылданған қалалардың өзі-ақ айғақтайды. Бұл қарарда басмашылық «тек қана мұсылман байлардың таптық және сославиелік артықшылықтарын қорғауға бағытталған контрреволюциялық антисоветтік қозғалыс» деп айыпталды. Сол кезде бұл контрреволюциялық- бандиттік бағыт ұсталған басмашылықтың мәніне берілген арлық жағынан ең дұрыс баға еді. Ферғананың Түркістан республикасы ғана емес, бүкіл кеңес Федерациясы үшін саяси, әсіресе экономикалық маңызын мойындаған съезд бандиттік басшылар жасақтарын жою жөнінде шұғыл шарылар белгіленген.

Басмашылар Негізгі күштері талқандалған соң олардың басшылары сотқа тартылды. Маңызды саяси мәне бар ашық соттар ұйымдастырылды, өйткені оларда қоғамдық айыптаушыларға ерекше рөл берілді. Мұндай айыптаушылардың қатарында қарапайым диқандар ғана емес, республиканың саяси жұмыста белгілі бір дәрежеде шыңдалған жауапты қызметкерлері де болған /23/.

Сот барысы баспасөзде кеңінен жазылды. Газет материялдарынан қоғамдық айыптаушы Нәзір Төреқұловтың саяси қайраткері ретінде өз міндетін жете білуімен, басмашылардың контрревлоюциялық мәнін ашып көрсетуде сотқа көмектесіп қана қоймай, өзінің қайсарлығын көрсеткен. Ол өзінің сөзін саяси пафоспен жеткізіп, оны естен шықпас эпизттармен, фактілермен, айқын тұжырымдармен, жасады.. Аталмыш сотқа қатысқан, кейіннен Кеңес армиясының генерал-лейтенанты дәрежесіне көтерілген Я. Д. Чанышев..... ТКП ОК-нің хатшысы Н. Төреқұлов айқындығымен, шындығымен әрі қайыспас бір беттігімен жұрттың бәрін таңырқата тамаша сөз сөйледі деп еске алды (« Кеңестік Түркістан үшін», «Естеліктер жинағы», Ташкент, 1963 жыл) /24/.

Іс жүзінде Түркістанның жетекшісіне айналған Н. Төреқұлов өзін шын жолбасшысы, білікті әкім ретінде көрсете білді. Ол жаңа өкіметтің алдынан туындайтын проблемалардың өзегіне жергілікті жерлерде үңілу үшін республиканың әртүрлі облыстарын жиі аралап тұрды. Әрқалай съездерге қатысып, сөз сөйледі, жиналыстар мен митингілерге жұмысшылармен, қызыл гвардияшылармен, диқандармен жүздесті. Ол әуел бастан-ақ бұқараның үніне құлақ аса білу, әрбір адамға ықыласпен қарау халық жетекшісінің ең негізгі қасиеттерінің бірі екендігін көкейіне мықтап түйген. Қай жерде істемесін жұртты қабылдауға ерекше мән берген, берген уәдесін бұлжытпай орындаған. Оның сабырлы қалпы, көкіректіктің мүлде болмауы, келгендерді өзіне тартып, шаруасын қысылмай, бүкпей айта беруіне қолайы ахуал туғызады.

Елдің ұлттық экономиканы қалыптастыруға ұмтылған Н. Төреқұлов оны өрлетіп, гүлдендірудің негізі, тек ауыл шаруашылық өндірісін ғана емес, жергілікті өнеркәсіпті де дамыту деп білді.

Түркістан республикасы Кеңестерінің Х съезінде Н. Төреқұлов жер реформасы секілді қабырғалы мәселе жөнінде өзіне тән нақ сезіммен былай дейді: «Бұл міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Түркістан Орталық Атқару Комитеті ТКП Орталық Комитетінің басшылығымен ең алдымен жер реформасын белгіледі, ол туралы Түркістан Басылымдарында көп жазылды, ол туралы әртүрлі съездерде көп айтылды». Жер реформасы туралы ой қадап айтатын, көктен түскен жоқ, ол Түркістанның өз шындығынан, ревлоюцияныңөзінен туындаған, ол ең үлкен міндет ретінде алға тартты, Түркістан ОАК-ін оны қауыр жүргізуге мәжбүр етті... Бұл жөнінде осы тақырыпқа жер шаруашылығы халық комисарының арнайы баяндамасында айтылған менің міндетім атқарылған іске жалпы саяси және экономикалық баға беру әрі тиісті қорытынды жасау. Нәзір 1923 жылдың көктемінен бастап қолға алу жоспарланған Жетісу темір жолының құрлысына да көп үміт артты-бұл жас республиканы Түркістанның астық провлемасын шешуге жақындата түсетін /25/.

Түркістандағы халық ағарту ісі, бүкіл басқа Шығыстағыдай, киерикалардың уысында болатын «Түркістан Автономиялы Республикасы» атты жоғарыда айтылған кітапшасында Нәзір Төреқұлов мұсылман дінбасыларының реакциялық рөлін, оларды қимылдарын «түземдік қоғамның прогресшіл бөлігіне» қарсы өз күресінде бір жағынан өзінің миссионерлер арқылы елді орыстандыру саясатын жүргізген патшаның «культергерлік» үкіметін қолдап, екінші жағынан, шешу феодалдық- патриархалдық қатынасының негізінде кең жойылған схоластика мен фантизімді тықпалағанын атап көрсетті. «Бұқара-бүкіл Орта Азия мен Еділ бойында түнек ошағының рөлін атқарды» /26/.

Н. Төреқұловтың көлемді еңбектерінің бірі «Ұлттық мәселесі және мектеп»- деп аталады. Мұнда ол мектеп, оқу жағдайындағы бір қалыпты бағытты айтады. Европа, Америка империалистері Қытай, Туркия, Үндістан, Мысыр секілді елдерді өз ықпалына тарту үшін, «мисионерлік өзге халықтардың ұлттық мәдениетін өшіріп, ерекшелігін жою әрекеті түптің түбінде күрейді деп сенімді тұжырым жасайды. Патшалық Ресейдің де саясаты «бұратаналарды»не түгелдей құрту немесе орыстандыру мқсатына құрылғанына мысал келтіреді. Ұлы орысшыл шовинистердің өзгелерді былай қойғанда өздеріне тілі, діні жақын украиындар мен беларустарға рухани жағынан қастандық жасағанын, тіпті оларға өз тілінде дұғалық шығаруға да рұқсат етпеген қатығездігін көрсетеді. Патша өкіметі Орта Азияда да дүние жүзілік білім беретін мектептер ашуға ұдайы тыйым салып отырғаны да сонымен сабақтас мәселе » /27/.

Бүкілодақтық бірінші оқытушылар құрылтайы Нәзір Төреқұловтың «Ұлт мәселесі және мектеп» деген баяндамасы бойынша қабылданған аулыны рухы да дәл қазіргі бойынша уақыт талабымен үндес екені қайран қалдырмайды. Халыққа жалпы бастауыш, орта білім беру, жоғарғы оқу орындарында білікті маман иелерін даярлау ісінде Кеңес жылдарында сандық ілгерілеулер болмағанымен, әлі де алмаған асуладжетіп артады. Ұлттықжәне жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, жасаған оқу бағдарламалары мен оқулықтар соңғы жылдары ғана жасала бастады,түрлі пәндерден қазақ тілінде төл қолтанбалар жарыққа шыға бастаған еді, өкінішке орай жақсы нәтижелер бере бастаған осы қарқын көп ұзамай бәсең тартты. «Бізде 6-дан 16-жасқа дейінгі балалардың жетпіс пайызы, яғни бестен бірі мектепте оқымайды. Демек 250-300 мыңға жуыққазақ баласы мектептен сырт қалып отыр»-деп көрсетеді Нәзір Төреқұлов /28/. Бұл қазақша мектеп халі заманныңозық ойлы перзенті Нәзір Төреқұловтың армандаған ізгі мұрат деңгейінен құлдырап төмен түсіп бара жатқанын әңгімелейді.

Нәзір Төреқұлов 1922 жылы наурыз айында Кремльде В. И. Лениннің қабылдауында болғанда автаномия қабылдауында алған жергілікті халықтар тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеру мәселесін күн тәртібіне қойған /29/. Бұл отаршылдық саясаттың зардабынан езіліп, жаншылған, жоғары оқу орындары былай тұрсын, бастауыш білім беру міндеті де толық шешіліп болмаған кездің өзінде-ақ келешекті ойлап айтылған батыл да, әділ пікір еді. Мәскеуде жариялаған «Ұлт мәселесі және мектеп» кітабы арқылы тарихшыларға патшалық Ресейдің орыстандыру саясатының ащы шындығын батыл көрсетіп, аз ұлттардың ағарту ісін өркендету мәселесін көрсетеді. Оның тарихқа байланысты осындай еңбектері Нәдір Төреқұловтың көреген саясатшы, көрнекті тарихшы ғалым екенін танытты. Түркістандық дарынды тұлғаның сегіз қырлы, бір сырлы өмірін үйрену, ұрпақтарға жеткізу алдымызда тұрған үлкен парыз.

«Дінге қарсы насихаттың Шығыстағы жай-күйі», «Ислам және камунизм» деген мақалаларында Төреқұлов исламның пайда болу тарихын айта келіп, оның көтерген ұлттар мен ұлыстарды бірлестірудегі пайдалы қызметін көрсетеді, адамның ар-ождан, намыс сенім бостандығына шек қоймайтынын мәлімдейді. Түркістан Республикасының Орталық комитетінің төрағасы болып, қызмет істеген жылдары Нәзір Төреқұлов дін мәселесі жөнінде үлкен мемлекеттік қайраткерлер ғана бара алатын қадамдар жасаған. Ұлтшылдығын да болар Н. Төреқұлов салт-дәстүрді құрметтеген. Жақсы жақтарын қайта жаңғыртуға тырысқан. Ол барлық мекемелердің демалыс күнін жексенбіден жұмаға көшіру туралы қаулыға 1921 жылы 7-ақпанда қол қоюы дәлел /30/.

Бұл туралы қазақтың танымал ғалымы, ғұламасы академик Рахыманқұл Бердібай былай деп ой түйеді: «Дін-алшын» деген сөзді жаттап алып, халықты сенім. Ождан еркінен айыруға жаудан бетер ат салысқан жергілікті көсемдердің қай-қайсына болса да Нәзірдің парасаты, азаттық деңгейі биік тұрғанын көреміз /31/.

Билік тұтқасына келгенде де қызыл өктемдікке бой бермеген Нәзірдің дінге көзқарасы диллеманы шебер үйлестіреді: мизан тасының бір басында өз билігін және үстемдігін қызғыштай қорыған,көпке жаны ашымайтын қазақ, ғұламаларға қарсылықты жан айқайы, екінші басында өктемдікке, мазаққа ұшырыған ислам дүниесінің имандылықтың үстіне құлап түсуі, жан ұшырар қорғаған терең пайымы, ділгер құлқы. Нәзір Төреқұлов көзқарасы бір қызығы, әліге құнын жоғалтпаған.




ІІ. ТАРАУ. Н. Төреқұловтың дипломатиялық қызметі.

2.1. Н. Төреқұлов елші, саясаткер, мәмлегерлік қызметі.

«Шебер дипломат өз ісінде маңызды атаулардың дәрін екінші дәрежедегі нәрселерден тап басып ала алады, және де майда-шүйде де ештеңені бүкпейтін қарапайым адам бола тұрып, маңызды мәселеде сыр шашпайтын табанды жанға айналады».

Ф. Честерфилд.

Қазақ дипломатиясының көшбасында қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының саяси өміріне белсенді қызмет жасаған Нәзір Төреқұлов тұр. Ол ХХ ғасыр таңымен таласа қазақ халқының, егемендігі жолында күрескен ер, қажымас қайраткер.

«Қайсыбір мемлекетке қатысты саяси бағдарымыз көбіне оның кімнің әрі қалай жүзеге асыруына қатысты келеді. Бұл ретте КСРО- ның Сауд Арабиясындағы өкілетті елшісі Нәзір Төреқұловтың орны айрықша екендігі даусыз. Сол жылдардағы басшылықтың Ислам жүрегіндегі өз өкілі ретінде біріншіден діни нәзіктікті тереңінен түсінетін,екіншіден аса зиялы, бөлімдер, революция ісіне адал, мемлекет қайраткерін дұрыс таңдаған кадр саясатын атап өтуге міндеттіміз. Бұл өзін толығымен аяқтаған таңдау еді. Нәзір Төреқұлов 8 жыл бойына өз елін Сауд Арабиясына лайықты таныта білді.Бұл сол уақыттағы рекорттық мерзім»,-деп көрсетті Академик-Е.Н. Примаков /32/

КСРО Орталық Атқару Комитеті Президиумының қаулысымен 1927 жылы 15-желтоқсанда Н.Төреқұлов жоғарыдағы төтенше өкіл болып тағайындалды. Дегенмен тағайындалған орнына ол сегіз айдан кейін ғана аттанды. Қаулыға қол қойғанына көп уақыт өтіп кеткенін ескертіп, сыртқы істер халық комиссариаты олтуралы баспасөзде ресми жариялаудан бас тартты. Қалай дегенімен де агреман алынғанынан және тиісті дайындықтан кейін пиджаз, неджд және қосып алынған былыстар каролдігіне жаңадан тағайындалған өкілетті өкіл 1928 жылы 26-шілдеде де «Ленин» теплоходымен Одессадан Стамбулға, одан Неапольға аттанып, «Франчески Криапи» параходымен 29- қыркүйекте Жәддаға аман-есен жетті /33/.

1928 жылы Кеңес үкіметі Нәзір Төреқұловты пиджазға (Сауд Арабиясына) бас консул етіп жіберген тұста елді басқарған Ибн Сауд пен ағылшындардың арасындағы жағдай тым асқындап кеткен еді. Ағылшындар Саудияменшекаралас тайпаларды қайткен күнде де Саудқа қарсы айдап салуға күш салып баққан. Олардың мақсаты Саудты өз дегеніне көндіру, елді бүлдіру еді. Кеңес үкіметі бұл тұстағы мақсаты Саудттың басқада Шығыс елдерімен жақындаса түсуіне ықпал жасау болатын. Бас консул Нәзір Төреқұловқа мынандай міндеттер жүктелді:

1. Пиджаздың өзімен шектесе елдермен, сондай-ақ Англиямен Иеменмен қарым-қатынасы халқаралық тұрғыдан бағамдау. Сонымен қатар парсы-Пиджаз қарым-қатынасына тұрақты көңіл бөлу.

2.Пиджаздың ішкі жағдайы,ең бастысы үкіметпен елді мекендеген тайпалардың қарым-қатнасы. Үкіметтегі өзгерістер, олардың саяси мәне.

3. Пиджаздағы біздің жағдайымыз, мұның болашағы, саудадағы алыс-берістің одан әрі өрбуі т.с.с.

Осында қызмет атқарған уақытында Алаштың аса дарынды ұлының анау-мынау емес, дипломатиялық корпус арасындағы ең жоғарғы дәреже Арабстандағы барша мемлекеттен келген елшілердің құрметті төрағасы-«Дуайні» болған. Араб жерінде ол құрметпенқарсы алып, төрт күннен кейін 3- қарашада Меккеде королдің ұлы мұрагері Фейсалға сенім граматасын тапсырды. Корольдің өзі Абдел Азиз Ән-Сауд Нәзір Төреқұловтың тағайындалуы туралы М. Калининнің 1928 жылы 9 маусымдағы жарлығына кеңестік миссияның жаңа басшысы Сауд үкіметі мен Корольдің жеке өзінің тарапынан «екі елдің арасындағы дайын байланыстарды нығайту үшін құрметке барынша жақсы қатынасқа бөленеді», деп жауап берді. /34/.

Толық өкілетті елші кезіндегі сегіз жыл бойы Н. Төреқұлов КСРО мен Сауд арабиясы арасындағы Қарым қатнасты, қазіргі тілмен айтқанда, стратегиялық әріптестік деңгейіне жеткізуге тірісып бақты. Шығыстың сырын жақсы білетін ол КСРО-ның Араб түбегіндегі тұғырын түзеп, бекемдей түсу көбіне-көп өзінің король отбасымен, Әбден Әзиз Әл-Саудтың тікелей өзімен және оның мұрагері Ханзада Фейсалмен Қаншалықты дос-жар, ашық-жарқын қатынас жасай алатынына байланысты екенін жақсы бағалайтын.

Араб жерінде бір жыл істегеннен кейін оның дипломатиялық мәртебесі өсірілді, КСРО Орталық Атқару Комитеті оны «Ұлы мәртебелі король жанындағы төтенше елші және толық өкілетті министр» етіп тағайындады. 1932 жылы 26 ақпанда Меккеде Н. Төреқұлов Ханзада Фейсалға өзінің жаңа лауазыммен тағайындағанын растайтын сенім грамотасын тапсырды /35/. Осында екі жақ тарапынан сөйлеген сөздердің ауымы мен мән-мағынасы өзара іш тарту мен сенім деңгейі аз ғана уақыта мықтап өскенін анық аңғартады.

Нәзір мәртебесін өсірудің, шындығында жаңадан тағайындаудың мақсаты екі жақтың да тілегіне лайық достық қатнастарды нығайтып, күшейте түсу болғаны айқын. Өз сөзінде Н. Төреқұлов король отбасымен өзінің жеке қарым-қатнасын қадір тұтатынын ерекше атап айтуды жөн деп білді. Әлбетте, өз еңбегігің осынша бағалануына Н. Төреқұловтың қолы оп-оңай жеткен жоқ. Өйткені не ғұрлым жоғары дипломатиялық мәртебе оның алдынан ел өкіметінің ең жоғарға буындарының есігін шалқасынан ашқанымен, ол мәртебе манархпен, оның ет бауыр туыстарымен, оның ішінде болашақ король Ханзада Фейсалмен бейресми, сырлас-силас қатынас жасаудың рұқсат қағазы емес-ті. /36/.

Королдің еңықпалды кеңесшілерінің бірі Юсиф Ясин еді. Н. Төреқұловтың онымен кездесуін сыртқы істер министірінің міндетін атқарушы Фуад Хамза ұйымдастырды. Өйткені өкілетті елші жұмысқа кіріскен бойда онымен іскерлік, жақсы қатынас орната алып, бір-бірімен толық түсінісіп кеткен. Сондай-ақ, Төреқұловқа әуелі корольге ресми, ештеңе міндеттей қоймайтын «тек құрметімен сыйлайтын» сәлем беріп, манархпен егжей-тегжейлі мазмұнды әңгімені Ясинмен кездесуден кейін өткізуді ұсынған осы Хамза болатын.

....Король сарайымен байланысты бекіте түсуі үшін Н Төреқұловтың шын мәнінде мұсылман болғандығының маңызы ерекше еді. Бұл оның Меккедегі емін-еркін барып келе беруіне жол ашты. Шынында да, дипломатиялық өкілдіктен, король сарайы негізінен Әл-Рияд пен меккеде орналасқандықтан, батыс дипломаттарының көпшілігі үшін корольмен, оның маңындағылармен тікелей араласып-құраласуы оңай емес еді. Олардың біреулері манархтың жәддаға оқта-текте бір соғып кетуін сарыға күтсе, енді біреулері жоғарыда айтылған Филби секілділер-ислам дініне енеді. Осы факт өкілетті елшінің назарын бірден аударып, мұның жай жапсарымен Мәскеуді бірден хабардар етті. «Ислам дініне кірген бойда Филби Меккеге жүріп кетті». Лондон эмиссары ықпалының әлсірей түсуі, сондай-ақ нақ сол тұста Н. Төреқұловтың дипкорпус дуайені деген құрметті мансапқа ие болуының оны король отбасына бұрынғыдан да жақындата түсті.

Н. Төреқұлов корольмен және ханзада Фейсалмен кездесу үшін барлық мүмкіндікті пайдаланып бақты. Елшінің күнделіктерінде төмендегідей жазбалардың ұшырасатыны кездейсоқ емес:

«Мекке мен Жәдда арасындағы Вада Фатижадағы салтанат. Салтананатты дипкорпус атынан Н.Төреқұлов араб тіліннде құттықтау сөз сөйлейді. Онан кейін Банд ағылшын тілінде құтықтады»... «Елші мен хатшы сенім грамоталарын тапсыу үшін Меккеге жүріп кетті. Одан түнде оралды»... «Мұсылман мейрамына байланысты Мекке мен Жәддадағы достар мен таныстарға 100 құтықтау карточкасы жөнелтілді»... Король Жәддаға келді. Шетелдік өкілдер түстен кейін қабылданды /37/.

Нәзір Төреқұлов біліктілігінің арқасында тұра сала, қызметін меңгеріп, Жергілікті саяси жайсаңдармен, ірі саудагерлермен өзара қатынастар орната алды. Бұл орайда мынандай фактіге тоқтала кеткен жөн. Бұрын араб тілінде арнайы оқымаған Н. Төреқұлов тез арада оны жақсылап үйреніп алғаны соншалықты, аудармашылар қызметінен мүлдем бас тартты. «Өйтпесем, бірдеңе айтсам, басқаша аударылады да, әңгімемнің мәні айдалада қалады», деп жазды Нәзір Төреқұлов. Оның Араб тілін меңгергені соншалық, ғұламалармен дін тақырыбына еркін сөз жарыстыра алатын да, салтанаттарда король мен оның төңірегіндегілердің алдында да дипломатиялық корпус атынан да сол тілде көсем сөйлей беретінін жоғарыда айтып өткен болатынмын. Араб тілінжетік менгеріп білу оны Еуропалық дипломаттардан жоғары қойды, араб сұхбаттарынның құрметіне бөленді. Ал, Европалық дипломаттар бұл тілден мүлдем хабарсыз еді. Тағы бір айта кететін жайыт ыртқы істер халық комиссариатына алғашқы хаттарының бірінде Нәзір Төреқұлов институтының студенттерін Хиджазға бір жылға стажировкаға жіберуді ұсынып, оны «тек араб тілін білу жұмысқа жеткіліксіз екенін дәлелдейді», «Құран тілінде бұл арада бір қарап сіріңке де сатып алмайсың», «Ал біздің оқу орындарында бейнелеп айтқанда арабистерді емес, әруақыттары және періштелермен ғана сөйлесе алатын құранистерді даярлайды»-дейді.

Мәскеуде бір хабарларында Н. Төреқұлов Ясинмен Хамзаман кездесулері мен әнгімелері қажетті даярлық болғанын, онсыз корольмен әңгімеге бел шеше алмастығын ашық жазды. Король мені жылы шыраймен қарсы алды, Фуад пен Түйметов жолдас болды. Өз мәселелерімізді корольге Ясинмен әңгіме кезіндегі ізбен баяндап бердім, бірақ ашщылау тұсын жұмсартып, саяси мәсалалерді басыңқырап айттым. Сол баяғы үш тармақты-келіссөз туралы, уақытша статус және эквиваленттер туралы мәселелерді көлденең тарттым. Корольдің жауабы манадай: ол өзінің, Сауттағы мемлекетін брінші болып таныған мемлекет КСРО екенін ешқашан ұмытқан емес, ұмытпайды да. Ол КСРО мен қатынасын және кеңес үкіметімен достығын әрдайым жоғары бағалап, әлі де солай бағалайды /38/.

... Кетер кезімде, король қоштасу үшін ұсынған қолымды ұстаңқырап тұрып, «иншалла, көп ұзамай бәрі де оңдалады»-деді. Мен алғыс айттым. әнгімеміз бір сағатқа созылды. Ал, оның 1929 жылдың наурызында жазған хатында Нәсір Арабиядағы саяси ахуалдың нашарлап кетуіне байланысты, Кеңес-һиджаз қарым-қатнасының шиеленісе бастаған, бізге дұшпандықпен қарайтындардың пайда бола бастағанын ескертті.

Әйтсе де қараша айының соңына қарай жазылған мәлімдемелерде жағдайдың сабасынан түскені, екі ел арасында ынтымақтастық орнағаны жөнінде айтты. Нәзір асқан шеберлікпен Сауд үкіметінің келіссөздің тым созылып кетуіне Кеңес жағынан кінәлағысы келген ниетіне тосқауыл қойды. Сауд үкіметіндегілер уақыты жоқтығын сұлтауратып жобаны жасауға Нәзірдің көмектесуін сұранады. Сақтық ойлаған Нәзір біраз материалдарды ұсынады. Ақыры өз ойын мақұлдайды.

Мұсылмандық жол-жараға жүйрік Нәзір Төреқұлов Европалықтар секілді керек адамын ішімдікпен сыйлап, суық қару ұсынбаған. Мәселен, корольдің өзінен бастап мықты атаулыны тегіс үйіне түсіріп, қонақ етті.

Корольдің өзі санасатын, аса ықпалды тұлғалардың бірі қаржы министірі-Недждік Абдулла Сүлейманды Нәзір Төреқұлов КСРО-мен сауда қатынасын жасауға көндірді. Сауда Келісім-шартының түзілмегенін қарамастан арабтар мұнай өнімдерін алады, сондай-ақ ағаш, күкірт, ұн,т қант сатып алшаққа кетеді /39/.

Көп кешікпей ақ ел қазынасы жұтай бастайды. 1929-1933 жылдары ғаламды жайлаған экономикалық күйзелістен соң һиджаз табысынан негізгі көзі- Меккеге қажылыққа келушілер күрт азайды. Мәселен, 1931 жылы қажылыққа небәрі 40 мың адам келді, бұл өткен жылдағыдан екі есе аз. Осының салдарынан өкіметтің табысы көзі 500 мың фунт стерлингке кеміген Автотранспорт пайда болғалы, есек пен түйісіп дайындап қажылыққа келушілерге қызмет көрсетумен күнелткен тайпалар тақырға отырып қалды. Ханзада Фейсалдың КСРО-ға сапары кезінде декеліссөз тақырыбы мұнай өнімдерін бұдан былай да беріп тұру мәселесі болған еді. Бұл сапарды Н. Төреқұловтың ең басты саяси жетістіктерінің бірі деп санауға болады. Ал кеңес басшылары осынаушын мәнінде тарихи сапардың барлық иқтимал мүмкіндіктерін пайдалана алмаса Нәзірдің кінәсі емес.

1932 жылы 17- тамызында Әл-Сауд һиджаз және Недж корольдігінің Сауд Арабиясының корольдігі деп атайтын декретке қол қойды. Осыдан кейін Әл Сауд несиеге тауар және қару беруін КСРО-дан сұрана бастағаннан кейін Кеңес жағы бұрынғы мұнай қарызының әліге өтелмегенін сұлтауратып, үзілді-кесілді бас тартты /40/.

1933 жылм мамыр айында корольдіктің министірлер Кеңесі мемлекеттік кеңеспен бірге «Жоғара мәртебелі әмір Саудты-ұлы мәртебелі корольді » үлкен ұлын Араб Сауд мемлекетінің тақ мұрагері деп жариялау туралы қаулы қабылданды...аАл бірнеше жылдан кейін тақ мұрагері болып Фейсал жарияланған еді.

Шындығында, Мәскеуде қабылданған Сауд монархының жай ғана ұлы, он жеті жасар –боз бала ғана емес еді. Бұл достас мемлекеттің болашақ корольінің ресмеи сапары болатын Мәскеу бұл оқиғаға тиісінше түсінікпен қарады. Мұны делегатцияның болуы, кездесулері мен келіссөздері жайында дайындалған бағдарламада аңғартады. Едәуір қауырт ресми бөлік аса ауқымды мәден-таныстық бағдарламасымен ұштастырылды.

.. М. Калилиннің жауабындағы: «біздің екі елдің арасындағы қатынастар бірнеше жыл аса достық және едәуір сипатта болды және сіздің Кеңес одағына келуіңіз біздің елдерді байланыстырып тұрған тамаша көріністердің бірі» деген сөздер де Нәзір Төреқұловтың еңбегін жанама болса да бағалаудың айғағы.

.... Келіссөзге Сауд жағынан негізгі қатысушылар делегация басшысынан өзге, Фейсалдың қасына еріп келген адамдар, ең әуелі Фуад Хамза болатын. Үлкен театрда «Севль шаштаразы» операсының қойылымы кезінде оның Л. Караханмен сұхбаты өтті және кеңес сауд қатынастарын дамыта түсу тұлғасынан келген ең принципті әңгіме секілді. Л. Қараханның өз сөзі бойынша Ф Хасизза Хиджазға кеңес кредиті берілген жағдайда «біздің тауарларымыз үкіметтің беделінің арқасында өтетін, үкіметтің өзі кеңес тауарларын өткізуді ұшталаты, Хиджаздықтар бізден астық қант, керасин, бензин, сіріңке, қару алғысы келетін» әлелдеп бақты.

Кеңес үкіметінің Л. Қарахман білдірген көз қарасы айқын еді: кредит беру саяси шарт жасаумен тығыз байланыстырылды, ал кредит туралы келісім шынтуайтында саяси келісім /41/.

...Сонымен, король Әбден Әзиз әл-Саудтың ұлы ханзада Фейсал басқарған Төтенше дипломатиялық эмиссия Мәскеуде 29 мамырдан 7 маусымға дейін болды. Делегация сондай-ақ күні Ленинградты аралап, 7 маусым күні Түркияға жүріп кетті. Мәскеудегі келіссөз кезінде миссия КСРО үкіметінің Сауд жағынан 10 жыл мерзімге жалпы жиынтықбір миллион фунт стерлинг тұратын тауарлы кредит беруі туралы мәселе қойылды. Миссияға достықты сауда туралы шарт жасалғанға дейін КСРО үкіметі бұл мәселені талқылау ыңғайсыз деген мағынада жауап берілді. Соған қарамастан, протокол сақталып екі жақты сапар өте сәтті болды деп танылады.. Н.Төреқұлов Жәддәдан сыртқы істер халық комиссариатына «хиджаздың ұлы мәртебелі корольі Кеңес үкіметіне әмірі Фесалды дос көңілімен қабылдағаны үшін алғыс айтады» деген жедел хат жолдады. Сапар қорытындысы бойынша «шарттасушы мәртебелі жақтар өзінің экономикалық қатынастарында кемсітудің қандай түрінен де бас тарту» ниетімен жігерленеді. «Шарттасушы жақтар екі мемлекеттің арасында экономикалық байланыстарды дамытып, кеңейту мақсатымен көп ұзамай сауда шартын жасау жөніндегі келіссөзді бастауға келіседі» / 42/.

Фесалдың КСРО-ға сапарының және Н.Төреқұловтың Сауд Арабиясындағы одан кейінгі жұмысының тағы бір нәтижесі арт-Тарифта АТС орнатылып, пайдалануға берілген еді.Бұл Сауд мемлекетіндегі тұңғыш станция еді және оны орнатып, пайдаланудың ешқандай тәжірибесі жоқ болатын. Почта,телефон және телеграф директоры Абдулла Казим Кеңес елшісіне өзінің жергілікті кадрларымен АТС – ы орната алмайтынын хабарлап, инструктор шақыруды өтінеді. Егер Н.Төреқұлов 1934 жылы «Красная зарянның» инженері В.Шитовтың Сауд арабиясына іс-сапар жасауына қол жеткізбесе, қымбат сарайдың бір түкпірінде ұзақ жылдар бойы іріп-шіріп жата берер еді... В.Шитов өзінің іс-сапары жөніндегі есебінде «...автоматты телефон бойынша алғашқы әңгімі Араб Сауд мемлекетінің корольі мен КСРО елшісі Нәзір Төреқұлов арасында өтті. Бұл сөйлесу станциясын іске қосудың басы болды» деп жазады. Оның үстіне, Нәзір Төреқұловтың монархпен, оның мұрагерлерімен ұдайы кездесіп тұруы, бұл орайда корольдің шетелдіктер мен қауышуы шектелген жергілікті ерекшелікті ескерсек, оның маңайындағылар мен мемлекет шенеуліктеріне Кеңес елшісінің қас-қабағын бағып жүріңдер деген анық ескерту де еді.

Жоғарыда қамтылған барлық оқиғалар ең алдымен Нәзір Төреқұлов еңбегінің жемісі болатын.Олар, сөзсіз өз елінің елшісі ретінде оның атқарған сан-саладағы жұмысының дипломатиялық еңбегінің шыңына айналды. Экономика саласында нақты нәтижелер көріне бастады, таяу болашақта елеулі пайда беретін өзара ынтымақтастыққа даңғыл жол ашылды. Әлбетте, елшінің сөзімен айтқанда ахуал «едәрір шетін» еді, Саудтықтардың ұсыныстарының бәрін бірдей таза алтын деп қабылдауға болмайтын оның қаупі бар еді. Нәзір төреқұлов 1933 жылдың басында мәскеуге жолдаған жазбаларына сөз жүргізудің өзі жеткілікті « бізге жекелеген адамдар мен топтар ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстары мен топырлап келіп жатты. Олардың кейбіреулері бізбен шынындада істес болуға, енді біреулері өздері үшін аты шулы делипинк қаупі жоқтығын суртпақтан сұрап, біліп алуға келеді. Көпестер арасында үрей дүрбелеңі олардың «жекеше сипаттағы» бірқатар кеңестер өткізуіне алып келді, оларға ірі шипотерлер өз қатарын өздеріне төнген «қауіпке» қарсы біріктіріп жаңа жағдайда өз мүдделерін қорғаудың жолдары мен амалдарын белгілеуге тырысты.

Таяу Шығысқа ықыласы күрт бәсеңдеген Кеңес өкіметі 1936 жылдың қаңтарында Нәзір төреқұловты қайтарып алды /43/.

Нәзір Төреқұлов – кеңес мемлекетінің тарихында өкілетті елші болған тұңғыш қазақ. Ресей империясында да, кеңес Одағында да оған дейін Орталық Азияның бірде-бір өкілі елші болып тағайындалған емес. Осы кезде, кеңес одағының шетелдегі елшілердің ұзын саны 32-ақ адам болған. Толық өкілетті елші қызметіндегі жыл бойы Нәзір Төреқұлов КСРО мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым –қатынасы стратегиялық әріптестік деңгейіне жеткізуге тырысқан.

Н.Төреқұлов « Сауд Арабиясынан келген соң, көп ұзамай халық жауы» деген жаламен отқа ұшқанын, оның нақақтан аяусыз жазаланғанын естіген король мен оның төңірегіндегілер қатты күйінген. Қалай десек те, дипломатиялық каналдар арқылы, король басқа өкілетті елшіні көргісі келмейтінін аңғартты. 1938 жылдың сәуірінде сыртқы істер халық комитеті Сауд Арабиясына хат жолдап, онда Кеңес-Сауд қатынастарын таяу болашақта жақсарту мүмкіндігін көре алмай отырғандықтарын Мәскеу корольдікпен байланысын доғарып отыр, Жәддадағы елшілігін жабуға шешім қабылдады деп мәлімдеді. Сол жылдың 11- қыркүйегінде Кеңес комиссиясының сонғы қызметкерлері Сауд Арабиясынан біржола аттанып кеті. Екі елдің арасындағы «үзіліс» 1990 жылға дейін созылды /44/.

Н. Төреқұловтың орталыққа жазған жазбалары, күнделіктері, әнгімелерінің көшірмесі, саяси есептері, тағы басқа құжаттары 20-жылдардың соңы мен 30шы жылдыңбасындағы Кеңес-Сауд қарым-қатынасының қалыптасуы ен дамуы жайындв жан-жақты мағлұмат берілді.

Құжаттың тамаша жазылу стилі, баға берудегі дәлдік сараптаулардың егжей-тегжейлігімен нақтылығы қазақ елшісінің Кеңестер Одағының ішкі-сытқы саясатының ерекшелігінің барынша нәзік сезінетін жоғары деңгейлі маман екендігін айғақтай түседі.

1936 жылдар арасында Сауд Арабиясы жерінде қызмет етумен байланысты сегіз тілді жетік білуі, сыналған мемлекет қайраткері ретінде танылуы нәтижесінде оған ең жауапты міндет жүктелген, оның бәрінде Нәзір Төреқұлов тындырымды орындай білген. Сауд Арабия жерінде консулкейін елші қызметін атқарғандада ұятқа қалып та, қалдырып та көрмеген. Кеңес мемлекетінің сыртқы саясатын жүзеге асыруда екі ел арасында саяси және сауда қарым-қатынасын нығайтуға барынша үлес қосқан /45/.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет