ІІ-ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МІНЕЗ БІТІСТЕРІН ТӘРБИЕЛЕУДЕ МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ЖҮЙЕСІ
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бүгінгі ерекшеліктері
Соңғы жылдары қоғамдағы тәрбиенің мақсаты «Тұлғаны жан-жақты, үйлесімді етіп қалыптастыру» деп көрсетілген. Демек, бүгінде әрбір адамның жеке басын материалдық және рухани адамзаттық құндылықтармен молайту көзделіп отыр. Бұл мақсат міндеттер жанұя тәрбиесін жақсатудан бастау алып, ондағы тәрбиелер мен ата-аналардың педагогикалық білімдерін жетілдірумен шешілмек. Бүгінгі таңда ата-аналардың отбасы тәрбиесі бойынша педагогикалық білімдерін жетілдіруде ең негізгі ұйытқы болатын мектеп, соның ішінде сынып жетекшілері болып отыр.
Бүгінгі қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістер ең алдымен отбасына үлкен әсерін тигізуде. Соның негізінде бүгінгі әлеуметтік өмірдегі қиыншылықтарды бастан кешіріп отырған отбасы жүйесінің мынадай белгілерін көрсетуге болады.
- Бүгінгі отбасының әл-аухатының төмендігі;
- Демографиялық жағдайдың нашарлауы, яғни отбасындағы бала санын шектеу қиыншылықтан шығу бірден-бір жолы деп саналады;
- Рухани байлықтан гөрі материалдық байлықты дұрыс көріп, әке-шешесімен қоса оқушы балаларына дейін саудамен айналысуы, яғни тәрбиеге көңілдің аз бөлінуі;
Ата-аналардың аз оқитындығында, яғни бала тәрбиесіне қатысты психологиялық-педагогикалық әдебиеттер мен газет-журналдар оқымайтындығында.
Нарықтық қатынас жағдайындағы отбасы жүйесін құрылымдық сипатын әлеуметтанушылар М.Тәжин, Б.Аяғанов былай түсіндіреді: «Біріншіден, қазіргі қоғамның экономикалық өмірі – кішігірім отбасының болуын қалайды. Мұндай отбасында, үлкен отбасылармен салыстырғанда қайшылықтары көп жанжалдардан құтылуға болады, яғни экономикалық өмірдің талаптарына икемделгіш болып алады.
Екіншіден, қазіргі шағын отбасы өмірге жеңіл бейімделіп, отбасылық және қоғамдық қажеттіліктерден пайда болған қақтығыстарды шешу жолдарын да жеңіл таба алады» - деп шағын отбасын мақұлдайды.
Бірақ демографтар М.Тәтімов және т.б. үлкен отбасылардың болуын мақұлдап, бала санын көбейтудің жолдарын қарастыруда. Мұндай отбасыда педагогикалық жағдай көпбалалы жанұяларда әлдеқайда жеңіл болатынын көрсетеді.
Отбасы жүйесінің қызметін көптеген ғалым-психолог-педагогтар (И.Гребенников, Г.К.Байдельдинова, Ж.Б.Қоянбаев, Е.Фатеева және т.б.) өз еңбектерінде қарастырған. Ғалым-психолог И.В.Гребенников отбасы жүйесінің қызметін бес топқа бөліп қарастырады. Атап айтсақ, ұрпақ жалғастырушылық, экономикалық, тәрбиелілік, қарым-қатынастық және бос уақыт пен демалуды ұйымдастыру. Отбасы жүйесіндегі қызметтер оқушылардың типтік мінез бітістерінің қалыптасуына өз ықпалын тигізеді. Отбасы жүйесінің қызметтерін толығырақ қарастырайық.
Отбасы жүйесінің ұрпақ жалғастырушылық қызметі – ол тіршілікті жалғастыру, яғни өмірге ұрпақ әкелу. Отбасы тек ондағы адамдар санымен ғана емес, сапасымен де ерекшелінетін болғандықтан, бұл қызмет басқа барлық қызметтің элементтерін қамтиды.
Соңғы жылдары демографтар қала өмірі бейнесінің кең таралуы деп түсіндіреді. Көптеген ауыл тұрғындары қалалықтар секілді өмір сүреді. Әйелдердің еңбекке араласуы, мәдениеттің қажеттіліктердің өсуі де жоғарыдағы жағдайдың себебі болып табылады. Халықтың сұранысы артып, бір-біріне талаптары күшейеді. Отбасындағы өзара қарым-қатынас өзгерді. Ол психологиялық жағынан алып қарағанда, күрделірек болды. Отбасындағы ерлі-зайыптылар үшін ең бірінші кезекте бұрынғыдай экономикалық тәуелділік емес, адамгершілік нормалары тұрды. Сондай-ақ, балаға деген қарым-қатынас та өзгерді.
2. Отбасы жүйесінің экономикалық қызметі отбасы ұжымындағы өзара қарым-қатынасқа екі жақты әсер етуі мүмкін:
1) Отбасындағы үй-ішілік жұмыстарды (ата-аналар, ересектер мен кішкентай балалар үшін) әділ болу ерлі-зайыптылар қарым-қатынасын жақсартады.
2) Оқушыларды адамгершілікке және еңбекке тәрбиелейді.
Экономикалық қызмет отбасын басқару мәселесімен және отбасы басшысын анықтау мәселесімен тығыз байланысты.
Оқушыларды өз отбасында қаржыны бөлу мен жұмсауға қатыстырудың тәрбиелік мәні үлкен. Бұл оларға отбасы қандай қажеттілікке мұқтаж, ол қаншалықты маңызды екенін, сондықтан ең алдымен не істеу керек, өз қалауымен өзгелер қалауының қайсысы маңызды әрі барлығы үшін пайдалы екенін түсініп өседі. Мұндай жағдай балалардың қарапайым, ұқыпты, еңбекқор болып өсуіне мүмкіндік туғызады.
Отбасы қаржысына қатысты мәселенің ішіндегі ең күрделісі – ересектер мен балалардың күнделікті қажеттілігіне жаратуға берілетін ақшаның бөлінуі. Бұл қаржының балаларға да берілуінің мынадай үш себебі бар.
- Баланың күнделікті қажетін өтеу.
- Қазіргі қоғамда ақша қарым-қатынасы орнап тұрғандықтан, балаларды да ақшаны дұрыс жұмсап үйренуге баулу.
Баланың өз еркіне ақша беру, оған деген сенімнің белгісі. Сенім арту арқылы тәрбиелеу деген сөз. Ол балаларды өзіне-өзі сеніммен қарауға, ақшаны үнемдеп жұмсап, ересектер көңілінен шығуға талпындырады.
Отбасының тәрбиелік қызметі. Отбасында бір ғана бала болса, бәрі қиындай түседі. Ал көп балалы отбасындағы ұжым өзінен-өзі біртіндеп қалыптасады, бұл жерде өнеге болар адамдар да табылады, кішілерге қамқорлық жасау керектігі де айқын. Мұндай отбасында балалардың өзара бірін-бірі тәрбиелеу жұмысы белсенді түрде жүріп жатады. Әрбір баланың өмірінде табиғи түрде көпшілдік, бір-біріне жаны ашу, түсіну, ағасына және қарындасына деген туысқандық сезім мен сүйіспеншілік қасиеттер тәрбиеленеді.
Отбасы жүйесінде балалар мен ересектердің бойындағы ізгілік қасиеттер қалаптасады. Әсіресе, отбасының ықпалы, ондағы оқушы-жасөспірімдерге ерекше әсер етеді. Сондықтан отбасының тәрбие берушілік қызметі үш аспектіден тұрады.
Біріншіден, оқушының мінез бітістерін тәрбиелеу және оның қызығушылығы мен қабілетін дамыту, отбасындағы ересектердің өмірлік тәжірибелері арқылы жүзеге асырылады.
Олар: өмірге ғылыми көзқарас, еңбекке деген жоғары адамгершілікті қарым-қатынас, достық пен бауырмашылдық сезімін ояту, қоғамдық мінез-құлық талаптарын сақтай білу, интеллектік эстетикалық дамуды дене жағынан, дамумен ұштастыру, денсаулығын сақтау мен санитарлық-гигиеналық білімін жетілдіру секілді қоғамнан алған өмірлік тәжірибелері болуы мүмкін.
Екіншіден, отбасындағы әрбір баланың мінез бітістерін тәрбиелеуге отбасы ұжымының үнемі жүйелі түрде тәрбиелік ықпал етіп отыруы.
Үшіншіден, отбасындағы оқушылардың үнемі ересектердің өздерін-өздері белсенді түрде тәрбиелеп отыруына мәжбүр ететіндей әсер етуі.
Отбасының оқушыға тәрбие берушілік қызметінің ерекшелігі – оның тұрақтылығында. Негізінен, баланың типтік мінез бітістерін тәрбиелеу мақсатында мектеп жасындағы балаларға жасалған дұрыс қарым-қатынас оқуда, еңбекте өз нәтижесін көрсетеді. Отбасы жүйесі баланың рухани мәдениетінің дамуына, жеке басының әлеуметтік бағыт алуына, мінез-құлқының мотивіне әсер етеді.
Отбасының қарым-қатынастық қызметі. Психолог А.В.Петровский көзқарасы бойынша, отбасының сипатын ондағы адамдар санымен анықтайтын болсақ, онда қателескен болар едік. Мұның барлығы ондағы адамгершіліктік ахуалмен мақсатпен анықталады. Үлкен отбасыларда балалар көпшіл, адамгершіліктік қарым-қатынасты қалыптастыру мүмкіндігі үлкен. Отбасының маңыздық негізі – ерлі-зайыптылардың ата-аналық махаббаты мен мейірімі және балаларының өз тарапынан ересектерге деген құрметі, жанашырлық сезімі болып табылады.
Әрбір отбасында өзіне тән белгілі бір адамгершіліктік рухани деңгей қалыптасқан. Осы деңгей қаншалықты жоғары болса, отбасындағы балалардың мәдени қажеттілігін қанағаттандыру, қызығушылығы мен қабілетін дамытуға үлкен мүмкіндік бар болады. Онда бала тәрбиесі дұрыс жалғасын тауып, адамгершіліктің және жеңіл-күйлік эстетикалық байлықпен өмір сүреді. Отбасының рухани байлығына алдымен идеялық адамгершіліктік бастауы, ұжымдық қарым-қатынасы, психологиялық ахуал, үй-ішілік және айналадағылармен қарым-қатынас, көпшілік хабарлар құралдарын пайдалану, бос уақыт пен демалуды ұйымдастыру, тәрбиелік өріс жатады.
Отбасының идеялық-адамгершіліктік саулығы ондағы мүшелердің мінез-құлқы мен өмір сүру дәстүріне, бірінші кезекте байланысты болады. Сонымен қатар, қоғам мен айналадағы адамгершіліктік ахуал да отбасына әсер етеді.
Азаматтық және адамгершіліктік қарым-қатынастың бірлігі мен тұрақтылығы отбасындағы әрбір адамға, әсіресе, ондағы балаларға әсер етеді. Мұндай көріністің негізгі құралы – үйішілік және ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас болып табылады. Оқушылар ата-аналарының еңбексүйгіштігін, қоғам өміріне белсене араласуын, сондай-ақ, үй-ішілік қарым-қатынастағы достық пен көпшілдік, мейірімділік пен өзара қамқорлықты өте жоғары бағалайды. Отбасындағы ата-аналармен балалардың рухани жақындығы, бұл ересектердің өз бойындағы асыл байлықтарын балаларына беруі, орнына ешнәрсе талап етпеуі деген сөз. Үй ішінде мейірімділікпен қарым-қатынас жасау баланы жан-жақты қалыптастырады. Қарым-қатынастық қызметпен көбінесе отбасындағы психологиялық ахуалдың пайда болуы байланысты. Мұнымен келіспеуге болмайды.
Әрбір отбасындағы тұрақты сезім күйлерін психологиялық ахуал немесе психологиялық жағдай деп атау қабылданған. Ол отбасындағы адамдардың көңіл-күйлерінің жиынтығынан олардың көңіл-толулары мен алаңдауынан бір-біріне, адамдармен, жұмысқа қатысынан пайда болады. Басқаша айтқанда, психологиялық ахуал, бұл – отбасындағы мүмкіндік немесе қайшылық туғызатын психологиялық жағдайлардың жиынтығы. Демек, ол отбасының идеялық-адамгершіліктік құндылықтарынан бөлінбейтін отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасының көрсеткіші екен. Сондықтан, оны моральдық-психологиялық ахуал деп те атайды. Психологиялық ахуалдығы отбасындағы мүшелердің өздері қалыптастырады.
Отбасындағы психологиялық ахуалды ғалым В.И.Гребенников қолайлы психологиялық ахуалдың негізі – ондағы ерлі-зайыптылардың ынтымақтастығы ең алдымен ері мен әйелінің идеялық-адамгершіліктік көзқарасының бірдей болуы болып табылады. Отбасындағы қолайлы психологиялық ахуалға мынадай белгілер тән: бірлік, ондағы әрбір адамның жеке басының жан-жақты дамуына мүмкіндіктердің болуы, отбасындағы мүшелердің бір-біріне деген жоғары тілектестікпен талап қоюшылығы, тәртіптілік, жауапкершілік. Қолайлы психологиялық ахуалды отбасындағы балалар қашанда бір-біріне үлкен сыйластықпен қарым-қатынас жасап, сенім білдіреді, ересектер кішілерге көмектесуге үнемі дайын, ол кішілер ата-аналарына сый-құрмет көрсетеді. Отбасының қолайлы психологиялық ахуалының маңызды көрсеткіші – ондағы мүшелердің бір-бірінен ешнәрсе жасырмайтындығы. Туысқандармен, көршілермен және жолдастармен мейірімді қарым-қатынаста болуы.
Отбасының бос уақытты және демалуды ұйымдастыру қызметі. «Бос уақыт – жұмыстан басқа уақытты, яғни адамның өз еркіне берілген уақытын айтамыз» дейді И.Г.Гребенников. Бос уақыт – жеке тұлғаны жан-жақты дамыту мақсатында адамның рухани және дене күшінің қалпына келтіруде теңдесі жоқ әлеуметтік құндылықтардың маңыздыларының бірі. Бос уақытты ұйымдастырудың рөлін көтеру – отбасы өмірінің тәртібі мен әрекеттерінің дұрыс орындалуын, отбасындағы адамдардың міндеттерінің дұрыс бөлінуін еңбек пен демалуды дұрыс ұйымдастыруға қабілетті етеді. Отбасында бос уақытты ұйымдастыру мыналарды қамтиды:
- Кітап оқу,
- Теледидардан бағдарлама көру;
- Туған-туыс, достармен кездесу;
- Театр, концерттерге бару;
- Саяхатқа шығу;
- Спортпен шұғылдану, музыка, өнер мектептеріне бару, т.б.
Ата-аналар отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастыру үшін ең алдымен отбасы қызметтерін жақсы білуі қажет. Оқушының типтік мінез бітістер мен қабілеттіліктер қажет болады. Н.И.Пирогов өзінің таңдамалы шығармаларында «Баланы дұрыс түсініп, қарым-қатынас жасау үшін оны біздің өміріміздің өрісіне емес, біз өзіміз олардың ойлау өрісіне енуіміз қажет»-деп ата-аналарға оқушыларды түсіну үшін олардың ойымен ойлап, солардың көзімен көре білудің қажеттілігін түсіндіреді.
Осы тұста А.О.Пинт: «Ата-аналар балаға жақсы тәрбие беру үшін оның мінез-құлқындағы әрбір ұсақ-түйек өзгерістерді байқап білуге қабілетті болуы керек. Педагогтар секілді кез келген ата-анаға да педагогикалық такт өте қажет. Олар балаларын суықтап қалудан, немесе әртүрлі ауруға шалдығудан қорғап, алдын алып жүреді де, дөрекі сөздері мен әрекеттері арқылы олардың жүйке жүйелеріне кері әсер ететінін ескере бермейді»-дей келіп, оқушының типтік мінез бітістерін тәрбиелеуде ата-аналардың бойында педагогикалық байқағыштық, педагогикалық елестеу, педагогикалық такт және ұйымдастырушылық қабілеттіктердің болуын ұсынады.
Мектептің отбасы тәрбиесіне ықпалын арттыру үшін ата-аналарға мектеп есігін үнемі ашып, балалармен өткізілетін әртүрлі тәрбиелік іс-шаралар мен сабақтарға қатысуына мүмкіндік туғызу қажет.
Бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеуде мектептің ата-аналары мен жүргізілетін жұмысының негізгі мақсаты мыналардан тұрады.
Біріншіден, ата-аналар мектепті балаларының шын жүрегімен қабылдайтын үйі деп санап өздеріде мектеп жұмысына көмектесуге дайын болуын қамтамасыз ету.
Екіншіден, ата-аналарды жанұяда баламен өзара қарым-қатынаста болуға үйрету. Осындай мақсатпен мектептің әдістемелік бірлестіктері отбасы тәрбиесі мәселелері бойынша ата-аналар семинарларын ұйымдастырады. Онда ата-аналар балалардың дамуға, есеюге, бостандыққа ұмтылуының табиғатын және баланың бойында рухани байлықты дамытудың маңыздылығын ол үшін қоршаған ортадан сүйіспеншілік сезімінің, мейірімділікпен сыйластықтың қажеттілігіне біледі. Мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмысы баланың мектепте және отбасында, тұтас білім берушілік ортада тәрбие алуына жағдай жасауға бағытталған. Отбасы – саналылық пен ынтымақтастықтың және болашақтың бастаулар негізі. Мұғалімдер отбасының тәрбиелік мүмкіндігін толығымен аша отырып, ата-аналардың да ізгілік педагогикалық мынандай идеясын мойындауына атсалысуда.
Бала туылғанда пәк болып, тек адамдық пен ізгілік қасиеттермен дүниеге келеді – бұл ұлы заңдылық. Бірақ пәктік ізгі иниеттілік балада өзімен-өзі ұзақ сақтала қоймайды. Балаға дұрыс тәрбие беру мақсаты – оған дұрыс білім беруге мүмкіндік туғызады. Ол үшін ата-аналар өз балаларының дүниеге келгенде белгілі бір құлықпен келетін, оны өзгерту мүмкін емес екенінің білулері қажет. Баланың дара ерекшелігін біле отырып, оның дамуына жағдай туғызады. Ол үшін әрбір ата-ана жас кезеңдеріне сай өзгерістерін, оған дұрыс қатынас жасау жолдарын біліп отыру, мектеппен сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы керек. Осыған орай, бүгінгі таңда ата аналармен отбасы құрамына байланысты келесі топтарға біріктіруге болады.
- Отбасында жалғыз баласы бар ата-аналар;
- Көп балалы отбасылы ата-аналар;
- Отбасындағы ата-әжелер;
- Әкелер;
- Аналар, т.б. түрге жұмыс жүргізуге болады.
Ұлы халқымыз – «Тәрбиеде ұсақ түйек болмауы тиіс» - деп, отбасы мүмкіндігін толық ата-аналармен бөлісе жұмысты ұйымдастырады. Оларға балалы отбасында тәрбиелеуде кеңестер беріп, ой бөліседі. Тіпті жазғы демалыс кезінде де балалармен хат алысып, хабарласады. Олардың өз бетінше әрекет етіп, дамуны бағыт беріп отырады.
Біз өзіміздің зерттеу жұмысымыздың бүгінгі күні ерекшеліктерін зерттеу, айқындау мақсатында Шымкент қаласындағы №46 орта мектебінде бастауыш сынып оқушыларының отбасының өмірін мектепте оқумен байланыстардың және олардың ата-аналарына мынадай анкеталық сұрақтар тарату арқылы педагогикалық дайындығының жай күйін білуімізге болады.
1. Мектепке деген көзқарасыңыз қандай?
2. Мектеп – ойын ордасы деп ойлайсыз ба?
3. Балаңызды немесе қызыңызды мектепке қандай үмітпен жібересіз?
4. Балаға қарайтын уақыттың жоқтығынан мектепке жіберемін деп ойлайсыз ба?
5. Мектеп ұжымы жайлы не айтасыз?
6. Балаңыздың жақсы ұстазын жақсы танисыз ба?
7. Ұстазының білімін жақсы деп бағалайсыз ба?
8. Баланың ұстазымен дос бола алады деген сезімін расқа шығара аласыз ба?
9. Сіз ұстазды тек қатып қалған «тәртіп адамы» деп ойлайсыз ба?
10.Балаңыздың бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттері ұстазынан алынған тәрбиенің жемісі деп ойлайсыз ба?
Осы сұрақтарға ата-аналардың көпшілігі 68% толық дұрыс жауап бере алмады, ал 20% дұрыс толық жауап берді, ал қалған 12% мүлдем дұрыс жауап бере алмады. Бұдан байқайтынымыз, ата-аналардың уақыттарының жоқтығынан, жиналысқа келмейтіндігінен, мектептің, мұғалімнің жағдайын білмейтіндігінен болар. Бұл анкетаның сұрақтарға кейбір ата-ана берген жауаптары:
1. Мектеп білім ордасы, мектеп білім нәрінен сусындайтын орын;
2. Мектеп деген – үлкен бір мешіт деп ойлаймын. Ол жерден мына өмірге
қалай қадам басу керек екендігіне тәрбиелейді. Сондықтан ол жерді – мен ойын ордасы деп айтамаймын.
3. Ұл-қыздарымды мектепке үлкен үмітпен жіберіп отырамын. Оның
болашағы үшін.
4. Баламды мектепке қарайтын уақытым жоқтығынан жіберіп отырған
жоқпын. Балам білім алсын, тәрбиелі болсын деймін.
5 .Қызымның ұстазын жақсы танимын. Ол осы мектептің түлегі болған екен және өз ісінің шебері екендігін дәлелдей алатын мұғалім екендігін жақсы білемін.
6. Мектеп ұжымы – өте үлкен ұжым, ұйымшыл және өз істеріне шебер ұстаздар өте көп.
7. Мұғалім – онда ата-ана, сондықтан ол қатып қалған тәртіптің адамы емес деп ойлаймын.
8. Қызымның бойындағы жағымсыз қасиеттерінен жағымда қасиеттері басымдау, оның себебі, апайынан алған тәртібі мен білімінің арқасы деп ойлаймын.
Осындай жағдайларға байланысты ата-аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ-жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, лекторийлер және ата-аналарға арналған университеттер, ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады.
Сыныптаға оқушылардың ата-аналармен келісіп тәрбие беру, балалардың оқуларын ұйымдастырулары, күн тәртіптері, олардың орындалулары, нәтижелері айтылып, тәжірибе алмасулар жүргізілсе, сөзсіз ұтымды болады.
Отбасы тәрбиесі жағдайында бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеуде белгілі бір білімділік пен әрекет дағдыларының қалыптасуымен анықталады.
Балалар бойында мінез бітістерін тәрбиелеу ата-аналарға психологиялық, физиологиялық, гигиеналық, педагогикалық, медициналық білімдер және байқағыштық, педагогикалық такт, қарым-қатынастың, өз білімін жетілдіріп отыру қабілеттері, сонымен бірге мейірімділік, сөзі мен ісінің бірлігі, адалдық секілді ізгілік қасиеттер бойынан табылуы тиіс.
Бүгінгі күні мектеп пен отбасының байланысы және мектептің отбасыға ықпал етуінің негізгі формалары – ата-аналар жиналысы, мектептегі ата- аналар күндері, әкелер мен аналар конференциялары және т.б. болып отыр. Жұмыс түрлерінің өзгешелігімен оның мазмұнының жаңаша бағыт алуы қажеттілікке айналып отыр. Отбасындағы баланың өмірін, тұрмыс жағдайы мен қарым-қатынас жүйесін зерттеуде әрбір ата-анамен жеке-дара жұмыс жүргізілуі қажет. Ата-аналар жиналысында баланың мінез бітістерін тәрбиелеуге қатысты барлық ғалымдар саласы (психология, физиология, педагогика т.б.) интеграциялық бірлікте қарастырылып отырылуы керек.
Бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеудің өлшемдері мен көрсеткіштерін №3 кесте арқылы көрсетуге болады.
№3 кесте
Достарыңызбен бөлісу: |