3 і-тарау. ОҚушылардың мінез бітістерін тәрбиелеудің теориялық негіздері



бет16/20
Дата14.12.2021
өлшемі0,57 Mb.
#126475
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Мінез бітістерін тәрбиелеу

Нәтижелерді өңдеу Баланы тәрбиелеу типінің төрт түрлі бағытына сәйкес анықтадық:

І-Отбасы үлгісі; ІІ–Асыра қамқорлық; ІІІ–Аз қамқорлық;ІV– Қараусыздық;

Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі: І, ІІІ, ІV – тәрбиелеу типтері-45% көрсетті.

Жүргізілген зерттеулер отбасындағы ата-аналардың әлі де педагогикалық мәдениеті мен психологиялық білімдерінің жеткілікті дәрежеде дамымағандығын байқауға болады. Осыған байланысты отбасы тәрбие жағдайында оқушылардың ізгілік қасиеттерін қалыптастыру үшін ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімдерін жетілдіру жұмыстарын жүргізу өте тиімді. Ол ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардың мазмұнына отбасы тәрбиесі мәселелері және оқушының ізгілік қасиеттерін қалыптастыру мәселелері туралы білімдерді ендіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан ең алдымен, сынып жетекшілерінің мектеп психологымен бірлескен жұмыстарының білімдерін көтеру жолдарын іздеу ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімдерін көтеруде пайдаланылатын білімдер қорын ең алдымен сынып жетекшілері мен мектеп психологтарының жетік меңгерулері тиіс.

Бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеуге ата-аналарды мектеп жұмысына тарту арқылы нәтижелі еңбек етіп жүрген ғалым-педагогтар тәжірибесіне сүйенсек, Ш.Амонашвили ол мектепті балалардың үлкен өмірге даярлығын қалыптастыратын «Өмір мектебіне» берген ата-аналар мектептің алдағы оқу-тәрбие үрдісіндегі мақсатымен хабардар етілуі керектігін айтады. Кейбір жаңадан ендірілген білімдермен, әрекеттермен (оқу құралдарының, сабақ өту дәстүрлерінің өзгеруі) ата-аналарға оқу бағдарламаларының мазмұны шектен тыс көп сияқты болып көрінуі мүмкін дейді. Сондықтан, әсіресе, бірінші оқу жылдарында ата-аналармен шыдамдылықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сонда біртіндеп, «Өмір мектебі» ата-аналармен ынтымақтастық қарым-қатынаста бола алады. Бұл процестің қарқынын, яғни мектептің жанұя тәрбиесіне ықпалын арттыру үшін «Өмір мектебі» ата-аналарға есігін айқара ашады. Бұл ата-аналарға балалармен өткізілетін әртүрлі тәрбиелік іс-шаралар мен сабақтарға қатысуына мүмкіндік туғызады деген сөз. Тіпті кейде, ата-аналар арнайы дайындықты талап ететін үйірмелерді басқаруға, саяхаттар мен серуендерді ұйымдастыруға шақырылады. Оларға оқушылар тарапынан концерттер мен қойылымдар, көрмелер ұйымдастырылып, ынталандырылады. Қажеті болғанда мұғалімдер мен сынып жетекшілері отбасында оқушы арқылы баласының сабақтағы үлгерім жетістіктері мен ұнамды әрекеттері жайлы хабарлап, хаттар жолдайды. Жылына екі рет ата-аналар өз балаларының жетістіктері туралы толық баяндалған пакеттер алады. Пакетте баланың жеке басының рухани-адамгершілік дамуына педагогикалық мінездеме беріледі.

«Өмір мектебінің» ата-аналармен жүргізетін жұмысының негізгі мақсаты мыналардан тұрады:

Біріншіден, ата-аналар мектепті балалардың шын жүрегімен қабылдайтын үйі деп санап, өздері де мектеп жұмысына көмектесуге дайын болуын қамтамасыз ету;

Екіншіден, ата-аналарды отбасында балаларымен өзара ізгілік – ізгілік қарым-қатынаста болуға үйрету.

Көптеген педагогтар тәжірибелерін қорытындылай отырып, бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеуде сынып жетекшілерінің ата-аналармен жүргізетін жұмысының төмендегідей әдістемесін ұсынуға (№6 кесте) болады.

Отбасы мен мектептің бірлескен жұмысы жағдайында бастауыш сынып оқушыларында ізгілік қасиеттерді қалыптастыру үшін ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру жұмыстарын жүргізу өте тиімді. Ол ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардың мазмұнына отбасы тәрбиесі мәселелері жайлы білімдерді ендіру арқылы жүзеге асыралады. Сондықтан, ең алдымен сынып жетекшілерінің білімін көтеру жолдарын іздеу ата-аналардың педагогикалық білімін көтеруде пайдаланылатын білімдер қорын ең алдымен сынып жетекшілерінің жетік меңгеруі тиіс.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет