Бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеуде мектеп пен отбасының бірлескен жұмысының әдістемесі.
Ата-аналардың білімін жетілдіру арқылы көзқарастарына ықпал ету.
Ата-аналарды мектеп өміріне тарту
Тәрбиелік іс-шаралар арқылы.
Тәрбиелік іс-шараларға көмек
Тәрбиелік іс- шараларға көмек.
Тәрбие тәжірибелерін пайдалану.
Қоғамдық мекемелермен байланыс орнату арқылы (денсаулық сақтау, тәртіп сақтау және т.б.)
Оқулар ұйымдастыру арқылы
Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстар.
Материалдық көмек.
Мамандармен сұхбат
Үйірмелерді басқару.
Ата-аналарды шығармашылық -пен етуге жеткізу және олардың көмегіне арқа сүйеу.
Мектеп пен отбасы жұмысын интеграциялау.
Сынып жетекшілердің ата-аналармен жұмыс істеудің тағы бір әдісі – ата-аналар жиналысы. Бұл сынып жетекшінің отбасымен байланысының аса маңызды түрі. Ата-аналар әр мектепте, әр түрлі кездерде, әр түрлі жағдайларда болады. Ата-аналар жиналысы біздің мектепте оқу жылының басында және әр тоқсанның аяғында, әр мерекенің, кештердің алдында өткізіледі. Бұл жиналыста ата-ананың көңілін сынып жетекшісі өзіне аудару жөнінде кіріспе баяндамалар оқып кетеді. Сонан соң күн тәртібінде қаралатын мәселелерді ескертеді. Жақсы дайындалып, шебер өткізілген жиналыстар балалар мінез-құлқын дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі. Алғашқы жиналыста мұғалім ата-аналар комитетінің құрамын сайлайды. Бұл мәселені ата-аналардың өздері келісіп шешкен жөн.
«Сынып жетекшісінің жұмысы туралы» әдістемелік хатта былай делінген: «Ата-аналар жиналыстарында педагогикалық оқу-ағарту жұмыстарымен қатар мектеп пен отбасында бала тәрбиелеудің тәжірибесін алмасу жүзеге асырылады, ата-аналар қолданып жүрген тәрбие әдістерінің сәтті және сәтсіз жақтары талқыланады».
Сынып жетекшілері тақырыптық жиналыстарды да жиі өткізеді. Олардың мақсаты – ата-аналарды нақтылы педагогикалық біліммен қаруландырып, отбасында бала тәрбиелеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесімен таныстырып отыру болып табылады. Жиналыстардың тақырыбы тәрбие жұмысын бүгінгі күннің талабына сай және ата-аналардың талаптарына байланысты алынады. Мысалы: «Баланың жақсы оқуына қалай көмектесуге болады?”, “Балаларды отанды сүюге тәрбиелеу», «Балаларды шындыққа және адалдыққа тәрбиелеу», «Отбасында баланы ынталандыру», «Ата-ананың беделі және жеке басының үлгісі» т.б. Ата-анамызға арналған жиналыстарға жоғары сынып оқушыларынан қатысып күрделене түседі. Жиналысты үлгермейтін және тәртіпсіз оқушылардың ата-аналарын талқылау органына айналдыруға болмайды, дұрысы тәртіп пен үлгерімді жақсарту айтылғаны мақұл. Жиналыстарға ата-аналар келмеу себептері балаларының үлгерімдерін айтып, көңіл-күйін төментеду сияқты, олар үйде балаларын ұрып-соғады. Бұл жерде ата-аналардың намысына тимеу керек. Қазіргі таңда ата-аналар жиналысына көбіне аналары келеді де, әкелері қалып қояды. Сол үшін жиналысты әкелер жиналысы, әжелер жиналысы деп бөліп шығаруға болады. Біз бастауыш сыныптағы ата-аналар білімін жетілдіру мақсатында төмендегідей лекциялар бағдарламасын жасадық. Бастауыш сыныптағы ата-аналары үшін отбасы тәрбиесі бойынша лекциялар бағдарламасының мазмұны:
№1 дәріс. Тақырып: Отбасындағы өзара түсінбеушіліктің тұрмыстық ізгілік негізі. (2 сағат, практикалық)
Отбасы өмірі, ондағы психологиялық ахуал, отбасы мүшелерінің көзқарасы мен қарым-қатынасы туралы ғылыми-теориялық хабар. Отбасы мүшелерінің өзара түсінбеушілігінің педагогикалық-психологиялық тұрғыдан түсіндірілуі. Ата-аналардың пікірлері мен жеке тәжірибелерін тыңдау. Олардың отбасы өмірін ұйымдастыруының әр түрлі қырын анықтауға арналған тестін немесе анкеталық сұрақтарға жауап алу. Солардан қорытынды шығару.
№2 дәріс. Бүгінгі отбасы тәрбиесінің ерекшелігі мен мүмкіндіктері (2 сағат)
Мұнда қарастырылатын мәселелер: бүгінгі жеке бастың қалыптасуындағы қоғамның талабын қанағаттандыруда отбасы мүмкіндіктері мен ерекшеліктері. Ғылыми және халықтық, сондай-ақ әлемдік педагогика жетістіктерін тәрбиелеуде қолдану жоспарын қарастыру. Осы мәселені зерттеген ғалым педагогтар еңбектерімен танысу. Ата-аналаларды өз еліміздегі, қаламыздағы әр түрлі деңгейдегі тәрбие институттарының мүмкіншіліктерімен таныстыру. Ата-аналар тәжірибесінен пікірлерін тыңдап, ой бөлісу. Оларға отбасы өмірін ұйымдастыруды дұрыс әрекет етуге бағыт беру. Ұл балалар үшін әкелер жиналысы, қыз балалар үшін аналар жиналысы өте қолайлы. Осы жиналысқа байланысты отбасы тәрбиесі бойынша ата-аналардың білімін жетілдіру іс жүзінде мынадай сайыс өткізуімізге болады. Бұл – «Шаңырақ сыны» сайысы. Сайысқа әр отбасы балаларының жас ерекшеліктері 1-4 сынып аралығында болуы керек.
Өткізу мақсаты: Халық педагогикасын оқу-тәрбие барысында қолдану, ата-ана, оқушы, ұстаз ұжымын ынтымақтастыру. Ұлттық тәрбиенің мақсатын жүзеге асыру.
Өткізілу шарты: I – II турдан, 6 кезеңнен құралған.
I –тур. Мектеп ішіндегі отбасы сайысын өткізу және жүлдегерлерді анықтау.
II – тур. Мектептегі сыныптар арасындағы өткізілген сайыстардың жүлдегерлерінің қалалық көлемге ұсынылуы және өткізілуі.
I-кезең
“Жеті атасын білген ер
Жеті жұрттың қамын жер”.
(Әр отбасы өзін-өзі таныстыру, не өлеңмен, не қара сөзбен).
II-кезең
“Ата мұраң – асыл қазынаң”.
(Салт – дәстүр, әдет – ғұрыптарға байланысты тапсырмалар)
III-кезең
“Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер”.
(Әр отбасының ата-анасына, баласына жеке тапсырмалар беріледі. Мысалы: анасы ою ояды, баласы бейнесөз шешеді, әкесіне қолөнерге байланысты тапсырмалар – сұрақтар).
IV-кезең
“Халық тәлімі – тәрбие бастауы”.
(Бала тәрбиесіне байланысты сұрақтар мен тапсырмалар).
V-кезең
“Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің”
Әр отббасының балалары ортаға шақырылып, асықтар алып, сандар қасиетіне байланысты тапсырмаларын анықтайды.
Жалпы отбасына бірдей тапсырма: шешен-би сөздерінен үзінді, бата түрлері.
Сандар қасиетіне тапсырма және жауаптар:
А) 5 қаруды атаңыз...
(мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта)
Ә) 7 жетімге не жатады?
1. Тыңдаусыз қолған сөз жетім.
2. Киюсіз қалған бөз жетім.
3. Иесіз қалған жер жетім.
4. Басшысы жоқ ел жетім.
5. Аққу-қазсыз көл жетім.
6. Елінен айырылған ер жетім.
7. Замандасы қалмаса бәрінен де сол жетім.
Б) 3 арсыз, 3 жамандықты атап беріңіз ?
1. Ұйқы арсыз. 1. Нақақ қан төгу.
2. Тамақ арсыз. 2. Кісі малын нақақ алу.
3. Күлкі арсыз. 3. Ата-бабадан қалған жұртты бұзу.
В) Ұлтымыз қандай сандарды киелі деп есептеген? Неліктен?
3, 5, 7, 9, 12, 30, т.б.
Г) 7 атаңды атап берсеңіз?
Музыкалық үзіліс...
Отбасы тәрбиесінде ата-аналар мен мектеп Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау жолында өз жанын аямайтын нағыз ұлтжанды, өз халқын, өз отанын шексіз сүйетін еліміздің нағаз қорғаны бола алатын азаматтарды шығару үшін ықпалы ерекше болады. Нағыз еліміздің азаматын тәрбиелеу, біріншіден, отбасымен байланысты. Тәрбиенің бастауы отбасынан басталады. Бала өз отбасында негізгі рөл атқарады. Отбасындағы баланың ең негізгі қасиеттерінің бірі – оның ізгілігін қалыптастыру, оған мектеп пен ата-ананың арасындағы байланыс тұрақты болу керек. Ата-ана мен мектептің бірлігі үлкен мақсат жолындағы тұтастығы, ұрпақ тәрбиесіндегі ең маңызды шарт екенін білуіміз керек. Оны қазіргі мұғалімдер мен ата-аналар жақсы түсінеді. Бұл ретте ата-аналардың да белгілі мөлшерде педагогикалық білім тәжірибесі болуы керек. Ұрпақ тәрбиесінің түп негізі бастауыш сыныптарда екені анық. Осыны терең түсінген көптеген ата-аналар балаларының даңғыл жол ашатын, негіз болып қалатын сәтте мектеппен, ұстаздармен бірлесе орасан зор жұмыс атқарады. Бұл тұста, әрине, ұстаздардың белсенділігі ерекше.
Достарыңызбен бөлісу: |