882. ЦИЛИНДРОКАРПА – CYLINDROCARPA Rgl.
Гүл тостағаншасы 5-ке кесілген; цилиндрлі түтігі бар; гүл тәжісі 5-ке бөлінген қайырылған жерімен, қалақтары сызықтық-сопақша, алдымен жабық , кейін бос және тік бұрылған; аталықтары 5 , өте қысқа жұмыртқалы-үшбұрышты жіптері бар, тозаңдықтары сопақ-сызықтық, бос; бағанасы 2-3 бөлінген ауызымен ; қорапшасы тарцилиндрлі , төбесінде тарылған, 2-3 ұяшықты, төбесінің астында тесіктерімен ашылады. Көпжылдық көпсабақты шөп. КСРО және Қазақстанда бір түр.
1.C.Severzovii-Северцов с.
883. Иісгүл
Кодонопсис (Codonopsis)
Иісгүл,кодонопсис туысы(Codonopsis)-қоңыраугүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда Тянь-Шань,Жетісу Жоңғар Алатауындағы өзендер мен бұталардың жағасында,орман алаңқайлары мен шалғындықтарында кездесетін 1 түрі -жіпілген Иісгүл (C.clemaidea)бар.Оның биіктігі 1м,сабағы бұтақты,сақина тәрізді дискімен қоршалған.
Достарыңызбен бөлісу: |