"№3 жббм" кмм «Бекітемін» Әдіскер: Бегеншева. Ф дайындаған: Койшанова. С



бет3/15
Дата30.03.2023
өлшемі403,84 Kb.
#173378
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
№3мектеп

Ақтау
2022-жыл
Дене тәрбиесінің негізгі ұғымдары. Дене тәрбиесі теориясында әртүрлі ұғымдар (түсініктер): дене дамуы, дене әзірлігі, дене жетілуі, дене тәрбиесі, дене машықтығы, дене тәрбиесі білімі, дене жаттығулары, спорт, дене тәрбиесі мәдениеті және т. б. Қолданылады әртүрлі құбылыстарды көрсете отырып, олар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Қазіргі кезде қолданылып жүрген ұғымдар қоғамның тарихи дамуының әр дәуірінде пайда болған. Олардың мазмұны дене тәрбиесі жӛніндегі ғылымның және оның практика жүзінде жүзеге асырылуының дамуына қарай тереңдеп, нақтыланып келеді.
Дене тәрбиесі - тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Бұл анықтама дене тәрбиесінің салыстырмалы түрде даралық ерекшелігін көрсетеді. Ол тәрбиенің басқа түрлері – адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек т.б. тәрбиелермен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесінде қоғамдық тәрбие мақсатынан туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады. Дене тәрбиесі ұғымын жалпы тәрбие деген кең ұғымның бір саласы деп ұққанымыз дұрыс. «Дене тәрбиесі» атауы педагогикалық процесс. Ол тәрбиелік және білімділік міндеттерді шешуге тиіс. «Дене тәрбиесі» ұғымының екі мағынасы болуы мүмкін. Біріншісі – дене жөніндегі білімділік, екіншісі – дене қасиеттерінің тәрбиесі.
Мектептегі дене тәрбиесі – жалпы педагогикалык жүйенің басты бөлшектерінің бірі. Бұл тек мектеп қабырғасында жүргізілетін жұмыстармен, мысалы, дене тәрбиесі сабақтарында, дәрістерде шектелетіндігі айқын. Оқушылар дене тәрбиесі – мектепте, мектептен тыс жерлерде мектеп жасындағы балалармен жүргізілетін әртүрлі жұмыстар. Дене дамуы - адам организмі формалары мен қызметінің индивидуалды өмір барысындағы өзгеру процесі. «Дененің дамуы» термині организмнің дамуы деңгейін білдіре отырып, тар мағынада қолданылады, ол бой, салмақ, кеуденің ауқымы (демді ішке тартқанда, дем шығарғанда, үзіліс жасағанда) өкпенің тіршіліктік сыйымдылығы, омыртқа иілістерінің сипаты мен көлемі, оң және сол жақ қол басының бұлшық еттерінің күші, тұла бой күші, т.б. антропометриялық және биометриялық көрсеткіштермен анықталады. Дене дамуы адам организмі – функцияларының және тұлға көлемдерінің бір қалыпта ӛзгеруінің, сонымен қатар бірге дамуының (қалыптасуының) табиғи процесі. Жалпы адам тұлғасының дамуының: 1) биіктеу деңгейі; 2) бір деңгейде қалыптасуы; 3) адамның дене мүмкіншілігін төмендету сияқты 3 сатысы болады. Дене дайындығы - белгілі бір іс-әрекетке байланысты мақсатты орындауға бағытталған дене тәрбиесінің мамандандырылған процесі. Дене тәрбиесінің жүйесі, бұл ұғым дене тәрбиесінің әлеуметтік практикасындағы белгілі тарихи үлгіні белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет