Ұйымдастыру-іздестіру
|
- Балалар біз өткен сабақта не өттік, қане есімізге түсірейікші.
1-10 ға дейінгі сандарды тура және кері санау ұғымымен танысқан болатынбыз. Қане қайталайықшы.
Жақсы балалар өткен сабағымызды қайталадық. Бүгінгі біздің оқу қызметіміздің тақырыбы: Заттар тобын салыстыру және санау.
- Балалар мен мектепке келе жатып, жолда мына аюды кездестірдім(ойыншық аюды көрсету). Қолында өзімен хат ала келіпті. Мен хатты оқып берейін, сендер мұқият тыңдаңдар!
Сәлеметсіңдер ме балалар!
Мен орманда құлпынай теріп жүріп, адасып қалдым. Сендер менің өз апанымды табуға көмектесесіңдер ме? Маған апанымды табуға көмектессеңдер, менің сендерге арнаған сыйым бар.
- Қалай, оған көмектесеміз бе?
- Иә.
- Аюға көмектесу үшін біз таным еліне саяхатқа барамыз. Ол үшін біз бірнеше аялдамадан өтеміз.
Бірінші аялдама:
Дидактикалық ойын: «Жете ме?»
- Суреттегі қонжықтар көңілсіз сияқты.
- Балалар қараңдаршы, мына жерде неше қонжықты көріп тұрсыңдар?
- Санайықшы, төрт қонжық.
- Ал мына бөшкелерді санайық, нешеу екен?
- Бөшкелер үшеу.
- Қонжықтардың әрқайсысына бөшкенің жеткен жетпегенін қайдан білеміз?
- Қонжықтарға бөшкелер жетті ме?
- Олар бірдей болу үшін не істеу керек?
- Тағы бір бөшке керек.
- Қайсысы көбірек: қонжықтар ма, әлде бөшкелер ме?
- Бірдей болды.
Екінші аялдама: «Заттар тобын салыстыру» Екі жақтағы суреттегі заттарды санап,салыстыр (үлкен, кіші, тең)
Сергіту сәті
Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп - теріп аламыз
Қалтамызға саламыз.
Үшінші аялдама: «Кім жылдам?»
Топтық жұмыс
1-қатар Әр бөліктен күшіктерді санап, сәйкесінше санды белгіле.
2-қатар Геометриялық пішіндерден мысықтың бейнесін құрастыру.
Аю:- Балалар, сендерге көп - көп рахмет! Бүгін сендер әр аялдамадан, сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер, осылай сабаққа жақсы қатысып жүріңдер, жарайсыңдар!
|
1-10 ға дейінгі сандарды тура және кері санайды.
Тапсырмаларды түсінеді, орындайды
Тапсырмаларды орындайды, заттарды санайды, салыстырады.
|