Дене қуатының тынығуы - жаттығу жасау арқылы белсенді демалыс ұйымдастыру. Ол дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен адамның кӛңілін кӛтеріп, бір әрекеттен екінші әрекетке көшіреді. Дене қуатын қалпына келтіру - адам организмінің ауырған жеріне массаж жасау, булау, су процедуралары арқылы емдеп, қалпына келтіру, дене қуаты қасиетін үйлесімді дамытып, жанжақты дайындығы жоғары деңгейге жеткізу. Дене қуаты білімі - адамды қимыл ептілігі мен дағдыға үйрету және теориялық біліммен қаруландыру. Дене әзірлігі - бұл дене шынықтыру кешенінің талаптары мен нормалары және Біртұтас спорттық жүйемен (спорттық разрядтар мен атақтар) анықталатын қозғалыс дағдыларының, іскерліктің, дене қасиеттерінің даму деңгейі. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін денені жаттықтырудың барлық негізгі түрлері бойынша нормативтік кӛрсеткіштер және оларды орындаудың сапасына қойылатын талаптар («Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасында») талдап жасалған.
Дене тәрбиесі білімі - дене тәрбиесі салаларының бірі, ол арнаулы білімді, қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерін меңгеріп қамтиды. Дене машықтығы - дене тәрбиесінің дене әзірлігін талап ететін еңбекке немесе басқа бір қызметке деген қолданбалы бағыттылығы (мысалы, актердің, ұшқыштың, ғарышкердің, спортшының т. б. дене машықтығы). «Жалпы дене дайындығы»-дене тәрбиесінің әр алуан қызметте табысқа жетудің жалпы алғы шартын жасау үшін бағытталған процесін білдіреді. Дене жаттығулары - бұл дене тәрбиесі міндеттерін шешу құралдары ретінде іріктеліп алынған қозғалыстар, қимыл-қозғалыс әрекеттері, сондай-ақ қозғалыстық әрекеттердің күрделі түрлері (қозғалысты ойындар). Қозғалыстық әрекет деп адамның қозғалыс аппаратының белсенділігі ӛзіне тән компонент болып табылатын әрекеттің бәрін айтады. «Жаттығу» термині қозғалысты бірнеше рет қайталау процесін белгілу үшін де қолданылады.
Бекітемін: Келісемін: ӘБ отырысында
Мектеп директоры: Оқу ісінің меңгерушісі: қаралды:______________
Байназарова Ж.А Бегенішева Ф.Б ӘБ жетекшісі: Агатаева Б
__________________ __________________ _____________________
« » 2022ж « » 2022ж « » 2022ж