Қорытынды
"Дене тәрбиесі" пәнінің маңызын барлығы түсінеді, алайда кез келген адам жеке қозғалыс белсенділігіне ерекше мән беріп, оны өмір сүру салтының міндетті бөлігі ретінде қарастырмайды. Өз денсаулығына мән бермеудің басты себебі – адамның өзінің салауатты өмір салтының бағдарламасын іздеуге бағытталатын ішкі ынтасының жеткіліксіздігі. Тағы бір теріс әсер ететін жағдай – өз денсаулығын нығайту үшін салауатты өмір сүру салтын ұстанбау. Келесі себеп – балабақшада, мектепте, басқа да ұйымдарда дене тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы. Тағы бір есте сақтайтын нәрсе, адамның өз денсаулығына деген көзқарасы көп жағдайларда қоғамның ықпалы арқылы қалыптасады, яғни қоғам құндылықтың белгілі бер межесін орнатады. Өкінішке қарай, салауатты өмір салтын сақтау бірінші орында емес. Сонымен қатар, өз алдына мақсат қойған, ерік-жігері, мінезі, ішкі сенімі бар адам кез келген жағдайда салауатты өмір салтын қажетті деп есептейді. Салауатты өмір салтын келесі нәрселер құрайды: еңбек, қозғалыс белсенділігі, жеке сауықтыру бағдарламасы, дұрыс тамақтану, жеке гигиенаны сақтау, жаман әдеттердің болмауы. Қорыта келгенде, орта кәсіби білім мекемелерінің басты міндеттерінің бірі – салауатты өмір салты туралы білімі бар және оның қағидаларын өзінің кәсіби ортасында іске асыруға қабілетті мамандарды дайындау болып табылады. Спорт және дене тәрбиесі адам қызметінің өзгеше саласы болып біздің эрамызға дейінгі 40-30 мың жыл бұрын еңбектен бөлініп шықты. Дене жаттығуларының мемлекеттік формада пайда болғанға дейін халық тұрмысында пайда болуы мен орындалуы оның адам өмірі үшін қажеттілігін көрсетеді. Неліктен дене жаттығулары еңбек қызметінен оқшаулана түсті? Бiрiншiден, бұның биологиялық алғышарты бар: дене қозғалысы адамның даму кезеңдерінде жүзеге асыратын табиғи қажеттілігі болып табылады. Екiншiден, ежелгi адам алдын ала дайындалған дене жаттығулары арқылы жұмысты жақсы жасауға болатынын түсінген. Сол кезеңде жұмыстың басым бөлігі қимыл-қозғалыспен тікелей байланысты болған. Қазіргі дене тәрбиесі мен спорттың негізі келесі нәрселерден тұрады: еңбек, әскери iс-қимыл (ату, лақтыру, күрес, т.б.), үлкен қашықтықтар мен кедергілерді жеңу (ат спорты, ескек есу, жүгіру, жүзу, т.б.).
Қоғам дамуының қазіргі сатысында жастардың кәсiбисауықтыру мәдениетiн кәсіби тұлғаны қалыптастыруға, денсаулықты (адамшершілік, психикалық, физикалық) сақтауға және нығайтуға, организмнің резервтiк мүмкiндiктерiн жоғарылатуға, кәсіби түрде маңызды қасиеттерді дамытуға бағытталған әлеуметтiк қызмет түрi ретінде қарастыру керек. Бұл құзырлы кәсіби маманды максималды өмір ұзақтығы кезінде еңбек және әлеуметтік бесенділікке дайындауды қамтамасыз етеді.Денсаулықты нығайтуда дене тәрбиесі маңызды рөл атқарады.
Дене тәрбиесі және валеология сауықтыруға, адамның физикалық тұрғыда дамуына, заманауи кәсіби маман дайындауға негізделеді. Дене тәрбиесіне мән бермей, оны лайықты бағаламау Ресейде дені сау жас ұрпақтың қалыптасуында денсаулық деңгейінің төмендеуі мен халықтың өмір сүру ұзақтығының төмендеуіне әсер етеді. Дене тәрбиесі мен валеологияның маңыздылығын жоғарылату – халықтың денсаулығын нығайту мен көптеген әлеуметтік мәселелердің шешіміне негіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |