"№3 жббм" кмм «Бекітемін» Әдіскер: Бегеншева. Ф дайындаған: Койшанова. С



бет11/15
Дата30.03.2023
өлшемі403,84 Kb.
#173378
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
№3мектеп

Г Р



Ғ С



Д Т



Ж Ф



З Х
Й Һ



К Ц



Қ Ш



Л Щ



М У



Н

Тәрбиеші


Тәрбиелеу білім беру процесінің цклограммасы

кезінде кеңістікті көру үлкен роль атқарады. Баскетболшыларда кеңістіктік қабылдау басқа мамандықтағы спортшылармен салыстырғанда жақсы. Баскетболшылардың ж. Егер спорттық ойындармен шұғылданбайтындарда көз бұлшық етінің бірегей тепетең дамуы (ортофория) 40% жағдайда кездессе, баскетболшыларда 80% және одан жоғары. Ортофорияның болуы көзге күш түскенде, көздің шаршауын төмендетеді, ал ол баскетбол ойыны кезінде өте үлкен роль атқарады. Жоғары дәрежелі баскетболшыларда орындалатын қозғалыстардың бағыты, амплитудасы, күші туралы ақпаратты қамтамасыз ететін қимыл анализаторыжақсы дамыған. Бұл анализатордың қызметтік жағдайы алдымен көзбен бақылау кезінде орындалатын қимылдар дәлдігі бойынша бағаланады. Мысалы, спортшы арнайы градуирленген штативке бекітілген допты белгілі бір градусқа бұруға тапсырма алады. Алдымен доп қимылы көзбен бақыланады, сосын көзді жұмып орындайды. Қимыл амплитудасында неғұрлым қателік аз болса, соғұрлым шынтақ-білезік буыны аймағындағы қимыл анализаторының сезімталдығы жоғары болады. Ол жоғары дәрежелі баскетболшыларда әлдеқайда жоғары болады. Тыныс алу. Баскетбол ойыны кезінде тыныс алу жиілігі 1 минутта 50-58 рет және одан жоғары. Тыныс алу жиілігі жүрек соғу жиілігіне қарағанда қимыл қарқыны өзгерген кезде тезірек жиілейді. Бұл тыныс алу жиілігін реттейтін механизмдердің жоғары жылжымалы екендігін көрсетеді. Өкпенің желдетілуі және оттегі тұтыну баскетбол ойыны кезінде ойындардың қарқынына және басқа жағдайларға байланысты әр түрлі болып өзгереді. Баскетболшылардың жүйелі түрде жаттығуы организмнің анаэробты, аэробты мүмкіндіктерін жоғарылатады. Баскетболшыларды бақылау 3 айлық жаттығу кезінде оттегі тұтыну шегі орта есеппен минутына 4,3 литрден 4,72 литрге дейін өсті, яғни 20% (В.А.Данилов). Баскетболшыларда жоғары оттегі қарызының салыстырмалы аз мөлшері жұмыстың ауыспалы қуаттылығымен байланысты және ол тікелей ойын процесі кезінде жартылай оттегі қарызын жоюға мүмкіндік жасайды. Қан айналымы. Ойын қарқынына, ойыншының белсенділігіне және басқа жағдайларға байланысты жүрек соғу жиілігі минутына 200 рет және одан жоғары мөлшерге жетеді. Бұл көрсеткіш ойын процесі кезінде орташа минутына 170-180 деңгейінде сақталады. Қимыл қарқынының қысқа мерзімді төмендеуі және тіпті тоқтауы (5-10 секунд) жүрек соғу жиілігінің сиреуіне әсер етпейді. Тек ұзақтығы 20-60 секунд үзілістер кезінде ғана жүрек ырғағы минутына 100-140 ретке төмендейді (Н.Б.Кичайкина).

Жұмыс қуаттылығы өскенде, жүрек соғу жиілігі тез өседі, ал жұмыс қуаттылығы төмендегенде немесе демалу аралығында оның сиреуі баяу болады. Жүрек ырғағы өзгеруінің жұмыс қуаттылығы өзгеруімен салыстырғанда кешеуілдеуі жүрек қызметінің осы көрсеткішін реттейтін механизмдерінің кейбір инерттілігін көрсетеді. Волейбол. Волейбол ойыны кезінде алаңда қозғалудың баскетбол ойынына қарағанда қарқыны аз. Осыған байланысты вегетативті өзгерістер аз байқалады. Үйлесімділік бойынша волейболшылардың күрделі қозғалыстары қаңқа бұлшық еттерінің дамуын, әсіресе олардың күштік және жылдамдық сапаларының дамуын талап етеді.Спорттың бұл түрінде шеберлікке жету үшін анализаторлар қызметі үлкен роль атқарады. Волейболшыларда біршама ұлғайған көру аймағы алаңда жақсы бағытталуды қамтамасыз етеді. Доптың қимылын үдіксіз бақылау қажеттілігі көзқимыл аппаратын жетілдіреді. Жоғары дәрежелі волейболшылар ішінде көз бұлшық еттерінің біркелкі дамуы басқа спорт түрімен шұғылданған спортшыларға қарағанда жиі байқалады. Тыныс алу және қан айналымы өзгерістері волейбол ойыны кезінде ойынның қарқынына және ойыншының белсенділігіне байланысты. Н.Б.Кичайкина мәліметтері бойынша ойын процесі кезінде жүрек соғу жиілігі орта есеппен минутына 170-190 рет соғады, тыныс алу жиілігі минутына 42-48 рет соғады. Футбол. Футболшы үшін қимыл аппаратының арнайы дайындығы қажет. Олармен орындалатын жұмыс жылдамдық-күш жұмысы болып табылады. Бірақ ойын алаңының көлемді болуы және осыған байланысты жүгіру ұзақтығы, сонымен қатар жалпы ойын ұзақтығы бұлшық еттердің анаэробты және аэробты жағдайдағы жұмысқа күшті бейімделуін қажет етеді. Футболшылардың қимыл қызметінің нәтижесін арттыру үшін дененің көптеген рецепторларынан түсетін ақпарат өте маңызды. Көру аймағының кіші болуы және кіреберіс аппаратының төменгі қызметтік тұрақтылығы кезінде жоғары спорттық нәтижелерге жету мүмкін емес (А.Н.Крестовников, К.И.Лемешев). Футбол ойыны кезінде нәтижелілік үшін тез жүгіру үлкен мәнге ие. Ол демалудың қысқа аралықтары кезінде жүзеге асады және организмнің анаэробты мүмкіндіктерінің дамуын қамтамасыз етеді. Ойын бойы футболшы орта есеппен 5- 8 километр жүгіреді. Бұл организмнің аэробты мүмкіндіктеріне жоғары талап қояды. Бірақ олардың көрсеткіштері тіпті жоғары дәрежелі машыққан футболшыларда салыстырмалы түрде жоғары емес. В.Л.Карпман мәліметтері бойынша оларда оттегі тұтынудың шегі орташа минутына 4,4 литрді құрайды (немесе 62,5 мл/мин/кг). Жеке оттегі тұтыну минутына 3,2-5,3 литр аралығында болады.

Футболшыларда тынышытық күйде брадикардия байқалады (минутына 48-54 рет). С.П.Летунов мәліметтері бойынша олардың жүрек өлшемі көп жағдайда ұлғайған. Оның ішінде 70%-да сол жақ қарыншаның гипертрофиясы, 21%-да екі қарыншаның гипертрофиясы байқалады. В.Л.Карпманның соңғы зерттеулері футболшыларда жүрек көлемі орта есеппен салыстырмалы түрде жоғары емес – 965 см куб екенін көрсетті (жеке спортшыларда 820-1140 см куб). Футбол ойыны кезінде вегетативті өзгерістер ойынның қарқынына және басқа ерекшеліктеріне байланысты. Футболшыларда жүрек соғу жиілігі ойынның бірінші минуттарында минутына 160-170 рет соғуға жетеді. Әрі қарай бұл көрсеткіш минутына 160-180 рет соғу деңгейінде қалады, тек ойынның жеке сәттерінде минутына 200 және одан жоғары болуы мүмкін. Жоғарыда жазылған еңбектерді талдай келе, спорт арқылы жеке тұлғаны жанжақты қалыптастыруға болады. Айналысатын спорт түрлері мен типтеріне байланысты жеке тұлғаның мінез-құлқы, дене бітімі және дүниетанымы қалыптасады. Спорт дегеніміз - әр түрлі жаттығулардың көмегімен жоғарғы жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған өнер түрі. Спорт – адам қызметінің тарихи түрі, оның негізін жарыс құрайды, ал өнімі жеңімпаздар, спорттың нәтижелері мен жетістіктері. Спорт келесі қызметтерді атқарады: жарыстық, тәрбиелік, дене белсенділігін арттыру қызметі, танымдық, бейбітшілікті қалыптастыру қызметі, көрермендік, экономикалық және беделді көтеру қызметтері. Спорт типтері жарыс сипатына, спортшылардың дайындығына, ұйымдастыруына және басқаруға байланысты болады. Спорттың келесідей типтері бар: 1. Жоғары жетістіктер спорты, олар: кәсіби-супер жетістік, коммерциялық емес, кәсіби-коммерциялық спорт типтері болып бөлінеді. Коммерциялық емес жоғары спорт жетістіктері рекорд қоюшылар, сыйлықтық орын мен спорт атақтарын алатын спортшылар жатады. Оның жетекші қызметтері: жарыстық, беделділік, көрермендік және тәрбие берушілік. Әлемдік спортта бұл спорт типі негізгі болып есептеледі. Ал тиімділігінің критерийлік бағасы халықаралық жарыстарда жеңу, рекорд қою, сыйлықты орындарға ие болу. Кәсіби – коммерциялық спорт жеңуге және сыйлықтар алуға негізделеді. Оның жетекші қызметтері: жарыстық, көрермендік, экономикалық, беделділік. Бұл әлеуметтік қызмет түрі, оның көмегімен ел ақша табады. 2. Көпшілік спорт. Көпшілік спортпен кез келген адам айналысады, ол әрбір адамның денсаулығын жақсартуға игі әсер етеді. Оның жетекші қызметтері: жарыстық, сауықтыру, өндірістік, мәдени және тәрбие берушілік.


Спорттық ойындардың маңызды ерекшелігі жарысу әрекеттерінің – ойын тәсілдерінің көптеген санынан тұратындығы. Бұл тәсілдерді жарысу әрекеттері үрдісінде спорттық нәтижеге жету үшін (кездесуді, жарысты ұту) көп рет орындау 44 қажет (бір кездесуде, бірнеше кездесуде), осыдан сенімділік, тұрақтылық дағдылары және т.б. тәрбиеленеді. Командалық ойындарда жарысу әрекеттерін бірнеше спортшы жүргізеді және олардың әрекеттерінің келісілгендігінен көбі байланысты, қарсыласын жеңу мақсатында жарысу әрекеттері үрдісінде спортшының әрекеттерін ұйымдастыру түріне, олардың әрекеттерінің келісілгендігіне көбі байланысты. Спорттық нәтижеге жетудің даму сатысы сипаты да спорттық ойындардың ерекшелігі болып табылады. Жеке жарысу әрекеті бар спорт түрлерінде (мысалы, секіру, лақтыру) екі фактордың оңтайлы үйлесімі – қимыл потенциалы және тиімді техникасы (бір рет талпыну кезінде-ақ) спорттық нәтижені (секіру биіктігі, лақтыру ұзындығы және т.с.с.) белгілеуге әкеледі. Спорттық ойындарда бұл тек өзіне тән бірінші сатысы – «дене және техникалық дайындығы». Тағы да жарысу әрекеттеріндегі ойындар үшін дене және техникалық күш-қуатын жүзеге асыру амалы ретінде спортшылардың жеке, топтық және командалық әрекеттерін ұйымдастыру қажет. Спорттық ойындарда жарысу әрекеттерінің негізгі тиімді критерийі қарсыласын жеңу. Спорттық ойындардың көптеген түрлері, техникалық тәсілдердің әртүрлілігімен және көпшілік жағдайда, әсіресе доппен бірге жылдам қозғалып, секіру, жүгіру кезінде техникалық тәсілдерді орындау, сонымен қатар оған қол жеткізу үшін үздіксіз күресу, координацияның өте күрделілігімен сипатталады (баскетбол, волейбол, гандбол, футбол және т.б.). Бадминтон, (Badminton – Англиядағы қаланың аты), спорт ойынының бір түрі. Шашақты доп және ракеткамен ойналады. Ертедегі Малайдан шығып, кейін Азия мен Африканың басқа мемлекеттеріне тараған. 1872 жылы Англияда ойналды. Біздің елімізде 1964 жылдан бастап Томас, 1957 жылдан бастап Юбер кубогі өткізіліп келеді. Бадминтон ойыны үшін дәл ортасына 155 сантиметр биіктікке тор тартылған арнайы спорт алаңы жасалады. Төрт адам ойнайтын алаңның көлемі 13,4х6,1 метр, екі адам үшін 13,4х5,2 метр. Ойынға қатысушы өз алаңына допты түсірмеуге тырысады. Бадминтон ойыны құрал-жабдықтарды онша көп қажет етпейді. Ол адамды шапшаңдыққа, төзімділікке үйретеді. Сондықтан да жұртшылық арасында кеңінен тараған. Бадминтонның ойнау әдісі теннис ойынына ұқсас. Кездесу үш немесе бес партиядан тұрады. Ерлер 15, әйелдер 11 ұпайды бұрын алған жағы жеңеді.

Бадминтоннан үш жылда бір рет Әлем чемпионаты өткізіліп тұрады. Онда ерлер Томас кубогі, әйелдер Юбер кубогі үшін сайысады. Қазақстандағы бадминтон 1960 жылдардан кейін дами бастады. Ол Қытайда «ЮМАОЦЮ» атты ойын арқылы белгілі болды. Оның алғашқы секциясы «Алматыжилстрой» тресінде 1961 жылы ашылды. Қызық әрі адамның бойынан көптеген қасиеттерді талап ететін күрделі ойын жұртшылықты өзіне бірден баурап әкетті. Баскетбол, доп пайдаланылатын командалық спорт ойыны. Спортшылар допты бір-бірлеріне қақпақыл тастай отырып, 3,05 метр биіктікке орналасқан қарсыластарының шығыршығына қолдарындағы допты неғұрлым көбірек түсіргісі келеді. Ойын кезінде алаңда әр командадан бес ойыншыдан болады. Қазіргі баскетбол 1891 жылы АҚШ-тың Сирингфильд колледжінде шыққан. Осы колледждің дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Джеймс Нейсмит өзінің сабақтарын қызықты өткізу үшін жаңа ойынды ойлап тауып оны шәкірттерінің дене тәрбиесінің бағдарламасына енгізген. Бұл ойын жастарға ұнап «баскетбол» атты жаңа спорт түрі шыққан. Алғашқы жылы допты жеміс-жидек салатын тор шелекке лақтырған екен. 1892 жылы шығыршықты ойлап тауыпты. Бірақ тор бітеу болған, оның ішіне түскен допты баспалдақпен өрмелеп алады екен. Содан біреу тордың түбін кесу керек деген ақыл айтқан.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет