24
Кері байланыс қай кезде тиімді болады?
Сындарлы кері байланыс
✓
кері байланыс дер кезінде беріледі.
✓
критерийлерге (дескрипторларға) негізделіп беріледі.
✓
жұмыстың жақсы тұстарын көрсетеді және дәлелмен
негізделеді.
✓
жұмысты дамыту тұстарына тоқталады.
✓
жұмысты қалай жақсартуға болатыны туралы ұсыныс
беріледі.
✓
ынталандырады.
25
Қашықтықтан оқуды неден бастайсыз?
Оқушыларды қашықтықтан оқуға дайындау
▪
Онлайн сабақ кезінде оқушылардың атын атаңыз. Олардың
Сізге жауап беруін күтіңіз. Бұл арқылы Сіз «қашықтықтағы»
мұғалімнен «жақын отырған» мұғалімге айналасыз.
▪
Оқушылармен қашықтықтан оқудың ерекшеліктерін бірлесіп
талқылаңыз. Олардың белсенділігі мен өзжауапкершілігі
туралы сөйлесіңіз.
▪
Оқушылармен алдыңғы аптаның оқу мақсаттарын бірлесіп
талқылаңыз.
▪
Оқушыларды бағалау критерийлерімен таныстырып, олардың
түсінгеніне көз жеткізіңіз.
▪
Оқушылармен апта бойы жасалатын жұмыс кестесін келісіп
алыңыз. Жұмыс кестесі барлық оқушыларға алдын ала
ұсыныңыз. Олардың барлығында бар екеніне көз жеткізіңіз.
▪
Оқушыларға да бұл жаңа тәжірибе болғандықтан, олардың
АКТ дағдысының әртүрлі екенін ескеріңіз.
26
Кез келген оқудың басқа түрлері сияқты, қашықтықтан оқудың да
артықшылығы мен кемшілігі бар.
|