359. Нейтрофилёз тән:
1. апластикалық анемияға
2. цитостатиктермен емдеуге
3. сепсиске +
4. созылмалы бактериялық инфекцияларға
5. жоғарыда айтылғандардың барлығына
360. Қалыпты лейкоформула фонында перифериялық қанда бласттардың пайда болуы тән:
1. мегалобластикалық анемияға
2. бауыр мен бүйрек ауруларына
3. қан құюдан кейінгі жағдайларға
4. жедел лейкоздарға +
5. жоғарыда айтылғандардың барлығы дұрыс
361. Ақуыз анаболизмін күшейтеді:
1) тиреотропты гормон
2) глюкокортикоидтар
3) соматотропты гормон, жыныстық гормондар +
4) инсулин
5) паратгормон
362. С-реактивті ақуызға тән:
1) болуы қалыпты жағдай, бірақ қабынуда төмендеуі
2) бактериялық қабынуда максималды жоғарылауы +
3) вирустық қабынуда төмендеуі
4) тек созылмалы қабынуда пайда болуы
5) операциядан кейінгі кезеңдегі асқынуларда күрт төмендеуі (жара абсцессі, тромбофлебит, пневмония)
363.Азотемияға не алып келеді?
1) шумақтық сүзілудің төмендеуі +
2) организмдегі натрийді ұстап қалу
3) глюкозурия
4) ақуыз синтезінің төмендеуі
5) калий жетіспеушілігі
364. Гаптоглобиннің физиологиялық рөлі мынада:
1) гемоглобинмен байланысуында +
2) антипротеолитикалық белсенділіктің көрінісінде
3) иммундық жауапқа қатысуда
4) қанның ұюына қатысуда
5) гемоглобин синтезіне қатысуда
Достарыңызбен бөлісу: |