1. Бірыңғай, аз сериялы және жеке өндіріс. Бір және аз сериялы бірдей өнімдерді шығарумен сипатталады. 2. Жаппай және көп ірі сериялы өндіріс. Бірдей және өте ұқсас өнімнің көп санын шығаруға қолданылады. 3. Үздіксіз өндіріс. Мұнда көп мөлшерде бірдей заттарды шығаруда автоматтандырылған құралдарды пайдаланады. Д.Томпсон Вудворттың жіктеуінен өзгеше технологияны жіктеу жүйесін өңдеді. Ол технологияны мынадай үш категорияға бөлді: 1. Көп звенолы технологиялар – олар кезекті орындалуы тиіс бір – бірінен тәуелді қызметтерді орындауымен сипаттайды. Мысалы, автомобилді құрастыру үрдісінде автомобильдің рамасын жинап алмай оның двигателін құрастыру мүмкін емес. 2. Делдалдық технологиялар – бір – бірімен тәуелді болатын және болғысы келетін кездесумен сипатталады. Мысалы, компанияларды жұмыспен қамтамасыз ету бюросы. 3. Интенсивті технология өндіріске түсетін белгілі бір нақты өнімде қандай да бір өзгеріс енгізу үшін арнайы шараларды, білімдерді және қызметтерді қолданумен сипатталады. Негізінен Вудворт өндірістік кәсіпорын технологияларымен айналысса, ал Томпсон барлық ұйым түрлерінде қолданылатын технологиялармен қызықты. Адамдар. Басшылық ұйымның мақсаттарына басқа адамдардың көмегімен жетеді. Әрі қандай басқару моделінің орталық факторы бұл адамдар. Адам байланыстарын 3 /аспектте/ қарастыруға болады: - жеке адамдардың тәртібі;
- топтағы адамдардың тәртібі;
- басшылық тәртібі және оның жеке адамның және жеке топтардың тәртібіне әсері.
Басшылар үшін жеке адамның тәртібінде үлкен роль ойнайтын оның қабілеттілігі, таланттылығы, қажеттілігі, қарым – қатынасы, көзқарасы, құндылық және т.б. қасиеттері болып табылады. Қабілеттілік ұрпақтық және тәжірибеде арттырылған болуы мүмкін. Басшылар үшін жеке адамның тәртібінде үлкен роль ойнайтын оның қабілеттілігі, таланттылығы, қажеттілігі, қарым – қатынасы, көзқарасы, құндылық және т.б. қасиеттері болып табылады. Қабілеттілік ұрпақтық және тәжірибеде арттырылған болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |