3 лекция. Ұйым түсінігі және оның түрлері. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы


Қазіргі таңда стратегиялық тұрғыдан ұйымның мәдениеті бәсекелестік қабілетті жоғарылататын бірден-бір фактор болып табылады



бет9/16
Дата02.10.2023
өлшемі287 Kb.
#183319
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
prezentacziya

Қазіргі таңда стратегиялық тұрғыдан ұйымның мәдениеті бәсекелестік қабілетті жоғарылататын бірден-бір фактор болып табылады.

3.Басқару объектісі мен субъектісі

Ұйымның мәдениеті арнайы элементтерден тұрады. Бұл элементтер субъективті (ұйым мүшелерінің іс-әрекеттері мен қарым-қатынастары туралы) және объективті (іс-әрекеттердің материалдық жағы) болып келеді.

Субъективті элементтерге келесілер жатады:

  • Ұйымдық құндылықтар (экономикалық, саяси, технологиялық, әлеуметтік т.б.). Құндылықтар материалдық, рухани, эмоциялық тұрғыдан ұйым мүшелерін ынталандырады.
  • Философия: ұйымда ең маңызды болған не? Деген сұраққа жауап іздейді. Философия ұйымды дамытады, басшылық стилін анықтайды, мотивация негіздерін алға тартады, персоналдық іс-әрекеттерін реттеп ұйымның имиджін қалыптастырады.
  • Салт: ұйымның салтын қалыптастырады. Мысалы зейнеткерлікке шығатын адамды салтанатты шерумен шығарып салу сияқты.
  • Нормалар және іс-әрекеттер стилі: адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды реттейді.
  • Лозунг: ұйымның негізгі міндетін қысқаша түрде білдіру.
  • Менталитет: ұйымның өзіндік менталитетінің қалыптасуы.

Ұйымның өмірі белгілі бір заңдарға бағынады. Бұл заңдар төмендегідей:

  • синергия заңы;
  • толығу заңы;
  • пропорционалдылықтың сақталу заңы;
  • композиция заңы;
  • өзін-өзі сақтау заңы;
  • ақпараттау заңы ;
  • онтогенез заңы;
  • жан-жақты болу қажеттілігі заңы (байланыс пен элементтер).

Синергия заңы: біртұтас бірігіп жабыла жұмыс атқарғанда белгілі бір элементтердің әлеуеті көтеріледі. Өйткені ол өзара көмектесу және толығуға негізделген. Жұмыла кірісіп атқарылған істе алып күштің пайда болуын синергия заңы деп атаймыз.

Синергия заңы: біртұтас бірігіп жабыла жұмыс атқарғанда белгілі бір элементтердің әлеуеті көтеріледі. Өйткені ол өзара көмектесу және толығуға негізделген. Жұмыла кірісіп атқарылған істе алып күштің пайда болуын синергия заңы деп атаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет