3 лекция. Ұйым түсінігі және оның түрлері. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы


Департаментизация: ұйымдарда арнайы қызметтердің топтастырылуын департаментизация деп атайды



бет11/16
Дата02.10.2023
өлшемі287 Kb.
#183319
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
prezentacziya

Департаментизация: ұйымдарда арнайы қызметтердің топтастырылуын департаментизация деп атайды.

Орталықтандыру – шешімнің бір орталықтан қабылдануы.

Децентрализациялау – шешім қабылдау жауапкершілігінің төменгі деңгейдегі басшыларға берілуі немесе бөлінуі.

Коммуникация және үйлестірілуі: ұйымға қатысты ішкі және сыртқы жұмыстарға байланысты іс-әрекеттердің байланысы және олардың үйлестірілуі.

Бөлімшелер: бөлімнің мақсаты мен міндетіне қарай бөлімшелердің құрылымы анықталады.

4.Ұйымның ішкі ортасы туралы түсінік

Ұйымның ішкі ортасы бұл ұйымның ішіндегі ситуациялық факторлар.

Ішкі байланыстар басқармашылық шешімнің нәтижесі болып табылады. Бірақ олар толығымен басқармамен бақыланбайды.

Көбінесе ішкі факторлар басқармадан белгілі бір тәуелсіздікте болады. Ішкі айнымалыларға ұйымның мақсаты, құрылымы, міндеті, технология және адамдар кіреді. Ұйым адамдарға жеке жете алмайтын мақсаттарға бірігіп ұжымды түрде жетуге көмек береді.

Мақсаттар – бұл топтың бірге жұмыс жасай отырып, нақты және керекті нәтижелерге жетуге ұмтылуы.

Мақсаттар – бұл топтың бірге жұмыс жасай отырып, нақты және керекті нәтижелерге жетуге ұмтылуы.

Жоспарлау үрдісінің барысында басшылық мақсаттарды құрады және олар туралы ұйымның мүшелеріне хабарлап отырады. Бұл үрдіс ұйым мүшелеріне олардың неге ынталы әрекет жасау керектігін түсінуге көмек береді. Мақсаттар ұйымның типіне қарай әртүрлі болады.

Ұйымның құрылымы – бұл басқару дәрежесімен функционалдық бөлімнің логикалық өзара қарым – қатынасы.

Ұйымның құрылымы – бұл басқару дәрежесімен функционалдық бөлімнің логикалық өзара қарым – қатынасы.

Ұйымның құрылымы еңбек бөлінісі негізінде құрылады. Ұйым құрылымына қатысты болған 2 концепция бар: маманданған еңбек бөлінісі және бақылау саласы.

Маманданған еңбек бөлінісі бұл маман, қолынан іс келетін адамдарға жұмыс беру деген сөз. Маманданған еңбек жұмысты әр түрлі операцияға бөледі. Ұйымда еңбекті бөлу көлденең және тік болып бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет