3 Негізгі бөлім і-тарау Әр түрлі ортадағы элетр тогы тарауының қысқаша теориясы



бет9/9
Дата23.08.2017
өлшемі0,99 Mb.
#25246
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Сұрақ-жауап: диод деген не? Оның жұмыс істеу принципі қандай?
ІII-кезең: Қорытындылау. Бағалау. Үйге тапсырма: тест жұмысына дайындық.

Қорыта келгенде интеграцияның практика жүзінде қолданыстағы бұл бір ғана мысалы. Мұндай тәсілдер сабақтың бірсарынды болып өтуінен сақтайды. Білім сапасы жоғарылап, оқушының жаңа жағдайда өзіне деген сенімінің артып, білімінің нақты, жан-жақты болары сөзсіз. Сондықтан «ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда» демекші, сіздер де өз пәндеріңізді басқа пәндермен біріктіріп, үйлестіріп жұмыс атқаруға болады. Соған ат салысуларыңызға, және де шығармашылық табысқа жетулеріңізге тілектеспіз.


« Әр түрлі ортадағы электр тоғы » тарауы бойынша «Бақытты сәт» ойын сабағы.

Сабақтың негізгі мақсаты: Электр тоғының әртүрлі ортадағы, яғни металдардағы, сұйықтардағы, газдардағы табиғаты туралы ұғымды оқушыларға ойын элементтері арқылы түсіндіру.

Сынып окушылары екі топқа бөлініп жарыс ұйымдастырылды.

Құрал жабдықтар:

1) Қоржын

2) Секундомер

3) Бағалау парағы

4) Фишкалар

5) Үй тапсырмасы (әр командаға 2 сұрақ)

6) Конкурстық тапсырмалар

7) Жауап үлгілері

Ойын барысы

Әр командаға ат қойылады өз капитандарын тағайындайды.

І-гейм «Сергіту».

Әр топқа тарау бойынша қайталау ретінде 10 сұрақтан қойылады. Ал қарсылас топ сұрақтың дұрыстығын жазып бағалау парағындағы үлгі бойынша анықтайды. Сұраққа жауап іздестіруге 5 минут уақыт беріледі. Ең көп сұракқа жауап берген топ жеңеді.



ІІ-гейм «Теңге алу».

Ойынға қатысушылар қоржыннан нөмірленген шарлар алады. Жүргізуші әр нөмірге сәйкес сұрақты оқиды. Өзара талдаудан кейін капитандар жауап берді.



ІІІ-гейм «Жорга».

Жүргізушінің сұрағына бұрын жауап берген топ озады. 3 сұрақ қойылды.



ІV-гейм «Сен-маган, мен- саган».

Үй тапсырмасы бойынша әр топқа 2 сұрақтан қойып, жауаптары тындалады.



V-гейм «Көшбасшыны қуу».

Сұраққа барлық қатысушылар жауап береді. Көбірек дұрыс жауап берген топ жеңеді (4-7 сұраққа жауап берген оқушылар топқа қосымша ұпай әкеледі) 2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші геймдерге әр біреуіне 1 минут уақыт берілді. Сұраққа тез жауап берсе уақыт үнемдейді, оны баска сұрақтарға пайдаланады. Әрбір дұрыс жауапқа топ 1 ұпай немесе 1 фишкадан алады (барлық фишкалар бір түсті).


4 сабақ

Жеке - топтық жұмыс формасы (45 мин)

Бұл сабақта картачкалар, суреттер бойынша деңгейлік тапсырмалар орындайды.

Дидактикалық материалдардан.



5 сабақ

Реле сынық тест орындайды. (15мин)

Өздік жұмыс. Есептер жинағынан. (30 мин)
І-тарау. Әр түрлі ортадағы электр тогы

І-нұсқа
1. Металдардағы еркін электр зарядын тасымалдаушылар:

а) электрондар; ә) оң иондар;

б) теріс иондар; в) кемтіктер;

2. Газдардағы электр зарядтарын тасымалдаушылар:

а) оң иондар; ә) электрондар;

б) теріс иондар; в) оң және теріс иондар;

г) электрондар мен оң және теріс зарядталған ион­дар.



3. Электролит арқылы электр тогы өткенде, электродтарда зат бөліну процесі:

а) Электролиттік диссоциация;


ә) электролиз;

б) рекомбинация;

в) газдың иондалуы;

г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жоқ.



4. Металл бұйымдардың бетін басқа металдың жұқа қабатымен жабу:

а) гальванопластика;

ә) аккумуляторды зарядтау;

б) гальваностегия;

в) гальваникалык элементтер;

г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жоқ.



5. Шала өткізгішке қандай қоспа қосылғанда кемтіктік өткізгішке ие болады?

а) егер 3 валентті элементке 4 валентгі элементтің коспасын енгізсе;

ә) егер 4 валентті элементке 4 валентті элементтің қоспасын енгізсе;

б) егер 4 валентті элементке 3 валентті элементтің қоспасын енгізсе;

в) егер 3 валентті элементке 3 валентті элементтің коспасын енгізсе;

г) егер 4 валентті элементқе 5 валентті элементтің қоспасын енгізсе.



6. Шала өткізгіштің температурасы артқанда, кедергісі:

а) өзгермейді; ә) артады; б) 2 есе артады; в) кемиді; г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жоқ.



7. Электролит арқылы 0,5 А ток күші өткенде, 20 минут ішінде катодта 236 мг мыс жиналды. Мыстың электрохимиялық эквиваленті:

а) 0,394 мг/Кл; ә) 0,207 мг/Кл; б) 0,126 мг/Кл; в) 0,238мг/Kл; r) 0,112 мг/Kл.



8. Катодтан 4 А ток өткенде 30 мин ішінде массасы қандай никель бөлінді? Ниқельдің электрохимиялық эквиваленті 2,03*10-7кг/Кл.

а) =2 г; ә) =1,5 г; б) =0,5 г; в) =2,5 г; г) =3 г;



9. Электролиздеуде 50 мин ішінде 9,7 г қорғасын бөлінсе, онда жүріп өтқен токтың күші қандай? Қорғасынның элеқтрохимиялық эквиваленті 1,074* 10-6 кг/Кл..

а) 6А; ә)4A; б) 5А; в) 3А; г) 4,5A



10. Соққы иондалу нәтижесінде тізбектегі ток:

а) кемиді: ә) артады;

б)аздап артады; в) аздап кемиді;
г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жок.

VІ-тарау. Әр түрлі ортадағы электр тогы
ІІ-нұсқа
1. Элеқтролиттерде зарядты тасымаддаушы қан­дай бөлшектер:

а) электрондар мен қемтіктер;


ә) электрондар;

б) оң және теріс иондар;

в) қемтіктер;

г) оң иондар.



2. Шала өткізгіштерде зарядты тасымалдаушы бөлшектер:

а) электрондар; ә) электрондар мен кемтіктер;

б) оң және теріс иондар; в) кемтіктер; г) теріс иондар.

3. Рельефті заттардың көшірмесін электролиттік жолмен дайындалуды:

а) гальванопластика;

ә) аккумуляторды зарядтау;

б) гальваностегия;

в) гальваниқалық элементтер;

г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жоқ.



4. Электролиттерде әр аттас иондардың молекулаға бірігу процесі:

а) электролиз;

ә) рекомбинация;

б) электролиттік диссоциация;

в) термоэлектрондық эмиссия;

г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жок.



5. Шала өткізгішке қандай қоспа қосылғанда электрондық өткізгішке ие болады?

а) жауаптардың ішінде дұрысы жок:

ә) егер 4 валентті элементке 4 валентті элементтің қоспасын енгізсе;

б) егер 4 валентті элементке 3 валентті элементгің қоспасын енгізсе;

в) егер 3 валентті элементке 3 валентті элементтің қоспасын енгізсе;

г) егер 4 валентті элементке 5 валентті элементтің қоспасын енгізсе.



6. Қандай жағдайларда шала өткізгіш диэлектр бола алады:

а) температура жоғарлағанда; ә) температура нольге тең болғанда;

б) температура өзгермеген жагдайда; в) темпера­тура төмендегенде;

г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жоқ.



7. Электролит арқылы 2 А ток күші етқенде, 10 минут ішінде катодта 244 мг никель жиналды. Никельдің электро-химиялық эқвиваленті:

а) 0,304 мг/ Кл; ә) 0,238 мг/Кл; б) 0,126 мг/Кл; в) 0,394 мг/Кл; г) 0,203 мг/Kл.



8.Катодтан 5 А ток өткенде 50 мин ішінде массасы кандай қүміс белінеді? Күмістің электрохимиялық эквиваленті 1,118*10-6кг/Кл.

а) 16,8 г; ә) 20,г; б) 10г; в) 8,4г; г) 33,6 г.



9. Тотияйын ерітіндісін электролиздеуде 40 мин ішінде 3,8 г мыс бөлінсе, онда жүріп өткен токтың күші қандай? Мыстың электрохимиялық эқвиваленті 3.94*10-7кг/Kл

а) =5,4A; ә) = 4A; б) =3,8A; в) =4,6A; г) = 5 A



10. Жеткілікті жоғары температурада электрондардың металдан ұшып шығу құбылысы:

а) электролиз: ә) газ разряды;

б) термоэлеқтрондық эмиссия;

в) газдың иондалуы;

г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

VІ--тарау. Эр түрлі ортадағы электр тогы.




1-нұсқа

2-нұсқа



жауап



жауап

1

А

1

Б

2

Г

2

Ә

3

Ә

3

А

4

Б

4

Ә

5

Б

5

Г

6

В

6

В

7

А

7

Г

8

Ә

8

А

9

В

9

Ә

10

Ә

10

Б


2.2. Әр түрлі ортадағы элетр тогы тарауы бойынша есептердің шығарылуы
Физикалық есептердің алгоритмі мына элементтерден құралады:

1. есептің шартын оқу;

2. шартты қысқаша жазу және оны қайталау;

3. суретін, схемасын немесе чертежін салу;

4. есептің физикалық мазмұнын анализдеу және оны шығару жолдарын

(тәсілдерін) айқындау;

5. шешу жоспарын құру және жалпы түрдегі шешуін орындау;

6. шамалау және есептеулер;

7. нәтиже анализі және шешуін тексеру.

Есеп 1. Мыс хлориды (CuCl2) ерiтiндiсiн токпен электролиздегенде қанша уақытта массасы m = 4,74г мыс катодта бөлiнiп шығады.

Шешуi. Мыс хлориды суда ерiгенде электролиттiк диссоциалану нәтижесiнде оның молекулалары Cu2+ және Cl - иондарына ыдырайды.

Мыс хлориды ерiтiндiсiн электролиздегенде массасы m мыс катодта бөлiнiп шығатын уақыт Фарадей заңы бойынша мынаған тең :



.

Сандық шамаларын қойып, уақытты табамыз:



τ = 2 сағат.

Есеп 2. Электрондық шоқ жазық конденсаторға ұзындығы 50 мм пластиналарға параллель ұшып кiрдi. Егер конденсатордың пластиналарының арасындағы өрiстiң кернеулiгi 15 кВ/м болса, электрондардың жылдамдығы қандай болады?

Шешуi.



Рис. 1

Электрондар конденсаторда қозғалғанда оның абциссасы бiрқалыпты қозғалыс заңымен өзгередi x=vt, өйткенi x өсiнiң бағытында оған күш әсер етпейдi, ал y өсiнiң бағытында электр күшi әсер еткендiктен, оның ординатасы бiрқалыпты үдемелi қозғалыс заңымен өзгередi: y = .

Электрондар конденсатордан ұшып шыққан сәтте оның координаталары



x = l = vt,

тең болады. Осыдан уақытты жойып:



(1)

табамыз. Үдеудi Ньютонның екiншi заңынан табамыз: , мұндағы F=eE.

Оны (1) өрнекке қойып,

табамыз.



Есеп 3. Қимасы 0,2 мм2 тең өткiзгiштегi ток күшi тең. Өткiзгiштегi еркiн электрондардың концентрациясы равна 51028м3 тең. Электрондардың осы өткiзгiштегi реттелген қозғалысының орташа жылдамдығын табыңдар.

Шешуi. Өткiзгiштегi ток күшiнiң еркiн электрондардың концентрациясы және электрондардың реттелген қозғалысының орташа жылдамдығымен байланысын анықтайтын (5.2, §5.1) теңдеуiн пайдаланамыз. Осы теңдеуден электрондардың реттелген қозғалысының орташа жылдамдығы үшiн келесi өрнектi аламыз:

V=I/qnS.

Есептеп алатынымыз:



V=1A/1,6·10-19Кл·5·1028м-3·0,2·10-6м2≈6,25·10-4 м/с

Есеп 4. Электр шамының 23° С қызған кездегi вольфрам қылының кедергiсi 4 Ом. 0° С температурадағы кедергiнi табыңдар. Вольфрам кедергiсiнiң температуралық коэффициентi 4,8·10-3 К-1 тең.

Шешуi. Кедергiнiң температураға тәуелдiлiгiн сипаттайты теңдеудi есептеймiз:

R=R0(1+αΔt).

Одан:


R0=R/(1+αΔt)=4 Ом/(1+4,8·10-3 К-1·296 К)=3,6 Ом

Есеп 5. Егер кремний диодтан өтетiн күш I=5,5 мА, ал кернеу U=0,7 В тең болса, оның керi бағыттағы тұрақты токқа кедергiсiн табыңдар.

Шешуi. Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңын қолданамыз:

I=U/R.

Демек:


R=U/R=0,7 В/5.5·10-3А1,3·10-3А
Қорытынды
Физика – қазіргі заманғы техниканың ғылыми негізі. Физиканы оқыту процесінде оқушыларды физиканың өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы, транспорт пен медицинадағы аса маңызды қолданыстармен таныстыруға, автоматика туралы түсінік беруге, практикада кеңінен қолданылатын өлшеу приборларымен және құрал-саймандармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік туады. Оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке дайындау үшін мұның үлкен маңызы бар.

10- кластардағы физика бағдарламасы әр түрлі ортадағы элетр тогы жөнінде толық қамтиды. Әр парагрофта білімдер жүйесін қалыптастыруға қажетті негізгі ұғымдар, физикалық шамалар туралы мағлұматтар, бірліктер мен оларды өлшеу тәсілдері туралы мәліметтер ендірілген. Физиканы оқытудың негізінде эксперимент алынған.

Физикалық практикум - лабораториялық сабақтардың жоғарырақ басқышы, оның мынадай ерекшеліктері бар: оқушылардың әр түрлі тобы түрлі жұмыстар орындайды; физикалық практикум жұмысы мазмұны жағынан фронталь жұмыстарға қарағанда күрделірек және оны орындау үшін, әдетте, көбірек уақыт керек болады.

Физиканың «Әр түрлі ортадағы элетр тогы» тарауы ең негізгі және оқушылардың қиын меңгеретін бөлімі. Оның негізгі түсініктері– элетрондық өткізгіштік, диэлетриктер, жартылай өткізгіштер, кедергінің температураға тәуелділік коэфиценті, асқын өткізгіштік, қоспалық өткізгіштер, диод, транзистор, разрядтар. Оқушылар осы негізгі түсінктерді мұқият даярланған тәжірибелер жүйесінің көмегімен терең түсінуі мүмкін.

Әр түрлі ортадағы элетр тогы – әр түрлі ортада ток өткендегі қабаттасатын физикалық процестерді қарастыратын тарау.

Әр түрлі ортадағы элетр тогы бойынша қойылатын тәжірибелерді қарапайым қондырғылардың көмегімен көрсетуге болады. Оларды орындау техникасы қиын емес.

Орта мектептерде физиканы оқытудың алдында төмендегі негізгі міндеттер тұр:

• оқушыларға физика бойынша бастапқы білімдер жүйесін беру;

• физика жөніндегі ғылыми зерттеулерде қолданылатын әдістер туралы түсінік беру, бұл әдістерді меңгеруге жәрдемдесу;

• мектеп оқушыларының ойлауын дамытуға, олардың бойында дидактикалық-материалистік көзқарастың қалыптасуына көмектесу;

• оқушыларға политехникалық білім беруді, оларды қоғамдық пайдалы еңбекке және мамандық таңдауға әзірлеуді жүзеге асыру; Физиканың бастауыш курсы өзінің оңайлығына қарамастан, жүйелі білім беруге тиіс. Бұл жағдайда ол оқушылардың физикалық білімдерге деген қажетін толығырақ қанағаттандырады және олардың жоғарғы сыныптарда физика мен басқа да пәндерді оқып үйренуге дайындығын жақсартады.

Әр түрлі ортадағы элетр тогын оқып үйренуде дамыта оқытудың мәселелері: логикалық, теориялық, ғылыми-техникалық, диалектикалық ойлау қабілеттерін дамыта оқыту қолданылады.Қорытындысында оқушылардың зердесі және шығармашылық қабілеттері дамып жетіледі. Әр түрлі ортадағы элетр тогында оқушылардың ой-өрісін кеңейтетін, логикалық ойлау қабілетін дамытатын жалпы танымдық әдістерді қолданып түсіндіретін материалдар көп. Әр түрлі ортадағы элетр тогында теориялық ойлаудың қалыптасуы жалпылауға және идеялауға мүмкіндік туғызады. Оқушылар құбылысты оқып үйрену кезінде ең маңыздыларын бөліп алады,абстракциялайды,одан ары керекті қорытындылар жасайды, жалпыдан жекеге көшу дағдысы қалыптасады.

Лабораториялық практикум сабақтарында компьютерлік модельдерді қолданған өте пайдалы, өйткені оқушылар тәжірибе жүру процесіне белсенді қатысуын жақсартады. Сонымен қатар көз көре алмайтын құбылыстарды жақсы көріп ойлау қабілеттілігін дамытады. Компьютермен өткізген практикум сабақтар өте ұзақ жүргізілетін және кей жағдайларда сол тәжірибелерге арналған қондырғылардың болмағанда күрделі құбылыстарды зерттеу өте эффективті әдіс болып табьілады. Сонымен қатар тәжірибені бір емес, бірнеше оқушылар жасауға болады

Ғылыми-әдістемелік журналдардан үзінділер келтіріліп, қолданылған әдебиеттердің құрамына енді.



Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Б.Кронгарт В.Кем Н.Қойшыбаев Физика 10-сынып, жаратылыстану –математика бағыты, Алматы «Мектеп»2006ж

2.Г.Я. Мякишев, Б.Б. Буховцев, Физика 10 класс, Алматы, «Рауан» 1996

3.Шахмаев Н.А., Каменцкий С.Е. Демонстрационные опыты по электродинамике. М. 1973

4.В.П.Орехов А.В.Усова Физиканы оқыту методикасы,Алматы «Мектеп»1987

5.Б.Е.Акитай Физиканы оқыту теориясы және әдістемелік негіздері,Алматы 2006

6.М.Құдайқұлов Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі,Алматы «Рауан» 1988

7. Методика преподавание физики в средней школе: Молекулярная физика. Электродинамика, М. «Просвещение», 1985

8. «Математика және физика»ғылыми-әдістемелік журналы ,№6,2011

9.«Математика және физика»ғылыми-әдістемелік журналы ,№4,2008

10.«Физика» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы ,№6,2011

11.Шамаш С.Я. Физический практикум в восмилетней школе. М., «Просвещение», 1964

12.Т.Д.Бердалиева Г.Қ.Қоңырбаева Б.Қ.Бекмұрзаева Физиканы оқыту әдістемесі пәнінен лабораториялық жұмыстар жинағы,Шымкент 2010

13. В.А.Буров Ю.И.Дик Практикум по физике с средней школе,Москва «Просвещение»1982г

14.Н.Ілиясов, Е.Көшеков - Оқушыларды физика есептерін шығаруға үйрету әдістемесі. «Математика және физика» ғылыми-әдістемелік журнал, Алматы, «Әдіскер-мұғалім» редакциясы, №2, 2004

15. Р.Башарұлы, Т. Нұрбатырова «Физикадағы есептер мен оқу

экспериментінің жүйесі». «Математика және физика» ғылыми-әдістемелік журнал, №4,2003.

16.С. Даулетқұлов «Есептер мен демонстрациялық тәжірибенің мәні».«Математика және физика», ғылыми-әдістемелік журнал, №6, 2003

17.WWW.Physe.kz.




Түсiнiктеме сөздiк


  • Вакуум - газдың сиретiлуiнiң оның молекулаларының соқтығысуын ескермеуге және еркiн жолының орташа ұзындығы -дiң газ тұрған ыдыстың өлшемi d-дан аса үлкен ( ) болатын деңгейiң айтады.

  • Газ разряды- газдағы электр ток

  • Кемтiктiк өткiзгiштiк- кемтiктердiң реттi орын ауыстыруанан болатын өткiзгiштiк.

  • Газды иондау – электрондардың атомдардан немесе молекулалардан бөлiнiп кетуi.

  • Иондар - бiр немесе бiрнеше электрондарды жоғалтқан немесе өзiне қосып алған атом мен молекулалар.

  • Тәуелдi газ разряды - сыртқы ионизаторлардан пайда болатын газдың электр өткiзгiштiгi: қатты қыздырудан, әр түрлi сәулеленуден

  • Тәуелсiз газ разряды - электр тогының газдан сыртқы ионизаторларға тәуелсiз өту құбылысы.

  • Жартылай өткiзгiш - кедергiсi кең көлемде өзгере алатын және температурасы жоғарылаған сайын кедергiсi тез азаятын заттар.

  • Жартылай өткiзгiштi диод - бiр p-n-аусуы бар жартылай өткiзгiш.

  • Қоспалық өткiзгiштiк - жартылай өткiзгiштердiң кристалдық торларына қоспаларды (қоспалық центрлерiн) еңгiзуiнен болатын электрөткiзгiштiк.

  • Асқын өтгiзгiштiк – Кейбiр заттардың электр кедергiсi төмен температурада кенет 0-ге төмендейтiндiгi.

  • Жартылай өткiзгiштердiң меншiктi өткiзгiштiгi - таза (қоспасыз) жартылай өткiзгiш кристалындағы еркiн электрондардың және кемтiктердiң қозғалысынан болатын өткiзгiштiк.

  • Транзистор - екi p-n-аусуы және электр тiзбекке қосылатын үш ұштары бар жартылай өткiзгiштi прибор.

  • Вакуумдегi электр тогы - вакуум күйдегi электродтар аралығындағы өткiзгiштiк.

  • Электолиз - электродтарда, электролиттердiң құрамына кiретiн зат бөлiнуi

  • Электролиттер - ток тасушылары иондар болатын сұйық жөне қатты заттар.

  • Электрод – белгiлi электрлiк потенциалы бар прибордың бөлiгi болатын өткiзгiш.

  • Электрондық өткiзгiштiк – электрондардың қозғалысынан пайда болатын өткiзгiштiк.

  • Электронды кемтiктiк ауысу - монокристалдық өткiзгiштiң кемтiктiк өткiзгiштен электрондық өткiзгiшке ауысатын ауданы.

  • Электронды-сәулелiк түтiкше - термоэлектрондық эмиссия құбылысына негiзделген құрылғы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет