3 Негізгі бөлім і-тарау Әр түрлі ортадағы элетр тогы тарауының қысқаша теориясы



бет4/9
Дата23.08.2017
өлшемі0,99 Mb.
#25246
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1.4 Электролиттердегі элетр тогы


Ток тасушылары иондар болатын сұйық жөне қатты заттарды электролиттер дейдi. Иондар деп бiр немесе бiрнеше электрондарды жоғалтқан немесе өзiне қосып алған атом мен молекулаларды айтады. Қышқылдар, сiлтiлер және тұздар ерiтiндiлерi электролит болады. Электр тогының сұйықтан өтуi электролизбен (электодтарда, электролиттердiң құрамына кiретiн зат бөлiнуiмен) қатар жүредi.

1. Электолиздiң бiрiншi заңы (Фарадейдiң бiрiншi заңы):

электродтарда бөлiнетiн заттын массасы электролиттен өткен q зарядына тура пропорционал

(7.10)

( өйткенi, , I – ерiтiндiден Δt уақытында өткен тұрақты токтың күшi).

2. Электролиздiң екiншi заңы (Фарадейдiң екiншi заңы):

заттардың электрохимиялық эквиваленттерi олардың М мольдық (немесе атомдық) массаларының валенттiлiгiне ( n ) қатынасына тура пропорционал:



(7.11)

- шамасын Фарадейдiң саны дейдi.



1.5. Газдардағы электр тогы

Қалыпты жағдайда газдарда еркiн ток тасушылар (электрондар мен иондар) болмайды.

Газдардың атомадары мен молекулаларына электронның үзiлiп кетуi газдардың иондалуы дейдi. Газдарда электр тогын тасушылар тек газдар иондалғанда ғана пайда болуы мүмкiн. Электронның газ атомдарымен (молекуларымен) соқтығысуынан болатын газдың иондалуын электронды соққыдан иондалу дейдi.

Газдардың иондалу сыртқы әсерленген (сыртқы ионизаторлардан): қатты қыздырудан, әр түрлi сәулеленуден пайда болуы мүмкiн. Электрондардың атомнан бөлiнiп кетуiне қажет минимальдi энергияны иондау энергиясы дейдi. Газдың иондалу үшiн жұлынып кететiн және атомның (молекуланың) қалған бөлiгiнiң арасындағы әсерлесу күшiне қарсы иондалу жұмысын жасау қажет (AИ).

Қарама – қарсы зарядттаған бөлшектердiң қайтадан бейтарап атом (молекула) құрыуын рекомбинация дейдi. Сыртқы ионизаторлар тұрақты болса, ионизациялану мен рекомбинациялану арасында динамикалық тепе – теңдiк қалыпасады. Бұл жағдайда жаңадан құрылған зарядтталған бөлшектердiң саны бейтарап атомға (молекулаға) бiрiккен парлардың санына тең болады.

Газдағы электр ток газ разряды деп аталады.

Сыртқы ионизаторлардан (қатты қыздырудан, әр түрлi сәулеленуден) пайда болатын газдың электр өткiзгiштiгi тәуелдi газ разряды деп аталады.

Электр тогының газдан сыртқы ионизаторларға тәуелсiз өту құбылысы, тәуелсiз газ разряды дейдi. Тәуелсiз разряд болғанда газ атомдар мен молекулардың электрондардың соғуынан болатын иондалуы газдың иондалуының негiзгi механизмi болады. Электрондық соққыдан иондалу электронның еркiң жолының ұзындығы λ болғандағы кинетикалық энергиясы Wk электронның атомнан бөлiнiп кетуiне жұмсаған жұмысына Aи жеткiлiктi, яғни : WkAи, немесе

eEλ≥Aи (7.9)

болған жағдайда мүмкiн болады. Мұндағы Е-электрлiк өрiстiң кернеулiгi, λ- электронның еркiң жолының ұзындығы.

Әдетте, атомдар мен молекулалардағы электрондар байласының энергиясы (иондау энергиясы) электронвольтпен (эВ) өрнектеледi. Бiр электронвольт электр өрiсiнiң элементар заряды бар электронды немесе басқа бөлшектi өрiстiң кернеулiгi 1 Вольт болатын екi нүктесiнiң аралығындағы орын ауыстыруына жұмсайтын жұмысқа тең:

Мысалы сутегi атомының иондау энергиясы 13,6 эВ тең, ал оттегi молекуласының иондау энергиясы 12 эВ тең болады.

Егер ток көзiнңғ қуаты тәуелсiз разрядты ұзақ уақытқа жалғастыруға жетпеген жағдайда ұшқынды разряд деп аталатын тәуелсiз разрядтын түрi пайда болады. Найзағай -ұшқынды разрядтың мысалы болады.

ІІ-тарау Әр түрлі ортадағы элетр тогы тарауын оқыту әдістемесі
2.1. Әр түрлі ортадағы элетр тогы тарауында өтілетін тақырыптардың сабақ жоспары

Оқушының жеке тұлғасы,оқуға деген ынтасы мен қабілетін дамыту бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі. Осы аталған қасиеттерді жетілдіру арқылы олардың білім көкжиегін кеңейтіп,дамыта аламыз.Сонымен қоса физика курсынан алған білімдерінің практикалық пайдаланылуы мен күнделікті өмірде қолданылуын көрсете білуіміз керек.Төменде «Электролиттердегі электр тогы»тақырыбын өтуге арналған сабақ жоспарын ұсынып отырмын.



Сабақтың тақырыбы: «Әр түрлі ортадағы электр тогы» тарауы бойынша жаңа сабақты «Презентация» тақырыбын қолдана отырып бекіту.

Сабақтың мақсаты: Компьютер мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып оқушылардың «Әр түрлі ортадағы электр тогы» тарауы бойынша білімдерін бекіту, пысықтау.

Дамытушылық міндеті: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін арттыру, эстетикалық танымын дамыту, болашақта алған теориялық білімдерін практикада ұштастыра білу.

Тәрбиелік міндеті: Оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа, ұқыптылыққа, Office қосымшаларын басқа пәндерді оқығанда тиімді қолдана отырып, өз бетімен жұмыс жасауға үйрету.

Сабақтың типі: Презентация-сабақ.

Сабақтың түрі: Жаңа тарауды бекіту.

Сабақтың әдісі: Баяндама, түсіндіру, қорғау, диалог, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер. Электрондық оқулық, оқушылардың дайындап әкелген презентациялары. MS PowerPoint бағдарламасы. Интерактиті тақта.

Жаңа технология: Электрондық оқулық, М.Жампейсованың «Модульдік оқыту» технологиясы. Ақпараттық технология.

Пән аралық байланысы: информатика, физика, химия.

Сабақтың жоспары:

І кезең. Ұйымдастыру. Мұғалімнің кіріспе сөзі. (5 минут)

ІІ кезең. Үй тапсырмасы:

  1. Металдардағы электр тогы. (1 топ – 7 минут)

  2. Жартылайөткізгіштердегі электр тогы. (2 топ – 7 минут)

  3. Электролиттердегі электр тогы. (3 топ – 7 минут)

  4. Газдардағы электр тогы. (4 топ – 7 минут)

  5. Вакуумдегі электр тогы. (5 топ – 7 минут)

ІІІ кезең. Қорытындылау. Бағалау. Үйге тапсырма беру. (5 минут)

Сабақтың жүру барысы:

I кезең. Ұйымдастыру: Келген қонақтармен, оқушылармен амандасып, сабақтың мақсатымен, жоспарымен таңыстыру. Оқушылардың көңіл күйін, дайындығын қарап, сабақты бастау.

II-кезең: Үй тапсырмасы. «Әр түрлі ортадағы электр тогы» тарауы бойынша сынып 5 топқа бөлініп, әр топқа өз тақырыбы бойынша презентация жасап әкелу тапсырылған. Баяндамашылар кезек-кезек шығып үй тапсырмасы бойынша жұмыстарын қорғайды. Баяндамаға 4-5 минут уақыт беріледі. Болған соң басқа топ мүшелері, мұғалім (1-2 минут) баяндама жасап тұрған топқа сұрақ қойып, білімдерін тексере алады.

1 топ. Металдардағы электр тогы. Топ жетекшісі – Рахимбеков Орынхан. Топ мүшелері: Сейтханова Гүлсая, Зейнелов Ерболат.
Слайд 1 Слайд 2

Слайд 3 Слайд 4



Слайд 5 Слайд 6







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет