3 Обьектілі бағдарланған программалау тілін оқыту әдістемесі


Электрондық оқулықтың құрамы



бет38/39
Дата12.09.2020
өлшемі0,88 Mb.
#77904
түріПрограмма
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Delphi программалау тілін оқыту әдістемесі

Электрондық оқулықтың құрамы:

-    аннотация;

-    пән туралы қысқаша ақпарат;

-    жұмыс бағдарламалары;

-    электрондық оқулықпен және оның бөлiктерiмен жұмыс жасау туралы әдiстемелiк нұсқаулар;

-    ұсынылатын бiлiм беру бағдарламалары;

-    теориялық материалдар (лекция конспектiлерi);

-    теориялық материалдарға негiзделген оқу құралы;

-    практикалық жұмыстарды орындауға негiзделген әдiстемелiк құрал;

-    практикалық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының тiзiмi;

-    бақылау тапсырмалары;

-    лабораториялық жұмыстардың әдiстемелiк нұсқалары;

-    бiлiмдi бағалау критерийлерiн айқындайтын тапсырмалар;

-    бақылау тестiлерiнiң жинағы;

-   телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация түрлерi мен графигi;

-   глоссарий;

-   әдебиеттер тiзiмi және Интернеттiң ақпараттық ресурстарына сiлтемелер;

-    озат мұғалiмдердiң жасақтаған қосымша авторлық материалдары;

-    үйренушiнiң жұмыс папкасы;

-    мұғалiмнiң жұмыс папкасы.


Аталған құрам арқылы электрондық оқулықтың құрылымы тұрғызылады.


Қорытынды
Қазіргі кездегі ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік дамуы мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды

қалыптастырудың бір жолы.

Сонымен, «Delphi программалау тілін оқыту әдістемесі» тақырыбы бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарымды қорыта келгенде, программалау тілдерін оқыту, соның ішінде обьектілі-бағдарланған Delphi программалау тілін оқыту қазіргі білім беру үрдісіндегі маңызды мәселелердің бірі болып табылатынына көзім жетті.

Егер адам компьютермен жұмыс істесе, онда ертелі ме, кеш пе, компьютерге деген қызығушылық туады, ал кейде программалауға да ынта пайда болады. Программалауға деген қызығушылықты тудыру үшін, ең алдымен, көптеген дайын программалық өнімдерді қолдану барысында біздің пайдаланып жатқан программалар қайдан шықты, қалай пайда болды, ондай өнім бар болса, оны жасайтын құрал да бар болу керек және ондай құралдарды пайдаланып біз де программалық өнім жасай аламыз деген мәселелер жайлы ойлануымыз керек. Осыдан кейін бізде программалауға деген қызығушылық пайда болады деп ойлаймын.

Зерттеудің әдісі оқушылардың программалау тіліне деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында зертханалық жұмыстар мен өзіндік тапсырмаларды орындауға бағытталған.

Объектілі бағдарланған программалау тілін оқытуда басты назар оқушылардың теориялық материалдарды жетік меңгеруіне бөлінетіні белгілі. Сондықтан Delphi программалау тілінің теориялық бөлімі бойынша алғашқы сабақта негізгі түсініктерді және ұғымдарды беріп, оларды жаттықтыратын тапсырмалармен, зертханалық жұмыстармен бекітіп отырған қолайлы болады. Оқытудың практикалық бөлімі зертханалық жұмыстар мен тапсырмаларды орындау арқылы программалау біліктілігін қалыптастыру, интеллектуалдық, алгоритмдік, логикалық ойлау дағдыларын дамыту, өз іс-әрекетін жоспарлай білуге, жұмыстың нәтижесін бағалай білуге, жіберілген қателерді түзетуге дайын болуға, іс-әрекеттерде мақсатқа бағыттылық пен табандылықты қалыптастыру үшін ғана емес, сонымен қатар, басқа оқу пәндерін меңгеру тиімділігін арттыру үшін маңызды болып табылатын обьектілі-бағдарланған программалау құралдарын пайдалану дағдыларын меңгеруге бағытталған болуы керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет