Мәмбет келіп, ары қарап, бері қарап:
– Аға, дәл мына түрімен қорғау қиындау. Тағы біраз жұмыс істеу, диссертациялық қалпына келтіру керек. Сізге мұның не қажеті бар? – десе, Асекең оған берілмепті. Содан кейін Мәмбет:
– Ақсақал тарихшымыз Манаш Қозыбаев. Сол кісінің алдынан өтіңіз. Егер де ол кісі мақұл дейтін болса, араласып көрейік, − деп жалтарыпты.
Асекең Манашпен сөйлесті ме, сөйлеспеді ме, ол жағын білмеймін, қорғау мәселесі сол күйінде қозғаусыз қалды. Шынында, докторлық диссертация қорғамай жатыр деп ол кісіні ешкім кінәламайды ғой. Онсыз да атағы жер жарады.
Менің ойым – ғылыми кеңестің алдына барып, иіліп, сұрақтарға жауап беріп, терлеп-тепшіп, оны Жоғары аттестациялау комиссиясына жіберіп, бекітуін алаңдап күту дегеннің бәрі үлкен тебіреніс пен толғаныс қой. Оның үстіне төрт жарым жылға созылған тар қапас азабы денсаулығын әлсіретіп кетті, енді докторлық диссертация қорғаймын деп жүріп, өзін-өзі ұмытып, ауырып қала ма деген де қауіп болды. Бәрібір сол атың өшкір тар қапас Асекеңнің өмірін қысқартып кетті ғой.
Достарыңызбен бөлісу: |