3-семинар. Қазақстандағы кеңестік биліктің әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерінің ерекшеліктері



Дата29.12.2021
өлшемі293 Kb.
#106201
түріСеминар
Байланысты:
Семинар 3


Смаилов Рамазан 105

Қазақстан тарих

3-семинар. Қазақстандағы кеңестік биліктің әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерінің ерекшеліктері

Кейс тапсырма

Қазақстанда жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) кезеңінен бастап, кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасуы үдерісін зерттеп баға беріңіз.

Негізгі ұғымдар

Жер-су реформасы, ЖЭС, межелеу, тұтас Түркістан идеясы, «Кіші Қазан» идеясы, индустрияландыру, ұжымдастыру.


Қазақ АКСР-і және Түркістан Республикасы. Мұсылман Бюросы және Түріккомиссия: саяси билік үшін күрес. Тұтас Түркістан идеясы. Т.Рысқұлов және М.Сұлтанғалиев. Түркістандағы басмашылар қозғалысы. Әнуар Паша мен Ахмет Зәки Валидов. 1921 ж. жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешімнің қабылдануы. Азық-түлік салғыртының азық- түлік салығымен алмастырылуы ЖЭС жылдарындағы экономиканың дамытудың басты бағыты. 1921 ж. Қазақстандағы аштық. Алаш зиялыларының аштықпен күресі. 1921-1922 жж. жер-су реформасы. 1921-22 жж. жер-су реформасының мәні. Қазақстандағы жер мәселесі. Жаңа билік және қазақ зиялылары. Қазақ өлкелік партия комитетінің ІІІ-конференциясы (1923 ж., 17-22 наурыз). «База» және «азаб» туралы айтыс. «Қазақ ұлтшылдығы» туралы мәселе. 1923 ж. 22 қарашадағы «Қырғыз тілінде (қазақ) іс-қағаздарды жүргізуді енгізу туралы» Декрет. Түркістан республикаларын ұлттық-мемлекеттік межелеу. Верный қаласы Алматы болып қай жылы өзгертілуі. 1925 ж. Бүкілқазақстандық Кеңестер сьезі «қырғыз деген атауды, қазақ атаумен ауыстыру туралы» қаулының қабылдануы.

1925-33 жж. Ф.И.Голощекин Қазақстандағы партия ұйымының басшысы. Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы, оның мазмұны. С.Сәдуақасов «Кіші Қазан» саясатына қарсы шыққан Қазақстанның қоғам қайраткері. Жер мәселесіне байланысты Қазақ өлкелік партия комитетінің конференциясының шешімі (1925 желтоқсан), оның отарлық мазмұны. Қазақ зиялыларының Кеңестік билікті ұлттық мүддеге жұмылдыру әрекеті, оның іске аспай қалуы. Ұлт мәселесіндегі таптық-партиялық принцип, оның ұлыдержавалық астары. Отарлықтың биліктегі түрлі топтар арасында «тепе-теңдік» сақтау саясаты. Ұлттық нигилистерді қолдау саясаты. Т.Рұсқұлов өткізген Бүкілресейлік Атқару Комитеті мүшелерінің кеңесі. Қазақ Өлкелік Партия Комитетінің ІІІ-Пленумі (1926, 25-30 қараша). Ф.Голощекиннің Алаштық интеллигенцияға шабуылы. 1927 жылдың соңында басталған сот процестері. Алаш қозғалысы басшыларын репрессиялау саясаты (1927-1932).

Жайылымдық-шабындық жерлерді бөлу. Кеңестендіру саясаты. Бай қожалықтарын тәркілеу туралы декреттің қабылдануы, оның саяси және экономикалық нәтижелері. Ауқатты шаруалар қожалығын жою. Қазақ шаруаларын күштеп жаппай отырықшылыққа көшіру шаралары. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу. 1932 ж. Қазақстанда ұжымдастыруды аяқтаудың жоспарлануы. Жаппай ұжымдастырудың әдістері, түрлері, қарқыны. Ел көлемінде заңсыздықтың кең орын алуы. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылық жүйесінің күйреуі. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы. 1929-1931 жж. күшпен ұжымдастыруға қарсы шаруалардың қарулы күресі. Олардың себебі, қозғаушы күштері, барысы және күшпен басылуы. Босқыншылық. шет елге ауа көшулер. Босқындардың қайғылы тағдыры.

1931-1933 жж. аштық. 1932 ж. шілдесінде Ф.Голощекинге жолданған республика қайраткерлерінің бірі тобы жазған «Бесеудің хаты». Демографиялық апат және оның салдары. Күштеп ұжымдастыру нәтижесінде 30-жылдары болған аштықтан 2 млн-нан астам адамның қырылуы. Кеңестік тарихнаманың «ұжымдастырудың» нәтижелерін асыра бағалауы.

Қазақстанды «индустрияландыру» саясаты. Табиғи шикізаттарды зерттеу. Индустрияландырудың отарлық мазмұны. Индустрияландыру жолдары мен әдістеріне байланысты теориялық айтыстар. М.Шоқай, С.Асфендияров, С.Сәдуақасов және басқа қайраткерлердің индустрияландыруға байланысты пікірлері. 1930 ж. Түркістан-Сібір теміржолының құрылысының аяқталуы. М.Тынышпаев және Түрксіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет. Кеңес өкіметінің мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктері және бұл саладағы қайшылықтар. Сауатсыздықпен күрес. Халыққа білім беру жүйесінің қалыптасуы. Маман кадрлар даярлайтын арнайы орта және жоғары білім ошақтарының құрылуы. 1928 ж. Қазақстанда бірінші жоғары оқу орнының ашылуы. Қазақ жазуын араб алфавитінен латын, сонан соң кириллицаға көшіру. А.Байтұрсынов бастаған топтың алфавит ауыстыруға қарсы күресі. 15 жастан 50 жасқа дейінгі жалпыға бірдей міндетті сауат ашудың енгізілуі.

Мәдениетте большевиктік концепцияның үстем алуы. Мәдениеттің ұлттық негіздеріне жасалған



шабуыл. Әдебиет пен өнердегі социалистік реализм. Ғылым ошақтарының пайда болуы. Ғылым кадрлардың қалыптаса бастауы. Рухани мәдениеттен алаш зиялылары мен олардың шығармаларының ығыстырылуы. 1936 ж. Қазақ АКСР-ның одақтық статусқа ие болуы Қазақ АКСР-ның Қазақ КСР-і болып өзгертілуі. 1937 ж. Қазақстанда бірінші Кеңестік Конституцияның қабылдануы. Қазақстанда 1933-1938 ж.ж. басшы болған қайраткер және оның тағдыры. 1929 ж. Алматы қаласы Қазақстанның жаңа астанасы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1940 ж. 10 қарашадағы «Қазақ тілін жаңа орыс алфавитіне (кириллицаға) көшіру туралы» Заңы.

Тоталитарлық жүйенің нығая түсуі. Сталиннің жеке басына табынуы 1937-1938 жж жаппай репрессиялау шаралары. Ауқымы. Қазақ зиялыларының алдыңғы белсенді бөлігі – репрессия құрбаны. Бұл процесстің ауыр салдары. Қазақстан бойынша 100 мыңнан астам қуғын- сүргін құрбандары. ГУЛАГ, КарЛАГ, СтепЛАГ, АЛЖИР лагерлері. Кәрістердің, немістердің Қазақстанға еріксіз қоныс аударуы. Қазақстанға еріксіз қоныс аударған халықтардың жағдайы.1940 жылдың басында пайдалануға берілген темір жол торабы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет