3 соөж тақырыбы: Әдебиеттің даму кезеңдері. Гегель, Кант, Ницше, Шопенгауер еңбектері Қайта өрлеу және Ағартушылық дәуірлерінде де өнердің жекеленген туындыларын талдау орын алған. Гегель «Эстетика бойынша лекцияларында»



Дата07.02.2022
өлшемі18,96 Kb.
#86879
түріЛекция
Байланысты:
3 срсп


3 СОӨЖ
Тақырыбы: Әдебиеттің даму кезеңдері. Гегель, Кант , Ницше, Шопенгауер еңбектері
Қайта өрлеу және Ағартушылық дәуірлерінде де өнердің жекеленген туындыларын талдау орын алған. Гегель «Эстетика бойынша лекцияларында» өнерді көркем шығармалардың жиынтығы ретінде қарастырды: «ұлттар өнер туындыларына өздерінің ішкі пайымдаулары мен түсініктерінің ең маңыздыларын енгізді, дін жалпы, ал кейбір ұлттардың даналығы мен діндерін түсінудің біден бір кілті болып табылады. Өнер дін және философиямен қатар тұрады, алайда оның бір ерекшелігі ең жоғарғы деңгейдегі пәндерді ол сезімдік формада көрсетіп, оны табиғатқа және өзінің көрінісіне жақынырақ етеді. Түйсік пен сезімдерге жақын етеді. Жоғары сезімдік әлемнің тереңдігіне ене отырып, ой алғаш оны тікелей сана мен сезімдерге сырттан келген пән ретінде қарама-қарсы қояды, дәл осы танымның еркін ойлауы сезімдік шынайылық пен шектеулік тән осы әлемнің билігінен босап шығады. Рух өзінің ұдайы қозғаласындағы осы әлеммен алшақтықты, осы жарақатты өзі емдейді; ол сыртқы, сезімдік, таза оймен келетін табиғат пен ақырғы шынайылықты ойлаудың шексіз еркіндігімен байланыстырып, өзінен өнер туындысын алғашқы буын ретінде туындатады».
Немiс философы Гегель эстетика терминiн «өнер философиясы» десек дұрыс болар едi деген екен. Маркс өнер әсемдiкпен тығыз байланысты, ол адамдарға эстетикалық ләззат берiп, оны ұғындыратын пән деп қарады. Егер сен өнерден ләззат алғың келсе, онда сен көркемдiк жағынан бiлiмдар адам болуың қажет дейдi. Өнер дегенiмiз – адамның болмысты бейнелеуiнiң айрықша формасы, өнердiң түрлерi көп: сәулет өнерi, сымбат өнерi, кескiн өнерi, әуез өнерi және сөз өнерi. Қандай сәулеттi сарайлар, әсем суреттер, әдемi ән-күй болсын, сөзбен суреттеп, көрсетуге болады, сөз өнерiнiң ерекшелiгi осында. Сөз өнерi өмiрдi әр қырынан көрсете алады. Ол адам өмiрiнiң ой-сезiмiне ой жiбере алады, адамның ең күрделi, ең нәзiк толқу-толғанысын түсiнiп, баяндап бере алады. Ауыз әдебиетiмен қатар халық музыкасы да дамыды. Қазақ халқы өлеңге шешен сөйлеуге қандай шебер болса, ән салуға, күй шығаруға да дарынды болды. Өлең-жырлары оймен сезiмге толы болып, әсемдiк пен сұлулық ұғымдарын тудырды. Қазақтар өнердi жоғары бағалаған, оның қоғамдағы орнын, күнделiктi тұрмысқа қажеттiгiн, қай өнердiң болсын, адам өмiрiне ықпал ететiндiгiн жақсы бiлген.
Негізгі өкілдері И. Кант және Г. Гегель болып табылатын неміс классикалық философиясы эстетикалық сананы зерттеудің маңызды сатысы болып табылады. Кант өзіне дейінгі ойшылдардың жинақталған теорияларын жалпылап, тұжырымдап, алғаш эстетикалық мазмұн жөнінде жүйелі және нақты теорияны қалыптастырады. Ол оны индивидуалды талғам мен әлемді объективті жолмен қабылдауды біріктіретін, сезімдік толқу – «мақсатсыз мақсаттылық» деп анықтайды. Автор индивидуалды және жалпыға ортақ диалектикасын эстетикалық қабылдаудың маңызды сипаттарының бірі ретінде басып айтады.
Гегель эстетикалық сананы сезімдік формада берілген Абсолюттік Идеяның дамуының бір сатысы деп есептеді. Оның өзін өзі тануы деп түсіндіреді. Өнерді жалпыадамзаттық және таптық бастаулардың өзара әрекетінің жемісі ретінде қарастырып, ол дегенмен, эстетикалық сананың қоғамның шынайы өмірмен байланысын теріске шығарып, оны Әлемнен тыс рухтың метафизикалық логикасына бағындырады. Оның отандасы Ф. Шиллер, керісінше, эстетикалық сана-ны тарихи және ұлттық шеңбердегі шарттармен негізделген деп түсінеді. Ол алғашқы қауымдық (антикалық) өнерге қатысты қызық пікір ұсынады, ол оны өзіндік бір уақыттан тыс идеал, ой мен сезім біріккен, адамгершілік пен сұлулық біріккен тұтастық деп қарастырады. Сол себептен, автор шынайы өнерді (осы идеалға жақын) адам болмысын үйлесімді етудің құралы, адамның сыртқы бөлшектенуі мен қоршаған орта және адам болмысының ішкі бөлшектенуін еңсеру деп есептейді.

Эстетикалық танымның гносеологиялық функциясы Шеллинг философиясында кеңінен қарастырылады. Ол эстетикалық қабылдауды философия, ғылым және дінді біріктіретін және шығармашылық интуиция арқылы материя мен рух арасындағы алшақтықты жеңуге қабілеті бар танымның ең жоғарғы түрі ретінде түсінеді. Эстетикалық танымның тарихи және әлеуметтік шарттармен негізделетінін жүйелі түрде қарастыру К. Маркске тиселі.


Эстетикалық сананы әлеуметтік шарттармен негізделген құбылыс ретінде қарастыруды позитивизм бағыты жалғастырып келеді, алайда әлеуметтік қырын биологиялық қырына балап, эстетикалық танымның негізі ретінде адамның биологиялық-психологиялық мәнін бөліп көрсетеді. Позитивистерде әлеуметтілік түсінігі эстетикалық компонентке ең аз көңіл бөлінетін статистикалық және психикалық фактілердің жиынтығына сай келеді. О. Конт өнерді өзіндік әлеуметтік факт, қоғам дамуының белгілі бір сатысының жемісі ретінде қарастырып, оны табиғи жүйенің өзіндік аналогы ретінде, ал суретшінің іс-әрекетіне психологиялық заңдылықтар негіз болады деп түсіндіреді. Сол себептен, позитивизм бағыты эстетикалық танымның біртұтас және жүйелі теориясын қалыптастыра алмайды.
Н.Г. Чернышевский бүкіл неміс трансцендентальді философиясын өмірдегі шынайы адамдармен емес, елестермен айналысты деп айыптады. «Әсемдік ол өмір» деген формуланы ұстана отырып, ол адамның түсініктеріне сай келесі тұжырымды негіздейді: «адамға оның өмірді қабылдауына сай құбылыс немесе тіршілік керемет болып көрінеді, ал керемет зат – оған өмір туралы есіне салатын зат болып табылады. Чернышевскийдің пікірінше, өмір өзінің ең жоғарғы үйлесімді түрінде адамда көрінеді, сол себептен, адам кез келген сұлулық көрінісінің өлшемі, ол белгілі бір деңгейде әсемдіктің идеалы мен қалған әлемде жалпы әсемдікті анықтайтын субъект болып табылады. Өмірдің толықтығы әсемдік мәнін қамтып, эстетикалық қабылдаумен («қуаныш») анықталады, яғни, субъективті фактор негізінде: «әсемдік дегеніміз ол бізді шаттандыратын, біздің өмірді қабылдауымыз».
Біздің өмірдің толықтығы туралы түсінігімізге сәйкес келмейтін заттардың бәрінің әсемдікке қатысы жоқ, ал бұрмаланған түрдегі бақытсыздық пен көріксіздік ол ұсқынсыз нәрсе ретінде бағаланады. Ол өмірді толыққанды жүзеге асыруға кедергі келтіретін белгілі бір сәтсіз оқиғалардың нәтижесінде пайда болады. Сол себептен «органикалық табиғатқа енетін өмірге деген құлшыныс сонымен қатар әсемдікті туындатуға деген құлшыныс болып табылады».
Эстетикадағы Чернышевскийдің ізбасарларының бірі Д.И. Писарев болды. Ол «өмір өнерден де жоғары» және «өнер өз-өзіне мақсат болмауы тиіс» деп тұжырымдады ( «таза өнердің» қасдұшпаны болды). Өнерден ол реализмді талап етті және сол арқылы әлеуметтік-саяси мәселелерді шешуде өнердің нақты пайдасын көрді (әсіресе әдебиет), мәселен, «жалпыадамзатқа ортақ ынтымақтастық идеясын жүзеге асыру үшін» немесе «халықтың игілігі үшін» қызмет ету. Дегенмен ол үлкен арманға мақсат алған шеберлерді аса жоғары бағалады («қиял титандары»), әсіресе, ол бірінші кезекте, әділетті қоғам құрылымы туралы «арманды» меңзеді. Позитивистік және материалистік идеялардың ықпалының әсерімен ол пайданы сұлулыққа қарсы қойып, «адам
жарық дүниеде ұзақ өмір сүрген сайын ақылдырақ бола бастайды, алайда, таза сұлулыққа немқұрайлы бола бастайды, әрекеттік күші мен шынайы игілігі бар адам тұлғасының қасиеттерін бағалай бастайды, сұлулықта объективтілік жоқ, ол субъективті талғамдар мен әуестікке негізделеді, сол себептен, қазіргі заман адамы-ғылыми білім алған реалистке қызықсыз болып келеді».
Л. Н. Толстойдың пікіріне сәйкес, өнердің міндеті ол адамзат жинақтаған ең керемет және ең мықты сезімдерді жеткізу. Ф.М. Достоевский әсемдікті сұлулық пен қайырымдылықтың біртұтас христиандық идеалының бір құрамы ретінде қарастырады.
Қазақстандық философияда эстетикалық таным мәселесі алғаш Б.Р. Қазыханованың «Қазақ халқының эстетикалық мәдениеті» атты монографиясында көтерілді. Монографияда қазақ халқының эстетикалық мәдениетінің қалыптасуы жөнінде біртұтас зерттеу жүргізуге әрекет жасалды. Бұл жерде автор өзінің басты назарын ақындық шығармашылық пен эстетикалық мәдениеттің дамуына зор үлестерін қосқан танымал ойшылдар мен суретшілердің шығармашылығына аударады. Олар: Қорқыт ата, Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Бұхар-жырау, Қалқаманұлы және т. б. Абай Құнанбаевтың көркем мұрасының үлкен эстетикалық құндылығы бар, оның мұрасында ақынның әлем мен адамзат өмірін эстетикалық қабылдаудың ерекшелігі, көркем танымның мақсаты мен әлеуметтік рөлі, өнер мен поэзия, олардың қоғамдық өмір мен қоршаған шынайылықпен тығыз байланысы жөніндегі идеялары жарқын көрінеді. Қазақ халқының рухани мәдениетінің қалыптасып, дамуында Абай рөлі мен маңызы өте зор, баға жетпес, олар: халықтық, поэзия реализмі,ақын шығармашылығының халық өмірімен тығыз байланысы, терең гуманизм мен адамгершілік, табиғи жомарттық пен дарындылық, ақынның жан-жақты энциклопедиялық ойлауы. Абай пікірінше, эстетикалық идеал бұл этикалық және эстетикалықтың мазмұнның бірлігі болып табылады, атап айтар болсақ, адамгершілік кемелділік, рухани кемелдену, физикалық кемелдену, дамыған көркем талғам мен гуманистік сана.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет