3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу


«География» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары



бет2/2
Дата03.01.2022
өлшемі309,06 Kb.
#108440
1   2
Байланысты:
96039555b1ee3e6a26e63a6105bd82ae1eba4b09
9ef5257cd8d13fe4f05cf6ed0e6615131fa9b87b (1)
«География» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

Тапсырмалар:

1.Табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің қалыптасуындағы басты ұқсастықты атаңыз.

А) жылу мен ылғалдың арақатынасы

В) қысым мен жылудың арақатынасы

С) қысым мен ылғалдың арақатынасы

D) желдер мен ылғалдың арақатынасы [1]

2. Берілген мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап жазыңыз

а) Табиғат зонасының атауын табыңыз. ______________________________________ [1]

(b) Табиғат зонасының басты ерекшелігін анықтаңыз. __________________________ [1]

Толық жетілмеген батпақты топырақтардағы мүкті-қыналы және бұталы өсімдіктерден тұратын табиғат зонасы. Мұнда күшті желдер мен қарлы борандар жиі соғады. Сондықтан бұталы өсімдіктер жерге төселіп өседі. Ең көп тараған өсімдік - бұгы мүгі, солтүстік бұғыларының негізгі азығы болып табылады.

3. Мәтінді мұқият оқыңыз. Берілген мәтінді қолданып, географиялық қабықтың құрамы сызбасын толықтырыңыз.



XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында осы географиялық қабық туралы ілім негізі қаланды. Географиялық қабық ілімінің қалыптасуына А. Гумбольдт, В.В. Докучаев және В.И. Вернадский еңбектері зор. Географиялық қабық ғаламшарда ең үлкен табиғат кешені болып табылады. Географиялық қабық дегеніміз – Жер шарының біртұтас қабығы. Оның құрамдас бөліктері: атмосфераның төменгі қабаттары, литосфераның жоғарғы қабаттары, гидросфера, биосфера олардың арасында зат пен энергия алмасуы жүреді. Заттар: қатты, сұйық, газ тәрізді. Энергияны күннен алады. Зат пен энергия айналымы: ауа айналымы, су айналымы, биологиялық айналым, жер қыртысындағы зат пен энергия айналымы үздіксіз тізбекті құрайды.

[4]


4. Дүниежүзі халықтарының ұдайы өсу типтері картасын қолданып, сұрақтарға жауап беріңіз.

(a) Ұдайы өсудің І типіне жататын Шетелдік Европаның бір мемлекетін анықтаңыз. __________________________________________________________________________ [1]

(b) Ұдайы өсудің ІІ типіне жататын Африканың бір мемлекетін анықтаңыз. __________________________________________________________________________ [1]

(c) Ұдайы өсудің І типіне жататын Шетелдік Азияның бір мемлекетін анықтаңыз. __________________________________________________________________________ [1]

(d) Ұдайы өсудің ІІ типіне жататын Оңтүстік Американың бір мемлекетін анықтаңыз. ___________________________________________________________________________ [1]

5. Берілген кестедегі елдердің табиғи өсуін бағаналы диаграммада көрсетіңіз.



Мемлекет

Табиғи өсу ‰

Мемлекет

Табиғи өсу ‰

Оман

49

Украина

-6,2

Ирак

36

Ресей

-5,2

Кот-д Ивуар

35

Белоруссия

-4,0

[2]

6. Картаны қолдана отырып, елдерді демографиялық проблемалары бойынша жіктеңіз.




Ұдайы өсу коэффициентінің жоғары болуына байланысты азық-түлік жетіспейтін елдер (2 мемлекет)

Ұдайы өсу коэффициентінің жоғары болуына байланысты жердің дауы туындайтын елдер (2 мемлекет)

Ұдайы өсу коэффициентінің төмен болуына байланысты ұлттардың жоғалып кету қаупі туындайтын елдер (2 мемлекет)









[3]

7. Төмендегі сызбаға қарап, талдау жасаңыз.




(a) Табиғатта өсімдіктердің азаюына әсер ететін адамның бір әрекетін атаңыз. ______________________________________________________________________ [1]

(b) Табиғаттағы жануарлардың азаюына әсер ететін адамның бір әрекетін атаңыз. ______________________________________________________________________ [1]

(c) Адам үшін өсімдік пен жануардың бір маңызын жазыңыз. _____________________________________________________________________ [1]

(d) Биологиялық ресурстарды қорғау жолын қарастырыңыз. _______________________________________________________________________ [1]

8. (a) Ұлыбританияның 2016 жылғы халық санына байланысты деректерін пайдалана отырып, ел халқының жалпы өсімін есептеңіз.



Туылған адам саны

819 401

Келгендер адамдар саны

600000

Қайтыс болған адам саны

595 397

Кеткен адамдар саны

270 000

Халықтың табиғи өсімі, адам




Көші-қон бойынша халықтың өсімі, адам




Халықтың жалпы өсімі 2016 жыл, адам




[3]

(b) Ұлыбритания халқының саны қандай көрсеткіш есебінен көбейіп отырғанын анықтаңыз. Себебін түсіндіріңіз. ________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ [2]

9. Өз аймақтарыңыздағы табиғи ресурстың бір түрін алып, төмендегі жоспар негізінде талдаңыз. (а) Табиғат ресурсының жергілікті жер үшін маңыздылығына 1 дәлел келтіріңіз. _____ [1]

(b) Табиғи ресурстың жергілікті жердің экономикасын дамытудағы үлесіне 1 дәлел келтіріңіз. ________________________________________________________________ [1]

(с) Пайдалану кезінде қоршаған ортаға әсерін 1 мысалмен жазыңыз. _____________ [1]

(d) Өндіру кезіндегі әсеріне экологиялық баға беріңіз. _________________________ [1]



(е) Экономикалық маңызы мен экологиялық әсерін салыстырып, қорытынды жазыңыз. _________________________________________________________________________ [1]

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет