3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Физикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Дата11.02.2022
өлшемі364,09 Kb.
#131450
Байланысты:
жиынтык 8 сынып 2022ж


3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

«Физикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау





Тақырып

Географиялық қабықтың құрамы мен құрылысы.Географиялық қабықтың заңдылықтары.





Оқу мақсаты



8.3.5.1. Географиялық қабықтың құрамы мен құрылысын графикалық түрде көрсетіп, түсіндіреді
8.3.5.2. Географиялық қабық заңдылықтарының маңыздылығын түсіндіреді



Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Географиялық қабықтың құрамы мен құрылысын графикалық түрде бейнелейді

  • Географиялық қабық заңдылықтарының маңыздылығын сипаттайды




Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану



Орындау уақыты

15 минут



Тапсырма



  1. Берілген анықтамаға сүйеніп, сызбаны толықтырыңыз.


Географиялық қабық дегеніміз – жер шарының біртұтас қабығы. Оның құрамына атмосфераның төменгі қабаты, литосфераның жоғарғы қабаты, гидросфера мен биосфера кіреді, олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты және олардың арасында ұдайы зат және энергия айналымы жүріп отырады.

«Географиялық қабықтың құрылысы» сызбасы







  1. Мәтінді оқып шығыңыз.

(a) Географиялық қабықтың негізгі заңдылықтарын анықтаңыз.
(b) Мәтіннен негізгі заңдылықтарға қатысты көрсетілген мысалдарды табыңыз.

Географиялық қабықтың құрылымы мен дамуында өзіндік заңдылықтары.

Географиялық қабықтың құрылымы мен дамуында өзіндік заңдылықтар бар. Олар бүкіл географиялық қабыққа да, оның жекелеген компоненттері мен шағын көлемді табиғаты кешендеріне де ортақ болып келеді. Осы заңдылықтарды білу айнала қоршаған табиғатқа нұқсан келтірмей, табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Географиялық қабықтың аса маңызды жалпы заңдылықтарына оның тұтастығы, зат және қуат алмасуы, ырғақтылығы, зоналылық жатады. Географиялық қабықтың тұтастығына оның құрамдас бөліктеріне өзара байланысы мен олардың бір-біріне тәуелді болуынан көрінеді. Егер осы компоненттердің біреуі өзгеріске түссе табиғат тепе –теңдігінің заңдылығы бұзылады, яғни қазіргі дүниежүзінде болып жатқан табиғи экологиялық өзгеріске ұшырайды.


Батпақтардың құрғату кезінде топырақтың сортаңдануы, ауыл шаруашылығын дұрыс жүргізбеуі салдарынан құнарлы жерлер шөлге айналып кетуі мүмкін. Географиялық қабықтағы компоненттердің өзара байланысы тоқтаусыз жүретін зат алмасуы нәтижесіндегі жүзеге асады. Географиялық қабық компоненттері алмасуының бірнеше түрі бар. Атмосферадағы ауа айналымы, гидросферадағы су айналымы, литосферадағы зат айналымы. Жердің Күнді айналуы табиғаттағы жыл ішіндегі ырғақтылықты тұғызады. Ол температура мен жауын-шашынның жылдық барысынан, кейбір ендіктерде жыл мезгілдерінің ажыратылуынан, өзендердегі су режимімен, құстардың жылы жаққа қайтуларынан, қыста ұйқыға кететін жануарлардан және т.б. құбылыстардан айқын көрінеді. Жердің даму тарихында жүздеген мыңдаған миллиондаған жылдарды қамтиды. Мысалы апаттар, жер сілкінулер, климаттың суынуы т.б. Материктер мен мұхиттардағы табиғат кешендерінің құрайтын табиғат компоненттері экватордан полюстерге қарай географиялық зоналылық заңдылығына сәйкес өзгереді. Жер бетіндегі Күн жылуының әркелкі таралуынан экватордан полюстерге қарай тек климат қана емес, сондай ақ жер бедерінің сыртқы күштерінің әсер етуі, өзен мен көлдердің ерекшеліктері, топырақ түзілу процестері, өсімдіктер, жануарлар дүниесі де заңды түрде өзгеріп отырады.



Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Географиялық қабықтың құрамы мен құрылысын графикалық түрде бейнелейді.



1

географиялық қабықтың құрылымын сызбада көрсетеді:
жердің ішкі қуаты;
литосфераның жоғары қабаты
атмосфера,күн қуаты;
гидросфера;
биосфера;
тропосфера;

1
1
1
1
1
1

Географиялық қабық заңдылықтарының маңыздылығын сипаттайды.

2

географиялық қабықтың негізгі заңдылықтарын анықтайды;

1

негізгі заңдылықтарға қатысты көрсетілген мысалдарды табады.

1

Жалпы балл

8


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет