ЭхоКГ қолқадан сол қарыншаға қанның регургитациясын анықтау, қуыстарын тексеру
ФКГ шуды тіркеу, тондардың амплитудасын тексеру
Рентгенографияда қолқалық конфигурация (жүректің отырған үйрекке ұқсауы)
Қуыстарды катетеризациялау арқылы қысымды өлшеу( сол қарыншада қысымның артуы)
Дәрігерге 15 жасар қыз келіп мынандай шағымдарды айтты: әлсіздік, жүректің тұсының ауруы, жиі соғуы, күш түскенде ентігуі, басының ауырсынуы. Жас кезінде ангинамен көп ауырған, толық емделмеген. Қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, еріндерінің көгеруі байқалады. Өкпеде везикулалық тыныс, тыныс алу жиілігі - 22 рет бір минутта. Жүректің шала тұйық шекарасы: жоғары шегі 2-ші қабырға тұсында, жүрек соғу жиілігі 88 рет бір минутта, жүрек ұшы үстінде І тонның күшеюі мен диастолалық шу, митральды қақпақтың ашылу тоны естіледі. Артериалды қысым 90/60 мм.сын.бағ.
1. Негізгі және қосымша шағымдарын ажыратыңыз?
2. Негізгі және қосымша синдромдарды бөліңіз және сипаттаңыз.
3.Негізгі синдромды дәлелдеу үшін ең қажетті зерттеулерді және анықталатын өзгерістерді сипаттаңыз.
1.Негізгі шағымдар: жүректің тұсының ауруы, жиі соғуы, күш түскенде ентігуі.
Қосымша шағымдар: басының ауруы, әлсіздікке
2.Синдромдар
Жүрек қақпақтарының зақымдалу синдромы ( Митральды стеноз) : еріндерінің көгеруі, Жүректің шала тұйық шекарасы: жоғары шегі 2-ші қабырға тұсында, жүрек соғу жиілігі 88 рет бір минутта, жүрек ұшы үстінде І тонның күшеюі мен диастолалық шу, митральды қақпақтың ашылу тоны естіледі.
Астеновегетативті синдром: басының ауруы, әлсіздікке
3. Зерттеу әдістері:
ЭКГ(сол жүрекшенің гипертрофия белгілері) Р mitrale
ЭхоКГ митральды қақпақтың тесігінің диаметрін анықтау, жармаларын,қуыстарын тексеру
ФКГ шуды тіркеу, тондардың амплитудасын тексеру
Рентгенографияда митральды конфигурация (жүрек мықынының тегістелуі)
Қуыстарды катетеризациялау арқылы қысымды өлшеу(сол жүрекшеде қысымның артуы)
Дәрігерге 36 жасар ер кісі, шофер, өзінің шағымдарын айтып берді: көп жүргенде, 2 этажға көтерілгенде ентігеді, салқын болғанда буындары қақсап ауырады, жатқанда – жөтеле бастайды, анда-санда аз мөлшерде қан түкіреді, кейде түнде тұншығудан оянады. Бұл жағдай 2-2,5 жыл алдын басталып, біртіндеп күшейіп жатыр, ал ентікпе одан да ертерек сезіле басталды. Жас кезінде жылына – 2-3 рет ангинамен ауырған, жақын туыстары сау. Қарағанда: бет ұштары қызара көгеріп тұр. Өкпені тыңдағанда жауырын астарында әлсіреген везикулалық тыныс және крепитация естіледі, ТАЖ-20 рет бір минутта. Сипап қарағанда – жүрек тұсында диастолалық діріл сезіледі. Сол қолында пульстің толықтығы оң жақпен салыстырғанда төмен. Жүректің шала тұйық шекарасы: жоғары шегі 2-ші қабырға аралықта. Тыңдағанда – жүрек ұшында І тон күшейген, ІІ тон жарықшақтанған, ІІ тоннан кейін үдеп өсетін шу естіледі, ЖСЖ – 88 рет 1 мин. Қол аяқ буындары өзгермеген, іспеген, ауырсынусыз, қимылдары шектелмеген.
1. Негізгі және қосымша шағымдарын ажыратыңыз?
2. Негізгі және қосымша синдромдарды бөліңіз және сипаттаңыз.
3.Негізгі синдромды дәлелдеу үшін ең қажетті зерттеулерді және анықталатын өзгерістерді сипаттаңыз.
1.Негізгі шағымдар: : көп жүргенде, 2 этажға көтерілгенде ентігеді, жатқанда – жөтеле бастайды, анда-санда аз мөлшерде қан түкіреді, кейде түнде тұншығу
Қосымша шағымдар: буындары қақсап ауырады
2.Синдромдар
Жүрек қақпақтарының зақымдалу синдромы ( Митральды стеноз) : бет ұштары қызара көгеріп тұр, жүрек тұсында диастолалық діріл ,Сол қолында пульстің толықтығы оң жақпен салыстырғанда төмен. Жүректің шала тұйық шекарасы: жоғары шегі 2-ші қабырға аралықта сол жүрекшенің гипертрофиясы есебінен). Тыңдағанда – жүрек ұшында І тон күшейген, ІІ тон жарықшақтанған, ІІ тоннан кейін үдеп өсетін шу естіледі
Буындық синдром: буындары қақсап ауырады
Достарыңызбен бөлісу: |