3. Зерттеу әдістері: экг



бет7/29
Дата23.02.2023
өлшемі90,5 Kb.
#169964
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29
Байланысты:
3. Зерттеу дістері экг

3. Зерттеу әдістері:
ЭКГ(сол жүрекшенің гипертрофия белгілері) Р mitrale
ЭхоКГ митральды қақпақтың тесігінің диаметрі тарылғанын анықтау, жармаларын,қуыстарын тексеру
ФКГ шуды тіркеу, тондардың амплитудасын тексеру


Рентгенографияда митральды конфигурация (жүрек мықынының тегістелуі)
Қуыстарды катетеризациялау арқылы қысымды өлшеу(сол жүрекшеде)

56 жастағы ер науқас М., кардиология бөлімшесіне қорқыныш сезімі, төс астында ұзақ уақыт бойы ұстама тәріздес күйдіріп ауырсыну, әлсіздік,қорқыныш сезімі, тершеңдік пайда болғаннан кейін түскен.


Анамнезінде: 7 жыл бойы жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия) сырқатымен кардиолог дәрігерде «Д» есепте тұрады. Соңғы ұстамалы ауырсыну тыныштық күйде пайда болып, 1,5 сағаттан ұзаққа созылған, нитроглицерин таблеткасы көмектеспеген. Объективті: Тері қабаттары бозғылт, ылғалды. Өкпесінде сырыл жоқ, везикулярлы тыныс. Жүрек тондары ырғақты, тахикардия, ЖСЖ-110 рет минутына, АҚҚ-80/50 мм.с.б. ЭКГ нәтижесі: I, AVL,V1-V2, V3,V4 тіркемелерінде ST сегментінің изосызықтан биік ауытқыған, Т тісшесімен бірігіп кеткен, патологиялық Q тісшесі анықталды.
1. Негізгі және қосымша шағымдарын ажыратыңыз?
2. Негізгі және қосымша синдромдарды бөліңіз және сипаттаңыз.
3.Негізгі синдромды дәлелдеу үшін ең қажетті зерттеулерді және анықталатын өзгерістерді сипаттаңыз.
1.Негізгі шағымдар: төс астында ұзақ уақыт бойы ұстама тәріздес күйдіріп ауырсыну, қорқыныш сезімі,
Қосымша шағымдар:
2.Синдромдар
Коронарлық синдром (Миокард инфаркты) : Соңғы ұстамалы ауырсыну тыныштық күйде пайда болып, 1,5 сағаттан ұзаққа созылған, нитроглицерин таблеткасы көмектеспеген. Жүрек тондары ырғақты, тахикардия, ЖСЖ-110 рет минутына, АҚҚ-80/50 мм.с.б.
Астеновегетативті синдром: әлсіздік, тершеңдік ,Тері қабаттары бозғылт, ылғалды.
3. Зерттеу әдістері:
Танометрия АҚҚ-80/50 мм.с.б.
ЭКГ(I, AVL,V1-V2, V3,V4 тіркемелерінде ST сегментінің изосызықтан биік ауытқыған, Т тісшесімен бірігіп кеткен, патологиялық Q тісшесі.
Анализдер: ҚЖА (лейкоцитоз ,ЭТЖ жоғарылауы-қайшы симптомы),Тропанин Т және Тропанин І
ЛДГ АсаТ. АлаТ. Каогуллограмма

55жастағы ер науқас жедел жәрдем көмегімен ауруханаға жеткізілді. Анамнезінен: сонғы 3 жыл бойы күш түскенде, эмоциялық қобалжу күйінде жүрек аймағында қысып ауырсыну мазалайды, бірақ науқас арнайы ем қабылдамаған, тек қана ұстама кезінде тіл астына нитроглицеринді қолданатын. Қарағанда: науқас селқос, қоршаған ортаға көңіл бөлмейді, терісі суық және бозғылт, мұздай жабысқақ тер басқан. Қан қысымы- 80/50 мм. сын. бағ. Тамырдың соғуы жылдам, әлсіз. ЭКГ-да: I, AVL, V1-V6 тіркемелерінде ST- аралығы изосызықтан жоғары ауытқыған, Т тісшесімен қосылып кеткен (ST+Т).



  1. Негізгі және қосымша шағымдарын ажыратыңыз?

2. Негізгі және қосымша синдромдарды бөліңіз және сипаттаңыз.
3.Негізгі синдромды дәлелдеу үшін ең қажетті зерттеулерді және анықталатын өзгерістерді сипаттаңыз.
1.Негізгі шағымдар сонғы 3 жыл бойы күш түскенде, эмоциялық қобалжу күйінде жүрек аймағында қысып ауырсыну мазалайды
Қосымша шағымдар: жоқ
2.Синдромдар
Коронарлық синдром (Миокард инфаркты) : : науқас селқос, қоршаған ортаға көңіл бөлмейді, терісі суық және бозғылт, мұздай жабысқақ тер басқан. Қан қысымы- 80/50 мм. сын. бағ. Тамырдың соғуы жылдам, әлсіз. ЭКГ-да: I, AVL, V1-V6 тіркемелерінде ST- аралығы изосызықтан жоғары ауытқыған, Т тісшесімен қосылып кеткен (ST+Т).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет