3. Зерттеу әдістері: экг



бет8/29
Дата23.02.2023
өлшемі90,5 Kb.
#169964
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29
Байланысты:
3. Зерттеу дістері экг

3. Зерттеу әдістері:
Танометрия АҚҚ-80/50 мм.с.б.
ЭКГ(I, AVL, V1-V6 тіркемелерінде ST- аралығы изосызықтан жоғары ауытқыған, Т тісшесімен қосылып кеткен (ST+Т).
Анализдер: ҚЖА (лейкоцитоз ,ЭТЖ жоғарылауы-қайшы симптомы),Тропанин Т және Тропанин І
ЛДГ АсаТ. АлаТ. Каогуллограмма

56 жастағы науқас әйел терапиялық бөлімшеге келесі шағымдармен түсті: басының ауруы, бас айналуы, құлағының шулауы, жүрек тұсының сыздап ауырсынуы, көз көруінің нашарлауы.


Қарағанда жалпы жағдайы орта ауырлықта, артық салмағы бар, беті домбыққан, қуқыл, қабақтары ісінген. Санасы анық. Жүректің шала тұйық шекарасы сол бұғана ортасы сызығынан 2 см сыртқа орналасқан, ЖҰТ 6 қабырға аралықта, күшейген, жайылған,жоғары, серпімді, тондары анық, ырғақты, қолқа қақпағының үстінде II тонның акценті, пульс кернеуі жоғары, қатты, толық,қатайған, минутына 85 рет, АҚҚ 200 /110 мм сын. бағ.
1. Негізгі және қосымша шағымдарын ажыратыңыз?
2. Негізгі және қосымша синдромдарды бөліңіз және сипаттаңыз.
3.Негізгі синдромды дәлелдеу үшін ең қажетті зерттеулерді және анықталатын өзгерістерді сипаттаңыз.
1.Негізгі шағымдар : басының ауруы, бас айналуы, құлағының шулауы, жүрек тұсының сыздап ауырсынуы, көз көруінің нашарлауы.
Қосымша шағымдар: жоқ
2.Синдромдар
Гипертензиялық синдром (Артериальды гипертензия 3 дәреже). Сол қарыншаның гипертрофиясы : Жүректің шала тұйық шекарасы сол бұғана ортасы сызығынан 2 см сыртқа орналасқан, ЖҰТ 6 қабырға аралықта, күшейген, жайылған,жоғары, серпімді, қолқа қақпағының үстінде II тонның акценті, пульс кернеуі жоғары, қатты, толық,қатайған, АҚҚ 200 /110 мм сын. бағ.


3. Зерттеу әдістері:
Танометрия АҚҚ-200/110 мм.с.б.
ЭКГ сол қарыншаның гипертрофиясы белгілері
Эхо КГ
Узи бүйрек,бүйрекүсті безі нефрогенді гипертензияны ажырату үшін
Анализдер: ҚЖА (гемотокрит,СОЭ), БХА ( глюкоза, холестерин, креатинин, мочевина, Каогуллограмма) Бүйрекүсті без \,қалқанша без гормондар тексеру
46 жастағы ер кісі, цех бастығы, кардиология бөліміне жедел жәрдем көмегімен келесі шағымдармен жеткізілді: 2 сағат бұрын дамыған сол жақта самайының қатты ауырсынуы, бас айналуы, көз алдында шіркейлердің ұшуы.

Объективті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, тері жамылғылары ылғалды, қызарған. Жүректің сол жақ шала тұйық шекарасы сол бұғана ортасы сызығынан 1 см сыртқа ығысқан, ЖҰТ 5 қабырға аралықта, күшейген; тондары анық, ырғақты, қолқа қақпағының үстінде II тонның акценті, пульс кернеуі жоғары,қатты, толық,қатайған, минутына 98 рет, АҚҚ 180/100 мм сын. бағ.


1. Негізгі және қосымша шағымдарын ажыратыңыз?
2. Негізгі және қосымша синдромдарды бөліңіз және сипаттаңыз.
3.Негізгі синдромды дәлелдеу үшін ең қажетті зерттеулерді және анықталатын өзгерістерді сипаттаңыз.
1.Негізгі шағымдар : : 2 сағат бұрын дамыған сол жақта самайының қатты ауырсынуы, бас айналуы,
Қосымша шағымдар: көз алдында шіркейлердің ұшуы
2.Синдромдар
Гипертензиялық синдром (Артериальды гипертензия 3 дәреже). Сол қарыншаның гипертрофиясы : Жүректің сол жақ шала тұйық шекарасы сол бұғана ортасы сызығынан 1 см сыртқа ығысқан, ЖҰТ 5 қабырға аралықта, күшейген; тондары анық, ырғақты, қолқа қақпағының үстінде II тонның акценті, пульс кернеуі жоғары,қатты, толық,қатайған, минутына 98 рет, АҚҚ 180/100 мм сын. бағ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет