3. Зерттеу әдістері:
Кеуде сарайының көлемді Рентгенографиясы,КТ
Пикфлоуметрия. Спирометрия, спирография, пневмотахометрия
Анализдер: ҚЖА (лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы), БХА ( СРБ ) Анализ қақырық (лейкоциттер) .бактерологиялық анализі
Нақас 25 жаста, шағымдары: тот басқан қақырық бөлінетін жөтелге, физикалық күш түскенде ентігуге, бет ұштарының қызаруына, қалтырау, дене қызуының 390. С жоғарылауы. Ауруы 2 күн бұрын басталған, кенеттен дене қызуының 390. С жоғарылауы мазалаған.
Объективті тексергенде: тері қабаттары бозғылт, ыстық. Еріндерінде герпес. Кеуде қуысының оң бөлігі тыныс алу актісінде қалыңқы. Пальпаторлы- дауыс дірілі күшейген. Перкуторлы дыбыстың қысқаруы жауырын бұрышынан төмен, осы жерде аускультацияда әлсіз везикулалық тыныс, крепитация естіледі.
Рентгенде: оң өкпенің төменгі бөлігінде интенсивті қараю, контурлары анық, өкпе суреті күшейген.
1. Негізгі және қосымша шағымдарын ажыратыңыз?
2. Негізгі және қосымша синдромдарды бөліңіз және сипаттаңыз.
3.Негізгі синдромды дәлелдеу үшін ең қажетті зерттеулерді және анықталатын өзгерістерді сипаттаңыз.
1.Негізгі шағымдар тот басқан қақырық бөлінетін жөтелге, физикалық күш түскенде ентігуге,
Қосымша шағымдар бет ұштарының қызаруына, қалтырау, дене қызуының 390. С жоғарылауы
2.Синдромдар
Өкпе тінінің қабыну синдромы (Оң жақты Пневмония). Кеуде қуысының оң бөлігі тыныс алу актісінде қалыңқы. Пальпаторлы- дауыс дірілі күшейген. Перкуторлы дыбыстың қысқаруы жауырын бұрышынан төмен, осы жерде аускультацияда әлсіз везикулалық тыныс, крепитация естіледі.
3. Зерттеу әдістері:
Кеуде арайының көлемді Рентгенографиясы Рентгенде: оң өкпенің төменгі бөлігінде интенсивті қараю, контурлары анық, өкпе суреті күшейген.
Анализдер: ҚЖА (лейкоцитоз,ЭТЖ жоғарылауы), БХА ( СРБ, фибриноген)
Қақырықтың бактерологиялық анализі
60 жастағы науқастың халі ауыр, дене температурасы 400С, көп мөлшерде іріңді қақырық тастайды, иісі жағымсыз.
Объективті: Кеуде қуысының оң бөлігі тыныс алу актісінде қалыңқы, перкуссияда анық өкпелік дыбыс, оң жақта ортаңғы бөлікте дабыл дыбыс естіледі, аускультация кезінде осы жерде амфоралық тыныс, ТАЖ-25 рет минутына.
Рентгенде: өкпенің оң бөлігінде бірнеше сақина тәрізді көлеңкелер бар, дм – 5-6 см. Біреуінің ішінде көлденең деңгейі бар. Қанның жалпы анализінде лейкоциттер 18х109/л, лейкоформула солға ығысқан.
1. Негізгі және қосымша шағымдарын ажыратыңыз?
2. Негізгі және қосымша синдромдарды бөліңіз және сипаттаңыз.
3.Негізгі синдромды дәлелдеу үшін ең қажетті зерттеулерді және анықталатын өзгерістерді сипаттаңыз.
1.Негізгі шағымдар көп мөлшерде іріңді қақырық тастайды, иісі жағымсыз.
Қосымша шағымдар дене температурасы 400С
2.Синдромдар
Өкпеде қуыс пайда болу синдромы. Кеуде қуысының оң бөлігі тыныс алу актісінде қалыңқы, перкуссияда анық өкпелік дыбыс, оң жақта ортаңғы бөлікте дабыл дыбыс естіледі, аускультация кезінде осы жерде амфоралық тыныс, ТАЖ-25 рет минутына.
Достарыңызбен бөлісу: |