30 Бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың әдістемесі 31



Дата14.02.2020
өлшемі20,39 Kb.
#58063
Байланысты:
31-40


30

Бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың әдістемесі 











31

Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау – оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.

Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды.

Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.

Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.

Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы бар. Мектептің, мұғалімдер ұжымының жұмысын білімді басқару органдары оқушылардың үлгеріміне қарап бағалайды. Мектеп әкімшілігі, қалалық, аудандық, облыстық білім беру ісін басқару органдары, Білім және ғылым министрлігі оқушылардың білімдерінің сапасын, мектеп және мұғалімдердің жұмысының жетістіктерін және кемшіліктерін білу үшін бақылау және тексеру жұмыстарын береді.

2. Білімді тексеруге қойылатын талаптар:

•    тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді;

•    әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.

•    оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру - білімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды.

•    оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;

•    білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;

•    байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;

•    мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;

•    бағаны әділ қойылуы;

•    оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;

•    әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;

•    бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі..











32


Оқушылардың математикадан оқу жетістіктерін бағалау жүйесі. 

Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. [МАН,  107 бет]

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:

Мектепте оқыту сапасын жоғарлату

Мектеп  бітірушілердің білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

Критериалды бағалаудың міндеттері:

Сабақтың әр  бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;

Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;

Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;

Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;

Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының  әділдігіне көзін жеткізуге;

Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;

Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге

Практикалық маңызы

Тек қана оқушы жұмысы бағаланады;

Орындалған жұмыс алдын ала белгілі үлгі (эталонмен) салыстырылады;

Оқушы өзінің жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін нақты бағалау алгоритмін біледі және ата-анасына ақпарат бере алады;

Критериалды бағалау белгілі оқу мақсаты бойынша бағаланады

Критериалды бағалаудың маңызы:

Мұғалімдер үшін:

Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға; Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға; Сабақ берудің сапасын арттыруға;

Оқушының жеке  ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға; Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;тОқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге Оқушылар үшін: Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға; Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;

Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге; Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге

Ата-аналар үшін:

Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;

Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;

Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.












33.

Сабақ: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Сабақтың мақсаты: 8 саны мен цифрымен , оның сандар құрамындағы орнымен таныстыру. Оқушыларды 8 санын дұрыс жаза білуге үйрету.

Сабақтың типі: Ойын , аралас сабақ.

І Ұйымдастыру мезеті: Көңіл – күй ахуалы, ынталандыру.

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз

Жарқырайды даламыз

Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Білімді еске түсіру, қайталау.

Ойын. «Орманға саяхат»

Балалар сендердің қазір алысқа сандар орманына саяхатқа барғыларың келе ме?

Олай болса, орманға тез бару үшін қандай көлікке отырайық? Машинаға бәріміз сыймаймыз. Атқа отыру үшін бізге көп ат керек, Неге отырсақ екен?

Иә, балалар пойызға отырып барайық. Пойызға отыру үшін бізде оған отыруға рұқсат қағаз , билет болуы керек. Билет ақшаға сатылады. Біздің ақшамыз жоқ. Сондықтан пойызға отыру үшін біз мына тапсырманы бәріміз бірге орындайық.

Алғашқы аялдама «Касса» аядамасының тапсырмасы:











34

Сандардың нумерациясын оқыту әдістемесі

Сандар нумерациясының алғашқы кезеңі:

1.Он көлеміндегі сандар

Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына он көлеміндегі сандарды меңгерту.

Міндеттері:

1. Сан ұғымын енгізуге дайындық ретінде 10 көлеміндегі сандарды санау.

2. Сан және цифр туралы түсінік беру. Он көлеміндегі сандардың атауын және сандарды шығарып алудың әртүрлі тәсілдерін меңгерту.

3.1-10ға дейін 10-1ге дейін санау.

4. Сандар қатары ұғымын енгізу. Сандар қатарында әрбір санның ретін, орнын меңгерту. Сандар қатарында 0 санының орнын білу.

5. Қосу және азайту амалдарымен таныстыру.

6. Он көлеміндегі сандардың құрамын меңгерту. Сандарды салыстыру, теңдік теңсіздік ұғымдары мен < > = таңбаларын енгізу.

7. Бір таңбалы және екі таңбалы сан ұғымдарын меңгерту.












35

«Он» көлеміндегі сандарды оқыту әдістемесі Сандар нумерациясының алғашқы кезеңі:

1.Он көлеміндегі сандар

Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына он көлеміндегі сандарды меңгерту.

Міндеттері:

1. Сан ұғымын енгізуге дайындық ретінде 10 көлеміндегі сандарды санау.

2. Сан және цифр туралы түсінік беру. Он көлеміндегі сандардың атауын және сандарды шығарып алудың әртүрлі тәсілдерін меңгерту.

3.1-10ға дейін 10-1ге дейін санау.

4. Сандар қатары ұғымын енгізу. Сандар қатарында әрбір санның ретін, орнын меңгерту. Сандар қатарында 0 санының орнын білу.

5. Қосу және азайту амалдарымен таныстыру.

6. Он көлеміндегі сандардың құрамын меңгерту. Сандарды салыстыру, теңдік теңсіздік ұғымдары мен < > = таңбаларын енгізу.

7. Бір таңбалы және екі таңбалы сан ұғымдарын меңгерту.

Әдістемесі:

1. Сан ұғымын енгізуге дайындық ретінде 10көлеміндегі сандарды санау.

Түрлі заттарды санау материалдары арқылы, саусақтың көмегімен санау. Сыныптағы заттарды санау. Санауға байланысты тез сана қанша орамал неше жұлдыз санау материалдары арқылы таяқшалар арқылы санау білігін қалыптастыру.

2. Он көлеміндегі сандар атауын және сандарды шығарып алудың әртүрлі тәсілдерін меңгерту

А) заттарды санау арқылы белгілі бір санды шығару

Ә) қосу және азайту арқылы санды шығарып алуға болады

Б) кесіндіні сызу және оның ұзындығын өлшеу арқылы санды алуға болады.

3. Оқушыларды 1-10ға дейін және кері санауға үйрету. Мұнда оқушылар сандарды өсу және кему ретімен санауды үйренеді.

4. Сандар қатары ұғымын енгізу. Сандар қатарында әрбір санның ретін орнын , 0 санының орнын білу.

5 Қосу және азайту амалдарымен таныстыру

Қосу мен азайту заттардың екі тобын бірік іру және бөліп алу арқылы меңгереді.













36.

Санды шығарып алудың тәсілдері

Санды шығарып алудың тәсілдері оның үш тәсілі бар:

А)заттарды санау арқылы белгілі бір санды шығару. Мысалы: суретте қанша алма бар?

Ә) қосу және азайту арқылы санды шығарып алуға болады. Мыс: Тақтада 4қызыл және 2ақ шар бар.

Б)Кесіндіні сызу және оның ұзындығын өлшеу арқылы санды шығарып алуға болады.











37

Цифрдың жазба түрімен таныстырудың ерекшеліктері

Цифрды жазба түрлерімен таныстыру ерекшеліктері. Цифрды жазба түрлерімен таныстыру белгілі бір ретпен орындалады:

-алдымен мұғалім оқушыларға үлгі ретінде цифрдың жазба түрін көрсетеді.

-оқушылардың көмегімен цифр қандай элементтерден тұратынын анықтайды.

-мұғалім қолдың қозғалысы бағытын түсіндіреді. Әрбір санды өткенде оның цифрын жазу үшін қай элементтен, қай жерден бастау керектігін, яғни қолдың қозғалыс бағытын үйретеді

-цифрдың жазу емлесін оқушылар түсінгеннен кейін алдымен цифрды ауада бірнеше рет жазып үйренеді.

-жазған цифрларын оқушылардың өздеріне тексерту қажет.











38

«Жүз» көлеміндегі сандар нумерациясын оқыту әдістемесі 

Жүз көлеміндегі сандар

Мақсаты: оқушыларға жүз көлеміндегі сандарды меңгерту.

Міндеттері:

1. Оқушыларға 100ге дейін санауды үйрету

2. Толық ондықтар және жүздіктер ұғымдарымен таныстыру.

3. Оқушыларды екі таңбалы сандарды шығарып алуға үйрету.

4. Жүз көлеміндегі сандарды салыстыруға, санды разрядтық қосылғыштарға жіктей алуға, ондықтар мен бірліктерден екі таңбалы сан құрастыруға үйрету.

Сандар нумерациясының үшінші кезеңі:

Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына мың көлеміндегі сандар туралы ұғым қалыптастыру.

Міндеттері

1. Мың көлемінде санауға үйрету.

2. Жүздіктерді шығарып алуға үйрету, толық жүздіктер және толық жүздіктерді санау.

3. Үш таңбалы сандарды атауға, оқуға жазуға төселдіру.

4. Үш таңбалы сандарды санауға үйрету

5. Үш таңбалы санды разрядтық қосылғыштарға жіктей алуға үйрету.

Ондық санау жүйесінде жөніндегі түсініктерді қалыптастыру.

Әдістемесі

1. 123456789 -натурал сандар

Ал осы таяқшалардға 1таяқша қоссақ 10таяқша болады. 10таяқша 1ондық 10ондық 1жүздік.

2. Толық ондықтар мен жүздіктер үғымын танысу барысында санау таяқшалар арқылы жүзеге асады 1 ондық - он

2ондық -жиырма

3ондық -отыз

3. Екі таңбалы санды шығарып алуды оқкшыларға меңгертуде көрнекілік ретінде жолақша мен шаршыны пайдалануға болады.

4.Ондық пен бірліктен екі таңбалы сан құрастыруға үшін көрнекілік ретінде жылжымалы абақты пайдалануға болады.











39

«Мың» көлеміндегі сандар нумерациясын оқыту әдістемесі

Мың көлеміндегі сандар

Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына мың көлеміндегі сандар туралы ұғым қалыптастыру.

Міндеттері

1. Мың көлемінде санауға үйрету.

2. Жүздіктерді шығарып алуға үйрету, толық жүздіктер және толық жүздіктерді санау.

3. Үш таңбалы сандарды атауға, оқуға жазуға төселдіру.

4. Үш таңбалы сандарды санауға үйрету

5. Үш таңбалы санды разрядтық қосылғыштарға жіктей алуға үйрету.

Ондық санау жүйесінде жөніндегі түсініктерді қалыптастыру.

Әдістемесі

Бастауыш сыныпта мың көлеміндегі сандар туралы ұғым беру үшін көрнекілік ретінде түймелер пайдаланылады.

Оқушыларға мысал келтіру арқылы.

10бірлік -1ондық

10ондық -1 жүздік

10жүздік -1мыңдық

2. Толық жүздіктер қатары көрсетіледі:

100,200,300,400,500,600,700,800,900

3. Үш таңбалы сандарды атау, жазуға үйрету. Оқушылардың үш таңбалы сандар туралы білімдерін бекіту мақсатында разрядтар кестесін толтыруды ұсынуға болады.











40

Көп таңбалы сандар нумерациясын оқыту әдістемесі

Көп таңбалы сандар нумерациясын оқыту әдістемесі

Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына көп таңбалы сандар миллион миллиард туралы ұғым беру.

Міндеттері

1. Көп таңбалы сандар нумерациясына дайындық ретінде мың көлеміндегі сандардың нумерациясын қайталау.

2. Рахрядтар және класстар туралы түсінік беру

3. Көп таңбалы сандарды "кластар мен разрядтар кестесі" арқылы құрастыруға үйрету.

4. Көп таңбалы сандарды оқытуға, жазуға салыстыруға үйрету.

5. Сандар қатарындағы көп таңбалы сандардың орны мен сандардың оның құрамын анықтау біліктілігін қалыптастыру.

6. Бастауыш сынып оқушыларына натурал сандар шексіздігі туралы түсінік беру.

Әдістемесі

1. Көрнекілікиер және разрядтар кестесінің көмегімен оқушылар ең үлкен үш таңбалы саннан кейін ең кіші төрт таңбалы сан -1000 екенін анықтайды

2. Разряд ұғымымен таныстыру. Бірінші класс - бірлік, екінші клас - мыңдық, үшінші - миллиондар класы.

3. Көп таңбалы сандарды құру кластар мен разрядтар кестесінің көмегімен жүзеге асырылады.



4. Көп таңбалы сандарды оқу, жазу белгілі бір ережеге сүйенеді.











Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет