Мәдени құндылықтарды, ұлттық архивтік қорлардың құжаттарын және архивтік құжаттардың түпнұсқаларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы
Е Р Е Ж Е
І. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 7 қосымша) көзделген, үшінші елдермен жасалатын саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.20-бөліміне енгізілген мәдени құндылықтарды, ұлттық архивтік қорлардың құжаттарын және архивтік құжаттардың түпнұсқаларын (бұдан әрі - мәдени құндылықтар) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету (бұдан әрі тиісінше – Одақ, әкету) тәртібін айқындайды.
2. Осы Ереженің мақсаттары үшін пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
«антикварлық қару» – 1899 жылдың соңына дейін жасалған атыс қаруы, лақтыратын қару және пневматикалық қару (орталық ұрыстың унитарлы патрондарымен ату үшін жасалған атыс қаруын қоспағанда), сондай-ақ 1945 жылдың соңына дейін жасалған суық қару;
«мәдени құндылығы бар, бірақ антикварлық қаруға жатқызылмаған қару» – 1900-1945 жылдары жасалған атыс қаруы және 50 жыл бұрын және одан да ертеде жасалған суық қару;
«келісуші орган» – Одаққа мүше мемлекеттің мәдени құндылықтарды әкетуді реттеуді жүзеге асыратын және осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес лицензияларды келісуге және қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілетті мемлекеттік билік органы.
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы
29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 7 қосымша) және Одақ құқығына кіретін халықаралық шарттарда айқындалған мәндерде қолданылады.
3. Мәдени құндылықтарды әкету мәдени құндылықтарды осы Ереженің 10-тармағына сәйкес әкету жағдайларын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген Жекелеген тауарлар түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға лицензия беруге арналған өтінішті ресімдеу туралы және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес ресімделген лицензия (бұдан әрі – лицензия) немесе Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген нысан бойынша толтырылған қорытынды (рұқсат беру құжаты) (бұдан әрі – қорытынды (рұқсат беру құжаты)) болған кезде жүзеге асырылады.
Жеке тұлғалардың мәдени құндылықтарды жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкетуі қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде жүзеге асырылады.
Жеке тұлғалар мәдени құндылығы бар, бірақ антикварлық қаруға жатқызылмаған қаруды жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкеткен жағдайда, келісуші орган берген қорытындыға (рұқсат беру құжатына) қосымша Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) кеден органына мүше мемлекеттің қару айналымы саласындағы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік билік органы (бұдан әрі – қару айналымы саласындағы бақылауды жүзеге асыратын орган) Азаматтық және қызметтік қаруды, оның негізгі (құрамдас) бөліктерін және оның патрондарын Кеден одағының кедендік аумағына әкелу, Кеден одағының кедендік аумағынан әкету және олардың Кеден одағының кедендік аумағы арқылы транзит тәртібі туралы ережеге (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешімімен бекітілген Шектеулерді қолдану туралы ережелер) (бұдан әрі - Азаматтық және қызметтік қаруды әкелу мен әкету туралы ереже) сәйкес берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) ұсынылады.
Жеке тұлғалардың Одақтың кедендік аумағына бұрын уақытша әкелінген мәдени құндылықтарды жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкетуі мүше мемлекеттің кеден органына мәдени құндылықтарды әкелу кезінде ресімделген, көрсетілген мәдени құндылықтардың сәйкестендіру белгілерін (атауы, авторы, жасалған жылы, жасау материалы мен техникасы, мөлшерлері, шекті ысқышты музыкалық аспаптар үшін – музыкалық аспапқа паспорт (бар болса)) қамтитын жолаушы кедендік декларацияны ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Мәдени құндылықтарды жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкелу кезінде ресімделген жолаушы кедендік декларация болмаған жағдайда жеке тұлғалардың мәдени құндылықтарды жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкетуі келісуші орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) не келісуші органның тиісті мәдени құндылықтарды әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаты) талап етілмейтіндігі туралы жазбаша хабарламасы болған кезде жүзеге асырылады.
ІІ. Кедендік рәсімдерге орналастыру
Мәдени құндылықтарды экспорттың кедендік рәсіміне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына лицензияны ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Мәдени құндылықтарды уақытша әкетудің, сондай-ақ оларды жөндеу (реставрациялау) мақсатында кедендік аумақтан тысқары жерде өңдеудің кедендік рәсімдеріне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына қорытындыны (рұқсат беру құжатын) ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Мәдени құндылығы бар, бірақ антикварлық қаруға жатқызылмаған қаруды уақытша әкетудің және кедендік аумақтан тысқары жерде өңдеудің кедендік рәсімдеріне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына келісуші орган берген қорытындыны (рұқсат беру құжатын) және қару айналымы саласындағы бақылауды жүзеге асыратын орган Азаматтық және қызметтік қаруды әкелу мен әкету туралы ережеге сәйкес берген қорытындыны (рұқсат беру құжатын) ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Мәдени құндылықтарды кері экспорттың және кедендік транзиттің кедендік рәсімдеріне орналастырған кезде мүше мемлекеттің кеден органына лицензияны немесе қорытындыны (рұқсат беру құжатын) ұсыну талап етілмейді.
Мәдени құндылықтарды еркін кедендік аймақтың, еркін қойманың және бажсыз сауданың кедендік рәсімдеріне орналастыруға
жол берілмейді.
ІІІ. Лицензия беру
Лицензияны ресімдеу үшін жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар (бұдан әрі – өтініш берушілер) аумағында өтініш беруші тіркелген мүше мемлекеттің уәкілетті органына Тауарларды экспорттауға және (немесе) импорттауға лицензиялар мен рұқсаттар беру Қағидаларының (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 7 қосымшаға қосымша)
(бұдан әрі – Қағидалар) 10-тармағының 1 – 5-тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ Қағидалардың 10-тармағының
6-тармақшасына сәйкес мынадай құжаттар мен мәліметтерді:
а) әкетілетін мәдени құндылықтар тізімін (тізімдемесін) 2 данада;
б) мәдени құндылығы бар, бірақ антикварлық қаруға жатқызылмаған қаруды әкету жағдайында – қару айналымы саласындағы бақылауды жүзеге асыратын орган Азаматтық және қызметтік қаруды әкелу мен әкету туралы ережеге сәйкес берген қорытындыны (рұқсат беру құжатын);
в) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де құжаттарды ұсынады.
13. Өтініш беруші ұсынатын құжаттардың көшірмелері Қағидалардың 11-тармағында белгіленген тәртіппен расталуға тиіс.
14. Егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес лицензия беру туралы шешімді мүше мемлекеттің уәкілетті органы келісуші органмен келісу бойынша қабылдайтын болса, онда мұндай келісу осы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, өтініш беруші келісуші органға осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Бұл ретте мүше мемлекеттің уәкілетті органына
осы Ереженің 12-тармағының «а» - «в» тармақшаларында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.
Келісу қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
15. Қағидалардың 14-тармағының 1 – 4-тармақшаларында көзделген негіздер болған кезде, сондай-ақ келісуші орган лицензия беруге арналған өтінішке келісім беруден бас тартқан жағдайда – Қағидалардың
14-тармағының 6-тармақшасына сәйкес лицензия беруден бас тартылады.
IV. Қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру
16. Қорытынды (рұқсат беру құжатын) беруді келісуші орган жүзеге асырады.
17. Қорытындыны (рұқсат беру құжатын) өтініш берушіге аумағында өтініш беруші тіркелген мемлекеттің келісуші органы береді, сондай-ақ ол мәдени құндылықтарды жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкетуді жүзеге асыратын жеке тұлғаға беріледі.
18. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету мерзімін келісуші орган айқындайды.
19. Қорытынды (рұқсат беру құжаты) келісуші органға не мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген ұйымға мынадай құжаттар мен мәліметтерді:
а) өтініш беруші:
өтінішті (егер ол мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса) немесе Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы
16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен жасалатын саудада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар мен шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысанын толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқамаларға сәйкес ресімделген қорытындының (рұқсат беру құжатының) жобасын;
мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де құжаттарды;
б) мәдени құндылықтарды жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкету кезінде жеке тұлға:
өтінішті (егер ол мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса) немесе осы тармақтың «а» тармақшасының екінші абзацында көрсетілген әдістемелік нұсқамаларға сәйкес толтырылған және ресімделген қорытындының (рұқсат беру құжатының) жобасын;
егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін немесе жеке басын куәландыратын құжаттардан мәліметтерді (сериясы, нөмірі, қашан және кім берген, жеке нөмірі (бар болса), тұрғылықты жерінің мекенжайы);
мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де құжаттарды ұсынған кезде беріледі.
20. Мынадай негіздер:
а) осы Ереженің 19-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбаған;
б) қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттарда толық емес немесе анық емес мәліметтер болған;
в) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де негіздер болған кезде қорытынды (рұқсат беру құжатын) беруден бас тартылады.
Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 21 сәуірдегі
№ 30 шешіміне
№ 9 ҚОСЫМША
Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы
Е Р Е Ж Е
І. Жалпы ережелер
Осы Ереже Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 7 қосымша) көзделген, үшінші елдермен жасалатын саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.19-бөліміне енгізілген шифрлау (криптографиялық) құралдарын және осындай құралдарды қамтитын тауарларды (бұдан әрі – шифрлау (криптографиялық) құралдары) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу (бұдан әрі тиісінше – Одақ, әкелу) және Одақтың кедендік аумағынан әкету (бұдан әрі – әкету) тәртібін айқындайды.
Осы Ереженің мақсаттары үшін пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
«нотификациялардың бірыңғай тізілімі» – № 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылатын және «Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде Одақтың ресми сайтында жарияланатын Одаққа мүше мемлекеттердің келісуші органдары тіркеген нотификациялар туралы мәліметтер тізбесі;
«нотификация» – Одаққа мүше мемлекеттің келісуші органы № 2 қосымшаға сәйкес Шифрлау (криптографиялық) құралдарын және оларды қамтитын тауарларды нотификациялау туралы және олардың сипаттамалары туралы ережеде белгіленген тәртіппен тіркеген, № 4 қосымшаға сәйкес тізбеге сай шифрлау (криптографиялық) құралдары болып табылатын тауарлардың және оларды қамтитын тауарлардың техникалық және криптографиялық сипаттамалары туралы ақпаратты қамтитын, № 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлар дайындаушыны (дайындаушы уәкілеттік берген өкілді) хабардар ету;
«келісуші орган» – Одаққа мүше мемлекеттің мемлекеттік (ұлттық) қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы, осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес лицензияларды келісуге, қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге және нотификацияларды тіркеуге уәкілеттік берілген мемлекеттік билік органы.
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы
29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 7 қосымша) және Одақ құқығына кіретін халықаралық шарттарда айқындалған мәндерде қолданылады.
Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 7 қосымша) көзделген, үшінші елдермен жасалатын саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.19-бөліміне енгізілген тауарлар өз құрамында мынадай құралдарды (жүйелер мен кешендерді) іске асырса немесе қамтыса, олардың шифрлау (криптография) функциялары болады:
а) шифрлау құралдары (ақпаратты криптографиялық түрлендіру алгоритмдерін іске асыратын және ақпаратты байланыс арналары арқылы беру кезінде және (немесе) оны өңдеу мен сақтау кезінде рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғауға арналған аппараттық, бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық құралдар, жүйелер мен кешендер);
б) имитациялық қорғау құралдары (ақпаратты криптографиялық түрлендіру алгоритмдерін іске асыратын және жалған ақпаратты күштеп таңудан қорғауға арналған аппараттық, бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық құралдар, жүйелер мен кешендер);
в) Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) заңнамасына сәйкес айқындалатын электрондық цифрлық қолтаңба (электрондық қолтаңба) құралдары;
г) ақпаратты криптографиялық түрлендіру алгоритмдерін осындай түрлендірудің бір бөлігін қолмен жасалатын операциялар арқылы орындай отырып немесе осындай операциялардың негізінде автоматтандырылған құралдарды пайдалана отырып іске асыратын аппараттық, бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық құралдар, жүйелер мен кешендер;
д) ақпаратты криптографиялық түрлендіру алгоритмдерін іске асыратын және негізгі құжаттарды (негізгі құжатты тасығыштың түріне қарамастан) дайындауға арналған аппараттық, бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық құралдар, жүйелер мен кешендер;
е) криптографиялық талдау функцияларын орындау үшін әзірленген немесе түрлендірілген аппараттық, бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық құралдар, жүйелер мен кешендер;
ж) ақпаратты криптографиялық түрлендіру алгоритмдерін іске асыратын, жиіліктің секірмелі түрде қайта құрылуы бар жүйелер үшін кодтардың секірмелі түрде қайта құрылуын қоса алғанда, кеңейтілетін спектрі бар жүйелер үшін кеңейтілетін кодты генерациялаудың криптографиялық әдістерін қолдану үшін әзірленген немесе түрлендірілген аппараттық, бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық құралдар, жүйелер мен кешендер;
з) ақпаратты криптографиялық түрлендіру алгоритмдерін іске асыратын, арналарды қалыптастырудың криптографиялық әдістерін немесе уақыт бойынша түрлендірілген аса кең жолақты жүйелерге арналған құпиялаушы кодтарды қолдану үшін әзірленген немесе түрлендірілген аппараттық, бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық құралдар, жүйелер мен кешендер.
4. Егер шифрлау (криптографиялық) құралдары өз құрамында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы
16 тамыздағы № 134 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен жасалатын саудада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің (бұдан әрі – Бірыңғай тізбе) 2.16-бөліміне енгізілген азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды қамтитын болса немесе егер шифрлау (криптографиялық) құралдары осындай радиоэлектрондық құралдардың және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың құрамына кіретін болса, онда мұндай тауарларды әкелу Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы
16 тамыздағы № 134 шешімімен бекітілген Шектеулерді қолдану туралы ережелерге (Азаматтық мақсаттағы, оның ішінде орнатылған не басқа тауарлардың құрамына кіретін радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереже) сәйкес жүзеге асырылады.
Егер шифрлау (криптографиялық) құралдары өз құрамында ақпаратты жасырын түрде алуға арналған, Бірыңғай тізбенің 2.17-бөліміне енгізілген арнайы техникалық құралдарды қамтитын болса, тауар санатын келісуші орган айқындайды.
5. Шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелу және (немесе) әкету тиісті нотификацияны нотификациялардың бірыңғай тізіліміне енгізу туралы мәліметтер (бұдан әрі – нотификация туралы мәліметтер) болған кезде не Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы
6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген Жекелеген тауарлар түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға лицензия беруге арналған өтінішті ресімдеу туралы және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес ресімделген лицензия (бұдан әрі – лицензия) немесе Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы
16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген нысан бойынша толтырылған қорытынды (рұқсат беру құжаты) (бұдан әрі – қорытынды (рұқсат беру құжаты)) болған кезде жүзеге асырылады.
ІІ. Кедендік рәсімдерге орналастыру
6. Шифрлау (криптографиялық) құралдарын ішкі тұтыну мен экспорт үшін шығарудың кедендік рәсімдеріне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына лицензияны немесе нотификация туралы мәліметтерді ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Шифрлау (криптографиялық) құралдарын ішкі тұтыну мен экспорт үшін шығарудың кедендік рәсімдеріне орналастыру оларды тарату құқығынсыз жеке мұқтаждарын қамтамасыз ету және үшінші тұлғаларға шифрлау (криптография) саласында қызметтер көрсету мақсатында мүше мемлекеттің кеден органына қорытындыны (рұқсат беру құжатын) немесе нотификация туралы мәліметтерді ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Ұялы байланыс операторларының халықаралық алмасу мақсатында
саны 20 данадан аспайтын тестілік сим-карталар үлгілерін ішкі тұтыну немесе экспорт үшін шығарудың кедендік рәсімдеріне орналастыруы кезінде лицензияны, қорытындыны (рұқсат беру құжатын) немесе нотификация туралы мәліметтерді ұсыну талап етілмейді.
7. Шифрлау (криптографиялық) құралдарын кедендік аумақта өңдеудің, кедендік аумақтан тысқары жерде өңдеудің, ішкі тұтыну үшін өңдеудің, уақытша әкелудің (жол берудің), уақытша әкетудің, еркін кедендік аймақтың және еркін қойманың кедендік рәсімдеріне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына қорытындыны (рұқсат беру құжатын) немесе нотификация туралы мәліметтерді ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Шифрлау (криптографиялық) құралдарын уақытша әкелудің (жол берудің) немесе уақытша әкетудің кедендік рәсімдерінің қолданысы аяқталған кезде кері экспорттың немесе кері импорттың кедендік рәсімдеріне орналастыру тиісінше осындай тауарлар уақытша әкелудің (жол берудің) немесе уақытша әкетудің кедендік рәсімдеріне соның негізінде орналастырылған қорытынды (рұқсат беру құжаты) немесе нотификация туралы мәліметтер болған кезде жүзеге асырылады. Өзге жағдайларда шифрлау (криптографиялық) құралдарын кері импорттың немесе кері экспорттың кедендік рәсімдеріне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына қорытындыны (рұқсат беру құжатын) немесе нотификация туралы мәліметтерді ұсынған кезде жүзеге асырылады.
8. Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Одақтың кедендік аумағына жеткізілу жеріндегі кеден органынан ішкі кеден органына дейін тасымалдау үшін, сондай-ақ ішкі кеден органынан Одақтың кедендік аумағынан әкетілу орнындағы кеден органына дейін тасымалдау үшін кедендік транзиттің кедендік рәсіміне, сондай-ақ кеден қоймасының және мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімдеріне орналастыру өзге де кедендік рәсімдерге орналастыру үшін ұсынылған лицензия немесе қорытынды (рұқсат беру құжаты) немесе нотификация туралы мәліметтер болған кезде жүзеге асырылады.
Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Одақтың кедендік аумағына жеткізілу орнындағы кеден органынан Одақтың кедендік аумағынан әкетілу жеріндегі кеден органына дейін тасымалдау үшін кедендік транзиттің кедендік рәсіміне, сондай-ақ жоюдың кедендік рәсіміне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына лицензияны, қорытындыны (рұқсат беру құжатын) немесе нотификация туралы мәліметтерді ұсынбай-ақ жүзеге асырылады.
9. Шифрлау (криптографиялық) құралдарын бажсыз сауданың кедендік рәсіміне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына нотификация туралы мәліметтерді ұсынған кезде жүзеге асырылады.
ІІІ. Лицензия беру
10. Лицензияны ресімдеу үшін жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар (бұдан әрі – өтініш берушілер) аумағында өтініш беруші тіркелген мүше мемлекеттің уәкілетті органына Тауарларды экспорттауға және (немесе) импорттауға лицензиялар мен рұқсаттар беру Қағидаларының (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 7 қосымшаға қосымша)
(бұдан әрі – Қағидалар) 10-тармағының 1 – 5-тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ Қағидалардың 10-тармағының
6-тармақшасына сәйкес мынадай құжаттар мен мәліметтерді:
а) өтініш берушінің әкелінетін шифрлау (криптографиялық) құралдарының құрамында Бірыңғай тізбенің 2.16-бөліміне енгізілген азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың және (немесе) жоғары жиіліктегі құрылғылардың жоқтығы туралы хабарламасын немесе мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де құжатты;
б) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де құжаттарды ұсынады.
11. Өтініш беруші ұсынатын құжаттардың көшірмелері Қағидалардың 11-тармағында белгіленген тәртіппен расталуға тиіс.
12. Лицензия беру туралы шешімді мүше мемлекеттің уәкілетті органы келісуші органмен осы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен келісу бойынша қабылдайды.
Егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, өтініш беруші келісуші органға осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Бұл ретте мүше мемлекеттің уәкілетті органына
осы Ереженің 10-тармағының «б» тармақшасында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.
Келісу қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
13. Қағидалардың 14-тармағының 1 – 4-тармақшаларында көзделген негіздер болған кезде, сондай-ақ келісуші орган лицензия беруге арналған өтінішке келісім беруден бас тартқан жағдайда – Қағидалардың
14-тармағының 6-тармақшасына сәйкес лицензия беруден бас тартылады.
IV. Қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру
14. Шифрлау (криптографиялық) құралдарын осы Ереженің 6 және 7-тармақтарында көзделген кедендік ресімдерге орналастыру мақсатында қорытынды (рұқсат беру құжаты) келісуші органға мынадай құжаттар:
а) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы
16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен жасалатын саудада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар мен шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысанын толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқамаларға сәйкес ресімделген қорытындының (рұқсат беру құжатының) жобасы;
б) шифрлау (криптографиялық) құралына арналған техникалық құжаттама (бастапқы кодтарды ұсыну міндетті болып табылмайды, өтініш берушінің бастапқы кодтарды ұсынудан бас тартуы қорытындыны (рұқсат беру құжатын) беруден бас тартуға негіз болып табылмайды);
в) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де құжаттар ұсынылған кезде беріледі.
15. Мынадай негіздер болған кезде:
а) осы Ереженің 14-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбаған;
б) қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттарда толық емес немесе анық емес мәліметтер болған кезде;
в) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де негіздер болған кезде қорытынды (рұқсат беру құжатын) беруден бас тартылады.
Шифрлау (криптографиялық) құралдарын
Еуразиялық экономикалық одақтың
кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан
әкету туралы ережеге
№ 1 ҚОСЫМША
(нысан)
Достарыңызбен бөлісу: |