№31 «Күншуақ» мдұ «Ғажайып көктем»



бет3/3
Дата20.07.2020
өлшемі52 Kb.
#63453
1   2   3
Күтілетін нәтиже:
Білу:

Көктем туралы жалпы түсінік білді.


Игеру:

Саусақ жаттығуларын игерді.


Меңгеру:

Орманға саяхат барысында табиғаттың әсемдігін меңгерді.

Білім беру саласы: Денсаулық, Қатынас, Таным, Шығармашылық, Әлеуметтік орта
Бөлімі: дене шынықтыру, көркем әдебиет, ҚМҰҚ, сурет, қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Ғажайып көктем»
Мақсаты:

Білімділік: Көктем туралы түсініктерін кеңейту, өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, жүйелі әңгімелеуге үйрету, бұған дейінгі алған білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: Ой-қиялын дамыту, саусақ моторикасын жетілдіру.

Тәрбиелік: Ұқыпты және таза жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.


Тәрбиеші: - Қайырлы күн, балалар! Балалар, бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын ертегі айтып берсем бе деймін. Ерте, ерте, ертеде әлемде 4 жыл мезгілі: қыс, көктем, жаз, күз өмір сүріпті. Олар тату-тәтті тұрыпты және әлемді кезектесіп басқарыпты. Бір күні қыс өзін ең мықтымын деп шешіп, көктемге орын бергісі келмеді. Қардың астында өсімдіктер мен гүлдер солып, құстар ән салмады. Адамдар кішкене болса да жылыну үшін пеш жағудан шаршады.
Көктем ханшайымы: -Уайымдамаңдар! Менде суықты жеңетін керемет бар. Бұл – қайырымды күн.
Тәрбиеші: - Ендеше балалар, көктем ханшайымының суықты жеңуіне бізде бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен тілек білдіріп көмектесейікші.
Балалар:

  • Күніміз жарқын болсын!

  • Аспанымыз ашық болсын!

  • Әрқашан күн сөнбесін!

  • Күндей күліп жүрейік!

  • Деніміз сау болсын»

  • Еліміз аман болсын!

  • Еліміз тыныш болсын!

  • Қазақсанымыз гүлдене берсін!

  • Көктемгі көңіл-күй тілеймін!

Барлығы:



  • Көктем келді, шуақты,

Балаларды қуантты.

Алақай-ау, алақай!

Көктем қандай, көктем қандай көңілді! – деп көктем мезгіліне ризашылықтарын білдіріп, қолдарын шапалақтайды.

Тәрбиеші: - Жарайсыңдар балалар, бүгін сендер өте мейірімді, жүздеріңнен күн нұры тұрғандай әдемісіңдер. Балалар, біз не туралы айтып жатырмыз? Ендеше, көктем мезгілі туралы сендердің білімдеріңді тексеру мақсатында кубизм әдісі арқылы бірнеше сұраққа жауап алайын.


Кубизм әдісі арқылы сұрақ-жауап алу.

  1. Көктем мезгіліндегі табиғат құбылыстарын айту.

  2. Көктем мезгілінің айларын ата.

  3. Көктемгі мерекелер.

  4. Көктемде ең алғаш қандай құстар келеді?

  5. Ең алғаш қандай гүлдер шығады?

  6. Көктем туралы тақпақ айту.

Тәрбиеші: - Көктем ханшайымы, сен неге мұңдысың?


Көктем ханшайымы: - Мен өзімнің әдемі гүлдерімді көргім келеді.
Тәрбиеші: - Балалар, біз бүгін көктем мезгілінің табиғат әсемдігіне көз жеткізу үшін саяхатқа шықсақ па деп ойлап тұрмын, әрі көктем ханшайымының гүлдерінде тауып берерміз. Сендер келісесіңдер ме? Саяхатқа шыққан ұнайды ма? Бірақ балалар орман алыс қой, орманға бару үшін ең алдымен көлік таңдап алуымыз қажет (балалар машинамен барғысы келетіндерін айтады). Тағыда ұмытып барамыз орманға бармас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсірейікші (балалардың жауабы тыңдалады). Дұрыс айтасыңдар, яғни әдемілікті жоюға, қоршаған ортаны ластауға болмайды. Ендеше, машинадан өз орнымызды табайық (әр түрлі пішіндер таратылады).
Артикуляциялық жаттығу: «Машина»
Тәрбиеші: - Міне, орманғада жеттік. Мұнда қыстан қалған қарлар еріп жатыр, аяқтарымызды сулап алмаймыз. Ал мұнда арыққа қардың сулары жиналып қалыпты, қос аяқтап секіріп өтейік. Қыстағы қардың қалыңдығынан ағаштардың бұталары майысып қалыпты, барлығымыз бұта астынан еңкейіп өтейік.
Тыныстау жаттығуы.

  • Балалар ормандағы өсімдіктер мен гүлдердің хош иісін иіскейікші.

(мұрындармен ауаны ішке тартады, ауыздарымен ауаны шығарады)

  • Қане, таза ауамен дем алайықшы.

(ауыздарымен ауаны ішке сорып, мұрындарымен ауаны шығарып тастады)
Артикуляциялық жаттығу

(тоқылдақтың даусын тілдерін таңдайларына тигізіп қақты, тілдерінің ұшын таңдайларына тигізіп саңырауқұлақты көрсетті)

Дыбыстау жаттығуы.

(желдің даусын, ағаштардың жапырақтарының шуылын дыбыстады)


Саусақ жаттығуы: қарағай бүрімен.
(Шөлмек тауып алу)
Тәрбиеші: - Біздің жолымыз болған сияқты, мұнда біздің гүлге жетуімізге жол көрсетілген, бірақ бірнеше тапсырмаларды орындауымыз керек екен.
1-тапсырма: Кілемшені толықтыр (ұжымдық жұмыс)
2-тапсырма: Ғажайып көктем көрінісі бойынша әңгіме құрастыру.
3-тапсырма: Өнер әлемі (жармаға саусақпен сурет салу)
Жасаған жұмыстары бойынша түсіндіру, тақырып қою.
Гүлді табу. «Гүл көбелек» биін орындау.
Машинаға отырып, балабақшаға оралу.
Қорытынды.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет