«№36 жоббм» кмм семей қаласы Жетекші: Ахметова Баян Узбековна ағылшын тілі пәнінің мұғалімі



Дата23.03.2018
өлшемі0,69 Mb.
#39448
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы



Бағыты:Тіл білімі

Секция :Ағылшын тілі

Тақырыбы: «Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаты»

Авторы:Бейсен Әли 7А сынып оқушысы

«№36 ЖОББМ» КММ Семей қаласы

Жетекші:Ахметова Баян Узбековна

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

«№36 ЖОББМ» КММ Семей қаласы

Семей қаласы 2017 ж.

Аннотация

Ғылыми жобаның мақсаты- қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерін салыстыра зерттей отырып,олардың мазмұн межесіндегі ұқсастықтары мен ұлттық сипатын ашу. Аталған тілдік бірліктердің семантикалық құрамындағы ортақ тұстары мен ерекшеліктерін және олардың себеп-салдарын айқындау.

Ғылыми жобаның міндеттері:

-ММ-ді лингвомәдениеттану тұрғысынан қарастыру;

-ағылшын және қазақ ММ-нің этимологиясын және этнолингвистикалық сипатын белгілеу;

-ММ-ді лингвистикалық тұрғыдан саралап, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу;

-ММ-дің салалық қатыстылығын анықтау;

-ММ-ді аударудың жолдарын іздестіру.



Жобаның өзектілігі: Аударма ісінде ММ-ді басқа бір тілде жеткізу үлкен қиындық туғызады. Олардың басты ерекшелігі ұлттық болмыс пен сананың бірден-бір көрсеткіші екендігінде. Сондықтан ММ-дің екі тілде мән-мазмұны мен түр-тұрпатын таныту,қазіргі сөздік қорымызды байыту.

Зерттеу обьектісі: қазақ-ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдер

Зерттеу әдістері:баяндау,жалпылама талдау, семантикалық талдау , этнолингвистикалық сипатын талдау, ММ-дің салалық қатыстылығын анықтау, ММ-ді аударудың жолдарын іздестіру, ММ-ді лингвистикалық тұрғыдан саралап, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу.

Жұмыстың жүргізілген орны,материалдар көлемі: мектеп,қалалық кітапхана,сөздіктер,әдебиеттер.

Ғылыми жоба ағылшын тілі сабақтарында ,ҰБТ-ге ,ОЖСБ-ға дайындалуда ММ-дің екі тілде мән-мазмұны мен түр-тұрпатын таныға,қазіргі сөздік қорымызды байыту үшін арналған.

Мазмұны

I.Кіріспе_______________________________________________________4



II.Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі________7

III.Мақал-мәтелдерді топтастырудың негізгі қағидалары_______________7

IV.Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжісі___12

1.Адамға қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі _________13

2.Діни мифологиялық наным-сенімге байланысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі._________________________________________14

3.Үй-жайға,отбасына қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі

4.Гендерлік қатынастарға байланысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі

5.Уақыт өлшеміне қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі

6.Тілге байланысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі

7.Еңбекке қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі

8.Қонаққа қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі

9.Ақша,қаражатқа байланысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі

10.Өнер-білімге байланысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі

11.Өмір мен өлімге байланысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі

12.Табиғатқа,жан-жануарларға қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі
V.Қорытынды________________________________________________14
VІ. Пайдаланылған әдебиеттер____________________________________17

Қосымшалар



Кіріспе

Қазақстан Республикасының егеменді ел, халықаралық қатынастар субъектісі болуына және қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты, Республиканың, мемлекеттің тілі ретінде оның халықаралық қатынастар деңгейіндегі

коммуникацияда қолданылу ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды. Өзара қарым-қатынастың нығаюы, тіларалық байланыстардың, ағылшын-қазақ қостілділігінің жандануы, дамуы, осыған орай, классикалық, көркем әдеби шығармалардың, саяси ақпараттардың, халықаралық зор мәнділікке ие құжаттардың аралық тілі ықпалынсыз тікелей қазақ тіліне аударылуы таяу болашақта өрістей түседі. Ал, шет тілін үйретуде және аударма жұмысында аса бір қиындық туғызатын тілдік бірліктер- фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер.

Мақсатымызға жету үшін келесі міндеттерді орындау керек:

ММ-ді лингвомәдениеттану тұрғысынан қарастыру;

Ағылшын және қазақ ММ-нің этимологиясын және этнолингвистикалық сипатын белгілеу;

ММ-ді лингвистикалық тұрғыдан саралап, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу;

ММ-дің салалық қатыстылығын анықтау;

ММ-ді аударудың жолдарын іздестіру;

Көркем әдебиетте ағылшын ММ-нің қазақшаға аударылу сапасы мен ерекшеліктерін талдау.

Мақсатымызға жету жолында міндеттерді орындау үшін ғылыми зерттеу әдістерінің келесі түрлерін қолдануды ұйғардық:

Жалпылама таңдау әдісі;

Этимологиялық талдау әдісі;

Семантикалық талдау әдісі;

Құрылымдық талдау әдісі;

Этнолингвистикалық сипатын талдау әдісі;

Салыстырмалы анализ әдісі.

Біз зерттегелі отырған тақырыптың өзектілігі ММ-дің табиғатын тіл білімі және аударма теориясымен шектеліп қана қоймай, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, когнитивтік лингвистика аясында зерттеп, өзара сабақтас салалардың тұрғысынан жете түсінудің қажеттілігінде. Аударма ісінде ММ-ді басқа бір тілде жеткізу үлкен қиындық туғызады. Олардың басты ерекшелігі ұлттық болмыс пен сананың бірден-бір көрсеткіші екендігінде. Сондықтан ММ-дің мән-мазмұны мен түр-тұрпатын анық білмеген аудармашы келеңсіз жағдайғаларға өзі ұшырап қана қоймай, кабылдаушы жақты да адастыруы еш таң қалдырарлық жайт емес.

Мақал-мәтелдердің тіл білімінде, оның ішінде, қазақ және ағылшын тілдерінде әр тұрғыдан азды-көпті зерттеліп келгені мәлім. Зерттеу нысанына қатысты еңбектерге тоқталар болсақ, мақал-мәтелдердің тілдік табиғаты, олардың басқа тұрақты тіркестермен ұқсастықтары немесе ерекшеліктері А.Байтұрсынов,І. Кеңесбаев, Р.Сәрсенбаев, Б.Адамбаев, Ә.Донбаева, Д.Бегалықызының, Ғ.Мұсабаев, М.Рабдуллин

т.б жұмыстарында қарастырылған. Жалпы және орыс тіл білімінде В.В.Виноградов. Н.Н.Амосова, М.Т.Тагиев, Н.М.Шанский, Г.Л.Пермяков, Л.А.Булаховский сынды

ғалымдар соны бағыт, ұстанымдарымен, құнды пайымдауларымен, нақты теориялық түйін-тұжырымдарымен, белгілі. Ағылшын тіліндегі ұлттық болмыс және таныммен тығыз байланысты тұрақты тіркестерді мақал-мәтелдерді жан-жақты, түбегейлі зерттеген ғалымдар-Н:Барли, А.Дундәс, А.Қоикман, М.Куузи, Г.Мильнер, А.Тәйлер, Линда және Роджер Флавәлдер. Аталған ғалымдардың зерттеулері жұмысымызда теориялық және әдістемелік тұрғыдан басшылыққа алынды.

Дегенмен, халықтық ұғым-түсініктер мен рухани, мәдени құндылықтардан мол мағлұмат беретін қазақ және ағылшын тілдеріндегі аталмыш бейнелі тізбектер халықаралық, экономикалық, саларалық байланыстар кең өріс алған осы кезеңге дейін салғастырыла зерттелмей келді.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері

Жұмыстың негізгі мақсаты – қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерін салыстыра зерттей отырып,олардың мазмұн межесіндегі ұқсастықтары мен ұлттық сипатын ашу. Аталған тілдік бірліктердің семантикалық құрамындағы ортақ тұстары мен ерекшеліктерін және олардың себеп-салдарын айқындау.Осы мақсаттарды орындау үшін төмендегі міндеттерді шешу көзделді: - зерттеу жұмысына тиянақ болатын теориялық,әдістемелік қағидаларды айқындау және негіздеу;

-қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерінің семантикасындағы ұқсастық пен айырма белгілерін айқындау үшін прецедентті мәтіндерді сұрыптап талдау; -тілдік бірліктердің мағына межесіндегі сәйкестіктері мен айырмашылықтарын анықтау,олардың себебін айқындау.

Мақал-мәтелдер- сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұтымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтелретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілдеріндегі зерттеулеріне тоқталмас бұрын отандық және әлемдік тіл мамандары арасында пікірталас туғызған, олардың қай салаға қатыстылығы жөнінде айтылған тұжырымдарды атай кеткен жөн. Мысалы, фразеология саласының қалыптасуына, дамуына өзіндік үлес қосқан В.В.Виноградов, Н.М.Шанский, В.Н.Телия, М.Чернышева, М.М.Копыленко, А.В.Кунин, И.В.Арнольд, І.Кеңесбаев, Ә.Т.Қайдар, Б.Манасбаев т.б. сынды ғалымдар мақал-мәтелдерді фразеология саласының еншісіне тиесілі деген ғылыми негіздемелер ұсынады.

Осы келтірілген ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу нәтижелеріне сүйенер болсақ, мақал-мәтелдердің тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды фразеологизмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді.

Қазақ және ағылшын тілдеріндегімақал-мәтелдердің зерттелуі. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау барысында оларды жинақтау,

сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі кезеңнен тұратыны анықталды, оның алғашқысы- XIX ғасырдың екінші жартысы. Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең-оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады.

Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым-Ш.Уәлиханов. Ш.Уәлиханов пен Н.Н.Березин архивтерінде XIX ғасырдың елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтелдер сақталған. Сондай-ақ, қазақ ауыз әдебиетінің басқа үлгілерімен бірге қазақ мақалдары мен мәтелдерін де жинақтап, жеке жинақтар шығарып, қазақ тілі мен әдебиетінің, тіл ғылымының, мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев, В.Радлов, Ш.Ибрагимов, М.Терентьев,Я.Лютш, А.Е.Алекторов т.б. сынды ағартушы, ғалымдардың еңбегі ерекше.

Халық мұрасын жүзеге келтіру, насихаттауда зор үлес қосқан танымал ғалым-Ә.Диваев. Ғалым жинақталған материалдың барлық нұсқасын толық, қамтуды көздей отырып, өз топтамаларын 1900-1927 жылдар аралығында «Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области», «Этнографические материалы» жинақтарының, «Туркестанские ведомости» газетінің басылымдарында жариялайды.

Қазақ мақал-мәтелдеріне қатысты ерекше орны бар зерттеулердің бірі – Р.Сәрсенбаевтың «Қазақ мақал-мәтелдерінің лексика-семантикалық ерекшеліктері» атты кандидаттық диссертациясы. Бұл зерттеуінде ғалым мақал-мәтелдердің құрамы мен құрылымын,ерекшеліктері мен жасалу жолдарын жан-жақты талдап таратады. М.Әлімбаевтың «Өрнекті сөз-ортақ қазына» еңбегі аударма мәселесіне арналған. Жұмыста зерттеушінің мақал-мәтелдердің тілде қалыптасу тарихы,тілде қолданылуы,басқа тілге аударылуы жөнінде құнды пікірлері,теориялық және практикалық мәні зор ұсыныстар баяндалады. Еңбектің поэтикалық аудармаға бой ұру басымдылығына қарамастан, бұл-ғылымда өзіндік орны,елеулі үлесі бар еңбек.Сол сияқты Б,Адамбаевтың «Халық даналығы» атты монографиялық еңбегі,Р.Тұрабаеваның, С.Кенжемұратованың,Д.Беғалықызының еңбектері мақал-мәтелдерінің сипатын жан-жақты ашады.

Тіл-тілдегі паремиологиялық жүйені салыстыра-салғастыра зерттеуге арналған жұмыстар қатарының біртіндеп толығып келетіндігі байқалады. Мысалы, А.Нұрмахановтың зерттеуі түрі тілдеріндегі мақал-мәтелдердің жалпылығы мен кейбір өзгешеліктерін саралауға бағытталса, Э.Мұқышева қазақ және неміс тілдеріндегі мақал-мәтелдерінің өзара сәйкес тұстары мен ерекше белгілерін, ұлттық,мәдени компоненттерінін анықтайды. Зерттеу нысаны ретінде алынған тілдік бірліктердің лексика-грамматикалық ерекшеліктері, қазақ және араб тілдеріндегі мақал-мәтелдердің жасалу жолдары, типологиялық универсалия және уникалия құбылыстары А.Донбаеваның жұмысына қаралған.

Қазақ мақал-мәтелдерінің зерттелу тарихына шолу жасау барысында оның 5 бағытта жүргізіліп келгендігі анықталады: а) тілдік, яғни бір тіл аясындағы зерттеулер; ә) туыс тілдерді салыстыра талдауға; б)әртектес тілдер бірліктерін салғастыра қарауға

в) этнолингвистикалық астарын ашуға; г) қолданбалы мақсатқа негізделген зерттеу жұмыстары.

II Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі

Артына өшпес із қалдырған ғалымдардың бірі Джон Хеуд (John Heywood) өзінің алғащқы «A Dialoque Containing the Number in Effect of all the Proverbs in the English Tonque» атты еңбегін 1546 жылы, кейінгілерін 1550,1555, 1560 жылдары жарыққа шығарды. Сондай-ақ, 1610-1680 жылдар аралығында бірқатар мақал-мәтелдер жинақтары, атап айтқанда, 1612 жылы ағылшын шіркеу қызметшісі Thomas Draxe «Bibliotheca Scholastic Instructisshna or6 a Treasure jf Ancient Adagies6 and Sententious Proverbes», 1659 жылы Дж. Хфуельдің «Proverbs», 1670, 1678 жылдары Дж. Рэйдің «English Proverbs» атты еңбектері жарық көрді. Келесі ғасырларда бұрынғы ескі жинақтар толықтырылып, қайта бастырылып отырды. Зерттеу барысында мамандардың, көбінесе ағылшын тілі мақал-мәтелдерін жинаққа енгізу үрдісімен шектелгенін көреміз.

Мақал-мәтелдердің шығу төріні, тілде қалыптасуы деген мәселеге келер болсақ, оның күрделілігі де,түп деректі қалтқысыз табудың қиындығы да түсінікті. Дегенмен, қазақ халқының рухани қазынасын, сөз маржандарын қалыпқа келтіру барысында елеулі еңбек сіңірген Б. Адамбаевтың «Мақал-мәтелдер әуелде аузы дуалы жеке кісінің аузынан шыққанымен, біреуден біреуге, ұрпақтан-ұрпаққа ауыса жүріп өңделген, өзгерген, бүкіл елге тарап, оны халық ақиқат деп таныған қағидаға, тіпті ережеге-заңға айналған» деген ой тұжырымымен толық келісуге болады. Тарихи деректер, ғылыми ізденістердің нәтижелері, танымал ғалымдардың пайымдаулары да жоғарыда айтылған пікірмен өзектес. Себебі, ке-келген сөз-ұрпақтан ұрпаққа жетіп,ақиқат ретінде таныла бермесі хақ. Халықтың дана билері мен шешендерінің қолданысқа енген сөздерінен бірер мысал келтірейік. Майқы би:

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

Даналығымен, шешендігімен, жастайынан елді аузына қаратқан Төле би сөздерінің де ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, халық арасында мақал-мәтел ретінде кең қолданыс тапқаны байқалды:

Жаңбыр жаумаса, жер жетім

Басшысы болмас,-ел жетім.

Сондай-ақ, халықтық мақал-мәтелге айналып, жиі қолданылып жүрген «Көпті қорлаған көмусіз қалады» тіркесінің Әйтеке бидің, ал, «Бұлақ көрсең көзін аш» Бәйдібек бидің дуалы аузынан шыққан тілдік бірліктер деген деректер бар, мұндай мысалдарды әрі қарай тізбектеп, қатарын көбейте беруге болады.Зерттеу барысында ертегі, аңыз әңгімелер негізінде қалыптасқан мақал-мәтелдердің де аз еместігі байқалды. Мысалы: Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты , Қайда барсаң да Қорқыттың, көрі т.б.

III Мақал-мәтелдерді топтастырудың негізгі қағидалары:

Британ энциклопедиясында берілген анықтама:
"Ethnolinguistics, that part of anthropological linguistics concerned with the study of the interrelation between a language and the cultural behavior of those who speak it".

Қазақшасы: Этнолингвистика — тіл мен сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениеті арасындағы арақатынасты зерттейтін антропологиялық тіл білімінің саласы.

Этнолингвистика — гректің ethnos (халық,тайпа) және лингвистика деген ұғымдарынан туындайтын, тілді оның мәдениетке қатысы тұрғысынан зерделейтін әрі лингвистикалық, этномәдени және этнопсихологиялық факторлардың біте кайнаса келіп, тілдің қызметі мен дамуына тигізетін әсерін зерттейтін тіл білімінің саласы. Кең мағынада этнолингвистика — мәдениеттің, психологиясының және мифологияның қарқын лингвистикалық әдістердің көмегімен зерттейтін күрделі ғылыми арна.

Қазақ этнолингвистикасын дербес пән ретінде қалыптастырып, бағыт-бағдарын айқындау, одан әрі дамыту жұмыстары академик Ә.Қайдардың есімімен тығыз байланысты. Оның қазақ тіл біліміндегі жас әрі жаңа сала екенін айта келіп, мақсаты мен нысаны жөнінде: " Бұл ғылым саласының кереметтігі де, бүгінгі тандағы ғылыми-практикалық маңызы да — оның монолиттік тұтастығында, бір-біріне етене жақын, тіпті бірінсіз бірін толық түсінуге болмайтын нысан екендігінде. Ол нысан — этнос және оның тілі. Өйткені тілсіз — этнос, этноссыз — тіл өмір сүре алмайды. Этнос пен оның тілін этнолингвистика тұрғысынан қарастыру деген сөз оның сол балаң кезеңінен есейгенге дейінгі болмысы мен өмір тіршілігін, дүние тануы мен мәдени, рухани байлығын ана тілінде сақгалған фактілер мен деректер негізінде зерттеп білу және оларды бүгінгі таңның игілігіне асыру болып табылады," — дейді. Тілдік бірліктерде көрініс тапқан материалдық және рухани мәдениет мәселелері, сондай-ақ, М.М. Копыленко, Е.Жанпейісов, Н.Уәлиев, Ә.Ахметов, Ж.Манкеева, С.Сәтенова, С.Смағұлова, Ғабитханұлы т.б. қарастырылған.

Этнолингвистика саласының қазақ және ағылшын тіл білімінде қалыптасуына, зерттелуіне салғастырмалы шолу жасай отырып, оның, әсіресе, отандық тіл білімінде кеңірек ауқымда қарастырылып, ұлттық материалдық және рухани мәдениетке байланысты бірқатар мәселелердің басы ашылғаны айқындалды. Этнолингвистикалық уәжі халықтың тұрмыс-тіршілігі, менталитеті, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрімен тығыз байланысты тұрақты тіркестердің тұп-төркінін айқындау - әр басқа ұлттар мен әртиптес тілдер жөнінде мол мағлұмат алуға, танымдық көзқарасты қалыптастыруға, септігін тигізері сөзсіз.

Ағылшын тілінде халық арасында жиі қолданылатын "Manners make thе man", (c.c.a.: Адамды адам ететін оның әдептілігі) тұлғасы ықшам, алайда мәні зор тілдік орам, орта ғасырда орын алған қағида, дәстүрлерге, заман талабына байланысты қалыптасқан. Әсіресе, ХІУ ғасырда Англияда мәдениеттіліктің негізгі шартгарына, өзін-өзі ұстау ережелеріне баса назар аударылып, мүлтіксіз орындалуы талап етілді. Әдептілік, ізеттілік ережелерін қамтитын арнайы жинақтар шығарыла бастады. Уақыт өте келе осы ұстанымдардың бірқатары жалпыхалықтық мақал-мәтелге айналып, кеңінен қолданыс тапты. Мысалы, Good manners make the a man (c.c.a.: Адамды адам ететін оның әдептілігі) ; Уou sit by a worthier man than thyselfs art one, Suffer him first to touch the meat (c.c.a.: Erep өзіңнен салауаттырақ адаммен дастархандас болсан, одан үлгі ал, яғни соған қарап ас іш) т.б.


"Жалғыз қаздың үні шықпас, Жалғыз қыздың мұңы шықпас" деген мақал қазақтың әдет-ғұрпына, өмір салтына байланысты тілде қалыптасқан деп ойлаймыз. Өзара қарым-қатынасын жекжат болып нығайтқысы келген адамдардың балаларын атастырып, күйеу жігіт қайтыс болса, әмеңгерлікпен туған

бауырының, болмаса жас ерекшелігіне қарамай туыстарының біріне қосуы тәрізді мәселелер ата дәстүрі бойынша шешімін табатын. Балғын жас қыздардың тіпті әкесінен де үлкен қарт кісілерге тұрмысқа шығуға мәжбүр болуының негізгі себептері, қыз әкесінің сіңірі шыққан кедейлігі,өгейлігі не жетім қыздың жалғыздыгы екендігін көптеген мұражай деректері дәлелдейді. Жоғарыда келтірілген мақалдың шығуына мұңын шаға алмай, тағдырдың дегеніне көнген арулардың қайғы-қасіреті себеп болған тәрізді.

Үй-жайға, отбасына қатысты ММ-дердің этнолингвистикалық уәжі.

Қай халық болмасын, адамзат үшін үйдің алатын орны ерекше. Зерттеу барысында осы тақырып аясына жататын ММ-дердің екі тілде де көптеп кездесетіндігі байкалды. Мысалы, ағылшындар "My house is my castle" (c.c.a.: Өз үйім - қорғаным) десе, қазақ халқы "Өз үйім-өлең төсегім" деп, оған бейнелі түрде ерекше сипат береді.

Тарихи деректерге сүйенсек, ежелгі ағылшын баспаналары қорғаныс үшін аса мықты болмаған және Англияда қорғандардың салына бастауы 1066 жылғы нормандар басқыншылығымен байланысты. Жергілікті халық қаһарынан қауіптенген нормандар "түнгі ұйқы кезінде бауыздап кетпеуі үшін мықты баспана керек" деген ұйғарымға келіп, батпақтан үй салып, ағаштан мұнаралар тұрғыза бастаған. Бұларды балшықтан жасалған биік қабырғалармен қоршап немесе айналдыра ор қазатын. Демек, өзге халықтарға тән тарихи қалыптың, дәстүрдің жергілікті халықтарға сыналап енуі, үйдің ассоциативті түрде қорғанға балануы " My house is my castle " тәрізді тұрақты тіркестердің тілде қалыптасуына негіз болған деп ойлаймыз.

Ал, "өз үйім - өлең төсегім" тұрақты тіркесіндегі "өлең" лексемасына Э.В. Севортянның сөздігінде берілген анықтама бойынша аталмыш тілдік единица түркі тілдеріне монғол тілінен енген кірме сөз, "сулы, сазды жерде өсетін шөп; нәрлі, жұғымдылығы шамалы, жұмсақ шөп" деген мағынаны білдіреді. Қазіргі танда бұл бейнелі орам "Біреудің байлыққа толы кең сарайында қысылып, қымтырылып отырғаннан гөрі өзіннің қарапайым, жұпыны төрінде көсіліп жатқанға не жетсін" деген ұғымда қолданылады. Жалпы алғанда, қос тілдегі ММ-дер арқылы берілетін негізгі ой біреу, яғни адамның үйіне деген ыстық сезімі мен үйдің адам өмірінде алатын орны. Бірақ осы ой ағылшын және казақ мақалында сол халықтың әдет-ғұрпына, салт-санасына, дүниетанымына байланысты пайымдаулар арқылы берілген.

Гендерлік қатынасқа байланысты этнолингвистикалық уәжі.

Адам өмірінде отбасының алатын орны ерекше, себебі ол шағын мемлекет іспетті. Осы шағын мемлекетте әйелге артылар жүк те, жауапкершілік те айтарлықтай. Қазақтың құтты босағасында ер адам — отағасы, үйдің қожайыны, алайда, үй ішінің бүкіл тауқыметі, тұрмыс-тіршілігі, бала тәрбиесі, әдеп пен әдет, рухани қарым-қатынас т.б. барлығы әйел адамнық құзыретінде. Ағылшын және казақ тілінің паремологиялық қорындағы әйелдердің жеке басына қатысты мақал-мәтелдерден әйелдердің қоғамдағы, отбасындағы мәдени-әлеуметтік орнын аңғаруға болады. Солардың бірнешеуіне тоқтала кетейік: A good wife makes a good husband (c.c.a.: Жақсы әйел жақсы күйеу жасайды). Қазақ тілінде тәрбиелік мәні зор тіркеске мағынапас келетін бірқатар мақал-мәтелдер бар:

Жақсы әйел жаман еркекті би етеді.

Салыстыра қарастырғанда, халықтар менталитетіндегі ортақ көзқарас, өзара сәйкес ұғым-түсінік, біркелкі ұстаным байқалады.

Жаман әйел жақсы еркектің төрдегі басын көрге сүйрейді,

Жақсы әйел жаман еркектің көрдегі басын төрге сүйрейді.

Жоғарыдағы "алған әйелің жақсы болса, елге сыйлы етер" деген ұғымды білдіретін қазақ мақалында айтылар ой төр мен көрді салыстыру арқылы жеткізілген. Қазақ халқының когнитивгік санасында "төр" — тек қазақ үшін ең қастерлі, сыйлы орын.

Зерттеу барысында ағылшын және қазақ қоғамдастығында әйелдер дәрежесін ер адамдардан сәл төмендетіп көрсететін стеореотиптің, пайымдаудың орын алғандығын білдіретін ММ-дердің жиі кездесетіндігі байқалды. Мысалы, ағылшын тілінде The death of wives and the life of sheep make her husband rich (c.ca.: әйелінің өлімі мен қойдың өмірі ер адамды бай етеді); Women have no souls (c.c.a.: әйелдердің жаны жоқ), қазақ тіліндегі "Башпал жүйрік парқы жоқ, қатын шешен, нарқы жоқ", "Әйелдің ишшы ұзын, ақылы қысқа" мақал-мәтелдері белгілі бір заман кезеңіндегі әйел адам дәрежесінің көрсеткіші іспеттес. Көне заманнан қалыптасқан қазақтың ата дәстүріндей Англияда да орта ғасырларда балаларының үйлену, тұрмыс құру тәрізді мәселелерін ата-анасы шешетін, себебі текгі жердің қызына үйлену, ұлына тұрмысқа шығу арқылы материалдық жағдайын түзеп, қоғамдағы алатын орнын жақсартуға мүмкіндіктер туындайтын. Жоғарыдағы "The death of wives and the life of sheeps makes her husband rich" мақалы өз заманындағы материалдық, рухани дүниенің тілдік бейнесі болып табылады, яғни көне дәстүрдің тілдегі көрінісі іспеттес.

Сондай-ақ, 1918 жылдан бастап жасы отыздан асқан әйелдердің кейбіріне сайлауда дауыс беруге құқыіқ берілді және ағылшын әйелдерінің басым кемшілігі үй шаруасымен айналысты немесе жұмысшы, қатардағы қызметкер болды. Жоғары лауазымды қызметкер әйелдердің саусақпен санарлықтай болуы және оның биік дәрежеге көтерілуінің қисықсыз өрескел болып танылуы "Women in state affaire are like monkeys in glass shops" (c.c.a.: Үкімет басындағы әйелдер айна сататын дүкендегі маймылдарға ұқсайды) бейнелі тұрақты орамнан айқын көрінеді.

Байырғы ағылшын қоғамдастығында қалыптасқан әдептілік дағдысы бойынша, тұрмысқа шықкан әйел ерін өзінің қожайыны ретінде кабылдауы тиісті. Бұған бой ұсынбаған әйел соққыға жығылатын. 1891 жылға дейін ерлерінің "ер адамның бас бармағынан жіңішке " әйелдерін ұруларына, егер қаласа бөлмеге құлыптап қоюларына заңды құқықтары болған. "A woman, a spaniel, and a walnut-tree, The more you beat them the better they be" (c.c.a.: Әйел, спаниель (итгің түрі) және жаңғақ ағашы ұрған сайын жақсарады), "A woman, an asse, and a walnut-tree, Bring the more fruit, the more beaten they be" (c.c.a.: Әйел мен есекті және жаңғақ ағашын ұрған сайын жемісті молырақ береді) тәрізді тұрақты тіркестер жоғарыда айтылған келеңсіз оқиғалардың орын алғандығы жөнінде бұлжытпас тілдік дәлел болып табылады. Қазақ арасында да мұндай жәбірлеулердің болғаны, әлі күнге дейін сирек те болса кездесетіні және оның әдеттегі от басында болып тұратын елеусіз оқиға ретінде танылатыны мәлім.

Сонымен, гендер категориясына қатысты тұп тамыры теренде жатқан тілдік орамдар екі тілде де молынан ұшырасады. Олар — белгілі бір лингвомәдени қоғамдастықта қалыптасқан дүниенің тілдік белгісі болып табылады. Дүниенің тілдік көрінісі адам-тіл-мәдениет-өркениет жиынтығын зерделеу арқылы айқындала түседі.

Уақыт өлшеміне қатысты мақал-мәтелдердің лингвистикалық уәжі



Бұл тақырыптық топтағы бейнелі орамдар уақыттың көз ілеспес жылдамдығын, оны босқа өткізіп, өмірді өксітпеуді, алтын мезетті пайдалы іске арнауды уағыздайды. Мысалы, "Time is money" (c.c.a.: Уақытақша); "Уақытбілгенге қазына, білмегенгебыламық", "Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық". Туыс емес екі тілдің бірліктері уақытты ұғымды пайдаланып, тынбай еңбек етсең, мол қазынаға кенелесің деген ұғымды білдіреді. Ағылшын зерттеушілері аталмыш тіркестің казіргі заман ағымына сай келіп тұрғанымен, көненің көзі екендігін ескертеді және оның алғашқы қолданысын біздің жыл санауымыз бойынша 320 жылдардағы Теопрастус (Theophrastus) жазбаларымен ұштастырады. 
"There is a time for everything' (c.c.a.: Әр нәрсенің өз уақыты бар). Қазақша баламасы: Сабақты ине сәтімен. Бұл ағылшын мақалы қасиетті кітап Інжілдің " To everything there is a season, and a time to every purpose under the heaven", (c.c.a.: Аспан астында әр нәрсенің, өр мақсаттың өз мерзімі бар) деген өсиет, өнегелерінен ықшамдалып, тұрақты қалыпқа енген.

Салыстыра алғанда, уақыт мағыналық өрісіне енетін мақал-мәтелдердің аздау кездесетіндігі анықталды.

Тілге байланысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық "Тәрбие басы — тіл", орны мен орайын тауып қолданса, сөзден, яғни тілден асқан ғажап сиқырлы күш жоқ деп білген халық ұрпағын ойланып, дұрыс сөйлеуге баулыған. Зерттеу барысында тілге, сөзге қатысты мақал-мәтелдердің екі тілде де жиі кездесетіндігі байқалды. Мысалы: 
Good words cost nothing and are worth much; 
Жылы-жылы сөйлесең, Жылан інінен шығады. 
Қатты-қатты сөйлесеңПышақ қынынан шығады; Екі тілге қатысты орамдардың жеткізер ойы бір, яғни адам жанын жадыратар жақсы сөздің құндылығы. Ағылшын мақалында тек жылы сөздің мәні айтылса, қазақ мақалдары қатты сөздің адам жанына әсерін қоса жеткізеді. Бір ауыз қатты сөзді қолға ірген тікенге теңей келіп, сол бір ауыз қатты сөзден пышақ қынынан шығатынын, үлкен дау туатынын ескертеді.

Осы жерде айта кететін жайт, ағылшын мен қазақ мақал-мәтелдерінде айтылатын ойдың кейде орайлас келмей, қарама-қайшы түсетін тұстары да кездеседі. Мысалы, ағылшын тілінде: "Stiks and stones may break my bones, but words will never hurt me" (c.c a. Таяқ пен тастар менің сүйегімді сындыруы мүмкін, бірақ сөз мені жаралай алмайды) десе, қазақ мақалы керісінше "Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді",— деген пікірді қалыптастырады.

Еңбекке қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі. Зерделей қарасақ, мақал-мәтелдер адам баласының бар өміріндегі, тұрмыс-тіршілігіндегі салалардың барлығын дерлік қамтиды екен. Солардың қомақты бір бөлігі — еңбек жайлы мақал-мәтелдер. Мұның сыры еңбектің тіршіліктің негізі, қоғамның, өмірдің қайнар көзі болғандығында болса керек. Көненің көзі іспеттес тұрақты тіркестер тобы келер ұрпақсыз еңбек етпегеннің ішіп-жемейтінін түсіндіре келіп, оларды еңбек сүйгіштікке, адал еңбек етуге баулиды, жалқаулық, бойкүйездік, жатып ішер арамтамақтықтан бойды аулақ салуға шақырады.

Қонаққа қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі. Қонақжайлық - қазақ ұлтының сүтімен еніп, сүйегіне сіңген ұлы дәстүрдің бірі. Өткен ғасырда поляк саяхатшысы әрі зиялысы А.Янушкеевич "Дүние жүзін қазақ жайласа, жер шарын тегін аралап шығар едім",- деп қазақ халқының қонақжайлылығын риза көңілмен бағалаған екен. Қонаққа конақ болу үшін оның таныс болуы, міндес, тендес болуы шарт емес, қонақасыны "бөлінбеген еншім" деп тануының өзі кеңінен таралып, дәстүрге айналған халық жорасының бірден-бір көрсеткіші. Алайда, A constant guest is never welcome. Бір күнгі қонақ — күт, Екі күнгі қонақ- жұт тәрізді тұрақты тұлғалар жиі келген келген қонақтың қадірін жоғалтатынын, оған өзі қалағандай құрмет көрсетілмейтінін бейнелі түрде жеткізеді. Екі ел мақал-мәтелдерін талдап-тарату барысында алыс жатқан, салт-санасы, әдет-ғұрпы, тілі-діні әр басқа халықтардың айтайын деген ой-тұжырымы, көзқарасы мен өмірлік ұстанымдарының өзара сәйкес келіп жататындығы анықталды. Мұның сыры өмірдің өзінде, адамзаттың көріп-біліп, көңілге түйген ойында, өмірден алған тәжірибесінде жатса керек.

Ақша, қаражатқа байланысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі. Қазақ және ағылшын тілдерінде ақша-қаражат жайлы мақал-мәтелдер де кездеседі. Мысалы, " Take care of pence and the pounds will take care of themselves" (c.c.a.: Пәнсті үнемдеп ұстасаң, фунт өз-өзін үнемдейді). Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер; Береке бір тиыннан.

Ағылшындар фунт пэнстен құралады десе, қазақтар теңгенің тиыннан өсетінін ескертеді. Әр елде ақша өлшемі ретінде қабылданған ұлттық валютаның атауы әр түрлі болатыны белгілі. Теңге, тиын - қазақ елінің ақша эквиваленті. Сонау VI-VIII ғасырларда ру-ұлыс нышандары айшықталған теңгелердің қолданыста болғаны, Отырар, Тараз қалаларында теңгелер шығарған ұстақаналар жөнінде тарихи деректер бар.



IV Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі

Зерттеу жұмыстарындағы топтастыру үлгілерін негізге ала отырып, мақал-мәтелдер тілдегі қолданысына орай: адамның жеке басына, үйге, діни наным- сенімге, гендерлік қатынасқа, өнер-білімге т.б. қатысты тілдік бірліктер тұрақты тіркестердің негізгі түпдерегі, тілде қалыптасу жолдары, қолдануға даяр тұлғаға айналу себептері анықталды. Тамыры тереңде жатқан тілдік орамдардың этнолингвистикалық астарын ашуда тарих, этнография, психология, елтану т.б. салаларына жинақталған мағлұматтар лингвистикалық деректермен ұштастыра қолданылды.



Адамға қатысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі

Зерттеу барысында екі тілде де осы тақырып аясына жататын тіркестердің саны жағынан әлдеқайда көптігі байқалды. Мұның сыры-адамның қоғамдағы шешуші күш екендігінде жатса керек.

Ағылшын тілінде халық арасында жиі қолданылатын «Good manners makes a man» (Адамды адам ететін оның әдептілігі) тұлғасы ықшам, алайда мәні зор тілдік орам, орта ғасырда орын алған қағида, дәстүрлерге, заман талабына байланысты қалыптасқан. Әсіресе, XIVғасырда Англияда мәдениеттіліктің негізгі шарттарына, өзін-өзі ұстау ережелеріне баса назар аударылып, мүлтіксіз орындалуы талар етілді. Әдептілік, ізеттілік ережелерін қамтитын арнайы жинақтар шығарыла бастады. Уақыт өте келе осы ұстанымдардың бірқатары жалпыхалықтық мақа-мәтелге айналып, кеңінен қолданыс тапты. Мысалы, If you sit by a worthier man than theyself art ones Suffer him first to touch the meat (Егер өзіңнен салауаттырақ адаммен дастархандас болсаң,одан үлгі ал, яғни соған карап ас іш)т.б.

«Жалғыз қаздың үні шықпас, Жалғыз қыздың мұңы шықпас» деген мақал, қазақтың әдет-ғұрпына, өмір салтына байланысты тілде қалыптасқан деп ойлаймыз. Өзара қарым-қатынасын жекжат болып нығайтқысы келген адамдардың балаларын атастырып, күйеу жігіт қайтыс болса, әмеңгерлікпен туған бауырының, болмаса жас ерекшелігіне қарамай туыстарының біріне қосуы тәрізді мәселелер ата дәстүрі бойынша шешім табатын. Балғын жас қыздардың тіпті әкесінен де үлкен қарт кісілерге тұрмысқа шығуға мәжбүр болуының негізгі себептері, қыз әкесінің сіңірі шыққан кедейлігі, өгейлігі, нежетім қыздың жалғыздығы екендігін көптеген мұражай деректері дәлелдейді. Жоғарыда келтірілген мақалдың шығуына мұңын шаға алмай, тағдырдың дегеніне көнген арулардың қайғы-қасіреті себеп болған тәрізді.



Діни мифологиялық наным-сенімге байланысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі

Ағылшын және қазақ тілдерінде наным-сенімге байланысты мақал-мәтелдер де кездеседі. Мысалы, ағылшын тіліндегі «God helps those who help themselves» (өзі көмектескендерге құдай да көмектеседі) тіркесінің шығу төркінін біздің жыл санауымызға дейінгі 570 жылы жазылған «Геракл және күәмеші» атты Эзоптың аңыз әңгімесімен байланыстырамыз. Мифтік әңгіменің жалпы мазмұнына келер болсақ, күймесі батпаққа батып тұрып қалған күймеші оны шығаруға талпыныс жасамастан, көмекке құдіретті де күшті Гераклді шақырады.Адамның бұл қылығына қатты ашуланған Геракл: «күйменің дооңғалағының артына иығыңды тіреп итер де, өгізіңді алға айда» дейді және алдағы уақытша еш әрекет қылмастан өзін шақыруға қатаң тыйым салады. Осы ой түйіні XVIII ғ. дейінгі әдебиеттерде әр түрлі жолдармен берілген. Қазіргі уақыттатұрақты қолданысқа ие «God helps those who help themselves» мақалы алғаш рет 1736 жылы Б.Франклиннің «Poor Richard’sAlmanack»атты еңбегінде қолданылды.

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі наным-сенімге, оның ішінде, жаратқан ие, алла тағалаға қатысты мақал-мәтелдерді салғастыра зерттей отырып, олардың семантикалық жағынан өзара сәйкес келетіндігі анықталды. Мақал-мәтелдер арқылы берілетін ойдың өзара өзектесіп, астасып келу себебін әртектес тілдер өкілдерінің өмір сабағының, ғасырлар бойға тіршілікте көзі жетіп, көкейіне түйген тәжірибе жиынтығының ұқсастығымен ұштастырамыз.

Үй-жайға байланысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі

Қай халық болмасын, адамзат үшін үйдің алатын орны ерекше. Зерттеу барысында осы тақырып аясына жататын мақал – мәтелдердің екі тілде де көптен кездесетіндігі байқалды. Мысалы, ағылшындар «My house is my castle» (Өз үйім-өлең төсегім) десе, қазақ халқы «Өз үйім – өлең төсегім» деп, оған бейнелі түрде ерекше сипат береді.

Тарихи деректерге сүйенсек, ежелгі ағылшын баспаналары қорғаныс үшін аса мықты болмаған және Англияда қорғандардың салына бастауы 1066 жылғы нормандар басшылығымен байланысты. Жергілікті халық қаһарынан қауіптенген нормандар «түнгі ұйқы кезінде бауыздап кетпеуі үшін мықты баспана керек» деген ұйғарымға келіп, батпақтан үй салып, ағаштан мұнаралар тұрғыза бастаған. Бұларды балшықтан жасалған биік қабырғалармен қоршап немесе айналдыра ор қазатын. Демек, өзге халықтарға тән тарихи қалыптың, дәстүрдің жергілікіті халықтарға сыналап енуі, үйдің ассоциацивті қорғанға балануы «My house is my castle» тәрізді тұрақты тіркестердің қалыптасуына негіз болды деп ойлаймыз.

Гендерлік қатынастарға байланысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі

Алам өмірінде отбасының алатын орны ерекше,себебі ол шағын мемлекет іспетті. Осы шағын мемлекетте әйелге артылар жүк те, жауапкершілікте айтарлықтай. Қазақтың құтты босағасында ер адам – отағасы, үйдің қожайыны, алайда, үй ішінің бүкіл тауқыметі , тұрмыс – тіршілігі, бала тәрбиесі, әдеп пен әдет, рухани қарым – қатынас т.б. барлығы әйел адамның құзыретінде. Ағылшын тілінің және қазақ тілінің паремологиялық қорындағы әйелдердің жеке басына қатысты мақал – мәтелдерден әйелдердің қоғамдағы, отбасындағы мәдени – әлеуметтік орынын айқын аңғаруға болады. Солардың бірнешеуіне тоқталып кетейік: A good wife makes a good husband (Жақсы әйел жаман еркекті би етеді).



Уақыт өлшеміне байланысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі

Times a money – Уақыт – ақша.

There is a time for everything – Әр нәрсенің өз уақыты бар.

Тілге байланысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі

Good words cost nothing and are worth much – Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады, қатты-қатты сөйлесең пышақ қынынан шығады.



Қонаққа қатысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі

A constant guest is never welcome – Бір күнгі қонақ – құт, екі күнгі қонақ-жұт.



Ақша, қаражатқа байланысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі

Take care of pense and the pounds will take care of themselves – Береке бір тиыннан



Өнер-білімге қатысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі

Knowledge is power – Білім-күш.



Өмір мен өлімге қатысты мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі

Speak well of the dead – Өлгендер жайлы жақсы айт (Өлі разы болмай, жарлы байымас).



Табиғатқа, жан-жануарларға байланысты мақал-мәтелдерінің этно -лингвистикалық уәжі

Red sky at night,Sherperd is delight: Red sky in the morning6Sherperd is warning – Түңгі қызыл аспан – шопанның қуанышы, таңғы қызыл аспан – шопанның уайымы.


Қорытынды.

Зерттеу жұмысын жүргізу барысында қазақ, ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдерді салыстыра отырып, олардағы әр халықтың дүниетанымы мен өмірлік тәжірибиеде қалыптасқан түсініктердің көріністерін ашып, ұлттық және танымдық сипатын айқындауға талпыныс жасадым. Мақал-мәтелдер- сөздік құрамның халық өміріндегі кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдвық құбылыстарды бейнелей сиппатайтын, көңілдегі ойды шеберде ұғымды жеткізетін, қысқада нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге,білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақ тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуғатәрбиелейбілген.
Ағылшын тілінің физеологиясына қатысты кешенді зерттеулермен, дәйекті тұжырым, тұжырым пайымдаулармен танымал А.В. Кунин де мақал-мәтелдердің құрымдылық-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып, оларды «коммуникативтік фразалогиялық бірліктер» деп атап, жеке қарауды ұсынады. Сондай-ақ, автор құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетін мақалдар тобына яғни, «all is well, that ends well» (сөзбе-сөз аударғанда сәтті аяқталған істің бәрі жақсы), «Appearances are deseptive»(келбет -алдамшы), «Better late than never» (ештен кеш жақсы) тәрізді оралымдарды фразеологиядан тыс, «фразеологиялық емес тұрақты құрылымдар»аясындақарастырады. 
Мақал-мәтелдерді жинақтап, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде , тілдік бірліктер табиғатының кейбір қырларын айқындауда зор еңбек сіңірген ғалым Г.Л. Пермяков аталмыш тұрақты тұлғалардың тілші ғалымдар тарапынан да зерттелуі қажеттегін есекертеді. Осы келтірілген ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу нәтижелеріне сүйенер болсақ ,мақал-мәтелдердің тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы мағына тұтастығы, қолдауға даярлығы тәрізді сипаттары оларды фразеологизмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді. 
Мақал-мәтелдердің өн бойында поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас, ырғақтылық байқалады. Онда басы артық бір сөз болмайды, барлығы өз орнында екшелген, сұрапталған, жымдаса біріккен, ішкі мазмұнына сыртқы формасы сай үндестік тапқан болып келеді. В.Виноградов мақал-мәтелдердің тұрақты сөз тіркестеріндегідей дәстүрлі, сазды және дайын күйінде қолжданылады.
Мақал-мәтел құрылыс жағынан сырттай ұқсас болып келгенімен, олардың мазмұнды түйіндеуінде, ойды шешуінде өзіндік ерекшелігі байқалады. Мақалдарда бір-біріне сай қарама-қайшыұғымдар мен нәрселерді салыстырып, шендестіру арқылы ой-пікірді айқындау тәсілі басым болып келеді.
Мысалы:. Business before pleasure

Еңбек түбі-бейнет,

Бейнет түбі-зейнет.

East or West, home is best

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Great boast, small roast

Сөзге көп-іске жоқ.


Қаншама берік және тіл үшін нормаға айналған стандарт болса да, абсоллюттік ұғым емес, ол тілдің тарихи дамуына байланысты, көрші тілдердің әсерінен , сондай-ақ тілдің ішкі даму заңдылықтарына сәйкес, стильдік қолданысқа сөз зергерлеріне, сөз саптау шеберлеріне байланысты әртүрлі өзгерістерге түсіп отырады. Бірақ бұл өзгерістер мақал-мәтелдердің жалпы мазмұнына, мағынасына, бүкіл тіркеске негіз дәнекер болып тұрған образ бейнеге бөлінуі сан келтіре қоймайды.
Мақал-мәтелдердің осылайша әртүрлі өзгерістерге, тұлғалық модификцияларға ұшырауы салдарынан пайда болған, тіл практикасында бірақ рет қолданыс табатын түрлерін инварианттар деп атаймыз. Мақал-мәтелдерден біз белгілі бір халықтың этнос болмысын, оның рухуниазаттық мәдениетін, дүниетанымын, салт-дәстүр, әдет-ғұрып наным-сенім, т.б туралы бай ақпарат табамыз.
Қазақ мақал-мәтелдері мал шаруашылығына, саятшылық-құс баптауға, кей кездері егіншілікке байланысты болса, ағылышн тіліндегі мақал-мәтелдерінің көп бөлігі бағбаншылық саласын қамтиды.
Мысалы:
Ағылышн Мағынасы Қазақша баламасы
The rotten apple injures its nature Шірік алма табиғатын бұзады Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді
Acorns were good till bread was founded Адамдардың тоғышарлығына байланысты Тойғанда тоқтының еті торпақ татиды. Қарын тойса, қарта сасиды.

Айтылған сөздер, үзінділер халықтың көңілінен шығып, кең қолданысқа ие болса,бірті-бірте қанатты сөзден мақал-мәтелге айналады. Шекспирден алынған кейбір үзінділер қазақ тілінен өз баламаларын тауып жатады: Brevity is the soul ofwit –Аз сөз-алтын. Rieh gifts are poor when givers prove unkind- Ғайыптан тапқан алтыннан ақсақал берген бата артық, қайры жоқ жақыннан жаны жақсы жат артық.
Ағылшын Мағынасы Қазақша баламасы
A little learning is dangers
To err is human
Who shall deeded 
When doctors disagree Шала оқу қауіпті Жол білмеген адастырады,жөн білмеген шатастырады. 
Жаңылмас тұяқ жоқ.
Ауру азайса тәуіп аурады.
Ағылшын ауыз әдебиетінде көп кездесетін кейіпкерлер мақал-мәтелдерденде өз орындарын тапқан.
Ағылшын Мағынасы Қазақша баламасы
A good makes a good Jill. Жақсы ер адамның ,әйеліде жақсы Жақсы әйел жігітке біткен бақ,
Жақсы жер, жайлы қамыс, алтын таң.
Жақсы әйел теңі жоқ-жолдас, түбі жоқ- сырлас
Jar off all trades and trades and master of none Әр істің басын шалу Аузымен астау шапқан,қолымен жаңқа жара алмас
Қай халық болмасын, билік пен байлыққа сүйенген абырой атақты мысқылдап отырған. Ағылшын тілінде бұл қаһарлы Цезардың атымен байланыстырылса, қазақ әдебиетінде бай-болыстардымысалға келіп еді.
Ceaser wife is above suspicion Цезардың әйелі күдіктен жоғары Аузы қисық болсада, бай баласы сөйлесін 

Әр халықтың тәлім-тәрбиеге байланысты мақал-мәтелдерді сол халықтың менталитетінен хабар береді.
Ағылшын Мағынасы Қазақша баламасы
Leopard can not change his stops Жолбарыс өз дақтарын өзгерте алмайды Сүтпен сіңгңн мінез, сүйекпен кетеді не қара киізді қанша жусаңда ағармайды.
As hungry wolf Аш қасқыр Аштық ас талғатпайды

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ағылшын-қазақ мақалдарының салыстырмалы сараптамасы // Мир языка. Н.М. Құрманбаевтың 75 жылдық мерейтойы құрметіне ұйымдастырылған «Мышление-Язык-Лингводидактика» атты ғылыми конференция материалдары. Алматы,171-174бб.

  2. Ағылшын-қазақ мақалдарының этнолингвистикалық ерекшеліктері// Мир языка. «Аударманың көкейкесті мәселелері» атты халықаралық ғылыми конференция материалдары. Алматы,2001. 208-210бб.

  3. Қазақ мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаты// Мир языка. Қазаөстан тәуелсіздігінің 10 жалдығы мен Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 60 жылдығына арналған «Лингвистиканың көкейкесті мәселелері мен шет тілдерін оқытудың әдістемелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Алматы,2001. 187-190бб.

  4. Кісі есімдері мен мекен атаулары қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық сипаты// «Тіл әлемі.» М.М.Копыленконы еске алу құрметіне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Алматы, 2003. 215-218бб.

  5. Гендерлік қатынасқа байланысты мақал-мәтелдердегі этнолингвистикалық мотивтер// Тіл тағлымы. Алматы,2003. 215-218бб.

  6. Табиғат құбылыстарына байланысты ағылшын және қазақ мақал-мәтелдері// Поиск – ізденіс. Серия гуманитарная. Алматы,2003. 189-191бб.

  7. Қазақ мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаты // Вестник КазНУ им. Аль Фараби. Серия филологическая. Алматы,2003. 207-210бб.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет