42.Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны мен формалары. Қазіргі таңда болып жатқан жаңартулар тәрбие жұмысын жандандыруда мектептің алдына қоятын ең басты мәселенің бірі - өркениетті прогрессшіл бағыттағы азаматтық қасиеттері мол сондай - ақ ұлттық тілін жоғалтпаған замандастарымен тең дәрежеде өрелі терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Бүгінгі күні әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, яғни адамгершілік тәрбие шешуші фактор болып табылады. Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері - оқушылардың белсенді саналық көз қарасын сөз бен істің бірлігін адамгершілік нормаларынан ауытқуларға жол бермеуді қалыптастыру. ол баланың жеке басының қалыптырушы дамудың аса маңызды бір саласы. Бұл арқылы Отанға еңбекке қатынасын айқындайды. Тәрбиелі ұстаз шәкірттерге жан - жақты тәрбиені осы адамгершілік тәрбиеден бастайды. Кішіпейілділік негізі отбасынан дамиды. Оған ата - анасының берген тәрбиесі тұрмыс тіршілікке көп әсер етеді. Оқыту барысында балаларды кішіпейілділікке тәрбиелеудің әдіс - тәсілдерінің бірі шығармашылыққа жүгіну. Балаға жазушылардың шығармаларын оқыта отырып, ондағы кейіпкерлердің образын талдата отырып, баланың ой - психологиясына да үңілуге болады. Балаларды сыныптың ұжым ішінде қарым - қатынас кезінде достарымен аралас - құралас кезінде қандай екенін білуге болады және сол мінезіне қарай отырып оның мінез - құлқын жөндеуге кішіпейілділікке тәрбиелеуге болады.
Адамгершілік сезім дегеніміз – әлеуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық қатынас. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілік тәрбиесіне баулу олардың бір - бірімен достық – жолдастық, қарым - қатынасының нығаюын қарастыру, олардың әрдайым жақсы қарым - қатынаста болуын қамтамасыз ету адамгершілік сенімнен туады. Адамгершілік тәрбиесі бірнеше міндеттерді шешуге көмектеседі. Өмір талабына сай қоғамның моральдық нормасын орындауға лайықты шәкірттер тәрбиелеу.
- Оқушының бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
- Оқушылардың санасына және мінезіне ұстаздық ықпал жасау.
- Отанға. халқымызға, еңбекке жауапкершілік сезіммен қарау.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін оқушылардың жас ерекшелігіне қызығушылығына лайықты жасалады. Оқушыларды кішіпейілділікке адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халқының тәлімдік тиімді құралдарының бірі – ертегі қиса. Оларда халықтың тұрмыс - тіршілігі, әдет - ғұрыптарының дәстүрлері, Отанға туып өскен жеріне деген сүйіспеншілігі бейнеленеді.
- Жақсы адам - елдің ырысы
Жақсы жер – даланың ырысы - деп адам қасиетін білдірсе,
Ұлық болсаң – кішік бол,- деп кішіпейілділікті,
Әдепті бала - арлы бала,
Әдепсіз бала - сорлы бала,- деп көрегендікке баулиды. Адамгершілік қасиеттерін дамытуда ойын арқылы меймандастық достық сезімдерін нығайтуға болады. Сонымен кіші мектеп жасындағы оқушыларды мейірімділікке, ізгілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу, оның адамгершілік кішіпейіл, зейінді етіп шығару ата - ана мен мұғалімнің міндеті.