43.Оқушылардың қоғамдық мінез-құлқын қалыптастыру әдістері. Қоғамдың мінез-құлықты қалыптастыру және оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру. Іс-әрекет - адамдардың қоршаған ортаға белсене қатысуының негізгі нысаны, ішкі жан дүниесінің көрсеткіші, дамуының, өздігінен жетілуінің шешуші белгісі. Адамның іс-әрекетінің дамуына қарым-қатынас ерекше әсер ететіндіктен, іс-әрекеттен тыс тәрбиенің болуы мүмкін емес.Бала іс-әрекетіне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар:-іс-әрекеттің мақсатының анықтығы, оның жеке адамға, қоғамға, ұжымға пайдалылығы, оқушының ынта ықыласын, қабілеттілігі мен іскерлігін ескеру; оқушылардың ортақ істі сезімталдықпен орындауына қолайлы жағдай жасау.
- баланың мүддесі мен бейімділігін ескере отырып, оның көңілінен шығатын, шамасы жететін қоғамдың жұмысқа, еңбекке қатыстыру өздігінен әрекет ету тәжірибесін кеңейтеді.
- іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру балалардың белсенділігіне байланысты. Жұмысты жоспарлау, жеке тапсырмаларды бөлу, оның нәтижесін тексеру, т.б. міндеттерді балалар шешіп отыруы керек. Бала талабы мен қабілетін еңбекте көрсеткенде дамиды.
- тәрбиешінің басшылығы, жұмыс барысында кеңес беру, балалардың ынтасын арттыру. Жұмыстың мазмұны мен түрлерін, әдістерін жандандыратын материалдың және моральдың жағдайды сақтау.оқушылар ұжымының қоғамдың пікірі арқылы іс-әрекет-тің нәтижесін қорытындылау.Педагогикалық талап әдісі іс-әрекеттердің бір түрін тежеу, енді бір түрін мадақтау тәрбиеленушінің санасын дамытады. Л.Г.Макаренко: "Егер жеке адамның басына тиісті талаптар қойылмайтын болса, онда ұжымды құруға, ұжым ішінде тәртіп құруға да болмайтындығы, әрине, өзінен-өзі түсінікті нерсе. Мен жүйелі түрде талаптар қойылуын жақтайтын адаммын", - деп педагогикалық талап әдісінің басқа әдістерге қарағанда ерекшелігін көрсеткен.Оқушылардың өмірінде педагогтің талап қоюы шешуші рөл атқарады. Нақтылы педагогикалық жағдайға байланысты талаптың, түрі, мазмұны іріктеледі. Тәрбиеші мен тәрбиленушінің өзара әңгімесі мен байсалды, сенімді қарым-қатынас педагогикалық талаптың нәтижелі болуына ықпал жасайды. Тұтас педагогикалық процесте тәрбиеленушіге педагогикалық талап қою мен дұрыс іс-әрекет істеуге мәжбүр ету қатар жүреді.Жаттығу әдісі - мінез-құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әр түрлі іс-әрекетті ұйымдастыруы. Тәрбиеленушілердің орындайтын жаттығулары - тәрбиешінің талаптарын орындап, адам игілігіне еңбек ету, басқаларға қамқорлық жасап, қуанышқа бөленуі.Жаттығу әдісі оқушыны объект жағдайынан субъект жағдайына жеткізеді. Жаттығу әдісінің педагогикалық-психологиялық ерекшелігі - жаттығулар мен әрекеттердің баланың ішкі қасиетіне айналуы. Тапсырма бергенде баланың ішкі мүмкіндігін, күшін, бағытын жан-жақты терең зерттеп, қоғамдық бел-сенділігін басқару жалпы адамзаттық адамгершілік қасиетінің дамуына және оның дұрыс іс-қимылы мен мінез-құлық дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.Ойын - бала әрекетін дамытудың негізгі құралы. Ойын баланың мінез-құлқын қалыптастырып, ой-өрісін өсіріп, ортаға бейімдеп, өзін еркін сезуге үйретеді. Ойын - балалардың бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерін тәрбиелейді. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тілін дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері пәндері оларда табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сипатын қалыптастырады.Ойын - мектеп балаларының негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров "Балалықтың қанына ойын азық" деп бекер айтпаған. Ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрас-тырған заттарды пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақ-пақтар қолданады. Мұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапаларын қалыптастырады. Бала қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың, адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.
4. Тәрбие әдістерінің үшінші тобы: тәрбиеленушілердің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін ретке келтіру, дер кезінде түзету және ынталандыру қызметін атқаратын әдістер. Олар мектеп оқушыларының қылықтары мен іс-әрекеттерін қуаттау немесе айыптау, олардың жағымды қылықтарын мақтау, ал теріс қылықтарын тежеу мақсатында қолданылады.Бұл әдістерді қолдануда педагогикалық-психологиялық тұрғыдан ескеретін жағдайдың бірі - бала тәрбиенің тек қана объектісі емес, тәрбиенің субъектісі болып табылатындығы.Баланың табиғатында "Мен өзім" деген белсенділігі бар, ол тәрбиеленушілердің әрекетіне және өздерінің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттеріне тәрбиешілердің берген бағасына енжар қарамайды. Сондықтан, тәрбие мен баланың өзін-өзі тәрбиелеуі үнемі қатар жүреді.
Мадақтау - оқушылардың тәртібін, мінез-құлқын бағалап және көтермелеп отырудың, педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы.Мадақтау оқушының өзінің адамгершілігін сезінуіне, мінез-құлқы мен көңіл-күйіне бақылау жасауға, өзін-өзі тәрбиелеуге көмектеседі. Мадақтау әдісі арқылы оқушы өзінің мінез-құлқы қандай болуы керектігін түсінеді, жағымды мінез-құлықты дамытып, ісінің дұрыстығын көріп, өзіне сенімділігі артады, жақсы істерді жалғастыруға тырысады. Мадақтаудан алған әсері оқушыны теріс әрі келеңсіз істерден сақтандырып отырады.Мадақтау түрлері: алғыс айту, мақтау, сыйлық беру, марапаттау. Жазалау - жағымсыз мінез-құлқы мен іс-әрекетінің теріс екендігін балаға үғындыру және істеген теріс ісіне қынжылту. Мұғалім мектептегі жазалау шарасына өте сақтықпен қарауы тиіс. Оған қойылатын талаптар:
• жазаны талап қою әдісімен ұштастыру;
• жазаның кек алу, баланың жеке басының адамгершілік қасиетін кеміту, намысын қорлау, жәбірлеу түрінде болмауы;
• жазаның әділдігі, әділетсіз жаза балаларды тәрбиеленушілерден алыстатып, ұжымнан бөлектенуіне әкеліп соғады;
• жаза қолдануда педагогтік әдепті сақтау. Тәжірибелі педагогтар оқушылар ұжымының көмегіне, қолдауына сүйеніп, тәртіпсіз оқушыны жазалайды.Жазаның түрлері оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай болып, тәрбиенің басқа тәсілдерімен байланысты болуы шарт. Жазалаудың түрлері: ескерту, сөгіс, т.б.Жарыс жастардың бір-бірімен еңбектегі, спорттағы, өнердегі табыстарын көрсету үшін қолданылады. Жарыс оқушының іс-әрекетіне жаңа серпін, жаңа өріс беріп, өзіне талап қоюына мүмкіндік туғызады.
5. Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері.
Тәрбие әдістерінің ықпалын, оның сапасын және нәтижесін анықтау және талдау үшін мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, адамның өзін-өзі бақылауы және өзіне-өзі баға беру әдістері қолданады.Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері тобындағы әдістің бірі -тәрбиелейтін жағдаят туғызу әдісі. Тұтас педагогикалық процесте жеке адам ең алдымен әр түрлі әрекеттер барысында қалыптасып дамиды. Сондықтан баланың өмірін, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын ұйымдастыру ісі белгілі міндетті шешуге барынша жауап беретіндей ұйымдастырылуы керек.Балаға өмірде әр түрлі жағдаяттарды шешуге тура келеді. Зерттеулер бұл жағдайда баланың дайындығы жеткіліксіз екендігін дәлелдеді. Автобуста отырғанда жаныңа келген қарт кісіге орын бересің бе? Ескертуді естімеген боласың ба? - деген мұғалімнің сұрағына оқушы өзінің көзқарасына, мінез-құлқына сүйеніп жауап беруі жаңа талаптарға сай іс-әрекеттері мен қарым-қатынасын өзгертеді.Тәрбие жұмысының нәтижелерін оқушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін, өзін-өзі тәрбиелеуін педагогикалық бақылау жүргізу арқылы білуге болады. Педагогикалық бақылау әдісі тәрбиелілікті анықтауға арналған. Ауызша және жазбаша сауалнама, тестілер, тәрбиелік мақсат көзделген шығармалар, оқушыларды өзін-өзі сендіруге үйрету, оқушылардың барлық іс-әрекетіне талдау жасау қорытынды шығару әдістері - баланың өзіндік педагогикалық психологиялық ерекшеліктерін тану-дамыту мақсатында кеңінен қолданылуда.Тәрбие әдістерін дұрыс таңдау және оларды тиімді пайдалану
Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық жағдаяттарға тәуелді.
Тәрбие әдістеріне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар:
• оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін зерттеп, оқу-тәрбие процесін бала дамуының заңдылықтарына сүйеніп ұйымдастыру.
• тәрбие процесінің үздіксіз, әрі кешенді ерекшелігін ескеру.
• педагогтардың жеке басының және еңбек мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы.Тәрбие әдістері бір-бірін толықтырады, олардың бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етіп, балалардың білімін, іскерлігі мен дағдысын тереңдетеді, қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады. Әдістермен бірге мұғалім тәрбиенің тәсілдерін және құралдарын қолданады.