1. Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.
2. Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады.
3. Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.
4. Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.
5. Дамыту бағыты. Бағалау нәтижелері білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.
Формативті (ағымдық, қалыптастырушы) бағалау Сыныптағы күнделікті оқу барысында игерілетін білім мен біліктің ағымдық деңгейін анықтау. Формативті бағалау қорытынды бағаға әсер етпейді, бұл баланың білім игерудің бастапқы кезінде жиі болатын қателесуден қорықпауына ықпал етеді
Суммативті (қорытынды, жиынтық) бағалау Оқу материаланың белгілі бір бөлігін (тарау, тақырып) аяқтағанда алынған білім мен қалыптасқан оқу дағдыларын деңгейін анықтау. Тексеру жұмыстары үшін қойылған суммативті бағалар белгілі бір кезеңдегі (тоқса, жыл) қорытынды бағаны шығару үшін негіз болып табылады. Қалыптастырушы бағалау