Өткізгіштерді тізбектеп қосу және параллель қосу кезіндегі жалпы кедергілерді, кернеуді және тоқты анықтау.
Өткізгіштерді параллель жалғау:
Өткізгіштерді параллель жалғау дегеніміз мынау:
Бұнда екі өткізгіш бөлек-бөлек боп желіге қосылып тұр. Электрлік кернеу екі өткізгіште бірдей:
U = U1 = U2
Ал тоқ күштері қосылады:
I = I1 + I2
Ом заңына сәйкес:
R = U/I
Бұдан:
R = U/(I1 + I2)
Теңдіктің оң жағындағы бөлшектің алымын және бөлімің U-ге бөлейік:
R = U/U/(I1 + I2)/U
R = 1/(I1 + I2)/U
R = 1/(I1/U+ I2/U)
Өткізгіштердегі электрлік кернеу бірдей:
U = U1 = U2
Осыдан:
I1/U = I1/U1 = 1/R1
I2/U = I2/U2 = 1/R2
Осы теңдіктерді жоғарыдағы формулаға қоямыз:
R = 1/(1/R1+ 1/R2)
Немесе:
1/R = 1/R2 + 1/R2
Бұл формула параллель қосылған n өткізгіш үшін де орынды:
1/R = 1/R2 + 1/R2 +...+1/Rn
Сонымен өткізгіштерді параллель жалғағандағы толық кедергі мына формуламен аңықталады:
1/R = 1/R2 + 1/R2 +...+1/Rn
Өткізгіштерді тізбектей жалғау:
Өткізгіштерді тізбектей жалғау дегеніміз осы:
Бұнда электр өткізгіштердің ұштары бір-біріне жалғанған. Электр тоғының күші бірдей:
I = I1 =I2
Ал электр кернеулері қосылады:
U = U1 + U1
Соңғы теңдіктің екі жағын электр тоғына бөлеміз:
U/I = U1/I + U2/I
Ом заңына сәйкес:
R = U1/I + U2/I
Электр тоғы бірдей болғандықтан:
I = I1 =I2
R = U1/I + U2/I = U1/I1 + U2/I2
R = R1 + R2
Бұл формула тізбектей қосылған n өткізгіш үшін де орынды:
R = R1 + R2 +...+ Rn
Яғни өткізгіштерді тізбектей жалғағандағы жүйенің толық кедергісі мына формуламен аңықталады:
R = R1 + R2 +...+ Rn
Уинстон тұйық тізбегін пайдаланып белгісіз кедергіні анықтау әдісі.
Тұрақты тоқ көпірімен (Уитсон көпірі) кедергіні өлшеу белгілі кедергісі мен белгісіз кедергісін салыстыру әдісіне негізделген көпірдің схемасы 2- суретте келтірілген , , , төрт резисторлары тұйықталған контур құрайды. Контурдың бір диагоналына BC гальванометр G- қосады, ал екіншісіне АД тұрақты тоқ көзі қосылған. Еркімізше алынған кедергілер көзінде гольванометрден тоқ өтеді. Бірақ және кедергілерін ВС диагональдарына тоқ болмайтындай етіп таңдап алуға болады. Бұл жағдайларда В және С нүктелеріндегі потенциалдар тең .
В және С нүктелерінің арасында потенциалдар айырымы жоқ болғандықтан, Р резистордағы тоқ тоғына тең, ал - дегі тоқ тоғына тең және
, (8)
немесе Ом заңы бойынша
.
Бұдан . (9) Көпір тармақтарындағы кедергілер бір-біріне пропорционал болғанда, гальванометр арқылы өтетін тоқ нөлге тең. -ті табу үшін (9) қатынасын мына түрде жазуға болады:
. (10)
Сәйкесінше таңдап алынған үш резистордың көмегімен белгісіз төртіншісін анықтауға болады. Белгісіз кедергіні тізбекке Уитсон көпірінің бір тармағы ретінде қосады. Көпірдің екінші тармағы кедергілері болып табылады. (Қалыпты жағдайда кедергілер магазині). Екі жаққа шкалалы линейкаға керілген шек тәрізді реахордты қосады, оның бойымен контактісі бар қозғалғыш тетік жүреді (3-сурет). Реахордтың кедергілері және қызметін қозғалғыш тетіктің екі жағында орналасқан кесінділері атқарады. Осындай жылжымалы контактілер үшін кедергісіне қатынасын өлшеуді жеңілдетеді, себебі оны (3-суреттегі) қатынасымен алмастыруға болады. формуласы бойынша тұрақты болса, кедергі өткізгішінің ұзындығына пропорционал екенін көруге болады. Онда (10) формуланы былай жазуға болады
. (11)
2-сурет 3-сурет
Реахордтың қозғалмалы тетігін жылжыта отырып, гальванометрді нөлге қоямыз, белгісіз кедергіні (10) формула бойынша анықтайды. Өлшеулер және оны есептеуді жұмыстың тапсырмасына жүргізеді
Достарыңызбен бөлісу: |