4 – сынып. ІІІ тоқсан


«Қоршаған ортаны қорғау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау



бет7/10
Дата12.03.2020
өлшемі1,29 Mb.
#60067
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
4 сынып өзгертілген бжб

«Қоршаған ортаны қорғау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

ІІ нұсқа

Сөйлеу әрекетінің түрлері: Оқылым, Жазылым


Оқу мақсаты

4.2.3.1 Шығарманың тақырыбын және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу

4.2.7.1 Шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу) табу және оларды қолдану

4.3.2.1 Таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу/ өлең (төрт жолды) жазу


Бағалау критерийі

Білім алушы:

• Мәтіннің негізгі ойын анықтап, дәлелдейді

• Мәтінге тақырып қояды

• Мәтіннен эпитет сөзді табады, сөйлем жазады.

• Таныс мәтінді жаңа оқиғалар/кейіпкерлер қосу арқылы өрбітіп жазады


Ойлау дағдыларының

деңгейі: Қолдану; Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.

Содан бері бір жылға тарта уақыт өтті. Міне, тағы да күз келіп жетті. «Жомарт күз», «Береген күз», «Алтын күз» деп жылдың осы тамаша мерзіміне қастерлеп тағылмаған ат бар ма?! Дарқан күзді тіліне тиек етіп жырламаған ақын-жазушы, күз бейнесі жүрегін толқытпаған суретші бар ма?!

Күз тынысы, күз өңі, күз әуезі шабытына шабыт қосып, шалқытпаған нәзік жанды музыкант бар ма?! Жоқ, шынайы талант иелерінің арасында ондай соқырлардың болуы мүмкін емес. Күз келгенін далада телегей-теңіз астық дариясының сары ала тартқан дидарына қарап білесің.
а) Мәтін арқылы автордың не айтқысы келді деп ойлайсың? Белгіле (+)


  1. A) күз мезгілі

  2. B) күздің белгісі

  3. C)күздегі табиғат

  4. D) туған жер туралы

b) Ойыңды мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелдеп жаз.

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

c) Мәтінге ат қой __________________________________________________________



2-тапсырма

Мәтіннен эпитет сөздерді анықтап, екі сөйлем жаз.






____________________________________________________________________

_________________________________________________________________________



3-тапсырма

Мәтіннің мазмұнына жаңа оқиғалар немесе кейіпкерлер қосып, оқиғаны аяқтап жаз

(7-8 сөйлем).

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

Бағалаукритерийі


Тапсырма



Дескриптор

Балл

9

Білім алушы

Мәтіннің негізгі ойын анықтап, дәлелдейді

Мәтінге тақырып қояды



1

мәтінніңнегізгіойынанықтайды;

1/

мәтіннің негізгі ойына қатысты деректерді табады;

1/

өлең мазмұнына сәйкес тақырып қояды;

1/

Мәтіннен эпитет сөздерді анықтап,сөйлемдер құрастырады

2

мәтіннен эпитет сөздердіанықтайды;

1/

эпитет сөздерді қолданып, сөйлем құрайды;

1/

Таныс мәтінді жаңа оқиғалар/кейіпкерлер қосу арқылы өрбітіп жазады


3

берілген оқиғамен жүйелі байланыстырып, шағын мәтін құрап жазады;

1/

ойынәсерлі, еркінжеткізеді;

1/

орфографиялық және пунктуациялық қателер жібермейді;

1/

жазубарысындаграмматикалықнормалардысақтайды;

1/

Барлығы





«Қоршаған ортаны қорғау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білімалушының аты-жөні__________________________________________________________

Бағалаукритерийі


Тапсырма №


Оқужетістіктерініңдеңгейі


Төмен




Орта




Жоғары




Мәтіннің негізгі ойын анықтап, дәлелдейді

Мәтінге тақырып қояды



1

Мәтінге тақырып қоюда, мәтіннің негізгі ойын анықтауда және дәлелдеуде қиналады.


Мәтінге тақырып қоюда/ мәтіннің негізгі ойын анықтауда/ мәтіннен деректер келтіріп дәлелдеуде қателеседі.


Мәтінге сәйкес тақырып қояды, мәтіннің негізгі ойын анықтайды және мәтіннен деректер келтіріп дәлелдейді.


Мәтіннен эпитетсөздітабады, сөйлем жазады







2

Мәтіннен эпитет сөзді анықтауда қиналады.


Мәтіннен эпитет сөзді табуда немесе эпитет сөзді қолданып сөйлем жазуда қателіктер жібереді.


Мәтіннен эпитет сөзді дұрыс табады,сойлем жаза алады.


Таныс мәтінді жаңа оқиғалар/кейіпкерлер қосу арқылы өрбітіп жазады


3

Мәтіннің мазмұнын жаңа оқиғалар/ кейіпкерлер қосу арқылы өрбітіп жазуда қиналады.


Мәтіннің мазмұнын өрбітіп жазады, оқиғалардың байланысын сақтауда қателеседі/ жазу барысында грамматикалық/ орфографиялық/ пунктуациялық қателіктер жібереді.


Оқылған мәтіннің мазмұнына жаңа оқиғалар/кейіпкерлер қоса отырып, өрбітіп жазады.



4 сыныпқа арналған әдебиеттік оқу пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалау
Тыңдалым және айтылым

1-тапсырма: Мәтінді мұқят тыңда.Тапсырмаларды орында.

  Қыс. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. «Қыстың көзі қырауда» деген халқымыздың тамаша сөзі осы бір мезгілді айна-қатесіз баян­дап тұрғандай немесе Абайдың «ақ киімді, денелі, ақ сақалды…» деп келетін өлең жолдары да қыстың басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігін паш етеді.  Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымға тән сейіл-серуені де болады. Жазда адамдар суға шомылып, күнге қыздырынса, қыста шаналарын арқалап, биік жоталарға, тау­лы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты сәттер де – өз алдына бір әңгіме. Барлығы қыстың суықтығын емес, бейнебір жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанысады. Биік қыраттан төмен қарай аппақ қардың үстінде ізін қалдыратын шанасымен ызғиды.Қаңтар айының алғашқы күндері, міне, осындай қуанышты шақтарға толы. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей.
1.Қыс мезгілін Абай атамыз қалай суреттеп тұр?

2.Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастыр және оған жауап бер.


Сұрақ:_____________________________________________________________________________

Жауап:_____________________________________________________________________________
2-тапсырма: Берілген мәтіннің мазмұнын айтуға дайындал.
Оқылым.

1-тапсырма: Өлеңді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында
Ақ киімді , денелі ақ сақалды

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды,

Үсті басы ақ қырау, түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды.


1.Өлеңнен негізгі ойды білдіретін жолдарды тауып,көшіріп жаз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2. Өлеңге ат қой._____________________________________________________________________
3.Өлеңде эпитет,не теңеу болса кестеге жаз.


Теңеу сөздер

Әпитеттер














Жазылым

«Табиғатсыз өмір жоқ» тақырыбына шағын мәтін құрастырып жаз.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Балл қою кестесі

Сөйлеу әрекеті

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

Тыңдалым және айтылым

1-тапсырма







Білім алушының ықтимал жауабыАбайдың ақ киімді,ақ денелі ақ сақалды... деп келетін өлең жолдары да қыстың басқа жыл мезгілдерінен ерекшеліктерін паш етеді.

1

Тапасырманың мазмұнына

сәйкес баламалы сұрақтар мен жауаптар қабылданады.






Ықтимал сұрақтар

«Қыстың көзі қырауда» деген нақыл сөздердің

мағынасын қалай түсінесің?


1

Тапасырманың мазмұнынына сәйкес баламалы сұрақтар мен жауаптар қабылданады.




2- тапсырма










1.Мәтінді тақырыпқа сәйкес мазмұндайды

2.Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды

3.Ойын еркін жүйелі жеткізеді

4.Сөздер мен сөйлемдердің мағыналық байланысын сақтайды

Барлығы


1

1

1


1
6 балл





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет