Дидактикалық ойын: «Дөңгелектерді қос»
Мақсаты: балалардың ой-өрісі дамыту.
Шарты: Тақтаға 4 дөңгелек сал.1-ші,4-ші дөңгелекті астынан, 2-ші,3-ші дөңгелекті үстінен қос.
“Қызыл – қара кестелер” әдістемесі.
Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін арттыру, зейінін шоғырландыру. Ой-қиялын дамыту.
Шарты: Балаға қызыл –қара сандары және әріптері бар кесте беріледі. Үстіңгі қатардағы сандар бірден беске дейін және қызыл түспен берілген, ал әріптер қара түспен берілген. Астыңғы қатардағы сандар бестен бірге дейін және қара түспен берілген, ал әріптері қызыл түспен берілген.
Тапсырма: бірінші қатардағы сандарды тура жазғанда жасырынған сөз шығады. Ал екінші қатарда сандарды кері санағанда ғана жасырынған сөз шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |