ІІІ. Орталық жүйке жүйесін зерттеу тәсілдері
Орталық жүйке жүйесін зерттеу әдістері екі үлкен топқа бөлінеді:
Экспериментальдық:
Экстирпация, миды түрлі деңгейде кесу (айыру әдісі);
Модель жасау әдісі;
Стереотактикалық әдіс;
Потенциалды әдіс;
Шартты рефлекстер әдісі;
Биохимиялық әдістер.
2. Клиникалық:
Электроэнцефалография (ЭЭГ);
Мидың компьютерлік томографиясы (КТ);
Магнитті резонанстық (МРТ);
Оң эмиссионды томография (ПЭТ);
Эхоэнцефалография;
Реоэнцефалогрфия (РЭГ).[7]
3.1 Орталық жүйке жүйесін зерттеудің экспериментальдық әдістері
Экстирпация (толық немесе бөлшектеп алып тастау), айыру (миды әр түрлі деңгейде кесу). Егер мидың екі жарты шарларын бөлсе, оны комиссуротомия дейді, ми қыртысы мен төменгі құрылымдарын айырса – лоботомия дейді.
Бұндай әдіс кесуден төменгі бөлімдердің қызметін қызметін және алынып тасталған жоғарғы орталықтардың функциялық мағынасын
түсінуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |