І І. Нейрондар Нейрон дегеніміз – жүйке жасушасы. Ол – жүйке жүйесі құрамындағы жеке (дербес) бөлік, сол жүйенің морфоәрекеттік негізі. Нейрондардың арасын нейроглия толтырады. Ол нейрондарды жан-жақты қоршайтын құрылым.
Н 2-сурет. Нейрон.
1-дендриттер, 2-жасуша денесі, 3-аксон
ейрондар пішіні, көлемі жағынан әр түрлі. Бірақ қай нейрон болса да, ол дене және өсінділерден (талшықтардан) тұрады. Нейрон денесінде протоплазма, ядро, басқа жасушаларға да тән органоидтар және тек нейронда кездесетін тигроид заттар болады. Соңғыларының әр бірі түйіршікке не кесекке ұқсайды. Ядролық бояулармен боялатын болғандықтан олар нейрон протоплазмасын ала-құла етіп көрсетеді. Нейрон талшықтары ұзындығына карай (1 микроннан – 1,5 метрге дейін) аксон, дендрит болып екіге бөлінеді. Аксон нейронның ұзын, ал дендрит қысқа талшығы. Әр нейронда бір аксон, бірнеше дендрит болады. Дендрит аксонға қарағанда көп тармақты келеді. Аксонның нейрон денесінен басталатын жері аксон төмпешігі деп аталады. Төмпешікте тигроид заттар мен миелин қабығы болмайды. Аксон төмпешігінің қозу қабілеті өте жоғары. Сезімтал нейронның шеткей орналасқан аксонының ұшында қабылдағыш (рецептор) болады. Ал орталық жүйке жүйесіндегі жүйке талшығының ұшы жуандап бүршікке ұқсайды. Нейрондардың осындай ұштары бір-бірімен жанасып түйіспе құрады. Қозу серпінін қабылдағыштан жүйке орталығына бағыттап өткізетін жүйке талшығы әкелетін (афференттік) деп аталады, ал орталықтан қозуды шеттегі ағзаларға жеткізуші талшықты әкететін (эфференттік) деп атайды. Жүйке талшықтары майлы, жұмсақ қабығының болу болмауына байланысты миелинді, миелинсіз деп екіге бөлінеді. [1]