4-Дәріс. Басшының тұлғасы ұйымды басқарудың субъектісі ретінде Дәрістің жоспары



Дата21.09.2022
өлшемі15,41 Kb.
#150265
Байланысты:
№ 4 - лекция


4-Дәріс. Басшының тұлғасы ұйымды басқарудың субъектісі ретінде
Дәрістің жоспары:
1.Басқару жүйесіндегі тұлға
2.Басшының психологиялық портреті
3.Басқару субъектілері


Түйін сөздер: басқару жүйесі, психологяилық портрет, басқару субъектілері, тұлға бейнесі

«Тұлға» түсінігі көп жақты. Тұлға философия, социология, психология, этика, эстетика, педагогика сияқты ғылымдардың негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Бұл ғылымдар тұлғаны өз ғылыми ерекшелігі бойынша зерттейді.


Тұлға түсінігіне «адам», «жеке адам», «даралық» түсініктері жақын.
Тұлғаның анықтамасы көп.

  • Б. Г. Ананьев : тұлға – еңбектің, танымның, қатынастың субъектісі.

  • И. С. Кон: тұлға – бұл әлеуметтік рольдердің интеграциялық қырлары.

  • А. Г. Ковалев: тұлға – бұл қоғамда өзіндік орны бар және белгілі бір қоғамдық рөль атқарушы, пайымдаушы жеке адам деп қарастырған.

«Тұлға» түсінігі көп жақты. Тұлға философия, социология, психология, этика, эстетика, педагогика сияқты ғылымдардың негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Бұл ғылымдар тұлғаны өз ғылыми ерекшелігі бойынша зерттейді.
Тұлға түсінігіне «адам», «жеке адам», «даралық» түсініктері жақын.
Мен – концепциясы» субъекттің өзі туралы қалыптасқан, иерархиялы түрде ұйымдасқан, динамикалық мінезге ие, жалпылама және тұрақты жүйе деп есептейді. «Мен- концепциясы» өзін-өзі сезінудің әртүрлі қырларын көрсетеді.

  • Өзін-өзі сезіну құрылымынан мыналарды бөліп көрсетуге болады:

  • «Меннің» негізгі және қосымша мақсаттарын сезіну («Мен әрекет етуші субъект»);

  • Өзінде бар және өзінен көргісі келетін қасиеттерді сезіну («Шындықты Мен» және «Мінсіз Мен);

  • Өзі туралы танымды, когнитивті пікір қалыптастыру («Мен бақылаушы объект ретінде»)

Өзі туралы эмоциялы, сезімге толы пікір қалыптасты
Психологтар ұйым қызметкерлерінің келесі рөльдерін бөліп көрсетеді:
Майысқақтар, барлығын тез шешуді ұнатушылар, барлаушылар, тәлімгер, мақтаншақ, әңгімешіл., екпінділер, жергілікті психолог, жолы болғыш, жылауық, абыржыған, манипулятор.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Тұлғаның психологиялық түсініктемесіне сипаттама бер.
2. Платоновтың тұлғаның құрылымы жіктемесін көрсет?
3. Мен сезімінің ерекшелігін талдаңыз?
4. Психологтар көрсеткен ұйым қызметкерлерінің түрлері қандай?


Әдебиеттер:
1.Ахтаева Н.С.,Әбдіғапарова А.І, Бакбаева З.Н. Басқару психологиясы: Оқу құралы. –Алматы: Бастау баспасы, 2010.- 250 б.
2.Бердібаева С.Қ. Тұлға психологиясы. А, Қазақ университеті, 2016, 203 б.
3.Волкогонова О.Д., Зуб А.Т. Управленческая психология. – Москва: ИД «Форум» - Инфра, 2015.
4. Захарова Л.Н. Психология управления. Логос. 2014г.
5.Кабаченко В.С. Психология управления. Учебное пособие. – М.: Юнити, 201
6. Митин А.Н. Психология управления. – М.:ВотерсКлувер, 2011 – 400 с.
7.Розанова В.А. Психология управления. Москва. 2014г.
8. Элекронный учебник. Ахтаева Н.С. «Басқару психологиясы». // "Алла Прима" 2016г. 230стр. Қазақстан.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет