Қарапайым липидтерге май қышқылдары мен спиирттердің күрделі эфирлері жатады. Бұл топты үшацилглицеролдар мен балауыздар құрайды.
Табиғи майлар үшацилглицеролдар қоспасынан тұрады. Үшацилглицерол – бұл үш атомды спирт глицерол мен май қышқылының үш молекуласынан құралған күрделі эфир.
СН2−ОН СН2−СОО−R
│ │
СН −ОН + 3R−СООН → СН −СОО−R + Н2О
│ май қышқылы │
СН2−ОН СН2−СОО−R
глицерол үшглицерид (үшацилглицеролдар)
Балауыздар дегеніміз жоғары молекулалы май қышқылдары мен спирттердің күрделі эфирлері. Олар адамдар мен жануарлар организмінің жіне өсімдіктердің құрғаудан (сусызданудан) сақтайды.
Күрделі липидтер және жеке өкілдері
Күрделі липидтерге – фосфолипидтер, сфинголипидтер және гликолипидтер жатады.
Барлық фосфолипидтер түзілетін аралық алғы зат болып фосфатид қышқылы есептеледі. Ол 1,2-диацилглицерол, үшінші гидроксил тобы фосфор қышқылымен этерленген.
Табиғи фосфолипидтерде С16-22 көмірсутек атомдары бар қаныққан және қанықпаған май қышқылдары болады. Бірақта көбінесе С16-С18 май қышқылдары кездеседі.
Сфинголипидтердің төрт тобы бар:
1) сфингомиелиндер,
2) цереброзидтер,
3) ганглиозидтер, сфигозин
4) сульфолипидтер.
Соңғы үшеуінің құрамында қант бар, олар гликолипидтер деп аталады. Барлық сфинголипидтердің негізінде сфингозин бар. Сфингозин қанықпаған аминоспирт.
Цереброзидтер - сфинголипидтер ішіндегі ең қарапайымы, церамидтен және қанттың бір қалдығынан (галактозадан немесе глюкозадан) құралады. Құрамында галактоза бар цероброзидтер көп мөлшерде сүтқоректі жануарлардың миында және жүйке ұлпасында кездеседі.
Липидтердің физикалық қасиеттері
Майлардың физикалық және химиялық қасиеттері құрамындағы қышқылдарына байланысты. Мал майы (сиыр майы, сүт майы және басқалар) 40-60% қаныққан май қышқылдарынан (негізінен миристин, пальмитин және стеарин қышқылы), 30-35% моноқанықпаған май қышқылдарынан тұрады. Мал майында полиқанықпаған май қышқылдары аз. Сондықтан мал майы үй температурасында қатып қалады.
Өсімдік майында әдетте қаныққан май қышқылдары аз (10-20%). Қанықпаған қышқылдар көп (80-90%). Қанықпаған қышқылдардың құрамы өсімдік түріне байланысты. Зәйтүн майының 79% олеин қышқылынан; күнбағыс майының 75% линол қышқылынан тұрады. Өсімдік майлары сұйық күйде болады.
Әр түрлі майлардың балқу температурасы мынадай мөлшерде ауытқиды (°С есебімен):
Сиыр сүтінің майы 28-42 Сиыр майы 42-50
Қой сүтінің майы 29-36 Шошқа майы 34-48
Ешкі сүтінің майы 27-39 Кокос майы 20-28
Адам сүтінің майы 32 Пальма майы 27-42
Липидтердің химиялық қасиеттері
Триацилглицеролдар химиялық тұрғыдан бейтарап, инертті келеді. Оларға мынадай реакциялар тән:
1. Гидролиз реакциясы. Бұл реакция әсіресе майларға тән нәрсе. Тірі организмде гидролиз реакциясы катализатор (фермент) әсерімен жүреді, ал организмнен тыс жерде сілті катализатор қызметін атқарады және қыздыру қажет.
2. Гидрогендену реакциясы. Қанықпаған май қышқылының қалдығына сутек атомдарын қосады. Әдетте мұндай реакция сұйық майдан қатты май алу мақсатымен іске асырылады. Маргарин өндірісінде саломас алу үшін қолданылады. Мұндағы катализатор - никель немесе платина.
Липидтердің биологиялық маңызы
Липидтер мынадай биологиялық маңызы бар:
1) липидтер энергия қорының (депосының) негізгі түрі немесе энергия көзі;
2) тірі организм үшін көміртегі атомдарын беруші;
3) липидтер клетка мембранасының құрылымдық және рецепторлық бөлігі;
4) липидтер басқа да биологиялық тұрғыдан маңызды органикалық қосылыс-тардың алғы заты бола алады;
5) қорғаныс қызметін атқарады, организмдерді ыстық-суықтан, электр және механикалық әсерлерден (соққыдан, қағылып соғылудан, қатты суықтан) қорғайды;
6) липидтерде көптеген витаминдер ериді және құрамында алмастыруға келмейтін май қышқылдары бар, ондай қышқылдар организмнің қалыпты тіршілігі үшін қажет.
Бақылау сұрақтары:
Липидтер дегеніміз қандай қосылыстар?
Липидтер қалай жіктеледі және жәй (қарапайым) липидтерге қандай қосылыстар жатады?
Күрделі липидтерге қандай қосылыстар жатады?
Липидтердің сабындану реакциясы қандай реакция және практикалық маңызы қандай?
Липидтердің биологиялық және практикалық маңызы қандай?
1. Салханова С.Н. және т.б. Биоорганикалық химия пәнінен оқу әдістемелік кешен, 2011. 2. Сейітқалиев Қ.С. Органикалық химия. – Алматы, 1993. 3. Тюкавкина Н.А., Бауков Ю.А. Биоорганическая химия.- М.: Медицина, 2005.
Әдебиеттер:
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Тапсырма:
Маңызды қаныққан және қанықпаған май қышқылдарының химиялық формулаларын тәжірбиелік сабаққа жаттап келу.