Кәсіби құзыреттіліктің түрлері
Кәсіби құзыреттілік (Кенжебеков Б.Т., Аблязимова Н.М., Кудайбергенова К.С.)
Кәсіби-тұлғалық құзыреттілік
(Сыздыкбаева Г.У.)
Кәсіби-дидактикалық құзыреттілік
(Барсай Б.Т.)
Кәсіби-көркемдік құзыреттілік
(Еспенбатов Б.Ж.)
Кәсіби-педагогикалық құзыреттілік
(Кудайбергенова К.С., Қасқатаева Б.Р.)
Болашақ педагогтың кәсіби құзыреттілігі - кәсіпке теориялық, практикалық дайындығының үйлесімділігі, үнемі өзін-өзі жетілдіруге және кіріктірілген кәсіби-тұлғалық қасиеттері мен субъект еңбегінің сапалық сипаттамасы арқылы ашылатын көрсеткіші
Дене шынықтыру жəне спорт педагогикасының құндылықтары мен потенциалы арқылы болашақ дене шынықтыру пəні мұғалімінің кəсіби педагогикалық дайындығын жан-жақты жетілдіруге бағытталған В.В. Белорусованың, И.Н. Решетиннің, М.В. Прохорованың, А.А. Сидоровтың, С.С. Жұмашеваның ғылыми еңбектерінен басқа, болашақ дене шынықтыру мұғалімі педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру жолдары күні бүгінге дейін зерттелмеген.
Дене шынықтыру пəні мұғалімі жəне спорт жаттықтырушы еңбегінің түрлі аспектілерін талдауға бағытталған Г.Д. Бабушкин, Г.Е. Баева, А.Э. Болотина, А.М. Дикунов, М.Е. Дуранов, Н.Н. Жмарев, И.Х. Кобер, И.А. Потапов, В.Н. Прохоров, т.б. ғылыми зерттеулерінде көрсетілгендей, спорт мамандарының кəсіби əрекеті жүйесіндегі ең басты компоненттерінің бірі – ол педагогикалық компонент.
Мысалы, қосымша білім беру саласындағы түрлі категорияларымен (балалар, жеткіншектер мен ересектер, т.б.) жүргізілетін спорттық жұмыстарында педагогикалық білімдер мен педагогикалық дағдылар қажет, жалпы дене мəдениеті проблемаларын шешу үшін педагогикалық əдістерді қолданады. Сонымен бірге дене шынықтыру мұғалімінің өзінің іс-əрекетінің мазмұндық жəне процессуалдық компоненттерін қазіргі инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану арқылы жүйелеуде.
Достарыңызбен бөлісу: |