4. ДӘрістер тезистері


Бастауыш сыныптарда әдеби шығармалармен жұмыс үдерісі. Әдебиет теориясынан бастапқы түсініктер



бет3/10
Дата03.06.2020
өлшемі211,5 Kb.
#72141
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
адебиет дарис

Бастауыш сыныптарда әдеби шығармалармен жұмыс үдерісі. Әдебиет теориясынан бастапқы түсініктер
Бастауыш сыныптарда оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру ғана емес, оқығандарын саналы түсінуі үшін әдебиет теориясы элементтерінен:

Жанр түрлерінен: өлең-тақпақ, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаш, аңыз-ертегі, мысал-әңгіме ұғымдары;

Жанрлық ерекшеліктері: өлең – өлеңнің жолы, ұйқасы, шумағы; әңгіме- әңгіменің оқиғасы, тақырыбы, негізгі ойы, кейіпкері; мысал – юмор (әзііл-оспақ) сарказм (астарлы ой, сын, кекесін, әжуа) т.б.

Тілдік бейнеліліктер: теңеу, салыстыру, ұқсату (метафора,эпитет), ұлғайту (гипербола), кішірейту (литота), портрет, пейзаж туралы туралы қарапайым ұғымдар.

Шығарма стилі ерекшеліктері: әңгімелеу, сипаттау, пайымдау сияқты жаңадан немесе толықтырылған түрде мәліметтер беріледі. Анықтама беру арқылы сөз мағынасымен жұмыс істеуде әдеби-теориялық терминдер құнды материал болып табылады.

Бұл теориялық білімдер жалаң түрде оқытылмай, оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру үшін әрбір шығарманы талдау барысында түсіндірілуі тиіс екені ескеріліп, үлгі ретінде оқулықтың өзінде нақты мысалдар келтіріледі. Тағы да қайталап айтарымыз бұл мәселелер жалаң түрде жатталмай, белгілі бір шығарма көлемінде талданып, дәлелденіп берілуіне мұғалімнің ерекше назар аударуы қажет.

Мысалы: 2-сыныптың оқулығында «Аңыз» туралы мынадай теориялық мәлімет беріледі: «Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Аңыздағы әңгіме тарихта болған адам төңірегіне құрылады». Осы сияқты басқа да жанр түрлеріне анықтама беріліп отырады. Мысалы: Теңеулер (белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге, белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа балап, көрнектеп, ашығырақ көрсету үшін қолданылатын бейнелі сөз): Сұлудың көзіндей көл жаудыраған (І.Жансүгіров. «Көкшетау»), Мұздай суын атқылап (М.Мақатаев «Қайран, Қарасазым-ай»), Аспанды майда түтілген жібек жүндей үлбіреп, торқа бұлт шымылдықтаған. (Б.Соқпақбаев. «Компас») т.б. мысалдар арқылы оқушы теңеудің көбіне –дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары арқылы жасалатынына көзі жетеді.

2.Бастауыш сыныптардағы оқу бағдарламасы біраз көркем әдеби шығармаларды қамтыған. Әдеби шығарма, түрлі бейнелер, олардың іс-әрекеті арқылы өмірді түсінуге көмектеседі. Көркем әдеби шығармалардың мұндай ерекшеліктері бастауыш сыныптарда олардың әдістемесін қажет етеді.

Оқушылар оқыған материалдарының мазмұнын дұрыс қабылдап ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін, оқу сабақтарында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады. Мұндай жұмыстар оқылатын материалдардың сипатына, оқушылардың жасына, дайындықтарына, білімі мен дағдылану дәрежесіне байланысты іріктеледі. Оқушылар мәтінді дұрыс қабылдау үшін негізінен мынадай жұмыстар жүрізіледі:


  1. Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиядық дайындау.

  2. Мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізу.

  3. Шығарманы оқу.

  4. Оқыған шығарманың мазмұнын айту.

  5. Шығарманың жоспарын жасау.

  6. Мәтіннің мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар.

Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау.

Дайындық әңгіменің ұзақтығы оқылатын материалдың ауыр-жеңілдігіне байланысты болады.

Дайындық жұмысында төмендегідей әдіс-тәсілдер қолдануға болады:

а) Оқушылардың өздеріне әңгіме айтқызу. Кейбір шығармаларды оқуға дайындау барысында балаларға өздерінің басынан кешірген немесе естіп, көріп, оқып білген оқиғалары жөнінде әңгіме айтқызылады.

ә) Мұғалімнің әңгімесі. Кейбір жағдайларда, егер оқылатын материалды түсінуге қажетті деректерді балалар білмейтін болса, мұғалімнің өзі кіріспе әңгіме айтып береді.

б) Ұжымдасқан түрде әңгіме айту. Кейбір жағдайда оқылатын материалға қажетті мағлұмат ұжымды түрде айтылатын әңгіме ұйымдастыру арқылы анықталады. Мұнда балалар өз беттерімен біреулері екіншілерінің айтқанын түзетеді, толықтырады. Мұғалімнің міндеті − балаларға басшылық жасау, егер қажет болса, олардың айтқандарын қорыту.

в) Экскурсияда байқағандарын пайдалану. Оқушылардың әңгімесі болсын, мұғалімнің әңгімесі болсын − қай-қайсысын да балалардың экскурсияда көргендерімен байланыстыру өте тиімді нәтиже береді. Мұғалім жыл бойы өтетін материалдарды қай кездерде өтетінін жоспарлап алғаннан кейін, балаларға табиғат тану материалдарына байланысты шығарма жаздыру үшін материал жинату мақсатында алуан түрлі экскурсиялар ұйымдастырады.

г) Суреттерді қарау. Шығарманың мазмұнына сай суреттер берілсе, олар оқуға дайындық кезінде пайдаланылады.

д) Сұрақтар қою. Оқуға дайындық кезінде сұрақ қою тәсілінің қандай жағдайда тиімді болатыны алдын ала ойластырылады. Мұнда көп нәрсе материалдың дауыстап немесе іштен оқылатынына байланысты болып келеді.

Мәтінге байланысты ұйымдастырылатын сөздік жұмысы. Оқу сабақтарында сөздік жұмысына әдейі кезең бөлінбейді. Алайда сөздік жұмысы сабақтың өн бойынан орын алады. Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру үш кезеңде жүргізіледі:


  1. мәтінді оқуға дайындық кезеңінде;

  2. шығарманы оқу барысында;

  3. оқып болғаннан кейін.

Шығармаға жоспар жасау. Жоспар шығарманың мазмұнын көрсететін оқиғалар жүйесін білдіреді. Жоспар жасау жұмысы екі түрлі жолмен іске асады: 1) әңгімені бөлімдерге бөлу; 2) бөлімдерге ат қою. Оны тәртіппен жазу.

Бастауыш сыныпта жоспар жасаудың жай түрі ғана үйретіледі. Алайда шығарманы бөлімге бөліп оқыған сайын әр бөлімге ат қоя беруге болмайды.

Жоспар немесе бөлімдерге ат қою ІІІ сыныпта хабарлы сөйлем түрінде, кейін бірте-бірте сұраулы сөйлем түрінде айтылады. Ал ІV сыныптан бастап атаулы сөйлем түрінде жасалады.

Оқылған шығарманың мазмұнын айту. Шығарманың жоспарын жасау мазмұнын айтумен тығыз байланысты. Оқылғанның мазмұнын жүйелі, байланысты түрде айтып беру сияқты синтетикалық жаттығудың үлкен мәні бар. Шығарманың мазмұнын айту барысында балалар оның алғашқы қабылдаумен байланысты туған эмоцияны басынан қайталап кешіріп қана қоймайды, сонымен қатар әңгімелесу арқылы дауыс ырғағының, бет бейнесінің көмегімен оған өзінің көзқарасын да білдіруге тырысады. Оқушының баяндау барысынан шығарманы қаншалықты терең, толық қабылдағанын байқауға болады.

Жақсы ұғынған мәтінді баяндағанда оқушы сөздерді таңдауға, оларды грамматикалық жағынан дұрыс қолдануға тырысады, яғни дұрыс сөйлеуге жаттығады. Сондықтан баяндаудың тіл дамыту үшін де маңызы орасан зор.

Мәтіннің мазмұнын айтқызу екі түрлі жолмен іске асырылады: 1) толық; 2) ішінара.

Көлемі шағын мәтіндерді, әсіресе, жазбаша мазмұндамаға дайындық барысында толық баяндаттыру қажет. Ішінара мазмұндау көлемі ұзақ мәтін бойынша және бөлімге бөліп оқу, жоспар жасау барысында, көбіне қорытынды әңгіме кезінде іске асады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет